АЗЫҚ - ТҮЛІК ШИКІЗАТЫ ЖƏНЕ ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ




Азық-түлік шикізаты жəне тағам өнімдерінің қауіпсіздігі
Азық-түлік шикізаты жəне олардан өңделген өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі мəселесін шешу проблемасы - Қазақстан халқының салауатты тамақтану саласындағы мемлекет саясатының концепци- ясын іске асыру жөніндегі басым бағыттардың бірі болып табылады. Азық-түлік тауарларының сапасын қалыптастырудың негізгі ұстанымдарының ішінде олардың қауіпсіздігін, адамға тағайындалатын тағамға сəйкес өнімнің тағамдық құндылығын атап кеткен жөн. Өнімнің сыртқы түріне, органолептикалық көрсеткіштері, қаптамасы, сапасы туралы тұтынушыға арналған ақпаратқа жəне өнімнің қолданылу бағытына үлкен мəн беріледі.

Экономикасы дамыған елдердегі өнім сапасы

Халықаралық деңгейдегі азық-түлік қауіпсіздігінің проблемасы
Азық-түлік қауіпсіздігі проблемасының бірнеше онжылдықтар- мен өлшенетін тарихы бар. Азық-түлік қауіпсіздігі проблемаларымен жүйелі түрде БҰҰ жəне оның атқарушы органдары, соның ішінде бүкілəлемдік азық-түлік қауіпсіздігі Комитеті айналысады. 1996 жылдың қазанында Римде XXII сессия өтті, онда «Бүкілəлемдік азық-түлік қауіпсіздігінің Рим декларациясы» қабылданды. Декларация азық-түлік мəселесі бой- ынша жоғары деңгейдегі Бүкілəлемдік кездесуде мақұлданды (1996 ж, қараша) .

Бүкілəлемдік кездесуде қабылданған іс-шаралар жоспары
Міндет
Мақсат
1. Кедейшілікті түп- тамырымен жою үшін орнықты жағдай құруға мүмкіндік туғызатын саяси, əлеуметтік жəне экономикалық жағдайды қамтамасыз ету.
1. 1. Тұрақты экономикалық жағдайды қамтамасыз ету;
1. 2. Халықтарға қоғамдық, экономикалық жəне саяси өмірде тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызу
2. Толық құнды азық-түлік, оны қолдануға қол жеткізу үшін кедейшілікпен теңсіздікті түп-тамырымен жоюға
бағытталған саясат жүргізу
2. 1. Азық-түліктен таршылық көретін отбасылармен азаматтардың азық-түлік қажеттіліктерін қанағаттандыру;
2. 2. Халықтың қажеттілігін қанағаттандыруды азық-түлікті жеткізумен теңбе-тең болуын қамтамасыз ету.
3. Əлемдік сауда жүйесінің азық-түлік қауіпсіздігіне жəрдемдесуге күш салуы
3. 1. Бүкілəлемдік жəне аймақтық сауда келіссөздерінде қол жеткізген мүмкіндіктерді қолдану жəне қажеттілікті қанағаттандыру
3. 2. Əрбір мемлекетке кіретін сырттан əкелінетін тауарлардың негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыруы
4. Азық-түлік жəне ауылшаруашылық жүйелерін дамыту үшін инвестицияның орнықты бөлінуіне мүмкіндік туғызу
4. 1. Инвестиция салу арқылы азық-түлік бағдарламалары жəне ауылдық аймақтардың тұрақты дамуына мүмкіндік туғызу
4. 2. Дамушы елдердің ауылшаруашылығы жəне азық- түлік өндірісін тұрақты қалыптастыруға бағытталған инвестицияны көбейтуге күш салу

Қазіргі уақытта мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігі жүйесін қалыптастыру жəне дамыту міндеті өзекті болып отыр. Жүйелі қадамның мəнін түсіну үшін экономикалық аймақтың азық-түлік қауіпсіздігі жүйесінің теориялық құрылымын алға қойылған мақсатқа сəйкес қарастыру қажет. Аймақтың азық-түлік қауіпсіздігі жүйесі үшін жүйе құраушы фактор ретінде оның агроөнеркəсіптік кешені қабылданады (АӨК) .


Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету критерилері
Қазақстан Республикасының жəне оның аймақтарының азық- түлік қауіпсіздігі - халықтың қалыпты тіршілік етуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін деңгейде, азық-түлікке деген қажеттілікті қанағаттандыруға кепілдік беретін мемлекеттің қабілеті ретінде қарастырылады. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі критерилеріне:

Қорытынды
Азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін жоғарылатудың басты мəселесі азық-түлік өндірісін тұрақтандыру, оның өсімін жаңарту, нарықтың сұранысына сəйкес оның құрылымын өзгерту, АӨК өнімдерінің сапасын жоғарылату болып табылады. Бұл мəселелерді шешу үшін өзара байланысқан ұйымдастыру - экономикалық жəне əлеуметтік шаралар кешенін кезегімен іске асыру қажет. Өзара пайдалы сыртқы экономикалық ынтымақтастық жəне өндірістің халықаралық кооперациясымен байланысқан кеңейтілген ұдайы өндіріс тəртібінде, бірінші кезекте, агроөнеркəсіптік кешен- нің үйлесімді қызмет атқаруын қамтамасыз ету қажет.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік іс-шаралардың жүйесі қажет, ол үшін шаруашылықтың нарық жағдайына бейімделген агроөнеркəсіп кешені салаларының, кəсіпорындарының жəне шаруашылықтарының ішкі қорларын (резервтерін) қолдану қажет.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz