Әртүрлі мамандықтағы дәрігердің профессиограммасы
Презентация қосу
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Медициналық психология негіздері және коммуникативтік дағдылар кафедрасы
Пәні: Комуникативтік дағдылар
ОСӨЖ №6: Әртүрлі мамандықтағы
дәрігердің профессиограммасы.
Дайындаған:
Тексерген: Мусабекова А.С.
Қарағанды
Жоспар:
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
1) Дәрігер мамандығының профессиограммасы.
2) Дәрігер - стоматолог; дәрігер - хирург
мамндықтарынығ ерекшеліктері.
3) Дәрігер мамандығының оң және теріс жақтары.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Медицина деген не?
Медицина (лат. medicina: medicus —
дәрігерлік, емдік) — адамдардың
денсаулығын сақтау мен нығайту,
сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын
алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік
жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір
сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-
әрекеттің және ғылыми білімдердің
жүйесі.
Дәрігер маманда келесі қасиеттер болуы
қажет:
Қонақжайлылық;
Төзімділігі;
Жауапкершілігі;
Ұқыптылық;
Жылдам реакция білдіру;
Кез-келген жағдайда медициналық көмек
көрсете алуы;
Сезімталдық;
Вербалді қабілеттілігі;
Жақсы дамыған ұзақ уақыттық ес;
Дәрігер маманда келесі қасиеттер
болуы қажет:
Техникалық білім;
Жылдам әрі дұрыс шешім қабылдау;
Табандылық;
Жоғары интеллект;
Түйсік;
Логикалық-сыни ойлау;
Өз ойын анық жеткізе алу қабілеті;
Дәрігер - стоматолог
Кәсіптің сипаттамасы:
Стоматолог - пациенттің ауыз қуысын тексеріп,
денсаулығы жайында пациент шағымын тыңдайды.
Ем-шара жүргізіп, тіс жұлады. Тіске
профилактикалық және гигиеналық тазарту
жүргізеді.
Стоматолог-дәрігердің жұмысына мейірбике көмектеседі. Жұмыс
барысында ол пародонтолог, ортопед, ортодонт-дәрігерлермен кеңеседі.
Кәсіптің ерекшелігі:
Жоғары жалақы, ертеңгі күнге сенімділік, келешектен үлкен үміт күттіреді.
Талап етілетін қасиеттер:
Стоматологтің кәсіби қызметі көру координациясы мен қолдың ептілігін талап
етеді. Мұның себебі, дәрігер техникамен жұмыс жасайды. Қандай да бір
жіберілген олқылықтың салдары пациент үшін үлкен қолайсыздық тудырады.
Дәрігердің міндеті – пациенттің барлық шағымын тыңдай білу, аяушылық
таныту, сабырға шақыра білу. Қабылдауда неше түрлі адамдар кездесетіндіктен
дәрігерге моральдық және физикалық тұрғыда шыдамды болу, зерек, ұстамды,
әдепті, жылы шырайлы, байқампаз, коммуникабельді болғаны маңызды.
Міндеттері:
Стоматологтің жұмыс күні жұмыс орыны мен стоматологиялық құрылғыларды
әзірлеу мен дәрілік заттарға санақ жүргізуден басталады. Дәрігер-стоматолог
пациенттерді қабылдап, тексеріп, профилактикалық шаралар жасап, ауыз қуысы
мен тістерді емдеп, тіске диагностика жасаумен айналысады. Оның міндеттеріне
тіс көшірмесін алу, жергілікті және өткізгіш анестезия жүргізу, тіс жұлу және
т.б. жатады. Қажеттілік туындаған жағдайда дәрігер-стоматолог пациентті
фтизиотерапевтік ем шараға даярлайды. Медициналық құжаттарды рәсімдейді.
Дәрігер - стоматолог мамандығының
қызметінің басым түрлері:
Науқастың ауыз қуысын
қарау(инструменталды), шағымдарын
тыңдау, болжалған диагноз қорытындысын
жасау және емдеу.
Тіс протезі процедурасы, тістің
хирургиялық жұлынуын іске асыру.
Профиллактикалық тексерілулер мен
рентгенологиялық суреттердің
анықтамасын жасау.
Дәрігер - хирург
Кәсіптің сипаттамасы:
Хирург - дәрігер болып жұмыс істеу үшін берік жүйкеден басқа, жақсы білім
қажет. Денсаулық сақтау саласының заңнама негіздері, анатомия,
жансыздандыру қағидаттары, асептик және антисептик, рентгенология мен
физиотерапияны меңгерген болуы шарт. Хирург медициналық аппараттар
мен хирургиялық құралдарды пайдалана алуы керек.
Кәсіптің ерекшелігі:
Жақсы хирург - маманға жақсы төлемақы
төленеді. Демалыс кездерінде жоспардан тыс
жұмысқа шығу, дене күшіне үлкен салмақ түсу,
адам өмірі үшін жауапкершілік алу, түнгі
кезекшіліктер бар.
Талап етілетін қасиеттер:
Берік жүйке, шыдамдылық, ұстамдылық, сабырлылық, төтенше жағдай
туындаған сәтте де жағдайды бақылауда ұстай білу – бұл қасиеттер болашақ
хирург маманда болатын қасиеттің бастамасы ғана десек болады. Басқа
дәрігерлер секілді, қабылдау жүргізетін хирург-дәрігер де зерек және
сыпайы болуы керек. Операция жүргізетін маман ретінде күйзеліске төзімді,
жылдам ойлай алатын маман болғаны жөн.
Міндеттері:
Хирургтің жұмыс күні пациент қабылдаудан басталады. Ол науқасты
тексереді, ем тағайындайды. Арнайы мамандандырылған мамандарға немесе
ем қабылдауға жатқызуға жолдама жазады. Ауырғандығын растайтын
парақша рәсімдейді, медициналық тексеру картасын толтырады.
Кезекшілікте тұрған хирург-дәрігер тәуліктің қай мезгілі болмасын операция
жасауға дайын болуы керек. Құжат толтыру, есеп беруді түзу, тұрғындармен
санитарлық-ағартушылық жұмыс жасау да хирург-дәрігердің міндеті болып
саналады.
Қорытынды
Дәрігер болу үшін ең бірінші ұқыптылық керек,
күн сайын жаңа нәрсені үйренуге асық болып,
өзін-өзі психологиялық тұрғыдан да, білім
жағынан да дайындау керек.
Адамның жаманы жоқ, жаман мінез бар.
Сондықтан да, адам бір-біріне жақсы көңіл
күймен қарым-қатынаста болса, сонда
денсаулығы да жақсы болады, сонда ол жақсы
дәрігер де болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Куницына В.Н., Казаринова Н.В., Погольша В.М.
Межличностное общение. Учебник для вузов. Санкт -
Петербург, 2001.
2. Карвасарский Б.Д. Клиническая психология. Национальная
медицинская библиотека. Санкт - Петербург, 2004.
3. Соложенкин В.В. Психологические аспекты врачебной
деятельности. Москва, 1997.
4. Рогов Е.И. Психология общения. Гуманитарный
издательский центр «Владос», Москва, 2004.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz