Эмоционалды күю синдромы


Slide 1

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Медициналық психология негіздері және коммуникативтік дағдылар кафедрасы Пәні: Комуникативтік дағдылар ОСӨЖ №7: Эмоционалды күю синдромы.

Дайындаған:

Тексерген: Мусабекова А. С.

Қарағанды

Slide 2

Жоспар:

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.

1) Эмоционалды күйіну: себептері, фазалары, белгілері.

2) Күйзеліс ЭКС-ның туындысы ретінде: депрессия, стресс.

3) ЭКС-ны психодиагностикалау және одан арылудың жолдары.

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Slide 3

Кіріспе

Қазіргі таңда, яғни қарқыны өте жылдамдық арқылы болып жатқан қоршаған ортаның түрлі жағдайларына адам баласының бейімделуі қиынға соғады, əрі адам бейімделе отырып эмоциялық тұрақтылықты сақтауы қажет болады. Адам ағзасы бойындағы күш-қуатты қайта қалпына келтіруге үлгере алмайды. Əрине, мұндай жағдай жүйке жүйесінің əлсіреуі мен қажуына жеткізеді жəне психосоматикалық аурулардың пайда болуының алғышарты болады.

Slide 4

Эмоционалды күйіну

Эмоционалды күйіну (ағылш. Burnout) түсінігі психологияда ұзақ мерзімді өзіндік дәрменсіздік, қажу, әрекетсіздік, күйін білдіреді. Бұл терминді 1974 ж. американдық психиатр Дж. Х. Фрейденбергер кәсіби көмек кезіндегі толық эмоционалды атмосферада клиенттер мен пациенттермен қарқынды және тығыз қарым - қатынаста болатын сау адамдардың психологиялық жағдайларын сипаттау үшін еңгізген.

Slide 5

Эмоциональді күйіну себептері:

1. Жеке факторлар: жасы, жынысы, мінез - құлық, өзіне қойылатын талаптардың жоғары болуы т. б.

2. Негативті әкімшілік факторлар: жұмыстың көп, ал уақыттың жеткіліксіз болуы, қызмет орнындағы басшылықтан қысымның көрсетілуі, басшылықтың қорқыту арқылы жетекшілік көрсетуі (буллинг) т. б.

3. Негативті әлеуметтік факторлар: жалақының аз болуы, кәсіптік өсу мүмкіндігінің төмендігі т. б.

4. Негативті ұжымдық факторлар: ұжымның тарапынан көре алмаушылық, өсек, интригалар, ұжымсыз, сыйласымсыз қатынас т. б.

Slide 6

Фазалары мен белгілері

Г. Селье эмоциональді күйіну синдромының 3 фазасын ажыратады:

1. «Қиналу фазасы»;

2. «Қарсыласу фазасы»;

3. «Жүдеу, әлсіреу фазасы».

Е. Малер ЭКС-ның 12 негізгі/қосымша белгілерін қарастырады:

1. Жүдеу, шаршау.

2. Психосоматикалық асқыныстар.

3. Ұйқысыздық.

4. Негативті қатынас жағдайлары.

5. Негативті жұмыс жағдайлары.

6. Міндеттерін менсінбей орындау.

7. Психостимуляторлардың көлемін жоғарылату (кофе, темекі, алкоголь, дәрі т. б. )

8. Тәбеттің төмендеуі.

9. Өзін негативті бағалау.

10. Агрессивтілік.

11. Енжарлық.

12. Өзін кінәлі сезіну.

Slide 7

Эмоционалды күйіну

В. В. Бойко эмоциялық күю синдромын келесідей сипаттайды: «Бұл тұлғаның кейбір психикалық жарақат ету әсерлеріне жауап ретінде эмоцияны жоққа шығару (энергетиканың төмендеуі) нысанындағы психологиялық қорғану тетігі, сонымен қатар теріс, негативті эмоция саласының кеңеюі және оң эмоцияның азаюы». В. В. Бойко күюді екі санатқа бөледі:

Сыртқы санат - шиеленіскен психоэмоционалдық қызмет, ұйымдастыруға байланысты меңгіру, ұжымдағы нәтижелер мен қарым-қатынасқа жоғары жауапкершілікпен қарау.

Ішкі санат - тұлғаның ішкі дүниесіндегі проблемалар салдарынан туындайтын күю себептері аталған синдромның көрініс табуына әкеледі. Бұған эмоциялық бәсеңдік, жоғары жауапкершілікпен қатар эмоциялық қайырымның бәсе мотивациясы да жатады.

Slide 8

Депрессия

Депрессия (лат. depressio - көңілсіздак, жабыраңқылық) - жабығу, торығу, күйзелу секілді ұғымдарына балама ұғым. Бұл көпке созылмайтын, бірақ созылып кетсе невроз немесе психоздың бастауына айналатын түнілу мен пессимизм арқылы бейнеленетін көніл - күй жағдайы.

Көптеген психолог мамандары депрессияның қалалы жерлерде басым екендігін айтады. Үлкен қаланың жақсылығы мен жамандығына қатар төзіп, күнелтуге мәжбүр. Нарықтық басты құндылығы ақша болғандықтан, ақша табу үшін жанталаса өмір сүру, сөйтіп әке шеше, туыстардан, құрбы дос жарандардан, алыстау арқылы өз өзінен тұйықталу адамның жүйкесін шаршатып, күйзеліске ұшыратады. Уақыт тығыз болып, шаршап, ашуланып осылай күйзеліп сан сұрақтарға батады.

Slide 9

Стресс

Психологтар күйзеліс немесе стресс тақырыбын ұзақ уақыт бойы зерттеп, оның себебін түсінуге және одан шығу үшін адамдарға жол ашуға тырысты. ХХғ. 30-50 жылдары канадалық ғалым Ганс Селье стресстің биологиялық теориясын жасап: «Стресс - аса кушті сыртқы әсерден жүйкенің жоғарғы деңгейде ширығуы», - деген анықтама берген.

Стресс - адамның ширығуын талап ететін күрделі, күтпеген, аса жауапты, маңызды немесе қауіпті жағдайларда пайда болатын көңіл-күй ахуалы. Ол сондай-ақ, денеге және ақыл-ойға тез және жауапты шешімді талап ететін көп салмақ түскенде, дау-жанжал т. б кезінде туындайды.

Slide 10

1) Үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады;

2) Төзімділік - жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жүйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді;

3) Әлсіреу - бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, таусылады, сондықтан, психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады. Стресстің көпке созылған ауыр түрі адамды жүдетіп, қайғыға батырады.

Slide 11

ЭКС-ның психодиагностикалық тәсілдері:

Кәсіптік күінуді диагностикалау (К. Маслач, С. Джексон бойынша) ;

В. В. Бойко бойынша тәсіл;

Жұмысқа қанағаттанушылық дәрежесін өлшеуге арналған шкала;

Кәсіптік дезадаптация жағдайын анықтауға арналған сұрақнама;

Апперцептивті тест;

Аяқталмаған сөйлем тесті;

Портертті таңдау тәсілі;

Люшердің түрлі - түсті тесті т. б.

Slide 12

ЭКС-дан арылудың кейбір жолдары:

1. Ауыр ойлар жүйкеңізді қажытып, ұйқыңызды қашырып, дөңбекшіп шығады. Ондай да жұмысты да қойып, ертеңгі күнді ойлап 4 не 5 күн жұмысқа бармағаныңыз жөн. Өзіңізге демалыс жариялаңыз.

2. Көңілді алдайтын, көңіліңізді аударар бір өте қызықты іспен шұғылданыңыз. Ғалымдар айтуы бойынша күйзелістен арылудың бір жолы техникалық және әдеби аудармалар жасау.


Ұқсас жұмыстар
Эмоционалды күйіну синдромының профилактикасын жасау
Жедел қан жетіспеушілігі
Биологиялық затпен жұмыс жасау
ДӘРІГЕРДІҢ КОММУНИКАТИВТІК БІЛГЕРЛІГІ (КОМПЕТЕНТТІЛІГІ) ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕР
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТУБЕРКУЛЕЗ
Қан құюдан кейінгі асқынулар
АНТИГЕНДІК ЖҮЙЕЛЕР
Эмоциялық-ерік сферасының бұзылыстары
БАЛАЛАРДЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ҚОСУ
Тромбоциттерді құю
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz