Медициналық этика
Презентация қосу
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Медициналық психология негіздері және коммуникативтік дағдылар кафедрасы
Пәні: Комуникативтік дағдылар
СӨЖ №3: МЕДИЦИНАЛЫҚ ЭТИКА
ЖӘНЕ ДЕОНТОЛОГИЯ
Дайындаған:
Тексерген: Мусабекова А.С.
Қарағанды
Жоспар
І. Кіріспе
•Медициналық этиканың принциптері
•Дәрігерлік деонтология
ІІ. Негізгі бөлім.
•Медициналық этика
•Медициналық этиканың құрамдас бѳлігі
•Медициналық этика негізгі бағыттары
•Дәрігер және қоғам
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Қазіргі кезде медициналық этиканың
принциптері биомедициналық этика
түсінігінде тұрақталған. Ол медицина
қызметкерлерінің жеке тұлғасының
әлеуметтік функциясын қорғайды.
Қазіргі таңда «биомедициналық этика» үш
түрде немесе модельде беріледі:
Гиппократ моделі.
Парацельс модельлі
Деонтологиялық модель
1. Гиппократ моделі. Бұл модельдің негізгі принцпі – «зиян
келтірме». Дәрігер пациенттің әлеуметтік сенімін жеңеді.
Медицина атас Гиппократпен тұрақтанған дәрігерлік принцпі (460-
377жж.), қазіргі таңда белгілі «Антта» көрсетілген.
2. Парацельс моделі (1493-1541 жж.) – «Қайырымдылық
жасау», орта ғасырларда пайда болған. Оның негізгі мағынасы
емдеудің барлық процессін құрайтын дәрігердің пациентпен
контактісі болып табылады.
3. Деонтологиялық модель немесе дәрігерлік этика, 1840 ж
құрылған. (авторы Петров). Негізгі принцпі «міндетті орындау».
4. Биоэтика – дәстүрлі медицинаның заманауи түрі, негізгі
принцпі «адамның құқығын және мәртебесін сыйлау».
Дәрігерлік деонтология
Әрбір тарихи кезенде әділет, абырой мен парыз ұғымдарында
өзінше түсінік қалыптаскан.
Медицина - ең ежелгі мамандықтардың бірі. Ол ем қолданып, шипа
дарытудың бай тәжірибесін менгеріп, адам іс әрекеттерінің өзге
түрлерінен ерекшеленетін белгілі бір қасиеттер иеленеді. Медицинаға
да әлеуметтік-саяси кұрылысқа байланысты қалыптасатын өзіндік
ахлаки және адамгершілік жосындар тән болмақ. Көне замандардан
бері дәрігерлікпен шұғылданатын адамдарға айрықша адамгершілік
талаптар қойылып келеді. Ежелгі дәуір медицинасында дәрігерлер
басшылыққа алуға тиісті адамгершілік талаптар мен ахлақи
жосындардың тұтас бір жиынтығы калыптасқан.
Медициналық қызмет этикасы
Медициналық этика ( лат. еthica, грек тілінен
алғанда ethice - адамгершілікті зерделеу), немесе
медициналық деонтология ( грек deon- парыз;
термин «деонтология» соңғы жылдардағы отандық
әдебиетте кеңінен қолданылуда), - медицина
қызметкерлерінің өз кәсіби міндеттерін орындау
барысындағы қағидалар мен этикалық нормалар
жиынтығы.
Этика
Этика — адамгершілік туралы және оның әлеуметтік мәні туралы
ілім. Медициналық этика - медицина қызметкерлерінің адамгершілік
қасиеттерінде кѳрініс табуда. Ол медицина қызметкерлерінің
ерекшеліктері мен қоғамда алатын орнына байланысты мінез-құлық
нормаларын реттейтін қагидалар жиынтығын қамтып, дәрігердің
науқастармен және олардың туыстарымен өзара қарым-қатынасын,
тән және жан тазалығын қарастырады.
Дәрігердің мәндеттері:
Дәрігер жоғарғы білікті маман болуы қажет.
Науқастың қатысуымен басқа медицина қызметкерлердің қателіктерін
айтпауы тиіс.
Дәрігердиагнозды, емдік шаралардың көрсеткіші мен қарсы
көрсеткіштерін ескере отырып, қажетті операция жасалуын басқа
дәрігермен кеңесе отырып іске асыруы қажет.
Дәрігертактикасын науқастың мінезіне, оның мәдениет деңгейіне,
ауру сатысына, психика ерекшелігіне қарай жүргізілуі тиіс.
Дәрігер
науқастың туыстарымен баязы болуы керек, дәрігерлік
құпияны сақтауы тиіс. Егер де аурудың асқынған түрлері болғанда
жақын туыстарымен ашық әңгімелесуіне болады.
Дәрігер және қоғам
Медициналық деонтология медицина қызметкерлері қызметінің
моральді-этикалық негіздерін, олардың рухани және жеке
қасиеттеріне қойылатын талаптарын, қоғам мен халық алдындағы
жауапкершіліктерін, науқастармен, олардың туыстарымен,
әріптестерімен өзара қарым-қатыстарын қамтиды. Буған дәрігердің
кәсіби тұрғыдан өсу, науқастардың тілек талаптарын мейлінше
қанағаттандыру мақсатымен емдеу, аурудың алдын-алу мекемелерінің
қызметін ұйымдастыру мәселелері жатады. «Дәрігершеберлігі»
ұғымын техникалық тәсілдер қауызына қамап қоюға болмайды. Бұл -
дәрігердін бойына біткен «клиникалық ойлау жүйесі» деп аталатын,
интеллектуальді жұмыс түрінде көрінетін творчестволық үрдіс.
Дәрігер мен науқас
Емдеу жұмыстары барысындағы дәрігер мен науқастын
өзара қарым-қатынасының моральді - этикалық мәселелері
деонтологияның маңызды тармағы болып табылады. Емдеу
мекемесі туралы алғашкы әсердің жағымды, не жағымсыз
болуы медицина қызметкеріне, осы жердегі жұмыс тәртібі
мен жай-ахуалға байланысты қалыптасады. Емдеу
мекемесіндегі орта мен ахуал науқастардың көңіл-күйіне,
сайып келгенде, емдеу ісіне зор ықпалын тигізеді.
Жалпы этика дегеніміз менің ойымша адамгершілік
туралы және оның әлеуметтік мәні туралы ілім.
Медициналық этика - медицина қызметкерлерінің
адамгершілік қасиеттерінде кѳрініс табуда. Ол медицина
қызметкерлерінің ерекшеліктері мен қоғамда алатын
орнына байланысты мінез-құлық нормаларын реттейтін
қагидалар жиынтығын қамтып, дәрігердің науқастармен
және олардың туыстарымен өзара қарым - қатынасын,
тән және жан тазалығын қарастырады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Деонтология немесе дәрігердің адами пішіні», Ақтөбе облыстық
қоғамдық- саяси газет, 9 ақпан 2012, Ізбасқан Аймағамбетов.
2. «Деонтология, или наука о морали» Джереми Бентам, 1834.
1. «Основы этики» Клопфер Макс.
2. Яровинский М.Ф. «Медициналық этика (Биоэтика)» пәні бойынша
дәрістер: Оқу құралы. 2000.
3. Коммуникативтік дағдылар (М.А.Асимов, С.А.Нұрмағамбетова,
Ю.В.Игнатьев).
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz