ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ


Slide 1

Тәуелсіз Қазақстанның жоғары білім жүйесі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық - техникалық

университеті

Агрономия факультеті

"Тағам және қайта өңдеу

Өндірістерінің технологиясы" кафедрасы

Slide 2

КІРІСПЕ

Білім беру нарығы - бұл оқу орындары мен білім беру қызметін сату жəне сатып алу тұтынушыларының арасындағы əлеуметтік-экономикалық жүйе.

Қазақстан Республикасының дамуында стратегиялық бағыттарының бірі болып білім жəне ғылым табылады. Экономикалық, технологиялық прогресс, саяси даму, қоғамдағы мəдени жəне рухани жағдай олардың дамуына байланысты.

Жоғары білім берудің даму стратегиясының мақсаты шикізат ресурстары экономикасынан білім экономикасына өте алатын, əлемдік білім кеңістігінде бəсекеге қабілетті, оқытудың жоғары сапасымен қамтамасыз ете алатын ұлттық модельді қалыптастыру болып табылады.

Slide 3

Тәуелсіз Қазақстанның жоғары білім жүйесін бетбұрыстандыру бірнеше кезеңдері

Slide 4

Қазақстан Республикасының жоғары білім жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялану міндетінен білім берудің Болондық моделін жүзеге асыруда, ол төмендегідей деңгейлерден тұрады:

жоғары базалық білім/ жоғары арнайы білім: бакалавриат - «бакалавр» дәрежесін беретін жоғары білім беру бағдарламасы;

жоғары ғылыми-педагогикалық білім: магистратура - «магистр» академиялық дәрежесін беретін жоғары ғылыми-педагогикалық бағдарлама;

докторантура PhD - бұрынғы ғылыми-зерттеу кадрларын даярлау жүйесінің орнын басатын бағдарлама.

Slide 5

Қазақстанның жоғары білім жүйесінің қалыптасуының келесі бір жағымды тұсы - институционалдық құрылымдардың, оқыту бағдарламалары мен формаларының әртараптандырылуы, олардың университеттік білім беру жүйесіне бейімделуі. Қарастырылып отырған үдерістің маңызды бір тұсы жеке білім беру секторының дамуы мен кеңеюі болды. 2012 жылы еліміздегі жоғары оқу орындарының саны 139 болса, олардың 66-сы жеке меншік иелігіндеболды

Slide 6

Жоғары оқу орнының бәсекеге қабілеттілігіне және білім беру сапасына ықпал етуші факторларды біз төмендегідей топтарға бөле аламыз:

1. Объектінің білім беру қызметтерін алу сапасы (абитуриент, студент, аспирант, даярлық курстарының тыңдаушылары, кәсіби біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары) .

2. Субъектінің білім беру қызметтерін беру сапасы (оқыту бағдарламаларының сапасы, профессор-оқытушылар құрамының сапасы, қызмет көрсету үдерісін ресурстық қамсыздандыру сапасы, материалдық-техникалық база, ақпараттық-әдістемелік қамсыздандыру, ғылыми-зерттеу сапасы) .

3. Білім беру қызметтерін көрсету сапасы (білім беру қызметтерін көрсетуде қолданылатын технологияларды жүзеге асыру және оны ұйымдастыру, білім беру қызметтерін көрсету үдерісін бақылау сапасы, білім беру қызметінің нәтижесінің сапасы) .

4. Тұтынушылардың қанағаттану дәрежесі (білім беру қызметтерін пайдаланушылардың сапаға қанағаттануы, білім беру қызметін көрсетушілердің өз жұмысына қанағаттануы, қоғам мүшелерінің білім дәрежесі) .

Slide 7

Мемлекеттік қаржыландырудың төменгі деңгейін өтемақылау үшін үкімет үш элементтен тұратын ресурстарды шоғырландырудың көпжақты стратегиясын қабылдады:

жеке жоғары білімді жедел дамыту;

мемлекеттік университеттер мен колледждерінің шығындарына үлестік қатысу;

кей мемлекеттік университеттерді жекешелендіру.

Slide 8

Жоғары білім беру жүйесі: жағдайы, даму тенденциялары, келешегі

Қазақстанның жоғары мектептерінің кейінгі ұрпақтарына күрделі, қарама-қайшылықтармен жан түршіктіретін «жаһандық білім беру кризисі» (ЮНЕСКО термині) мұрагерлікке қалып отыр. Оған ең алдымен оқыту мен ойлаудың технократтық тәсіліне бір жақты бағдар жасау себепкер болды- әсіресе жоғары мектептің жаратылыс-ғылыми және техникалық пәндерінің кешендері.

1. 50-жылдардың соңында «білімге деген сұраныс жарылысы» деп белгіленген тұрақты құбылыс пайда болды. Ол бірқатар факторлардың өзара әрекеттесуінің нәтижесі болып табылды. Олардың ішіндегі ең бастылары- планета тұрғындарының жылдам көбеюі, дамыған елдердегі өсуі, ішкі және сыртқы миграцияның жоғары коэффициенті, жаңа білімдер мен технологиялардың дамуы мен таралу қарқынының үдеуі, содан кейін қайта құрылулар- экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени. Осылардың барлығы жеке және ұлттық деңгейдегі құндылықтар мен басымдықтар жүйесін өзгертуге себепкер болды.

2. Дамыған елдердің экономикасындағы құрылымдық қозғалыстар білім беру жүйесіне айтарлықтай өзгерістер алып келді: жоғары білімге капиталды салудың едәуір тиімді саласы ретінде танылды және мемлекет пен корпорациялардың инвестициялық саясатындағы басым сала қатарына жатқызылды.

3. Білім берудің баламасы жоқ дәстүрлі тәжірибесі «сұраныстың жарылысы» жағдайында өзінің мүмкіндіктерін жоққа шығарды. 70-жылдардан бүгінгі күнге дейін жалғасып және тереңдеп келе жатқан әлемдік білім беру кризисі. Оның негізгі белгілері- білімге деген қажеттіліктің қарқынды өсуі және оны жүзеге асыру мүмкіндігінен айтарлықтай ажырауы.

4. Білім беру саласындағы қайғының негізгі себебі- қаржылық қиындықтар. Батыстың көптеген елдеріндегі әлемдегі бірінші Жер серігінің әсерімен ұлттық экономиканың даму қарқынынан білім беруге бюджеттік қаржы бөлу асып түсетін 50-60 жылдардағы «алтын кезең» артта қалды.

Slide 9

Қорытынды


Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік органдар
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық өнімін сапасын жақсарту проблемалары
Жерді қорғау - оның табиғи қасиеті мен шаруашылық мақсатын қорғау
Жердің құқықтық режимі
Алматы филиалы
Жер қатынастары негізінде туындайтын құқық бұзушылықты реттеу
ИНСПЕКЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭПИЗООТИЯҒА ҚАРСЫ ОТРЯД РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ
ҚАЗАҚСТАН МЕН ТУРКИЯ ЕЛІНІҢ КЕДЕНДІК ЗАҢНАМАСЫ
Шикізат көзіне жақын орналасқан салалар
Қазақстанда аграрлық заңнамалардың даму тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz