Саяси ғылымдардың құрылымдары мен парадигмалары




Презентация қосу
САЯСАТТАНУ ҒЫЛЫМ
ЖӘНЕ ОҚУ ПӘНІ РЕТІНДЕ
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ
1.Саясат-әлеуметтік құбылыс ретінде,мақсаттары мен
атқаратын қызметтері.
2.Саяси ғылымдардың құрылымы мен парадигмалары.
3.ҚОРЫТЫНДЫ
Пайданылған әдебиеттер.
Саясат-әлеуметтік құбылыс
ретінде,мақсаттары мен атқаратын
қызметтері.

Саясаттану - [грек, politike - мемлекетті басқару өнері, logos -
сөз, түсінік, ілім] - саясат, саяси үрдіс, саяси билік туралы
ғылым. XX г. 50 жж. саясаттану дербес ғылым саласы және
оқу пәні ретінде қалыптасты. 1948 ж. ЮНЕСКО бастауымен
Саяси ғылымның халықаралық бірлестігі құрылды. Саяси
ғылымның зерттеу объектілері:
Саясаттану әдістері - саясаттану ғылым
ретінде жалпы ғылыми әдістердің белгілі бір
қорын пайдаланады. Ғылыми зерттеудің
қандай да бір әдістері мен құралдарының
басымдылығы саясаттанудың ғылым ретіндегі
пәнінің өзіндік ерекшелігіне байланысты.
Саясаттану әдістері: әлеуметтанулық, тарихи,
салыстырмалы талдау, құрылымдық-
функционалдық, бихевиористік, жүйелік.
Әлеуметтанулық әдіс саясатты қоғам
өмірінің экономикалық, әлеуметтік
құрылым, мәдениет және т.б. жағдайына
байланысты анықтайды.
Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай,
бұрынғы, қазіргі және болашақтың байланысын айқындай отырып
қарастырады. Ол әр түрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді олардың
болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді.
Салыстырмалы әдіс әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып,
олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік
береді.
Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі
ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын,
қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысын зерттейді.
Бихевиористік әдіс жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін, белгілі бір саяси
жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді.
Құрылымдық-функционалдық әдіс - саяси институттардың, саяси
қатынас¬тар субъектілерінің қызметін сараптау жолымен саяси процестерді
зерттеу әдісі. Функция арқылы құрылымдардың әлеуметтік мәні, қоғамдық-
саяси процестегі орны мен рөлі лайықты түрде анықталады
Саясаттанудың қызметі - қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді
(функцияларды) атқарады. Оған ең алдымен танымдық қызметі жатады. Саяси
білім қоғамдағы оқиғаларды танып-білуғе, олардың саяси мәнін түсінуге және
болашақты болжауға мүмкіндік береді.
Келесі қызметі - бағалау. Ол саяси құрылысқа, институттарға, іс-әрекеттерге және
оқиғаларға саяси баға береді. Демократиялық мемлекеттерде саясаттану саяси
әлеуметтену міндетін атқарады. Ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси
мәдениеттілігін қалыптастырады.
Саясаттану реттеушілік, басқару қызметін атқарады. Оның ерекшелігі - қоғамның
саяси өмірімен тығыз байланысында. Соған орай ол адамдардың саяси өмірінде
өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер етеді. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын
бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшін
нақтылы мәлімет, мағлұматтар береді.
Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетін де атқарады. Бұл
ғылым саяси институттар мен қатынастарда, басқаруда
реформалар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негіз
болады. Оның көмегімен заң шығарушы және атқарушы
органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси-
басқарушылық шешімдер алдын ала сарапқа салынып,
зерттеледі, қоғамда немесе оның жеке аймақтарында
қалыптасып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан
талданады. Солардың негізінде ол кейбір саяси институттардың
жойылып, оның орнына бүгінгі талапқа сай басқалары келу
керектігін негіздейді, мемлекеттік басқарудың қолайлы үлгілерін
іздестіреді, әлеуметтік-саяси шиеленістерді ауыртпалықсыз
шешу жолдары мен әдістерін көрсетеді.
Саяси ғылымдардың құрылымдары мен парадигмалары.

Саясаттану парадигмалары - [грек, paradeiqma - теория,
үлгі] - саясаттануда парадигма деп саяси өмірді бейнелеуді,
білімді ұйымдастырудың қисынын білдіретін, әлеуметтік
құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп
мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. Парадигма
жасау арқылы зерттеушіде белгібір саяси құбылысты
зерделеудің негізгі өлшемі, қалпы қалыптасады. Соған орай
ол деректерді жинап, талдайды, түсіндіреді, мағлұматтарды
жинақтайды, жүйелейді.
Саясаттану парадигмаларын жинақтай келе
оларды теологиялық, натуралистік, әлеуметтік және тиімді
сыни деп жүйелеуге болады.
Натуралистік
парадигма

Тиімді сыни Саяси Теологиялық
парадигма
парадигма парадигмалары

Әлеуметтік
парадигма
Теологиялық парадигма саясатты,
билікті құдайдың құдіретімен түсіндіреді. Бұл парадигма
саяси ғылымның алғашқы дами бастаған кезеңінде пайда
болған. Ол кезде барлық әлеуметтік-саяси құрылыс, мемлекет
құдайдың құдіретімен жасалады және дамиды делінген.
Натуралистік парадигма саясатты әлеуметтік сипаты жоқ
табиғи себептермен, атап
айтқанда, географиялық ортамен, биологиялық және психолог
иялық ерекшеліктермен түсіндіреді.
Тиімді (рационалды) сыни
парадигма саясаттың табиғатын оның өз
ішіндегі себептермен, қасиеттермен,
элементтермен түсіндіреді. Оны
жанжалдық және мәмілеге келу
парадигмалары деп екіге бөлуге болады.
Мәмілеге келу (консенсус)
парадигмасының әкілдеріне М.Вебер,
Т.Парсонс жатады. Олар саяси әмірдегі
дау-жанжал, қайшылықтарды жоққа
шығармайды. Халықтың арман-
аңсарының, негізгі әлеуметтік және
мәдени құндылықтарының,
бағдарларының бірлігі адамдар арасында
туатын қайшылықтарды саналы түрде
реттеп, шешуге, қоғамда тұрақтылық пен
ынтымақтастықты орнатуға көмектеседі.
Олар саяси мәселелерді шешуге күш
қолдануға, қоғамның революциялық
жолмен дамуына қарсы.
Әлеуметтік парадигма саясаттың
табиғаты мен пайда болуын
әлеуметтік факторлар арқылы
түсіндіреді. Ол қоғамның белгілі
бір экономикалық базис
негізінде саяси, құқықтық,
философиялық, діни, этикалық,
эстетикалық, т.с.с. көзқарастар
мен идеялар пайда болып,
дамиды.
Жанжалдық парадигма XIX г.
пайда болды. Оның негізін
қалағандар - К.Маркс, А.Бентли,
Земмель және т.б. Олар саяси
өмірде дау-жанжал, шиеленістер
шешуші рөл атқарады дейді.
Қазір бұл теорияны
қолдаушыларға Р.Дарендорф,
Дж. Бертон және т.б. жатады.
Қолданылғын әдебиеттер

Әбсаттаров.Р.А «Саясаттану»
Интернет материалдары
http://go.mail.ru/search_images?
tsg=l&gp=lp5ies

Ұқсас жұмыстар
Саясаттанудың категориялары мен түсініктері
САЯСАТТАНУ
Саясаттану парадигмалары
Саясаттану ғылымының әлеуметтік - гуманитарлық білім жүйесіндегі орны
Саясат мүмкін өнер ретінде
САЯСАТТАНУ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ
Саясаттанудың парадигмалары
САЯСАТТАНУДЫҢ НЕГІЗГІ ПАРАДИГМАЛАРЫ
Саясаттану – ғылымы»
Теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістері
Пәндер