Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыруда маркетингтің атқаратын қызметі


Slide 1

Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыруда маркетингтің атқаратын қызметі

Орындаған: Серік Аружан

Slide 2

Маркетинг рынокта болып жатқан үрдістерді жан-жақты ескеріп отыратын, кəсіпорынның іс-əрекетін басқару жəне ұйымдастыру жүйесі, өндірісті, жалпы қоғамды дамытушы құрал ретінде танымал. Маркетингтік технологияларды қолдану кəсіпорынның бəсекеге қабілеттілігін жоғарылатуына жəне ойдағыдай дамытуға əсерін тигізеді.

Маркетингтік технологияларды қолдану кəсіпорындардың жалпы ресурстарын, соның ішінде тауарлар мен қызметтерді жылжыту мен жүзеге асыруға жəне əрбір өнім үшін жылжытудың тиімді əдістерін таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар олардың іс-əрекеттерінің тиімділігін жоғарылатуға ықпал етеді.

Slide 3

Экономикалық басқарудың нарықтық тұжырымдамасы ретіндегі маркетинг қазіргі даму деңгейлері әркелкі елдерде кеңінен қолданылуымен қатар, нарық жүйесін, тауар-ақша қатынастарын, ұйымдастырушылық-техникалық кешенді коммерциялық жұмыстарды, өндіріс-тауар өткізу процестерін, сондай-ақ баға мен коммуникациялық саясаттарды зерттеу және іске асыру құралына айналып отыр. Қазіргі кездегі өндіріс дамуында маркетинг, тек қана нарықтық саясатты ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның өндірістік саясатын анықтайтын, басқарудың негізгі функциясы ретінде қарастырылады. Маркетинг принциптеріне негізделген басқарудың кешенді жүйесінің мақсаты - қолда бар ресурстарды ескере отырып (материалдық, қаржылық, т. б. ) кәсіпорынның алдына қойылған мақсаттардың шешілуін қамтамасыз ету.

Slide 4

Нарық қатынастары шаруашылық қарым-қатынаста жүріп жатқан субъектілерінен экономикалық үдерістерді игеруді, ол үшін оларды терең жан-жақты талдауды талап етеді. Осы талдау негізінде бар ресурстарды тиімді пайдаланып, тұтынушылардың қажеттерін сапалы жəне жоғары деңгейде, неғұрлым толық қанағаттандыруды белгілейді. Соның негізінде кәсіпорынды дəл басқару бағыттары жəне ұтымды шаруашылық бизнес шешімдері іздестіріледі. Жиналған ақпарат нарықта əрекет жасап жүрген кәсіпорындар жəне келешекте олардың қатарына жаңадан қосылатын кəсіпорындар, олардың өнімдерінің өзгерісі туралы т. б. болжамдық талдау үшін қолданылады. Осы аса маңызды да күрделі іс маркетингсіз орындалуы мүлде мүмкін емес. Сондықтан кәсіпорынды басқару жүйесінде, оның əрекетін ұтымды реттеу ісінде қазіргі кезде маркетинг жетекші рөл атқарады.

Slide 5

Маркетингтің мəні өнімді шығару жəне өнімді өткізу шарттары өзгерісімен байланысты. Маркетинг əрекеті жоғары пайда алу үшін нарықтың, демек тұтынушылардың нақты қажетіліктерін зерттеу, соның негізінде кəсіпорынның барлық қызметін (тауарды өндіру, өңдеу, өткізу, жылжыту) ұйымдастыру жүйесі болып табылады.

Маркетингке сүйене отырып, кәсіпорынның түбінде пайдалы əрекетін ұйымдастыру үшін, алғашқы оның қадамдары уақытша пайдасыз, кейде тіпті шығындары болуы мүмкін. Бұл болжамды шығындар немесе ойда болған уақытша кездесетін қиыншылықтар болып табылады.

Slide 6

Маркетингттік қызмет. Кәсіпорынның (фирманың‚ кәсіпкердің) сұранымды‚ бағаны‚ жарнаманы пайдалануға, өндірісті ынталандыруға‚ сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін‚ тауарлардың тұтынушыға жетуіне белсенді ықпал жасайтын қызмет көрсетудің техникалық түрлері мен басқа да түрлерін қолдануды жан-жақты зерделеу мен болжауға байланысты қызметі. Кәсіпорын өнімнің (тауардың, бұйымның) нақты түріне және оны тұтынушыларға орай белгілі бір элементтеріне баса назар аударады. Мысалы, тұтыну тауарлары үшін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілетін жарнаманың маңызы зор‚ ал өндірістік мақсаттағы өнім үшін жөндеу қызметін көрсетуді ұйымдастыруға, қосалқы бөлшектермен жабдықтауға баса мән беріледі.

Slide 7

Нарыққа өту кезеңінде басқару мәселелері түбегейлі өзгерістерге ұшырайды, ондағы негізгі күштер сатып алушының ұсыныстарын қанағаттандыруға және фирма мен клиенттің арақатынастарының ұзақ уақыттық болуына арналады. Отандық өнеркәсіп орындарында маркетинг жарнама және тауарды өткізу ісіне бағытталған. Бұл жағдай бірқатар объективті және субъективті себептермен түсіндіріледі. Олардың ішінен келесі себептерді көрсетуге болады:

нарықтық қатынастар дамуының төмен деңгейі;

құқықтық және нормативтік заңдармен қамтудың жетіспеушілігі;

нарықтық тауарлар инфрақұрылымның төмен деңгейі; кәсіпорында маркетинг қызметті алға қоятын тәжірибелі

мамандардың жеткіліксіздігі;

қаржының болмауынан туындаған қиындықтар;

мәлімет жинау мен ақпарат бөлісу жұмысының шектелуі;

маркетингтік қызметті сапалы түрде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әдістер, әдістемелер деңгейде қолданылуы.

Slide 8

Кәсіпорынның экономикалық және тиімді өсуі басқару құрылымының тиімділігіне байланысты. Ал өз кезегінде басқарудың құрылымы болып табылатын маркетинг қызметін басқарудың тиімділігімен сипатталады. Кәсіпорыдағы маркетингті басқару мақсаттары келесідей:


Ұқсас жұмыстар
Қаржы ресурстарын басқару туралы ақпарат
Кәсіпорынның маркетингтік қызметі
Маркетингінің мәні мен мақсаты
Ұйым капиталының айналымы
Маркетингтің теориялық негіздері және тұжырымдамалары туралы
Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі
МЕНЕДЖМЕНТ ТҮСІНІГІ. МЕНЕДЖМЕНТ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
МАҚСАТТЫ НАРЫҚТАР
Маркетингтің қағидалары және қызметтері
Қаржы ресурстары туралы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz