Бақылау және қадағалау органдарын басқару қызметтері мен міндеттері
Презентация қосу
Бақылау және
қадағалау органдарын
басқару қызметтері мен
міндеттері
Орындаған: Серік Аружан
Қабылдаған: Сарбасова Гүлмира
“Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау
және қадағалау туралы” Қазақстан Республикасының 2011
жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV Заңы
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
бақылаудың және қадағалаудың жалпы құқықтық негіздерін
реттейді және бақылау мен қадағалау қызметін жүзеге
асырудың бірыңғай қағидаттарын белгілеуге, сондай-ақ
мемлекеттік органдардың, өздеріне қатысты мемлекеттік
бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке және заңды
тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға
бағытталған
Мемлекеттік бақылау - бұл мемлекеттік органның бақылау
және қадағалау субъектілерін олардың қызметінің Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға
сәйкестігі мәнін, жүзеге асыру барысында және нәтижесі
бойынша жедел ден қою шараларынсыз құқық шектейтін
сипаттағы шаралар қолданылуы мүмкін тексеру және байқау
жөніндегі қызметі (бұдан әрі - бақылау)
Мемлекеттік қадағалау - мемлекеттік органның бақылау
және қадағалау субъектілерінің Қазақстан Республикасының
заңнамасы талаптарын сақтауын, жүзеге асыру барысында
және нәтижесі бойынша құқық шектейтін сипаттағы, соның
ішінде жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін тексеру
және байқау жөніндегі қызметі (бұдан әрі - қадағалау)
Бақылау және қадағалау органдары -
заңнамаға сәйкес лицензиялауды
және/немесе өзге де рұқсат құжаттарын
беруді, тіркеу есебіне қоюды, сондай-ақ
жеке және заңды тұлғалар қызметінің
заңдарда белгіленген талаптарына
сәйкестігі мәнін тексеру және байқауды
жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
және олардың аумақтық бөлімшелері.
Бақылаудың және қадағалаудың қағидаттары
мен міндеттері (4 бап)
1) заңдылық;
2) бәрінің заң және сот алдындағы теңдігі;
3) жеке немесе заңды тұлғаның адалдық презумпциясы;
4) жариялылық;
5) бақылаудың және қадағалаудың жоспарлылығы мен жүйелілігі;
6) мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының кәсіптік біліктілігі мен құзыреттілігі;
7) бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының өз лауазымдық
міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және олардың өз өкілеттіктерін
асыра пайдаланғаны үшін жауаптылығы;
8) жазалау алдында құқық бұзушылықтың алдын алудың басымдығы;
9) қажеттілік пен жеткіліктілік;
10) мемлекеттік органдар арасындағы бақылау өкілеттіктерінің аражігін ажырату;
11) адал тексерілетін субъектілерді көтермелеу, құқық бұзушыларға бақылау мен
қадағалауды шоғырландыру;
12) тексерілетін субъектілер мен тұтынушылардың өз заңды құқықтарын дербес қорғауға
қабілеттілігін арттыру;
13) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің есептілігі мен ашықтығы;
14) тәуелсіздік;
15) объективтілік және турашылдық;
16) дәйектілік қағидаттарына негізделеді.
Бақылаудың және қадағалаудың мiндетi экономикалық
қауiпсiздiктi, алдау практикасының алдын алуды, табиғи және
энергетикалық ресурстарды үнемдеудi, ұлттық өнiмдердiң
бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруды әрі жеке және заңды
тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтарын
және заңды мүдделерін қорғауды қоса алғанда, тексерілетін
субъект өндiретiн және сататын өнiмдердiң, технологиялық
процестердің адамдардың өмiрi мен денсаулығына
қауiпсiздiгiн, олардың мүлкiн қорғауды, қоршаған ортаның
қауiпсiздiгiн, Қазақстан Республикасының ұлттық
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады.
Бақылау және қадағалау органдарының құзыреті (11 бап)
1) мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы тиісті
бағыттағы мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырады;
2) бақылау және қадағалау жүргізуді жетілдіру жөнінде
ұсыныстар енгізеді;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бақылау мен
қадағалауды ұйымдастырады және жүргізеді;
4) өз құзыреті шегінде бақылау және қадағалау саласындағы
нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
5) бақылау мен қадағалау тиімділігі мониторингін
ұйымдастырады және жүргізеді;
6) Қазақстан Республикасындағы бақылау және қадағалау
органдарының қызметін өзара үйлестіруді жүзеге асырады;
7) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де
заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге
де функцияларды жүзеге асырады.
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлар саласындағы бақылаудың мiндеттерi:
Бақылаудың мiндетi - табиғи және техногендiк сипаттағы
төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi
жоспарлар мен шаралардың толық және тиiмдi орындалуын,
белгiленген нормативтер, стандарттар мен ережелер
талаптарының сақталуын, лауазымды адамдардың, күштер
мен құралдардың дайындығын, олардың iс-қимылын тексеру.
Табиғи және техногендік сипаттағы
төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды
жою саласындағы мемлекеттік бақылау:
1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың
алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттік бақылау
тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге
асырылады.
2. Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес
жүзеге асырылады.
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлар саласындағы ведомстволық,
өндiрiстiк және қоғамдық бақылау :
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлар саласында ведомстволық бақылауды
орталық мемлекеттiк органдар, өндiрiстiк
бақылауды ұйымдар, қоғамдық бақылауды
қоғамдық бiрлестiктер мен жергiлiктi өзiн-өзi
басқару органдары жүзеге асырады.
Назарларыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz