Нан қорынының зиянкестері
Презентация қосу
Тақырыбы: Нан қорынының зиянкестері
Мақсаты: Қойма зиянкестерін туралы
түсінік беру және оларды анықтауды
меңгеру.
НАН ҚОРЫНЫҢ
ЗИЯНКЕСТЕРІ
Астықтың қойма Зиянкестермен
зиянкестерімен күрес
залалдануын шаралары
анықтау
Көбелектер.
(қабыршақ
Қоңыздар қанаттылар,
(қатты қанаттылар Lepidoptera)
Coleoptera)
Кеміргіштер Кенелер
(Anobildae) (Acarina)
Нан қорының зиянкестері жер шарында кең
тараған және тіршілік қабілетінің күштілігі,
өнгіштігі және тез дамып түрленуіне қарай
әртүрлі өнім түрлерін зақымдай алады. Астық
қорының зиянкестері үлкен зиян келтіреді: дәннің
бір бөлігі құртады, ластайды, өнгіштігін және
сапасын төмендетеді
Үйіндінің бір бөлігінде көп шоғырланған
оның ылғалдылығы мен температурасы шамадан
тыс жоғарылап кетеді, соның әсерінен астық
өздігінен қызады.
Нан қорының зиянкестерімен астықтың танаптарда,
қырманда, тасымалданғанда, қысқасы астықты қамбаға
құйғанда, сонымен бірге сақтау кезінде залалдануы
мүмкін. Сондықтан астық айналымының барлық
деңгейінде оның залалдануы мідетті түрде тексереді.
Астық қорының зиянкестерімен залалданған астық
олардың одан әрі тарап кету қаупінен қабылдау
кәсіпорындарымен қабылданбайды.
Залалдану
Жасырын зиянкестер-
Айқын түрде – тірі
белгілі бір даму деңгейінде
зиянкестер табылғанда (дәннің ішінде) болуы
Астықтың зиянкестерімен залалдану дәрежесі
Залалдану 1 кг астық массасындағы
дәрежесі зиянкестер саны, дана
Бізтұмсықтар Қойма кенелері
І 1 ден 5 ке дейін 1 ден 20 ға дейін
ІІ 6 дан 10 га дейін 20 дан жоғары
ІІІ 10 нан жоғары Киіз қабатын құрады
Астықтың залалдануын анықтау
Астық залалдануын орташа үлгіні елеу жолымен
анықтайды. Заладану дәрежесін 1 кг астық массасы
келетін тірі зиянкестер санымен белгілейді. өлі
зиянкестерді шөпшар қоспасына апарады да
залалдануды анықтағанда есепке алмайды. Қоймаларда
сақтаулы астықтың зиянкестерімен залалдануын әрбір
қабаттан жеке-жеке сұрыпталған үлгілер бойынша
анықтайды. Ауданы 100 шаршы метр, биіктігі 1,5
метрден жоғары үйінді бөлімінің 3 қабатынан
жоғарыдан (10 см тереңдіктен), ортасында (үйіндінің
ортасында) және төменнен (еденге таяу)-үлгілер
сұрыпталады; үйінді биіктігі 1,5 м-ден төмен болғанда
үлгілер екі қабаттан –жоғарыдан және төменнен –
сұрыпталады.
Вагондар мен автокөліктердегі астықтың залалдануын бүкіл
орташа үлгіні елеу жолымен анықтайды.
Астықтың айқын залалдануын анықтау үшін орташа үлгіні
саңылаулар диаметрі 1,5 мм (төменгі) және 2,5 мм елеуіштерде
минутіне 120 айналым қозғалысымен 2 мин бойы елейді.
Елегеннен кейін ең алдымен астықтың ірі насекомдармен
(мавритациялық қызыл қоңыз, ірі зауза қоңыз, жалған ұры қоңызы,
т.б.) залалдануын анықтайды. Ол үшін саңылауы 2,5 мм елеуіштен
өткен астықты талдау тақтасына салып, жұқа қабатқа жаяды да
қолмен тексеріп мұқият қарайды.
Соңында саңылауы 2,5 мм елеуіштен өткен астықтың ақ шыныға және
1,5 мм елеуіштен өткен астықты қара шыныға жұқа қабатпен жаяды.
Саңылауы 1,5 мм елеуіштен өткен астықты үлкейткіш шыны астында
(4-4,5 есе) тексереді.
Бізтұмсықтардың дамуы дәннің ішінде өтетіндіктен айқын
залалданумен қатар жасырын залалдануды да анықтайды, ол үшін
аналық өрмекшінің жұмыртқа салуға жасаған тесікшенің тұсын бояу
тәсілі қолданылады. Бұл тесікшені табуға орташа үлгіні тазартады да
жиегі қаңылтырмен қапталған таза темір торға салады. Шөкім
салынған торды тесікшенің ісінуі үшін 1 минут температурасы 30 С
жылы суда ұстайды. Содан кейін жаңадайындалған 1% КМпО4
ерітіндісінде 20-30 сек соңынан сонша уақыт күкірт қышқылы мен
сутек асқын тотығының ерітіндісінде ұстайды. Тесікшелер қара түске
боялады және дәннің бетінде айқын көрінеді. Тесікшенің көлемі 0,5
мм-ден аспауы тиіс.
Боялған дөңгелек дақтар бізтұмсықтар тамақтанған кезде
бұрылап тесілген, бірақ жұмыртқа салынбаған жерлерде де пайда
болуы мүмкін. Мұндай дақтардың шеттері күшті боялып, ортасы
ашық реңді болады және есептеуге жатпайды.
Қоңыздар (қатты қанаттылар
Coleoptera)
Бізтұмсықтар /Curculionidae/.
Бізтұмсық түскен бидай дәні салмағының 50%-ке жуығы,
сондай-ақ, тағамдық қасиеті мен өнгіштігін жоғалтады.
Қамба бізтұмсығы (Sitophilus granarius L.);
Күріш бізтұмсығы (Sitophilus oryzae L.)
Қамба бізтұмсығы. /Sitophilus granarius L./ бидай, қара бидай,
арпа, күрішті зақымдайды, сұлыны, жүгеріні, ақталған тары мен
қарақұмықты зақымдауы сирек. Тары дәнінде, майлы және бұршақ
тұқымдас дақылдарда дами алмайды.
Бізтұмсық денесі жылтыр, пішіні ұзынша және жіңішке, түсі қоңыр,
қарақоңыр, жас қоңыздардың түсі ақшыл қоңыр болып келеді.
Тұмсығын қосқандағы денесінің ұзындығы 3-4 мм. Бізтұмсық ұша
алмайды, өйткені, астыңғы қанаттары жетілмген. Бізтұмсық
ұрғашысы 50-300-ге дейін жұмырқа салады. Температура 24-25°C
дән ылғалдығы 15%-тен жоғары болса бір ұрпақтың дамып-жетілуі
36 күн, температура 12°C болғанда жетілу мерзімі 209 күнге
созылады. Температура 15-13°C немесе 35°C жоғары болса,
жұмыртқа салуын тоқтатады. Ылғалдығы 15%-тен төмен дәнде
қойма бізтұмсығы жетілмейді.
Бізтұмсық қоңыздары жарықты, өтпе желді көтермейді, күн
сәулесінен тез өледі. Астық тасымалдау кезінде бізтұмсық аяқтары
мен мұртшаларын бауырына тығып, бүрісіп қалады, ал өлген
қоңыздың аяғы мен мұртшалары керісінше жазылып жатады.
Қарақоңыз. / Tenebrionidae/ - өңделген
дән өнімдерінің зиянкесі. Олар дән
өңдеуші кәсіпорындарында тіршілік етеді.
Оның түсі қара. Біздің елемізде кіші,
үлкен ұн заузалары мен
кішкентай қара зауза неғұрлым кең
тараған.
Жалпақ қоңыздар. /Cucujidae / әлемнің
барлық елдеріне тараған және түрлері де
көп. Бұл қоңыздары ұсақ, денесі ұзынша
да жалпақ, ашық қоңыр немесе қызыл
қоңыр түсті.
Бұршақ қоңыз (Bruchus pisorum L.) монофаг қоңыздарға
жатады, яғни бұршақ дақылдарында тіршілік етіп, сонымен
қоректенеді. Денесі сопақша, ұзындығы 5 мм-ге жетеді, түсі
қара, қою сұр түсті, көлденең ақ жолақтары бар, үстіңгі
қанаттары денесіне қысқа, құрсағының төменгі жағын ашық түсті
түк басқан, айқасып түскен екі қара дағы бар. Қоңыз жақсы
ұшады, бұршақ егісінде өсімдіктің гүлдеу кезінде пайда болады.
Бұршақ байланар кезінде ұрғашы қоңыздар 200 жұмыртқа
салады. Жұмыртқадан шыққан балапан құрт бұршақ қабырғасын
кеміріп, ішіне өтеді, сонда дамып жетіледі. Балапан құрт
қуыршақтанар алдында кейін қоңыздың шығуы үшін қабықты
тесіп жол салады. Өнім жинағанға дейін балапан құрт
қуыршақтанып, қоңыздың одан арғы өсіп-жетілуі қоймаларда
бұршақ ішінде өтеді. Қоңыздар қысқы ұйқыдан көктемде ауа
температурасы 10-12°C болғанда оянып, бұршақты тастап ұшып
шығады да, егістікке оралады. Қоңыз зақымдаған бұршақ
салмағы 35%-ке дейін кемітеді, себуге де, тамаққа да
жарамайды.
Қулықшыл қоңыз. /Ptinidae/. Бұл
тұқымдастар өкілдері мұндай атаққа өздері
тіршілік ететін дәнді және басқа да өнімдерді
қозғалтқан жағдайда өтірік өлген сияқты
болып қалатын /аяқтары мен мұртшаларын
бауырына тығып, бүрісіп қалатын/ қабілетіне
байланысты ие болған.
Қулықшыл-ұры (Ptinusfur L) Ең көп тараған зиянкес
өкілдерінің бірі. Қоңыз бен балапан құрт көп қоректі: олар
дәнді, әртүрлі дән өнімдерін және олардан жасалған
бұйымдарды зақымдайды, пішенде, қураған емдік шөптерде
дамып жетіледі.
Еркегі мен ұрғашысының сыртқы пішіндері әртүрлі. Еркегінің
денесі ұзынша, ұзындығы 4,3 мм-ге дейін жетеді, түсі қоңыр.
Ұрғашысының пішіні сопақша, ұзындығы 3,1мм шамасында,
қара қоңыр түсті, үстіңгі қанатында симметриялы орналасқан
4 ақшыл дағы бар. Қоңыздың аяқтары ұзын, талтақ, бұл оны
өрмекші секілді етіп көрсетеді. Денесін түк басқан.
Қулықшыл-ұры суыққа төзімді жәндіктер қатарына жатады.
Қоңыздың дамуы үшін қолайлы температура 20°C. Ұрғашысы
170 жұмыртқаға дейін салады. Температураның қандай
болғанына қарай қоңыз жылына 1-ден 3-ке дейін ұрпақ
береді.
Кенелер (Acarina) өрмекші тәрізділер тобына жатады,
онды олар 6000-дай түрден тұратын айрықша топ
құрайды. Дән мен оны өңдеуден алынған өнімдерде
бірнеше түрі дамиды:
Ұ н кенесі. (Tyrogluphus farinae L.);
Родионов кенесі. (Cologlyphus Rodinovi A. Zachv.);
Сопақ /ұзынша/ кене.
(Tyrophagus noxius A. Zachv.);
Түкті кене. (Glycyphadidae);
Қарапайым қылтанақты кене. (Glycyphagus
Destructor Ouds);
Тақыр жылтыр кене. (Chortogluphus arcuatus Troup);
Жыртқыш кене. (Cheyletidae);
Қоңыр кене. (Gohieriafusca Ouds)
Кеміргіштер (Anobildae)
Жер шарын кең тараған, зиянкес қатарына
жататын дән кеміргіші /Stegobium paniceum L./ оның
түрі мен балапан құрттарының дәнінде орналасуы.
Кеміргіштер. (Anobildae) дән кеміргіші (Stegobium
paniceum L.) Қоңыз ұзындығы 3,7 мм-ге дейін жетеді,
түсі ақшыл қоңыр мен қою қоңыр аралығында, денесін
жылтылдаған қалың түк басқан. Сыртқы пішіні цилиндр
тәрізді, басын жалбағай секілденген алдыңғы кеуденің
жалғасы қаптап жатады. Ересектері қоректенбейді,
балапан құрттар жинаған қоры есебінен тіршілік етеді.
Ұрғашысы 140 жұмыртқаға дейін салады. Жылына
қоңыз 2-ден 4-ке дейін ұрпақ береді. Кеміргіштің,
әсіресе, балапан құрты көп зиян келтіреді. Ол
ағаштарды, кітап мұқабасын, дәнді, кепкен нанды және
басқаларды кеміріп, шұрық-шұрық тесіп тастайды.
Дән кеміргіші үшін қолайлы температура 26-27°C.
Ылғалдығы 6%-тен төмен өнімдерде де дамып жетіле
алады.
Тіршілік түрі мен зиян келтіру деңгейіне қарай кенелер
екі топқа бөлінеді:
тікелей дән өнімдерімен қоректенетіндер:
олардың жоғарғы жақ сүйегі жақсы дамыған,
сондықтан да дәнді кеміріп жей алады; оларға астық
және түкті кенелер жатады;
тек сұйық қорек қана пайдаланатындар: олардың
аузы тесіп соруға бейімделген: өсімдік қабығын
немесе жануарлар денесін тесіп, кене олардың
шырынын не қанын сорады; астықтағы кенелер бірін-
бірі жеп қоректенеді және басқа жәндіктердің
жұмыртқасы мен қуыршақтарын жейді.
Өнімге араласқан кене оны балапан кене қабығымен,
нәжіспен, өлген кенелермен ластап, дән өнімдерінің
иісін, түсін, дәмін бұзады, жұқпалы аурулар тудырады.
Сонымен бірге тыныс алғанда жылу мен ылғал
шығарып, микроағзаның дамуына да жағдай туғызып,
дәннің қызуына әкеп соқтырады.
Ұ н кенесі. (Tyrogluphus farinae L.) барлық жерге тараған, алайда
алғаш рет ұннан табылғандықтан да осы атқа ие болған. Басқа
түрлерге қарағанда астық қорында бұлар жиі кездеседі. Кене
денесінің ұзындығы 0,35-0,70мм сопақ, ақшыл түсті, үсті жылтыр,
басы мен аяқтары қызғылт немесе қоңыр. Түгі мен тікенектері
қысқа. Арт жағында екі қос ұзын тікенегі болады. Еркек кененің
алдыңғы аяқтары жуан, орта тұсынан сыртқа қарай қисық жаралған.
Кене баяу қозғалады.
Қолайсыз жағдайларда ұн кенесі қимылдайтын гипопус шығарады,
оның бауырында артқы аяқтарының түбінде 5 қос жабысқақ ауыз
болады, солардың көмегімен гипопус жануарлардың денесіне
жабысып, дамуы үшін қолайлы жағдай туғанша сонда жүре береді.
Қолайлы жағдай туысымен гипопус қабығын тастап екі нимфаға
айналады да, одан ересек кене шығады.
Кене үшін қолайлы температура 15°C-тан 22°C-қа дейінгі, өнім
ылғалдығы 14%-тен 17%-ке дейінгі аралық. Ұн кенесі суыққа төзімді,
төмен температураны жақсы көтереді. Ол көбіне-көп бидай,
қарабидай, жарма, кепкен жеміс, көкөніс, құлмақ, емдік шөптер, тері
және басқа өнімдерде дамып, жетіледі. Дән массасына қарағанда
ұн мен жармада жақсы дамиды.
Родионов кенесі. (Cologlyphus Rodinovi
A. Zachv.) ірі түрлерге жатады; денесінің
ұзындығы 1,12 мм, ашық түсті. Алдыңғы екі
қос аяғының басында орақ тәрізді тікенектері
бар. Қозғалатын гипопус шығарады. Родионов
кенесі ылғал және жылуды тәуір көреді.
Ылғалдығы 22-25%-тен кем болмайтын
өнімде, температура 16,5°C-пен 30°C
аралығында болғанда ол жақсы дамиды.
Құрғақ дәнде бұл кене тіршілік ете алмайды.
Көбелектер. (қабыршақ
қанаттылар, Lepidoptera)
Бұлардың ішінде астық қорының зиянкестеріне
күйе, қанкөбелек, ұн көбелек, дән көбелек,
қоңыркөбелек тұқымдастарының өкілдері
жатады. Көбелектердің даму сатысы: жұмыртқа,
балапан құрт /жұлдызқұрт/, қуыршақ, көбелек. Екі
пар қанатын денесі секілді қабыршақ қаптап
тұрады, ауыз аппараты жалауға лайық,
сондықтан көбелектер дәнмен қоректенбейді,
балапан құрттардың жинаған қорегінің есебіне
тіршілік етеді.
Тышқан тәрізді кеміргіштер
(Мuridae)
Хайуандардың бұл тобына егеуқұйрық,
тышқан, сұртышқандар жатады. Бұлар
әлемнің барлық елдеріндегі азық қорына
орасан нұқсан келтіретін қауіпті
зиянкестер. Олар өнімнің көп бөлігін
құртады, оларды ластайды, жұқпалы
аурулар таратады, ыдыстарды,
қоймаларды бүлдіреді.
Зиянкестермен күрес шаралары
Күрес
шаралары
Алдын алу Жою, құрту
(профилактика) шаралары
Зиянкестермен күреске
бағытталған шаралар:
Алдын-алу шаралары;
Санитарлық ережені /тәртіпті / сақтау;
Зиянкестердің өсіп-өнуіне қолайсыз жағдай
жасау;
Жою, құрту шаралары;
Физикалық-механикалық күрес тәсілі;
Химиялық күрес тәсілі;
Дератизация;
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz