Даосизмнің негізгі ұғымы




Презентация қосу
Өркениеттер тарихындағы саяси
білімдердің негізгі даму кезеңдері
Мазмұны
Кіріспе
1. Ежелгі Шығыстан саяси ойлар (буддизм,
конфуцийшылдық, даосизм, легизм)
2. Саяси ойлар тарихындағы Еуропалық орта
ғасыр (Марк Аврелий, Форма Аквинский
Мартин Лютер )
3. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар
Ежелгi Қытай философиясы мен қоғамдық-саяси
ойындағы ықпалды ағымдардың бiрi даосизм iлiмiнiң
негiзiн салушы болып б.з.д. VI ғасырда өмiр сүрген Қытай
оқымыстысы Лао-цзы болып саналады. Оның басты
еңбегi Дао және дэ туралы кiтапта ( Дао дэ цзин ) Аспан
астындағы күштер туралы дәстүрлi дiни түсiнiктерден
даосизмнiң айырмашылығы - аспан астындағы
билеушiден тәуелсiз заттардың табиғи дамуы мен
табиғи заңдылықтары туралы сипаттама берiлуiнде. Бұл
заңдылық жоғары қайырымдылық пен табиғи әдiлдiктi
жақтайды. Дао iлiмi бойынша барлық адам тең..
Буддизм

Будда діні — б.з.б. 6 ғасырда Будда негізін қалаған философиялық және
діни наным. Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болған. Қазіргі
кезде дүние жүзі бойынша Будда дінін 1 млрд-қа жуық адам ұстанады.
Будда діні фәни өмірдің азаптары — ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын
іздейді..
Негізгі құндылықтары:

Азаптың себебі Азаптан Ортадағы тура
Өмір бар, оның көзі – құтылуы жол, оның
дегеніміз адамның қалау- мүмкін, оның мәні адам
азап тілеуінде, бақытты қалауын тәркі
ниетінде күйін етуде болып
“Нирвана” табылады
деп атайды
Жету жолдары:
Саф сенім.
Ақ ниет.
Шыншыл сөз.
Дұрыс әрекет.
Салауатты өмір салты
Қажырлы қайрат.
Таза жады.
Адал зейін
Будда дінінің даму барысындағы үш
кезеңі
Хинаяна, әркімді туу — өлу айналымынан құтылуды
үйрететін алғашқы даналық мектебі (б.з.б. 5 ғ. — б.з.
басы);

Бодхисаттва — құтқарушы көмегімен құтылу

Махаяна (б.з. 5 ғ-ына дейін) кезі. Махаяна негізінде будда
(көкірек көзі ашылған) болуға мүмкіндік беретін жаңа
тиімді әдістер уағыздалды (5 ғ-дан кейін). Ол
ваджраяна деп те аталды
Конфуцийшылдық
Конфуцийшылдық. Бұл философиялық ағымның
пайда болуы және қалыптасуы осы ағымның негізін
қалаушы Кун-фуц-зы, оның ізбасарлары Мэн-цзы
жөне Сюнь-цзының есімдерімен тығыз
байланысты.
Кун-фу-цзы (б.д.д. 551—479 жж.) кедейленген
ақсүйек әскер-басы отбасында дүниеге келген. Ата-
анасынан ерте айрылған ол тек 15 жасында ғана
білімге құштарлық тынытады, ал 50 жасында өз
мектебін қалыптастырады. Оның көптеген
ізбасарлары болған. Олар ұстазының және
өздерінің ой-пікірлерін, қағидалары мен
тұжырымдарын жинақтап, «Әңгімелер мен
пікірлер» («Лунь юй») деген конфуцийшылдық
ілімнің негізі шығармасын дүниеге келтірді.
Қытайлықтардың көптеген ұрпақтары бұл
кітапты үлгі тұтып, басшылыққа алған.
Конфуцийлік храмдар

Қытайдағы "Малайзиядағы
Конфуцийлік храм" Конфуций храмы"
Негізгі мақсаты
Қарастыратын негізгі мәселесі — адамдар арасындағы
қарым-қатынас, тәрбие мәселелері. Осыған орай, ол мынадай
ұғымдарға көбірек көңіл беледі: «тең орта», «адамгершілік»
және «өзара сүйіспеншілік». Осы үш үғым бірігіп, «дао»
(дүрыс жол) құрайды. Әр адам осы даоның жолымен өмір
сүруі қажет.
Даосизм

Даосизм (қытайша «дао цзяо” – «жол ілімі”) б.з.б. ІV-ІІІ
ғасырларда Ежелгі Қытайда пайда болды. Аңыз бойынша бұл
ілімнің құпиясын аты аңызға айналған Хуан-ди («Сары
император”) ашқан. Ақиқатында даосизм шамандық
нанымдардан және ежелгі магтар ілімінен бастау алады, ал
оның негізгі қағидалары данышпан Лао-цзынікі деп
саналатын «Жол мен ізгіліктер туралы канонда” (Дао-дэ-
цзинде) және философ Чжуан Чжоу көзқарастары көрініс
тапқан (б.з.б. ІV-ІІІ ғғ.) «Чжуан-цзыда” баяндалады.
Даосизмнің негізгі
ұғымы
Даосизм – адамға қоршаған әлемнің сырларын ашуды, өмір мен өлім
мәселелерін айқындауды мақсат етіп қоятын ілім. Даосизмнің негізгі
категориясы дао (жол, ақиқат, тәртіп) – ғарыш болмысының ішкі
заңдылығы, табиғаттың жалпы заңы іспетті, формалар әлемін
тудырушы бастау. Дао тек бастапқы себеп қана емес, сондай-ақ соңғы
мақсат, болмыстың аяқталуы. Даоны ешкім жаратпаған, бірақ барлық
нәрсе даодан жаратылған және соңында даоға қайта оралады. Дао –
бұл барлық нәрсе, сонымен қатар ол еш нәрсе де емес; ол – мәңгілік және
шексіз; даоның аты да заты да жоқ болғанмен, ол – бәріне есім мен
атау беруші бастама. Дао – беймәлім, оны сезім органдары арқылы
танып білу мүмкін емес, ол уақыт пен кеңістік аясын қажет етуден
ада. Даоның нақты көрінісі тек «дэ” (ізгілік) күші арқылы ғана
байқалады: егер дао барлығын жаратушы болса, дэ – қоректендіруші.
Тақуа мақсаты – даоны тану, ол оны «ғарыш үйлесімділігі” – адамның
табиғатпен қауышуы деп түсінеді.
Легизм
Легистер (заңгерлер) Негізгі өкілдері
Шан Ян (б.д.д IV ғ.), Хань-Фэй-цзы
(шамамен б.д.д IIIғ.). Легистер
конфуцийшылдардың мемлекетті
әдептілікке негізделген заңдарды
жүзеге асыру арқылы басқару керек
деген пікірлеріне қарсы болып,
керісінше, мемлекетті тек қана заңға
сүйеніп басқаруға болады, себебі
«мейірімділік пен адамгершілік» —
қылмысқа апаратын бірден-бір жол, ал
шын қайырымдылық өзінің
бастамасын жазалаудан алады деп
уағыздайды. Сөйтіп, легистер ар-
ожданның орнына қорқынышты
дәріптейді.
Саяси ойлар тарихындағы
Еуропалық орта ғасыр
Орта ғасырлық саяси ойлар: араб-исламдық және батыс
европалық. Діни қызметкерлер күшімен әлеуметтік-саяси
ойлардың дамуы. Саясаттағы мемлекет пен діннің ролі.
Ортағасырлық саяси ойлардың негізгі сұрағы – екі биліктің
қарым-қатынасы: зиялы және діни, шіркеулік және
мемлекеттік
Марк Аврелий Кар б.з. 282 – 283
Марк Аврелий жылдары Рим императоры болды. Өзінің
қысқа ғана билігі кезінде ол Аврелий мен
Пробтың жолы бойынша қалпына
келтіргісі келді. Кар көптеген
азаматтық және әскери лауазымды
қызметтер атқарды, сенатор да болды.
Кар жасы келген, жасамыс жаста
болғанымен, күш-қуты мол, іскер, білімді
адам болатын. Әскерде мықты тәртіпті
ұстанған ол өзінен бұрынғы билік еткен
императорды өлтірген қанішерлерді
аяусыз жазалады. Кар азаматтық және
әскери лауазымдардың барлығының
сатысынан өтті. Оны жауынгерлердің
қатты ұнатқалы соншалықты, оларға
билеуші тағына Кардан басқа лайықты
адам жоқтай көрінді.
Марк Аврелий Антонин (121-180).
Олардың ілімдері Рим ұлы
державалық елге айнала
бас¬тағанда қалыптасты. Сенека
барлық адамдардың қоғамдық
жағдайына қарамастан рухани
бостандық идеясын жақтады.
«Адамдар бір-біріне туысқан»
дейді. Адамдар тағдырға, табиғат
заңдарына бағынуы керек. Шыққан
тегі құл Эпиктет және Марк
Аврелий Антонин де сондай
идеяларды жақтады. Эпиктет
адамгершілік жағынан жетілуге
шақырды. Байлықты, құлдықты
сынады. «Өзіңе не қаламасаң,
өзгеге де соны қалама» деді.
Фома Аквинский
Фома Аквинский - теоретикалық теологияның негізін
қалаушы. Фома Аквинский ілімінің негізіне құдайды
қойып, бірте-бірте періште мен адамдарға түсіп,
шіркеу мен мистика арқылы болашақ өмір іліміне
көтеріледі. 1879 жылы Папа Лео 13 католикалық
унтер мен сименариялардағы сабақ берудің тым
төмен дәрежесіне таң қалып, Фома Аквинский
зерттеуді оқу бағдарламасының міндетті шартына
айналдырады. Міне сол кезде ғана Мерьсе
неотомистік ілім ашып, оны кейінгі шәкірттері
томизмді жаңаша ағымдар - феноменология мен
экзистенциализммен біріктіруге тырысқан.Ол
мемлекеттің жағымды рөлін мойындады, оған
құдайдың еркін жүзеге асырушы деп бағалады. Рухани
және зайырлы биліктердің арақатынасын жан мен
тәннің арақатынасы ретінде қарастырды. Бірақ,
рухани билік (шіркеу) мемл. биліктен жоғары
тұрғанда ғана шіркеу мен мемл. қатар өмір сүріп,
өзара әрекеттесе алады деген пікірінен танбады.
Әйтсе де, оның көптеген пікірлері Аристотельдің
саяси ойларымен үндесіп жатыр.
Орта ғасырлық саяси ой-пікірдің көрнекті өкілдерінің
бірі орта ғасырлық діндар-философ, ғалым Фома
Аквинский болды. (1225-1274 жылдар). «Билеушілердің
басқаруы туралы», «Теологияның қосындылары» деген
еңбектерінде мемлекет, заң, құқық туралы мәселелерді
қарастырады. Аквинский Аристотельден адам табиғаты
жағынан «қарым-қатынас жасайтын және саяси жануар»
деген қағиданы алды. Ол мемлекеттік биліктің үш
мынандай элементін енгізді:

1) мәні.

2) формасы (шығу тегі).

3) қолданылуы.

Биліктің мәнін ол құдайдан деп түсіндірді. Алайда
қолында билік бар адам құдайдың өсиетін ұмытып,
зұлымдық жасауы да мүмкін дейді. Ондай тиранды
халықтың тақтан түсіруі де мүмкін.
Мартин Лютер

Мартин Лютер (1483-1546)- неміс ойшылы және қоғам қайраткері,
Германиядағы бюргерлік реформалаудың басшысы, немістің
протестантизмнің (лютерандық) негізін салушы, жалпы немістік әдеби тілді
құрастырушылардың бірі. Лютерге 14 ғасырдағы мистиктердің идеялары
жақын; «адамның ішкі жан дүниесінің» құдаймен бірлігі туралы ілімді
Лютер «сеніммен ақтау» іліміне аударған: бірлік - сенімі, рухты сақтаудың
шарты; игі істер - сақтануға жеткілікті жол емес, тек сенімді көрсетудің
жемісі ғана.
Реформацияның бастаушысы Мартин Лютер (1483-1546) әрбір құдайға сенуші
асқан сенім арқылы өзін-өзі құтарады деп дәріптеді. Христиан дінін уағыздады.
Адамның еркі, нанымы, жаны, ішкі дүниесі мемлекеттің қыпалынан, заңынан
тысқары тұрады деді. Мемлекет туралы тұжырымдамасыда ол князь-монарх
билікті сонда ғана ақылмен пайдаланады, егер ол билікті кеңшілік деп түсінбей,
оны құдай жүктеген міндет деп қараса дейді. Христиандық билеуші халықтың
қызметшісі болуы керек. Лютер Алманияда демократиялық өзгерістер жсаудан
аулақ, бірақ монархқа бағыну керек, үкіметке қарсы шықпау керек дейді.
Көзқарастары қайшылықтарға толы. Аймақтық князь абсалютизмнің
орнығуының кепілі дейді. Діни фанатизм де орын алды, реформацияға кедергі де
жасады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. http://e-history.kz/kz/contents/view/686
2. Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне
арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет.
ISBN 9965-663-71-8
3. Мәдениеттану негіздері: Оқулық. – Алматы: Дәнекер, 2000.
ISBN 9965-485-34-8
4. Мәдениеттану негіздері: Оқулық. – Алматы: Дәнекер, 2000. ISBN
9965-485-34-8
5. Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын
басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ.2006.
– 569 б. ISBN 9965-808-89-9
6. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Философия/жалпы редакциясын
басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006.
ISBN 9965-808-82-1

Ұқсас жұмыстар
Даосизм философиясының мәні
Мектептің шығу тарихы
Сиань - өлместігі, ұзақ өмір сүруі
Дао - философтарының мақсаты
Жапонияның діні - синтоизм
Даосизмнің негізін қалаушы
Ежелгі Қытай философиясы
Индуизмнің қасиетті жазбалары
Ежелгі шығыстың саяси ойлары
Ежелгі Қытай буддизм философиясының ерекшелітері
Пәндер