ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ


Slide 1

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік - саяси пәндер кафедрасы

ОСӨЖ:

ҚР экологиялық және жер құқығы негіздері.

Дайындаған:

Тексерген: Абдрахманова К. Ж.

Қарағанды

Slide 2

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1) Экологиялық құқық: ұғымы, объектісі, субъектісі, қағидалары, қайнар көздері.

2) Экологиялық құқық бұзушылық, оған жауапкершілік.

3) Жер құқығы: ұғымы, объектісі, субъектісі, мақсаты, міндеттері.

4) Жер құқығының түрлері, әдістері, қағидалары.

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ

Экология құқығы - құқықтың саласы ретінде қазіргі және болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланумен байланысты қоғам мен табиғаттың (экологиялық) қатынастарды реттеуге бағытталған нормалардың жиынтығы.

Экология құқықтың пәні - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейді.

Объектісі: экологиялық - құқықтық қатынастар.

Субъектісі: бұл қатынастарды жүзеге асыратын жеке тұлғалар, мемлекеттік, мемлекеттік емес органдар.

Slide 4

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰКЫҚТЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ:

1) қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;

2) қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын тендестіре отырып шешу;

3) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экология­лық жүйелерді қалпына келтіру;

4) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану;

5) қоршаған орта объектілерін (флора, фауна) сақтауды қамтамасыз ету;

6) қоршаған ортаны бұзғаны үшін жауапкершілік.

Slide 5

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ӘДІСТЕР:

Әкімшілік-құқықтық әдістер

Азаматтық-құқықтық әдістер

Құқықтық қатынастардың субъектілерінің тең емес, билік етушілер мен оған бағынушылар қатынасынан туындайды (бастық, директор, және басшылар, полиция және құқық бұзушы)

Құқықтық қатынастың субъектілерінің заң алдында өзара теңдігіне негізделген (экологиялық құқық бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалардың тең жауаптылығы)

Slide 6

АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ӘДІСТЕР

Императивті

Диспозитивті

Экологиялық құқықтық қатынастардың субъектілері құзыретін белгілегенде оларға алдын ала көрсету, тыйым салу, жазу, нормаларын қолданады.

Экологиялық құқықтық қатынастардың субъектілерін өзара ұсыныс, санкция, рұқсат беру сияқты амалдарың негізінде әрекет жасауы.

Slide 7

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ

Жалпы (қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы, ұғымдары, субъектілері, объектілері қағидалары, қайнар көздері, экологиялық құқық бұзушылық, сол үшін жауаптылық сияқты мәселелерді қарастырады) .

Ерекше (жер қойнауын, суды, ауаны, орманды, жануарлар, өсімдіктер дүниесін пайдалану және қорғаудың, экологиялық-құқықтық тәртіптерін және экологиялық дауларды шешуді оқытады) .

Slide 8

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

Экологиялық құқық бұзушылық - белгіленген экологиялық тәртіпті бұзатын және табиғи ортаға зиян келтіретін заңға қайшы келетін кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік.

Кінә қасақана немесе абайсызда болуы мүмкін.

Қадағалаушы Заңнамасы: 2007 жылы 9 қаңтары қабылданған ҚР экологиялық Кодексі (9 бөлім, 46 тарау, 326 баптан тұрады) .

Slide 9

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ 3 ТОПҚА БӨЛУГЕ БОЛАДЫ:

1 - топ: Жер қойнауының мемлекет меншігі құқығын тікелей немесе жасырын түрде бұзатын әрекеттер жатады.

2 - топ: Оны ластау және өзгеде ұтымсыз пайдалану әрекеті мен әрекетсіздіктер жатады.

3 - топ: Адамдардың денсаулығы мен өміріне, сондай-ақ мүлкіне зиянды ықпал ететін экологиялық заң бұзушылықтарының түрлері жатады.

Slide 10

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІК

5 түрі ажыратылады:

1) Әкімшілік (ескерту, айыппұл, затты тәркілеу, қызмет атқару құқығынан айыру, т. б. )

2) Азаматтық - құқықтық (өтемақы: заттай; ақшалай, т. б. )

3) Дисциплинарлық (ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, т. б. )

4) Материалдық (шығынды өтеу, т. б. )

5) Қылмыстық (қылмыстық жазалау, қамауға алу, т. б. )

Slide 11

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ

Жер құқығы - ол жерге меншік құқығы, жерді табиғи ресурс ретінде пайдалану, оны басқару мен қорғау қатынастарын реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын құрайтын Қазақстан Республикасы құқығының дербес саласы.

Заңнамасы: 2003 жылы 20 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының жер Кодексі».

Slide 12

МАҚСАТЫ:

Жер қатынастарын реттеу жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлығын ұдайы қалпына келтіріп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсарту мақсатында жүзеге асырылады.

МІНДЕТТЕРІ:

Жер пайдалану құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу;

жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлығын ұдайы қалпына келтіріп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету;

заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге құқықтарын қорғау; жылжымайтын мүлік нарығын жасау мен дамыту.

Slide 13

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ ОБЪЕКТІЛЕРІ

1. Жер қорының субъектілері;

2. Меншік құқығының субъектілері;

3. Жер қорын мемлекеттік басқару саласындағы субъектілер;

4. Жер пайдалану саласындағы субъектілер;

5. Сервитутқа қатысты жер құқық қатынастарының субъектілері;

6. Жерді қорғау мен жерге меншік иелері мен жер пайдаланушылар құқықтарын қорғаудағы субъектілер.

1. Жер қоры;

2. Жерге меншік;

3. Жер құқығы қатынастары саласындағы мемлекеттік басқару;

4. Жер пайдалану құқығы;

5. Сервитут;

6. Меншік құқығы мен жер; пайдалану құқығын қорғау және зияндарды өтеу.

Slide 14

- тұрақты;

- уақытша;

- иеліктен шығарылатын;

- иеліктен шығарылмайтын;

- өтеулі алынатын;

- өтеусіз алынатын.

1. Тұрақты жер пайдалану - жерді алдын ала мерзімін белгілемей отырып пайдалану болып табылады. Тұрақты пайдалануға тек мемлекеттік тұлғаларға ғана беріледі.

ЖЕР ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ:

Slide 15

2. Уақытша жер пайдалану құқығы - алдын ала мерзімін белгілей отырып пайдалану.

Уақытша жер пайдалану құқығы екі түрге бөлінеді: 1. Қысқа мерзімді, ол бес жылға дейін пайдалану; 2. Ұзақ мерзімді, ол бес жылдан қырық тоғыз жылға дейін.

3. Иеліктен шығарылатын жер пайдалану құқығы дегеніміз - оның иесі өзіне тиесілі жер учаскесін заңды тағдырын шешуге құқығы бар жағдайдағыпайдалану.

4. Иеліктен шығарылмайтын жер пайдалану құқығы дегеніміз - оның иесі өзіне тиесілі жер учаскесін заңды тағдырын шешуге құқығы болмайтын жағдайдағы пайдалану құқығы.

5. Өтеулі жер пайдалану құқығы дегеніміз - жер пайдалану құқығы мемлекеттен сатып алынатындығын білдіреді.

6. Өтеусіз жер пайдалану құқығы - керісінше мемлекеттен алынбайтынын білдіреді.

Slide 16

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ӘДІСТЕРІ

1) Ұсынушы;

2) Санкциялаушы;

3) Құқық беруші.

1) Құқық қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін орнықтырушы;

2) Тыйым салушы;

3) Экологиялық:

- жер құқықтық;

- жер экологиялық.


Ұқсас жұмыстар
Экологиялық құқық бұзушылық және оның түрлері
Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық
Экологиялық құқық туралы
Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
Экологиялық және жер құқығының негіздері
Қоршаған табиғи ортаны қорғау
Қоршаған ортаны бақылаудың халықаралық бірлестігі
Жер пайдалану құқығы және жерге өзге де құқықтар
Экологиялық құқықтың ұғымы
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz