Малдың өсіп жетілуі


Slide 1

Малдың өсіп-жетілуі және Онтогензді басқару

Орындаған: Жұматай Мирас ВС-215

Қабылдаған: Адылканова Шолпан

Slide 2

Малдың өсіп жетілуі

Малдың өсіп жетілуі туралы түсінік

Малдың өсуі мен жетілуінің жалпы заңдылықтары

Малдың өсуіп жетілуіне әсер етуші факторлар

Малдың өсуі-жетілуін зерттеу

Slide 3

Өсу мен даму туралы түсінік

Организмдердердегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп аталады.

Даму үдерісі деп ағзаның құрлысының күрделенуі, оның ұлпалары мүшелердің дифференциациялануы және мамандануы аталады. Басқаша айтқанда, даму - бұл жасуша құрамының сапалы өзгеруі.

Slide 4

Онтогенездің ортақ генетикалық заңдылықтары:

Онтогенездің генетикалық сипаты, мал организмі белгілері мен қасиеттерінің тұрақтылығы;

Мал фенотипі қалыптасуының оның генотипіне тәуелділігі;

Өсу жылдамдығы мен ұзақтығын тұқымқуалаушылық сипаты, тиімді орта жағдайларында мал салмағының белгілі шамаға жету және оның тіршілігінің ұзақтығы;

Организм генотипінің мутация арқылы өзгеру мүмкіндігі

Slide 5

Онтогенездің ортақ биохимялық заңдылықтары:

Барлық биохимялық процестердің жасушалардың, мүшелердің және организм ұлпаларының өзара әсер етуін арттыруға, бір тұтас өзін-өзі реттейтін жүйені түзуге бағытталуы

Мал сақайған сайын ассимиляторлық процестердің бәсеңдеуі, мүшелер мен ұлпаларда судың кеміп, минералды заттардың артуы;

Онтогенез барысында организмде жиналатын азотты заттар мөлшерінің кемуі, осының нәтижесінде дене мен қан ақуыздарының физикалық-химиялық белсенділігінің азаюы, холестерин мөлшерінің атруы

Slide 6

Онтогенездің морфологиялық ортақ заңдылықтар:

Сақая келе малдың өсу қарқының кемуі;

Организмнің, оның мүшелері мен ұлпаларының өсу қарқынының малды азықтандыру, күтіп бағу жағдайларына тәуелділігі.

Slide 7

Онтогенездің ортақ физиологиялық заңдылықтары:

Өсу мен дамудың, жетілудің сатылық сипаты;

Мал организмнің әрбір сатысында олардың жүйлері мен қызметінің жылжымалы тепе-теңдік күйі сақталады;

Қартаю процесінде организмнің мінез-құлығында, оның тіршілік қабілетінің кемуінде және орта жағдайларына беймделуінде өзгерістер байқалады.

Slide 8

Малдың өсуі мен жетілуінің ортақ заңдылықтары

Өсу кезеңділігі

Өсу қарқынының айнымалылығы

Ырғақтылығы

Slide 9

Өсу кезеңділігі

Жеке организм өсіп-жетілуінің тұтасымен алғанда бірінен соң бірі келіп отыратын, бір-біріне жақсы ажыратылатын және көзге байқалатын кезеңдерден немесе фазалардан тұрады.

Slide 10

Өсу қарқынының айнымалылығы

Онтогенез барысында малдың тұтас денесінің өсу жылдамдығы біркелкі болмайды. Ол түрдің тұқымқуалаушылық ерекшеліктерімен, сыртқы орта жағдайларымен анықталады. Мал түтігінің қарқынды өсуі онтогенездің ерте кезеңдерінде байқалады, бұдан соң ол бітіндеп баяулайды да, малдың толық жетілген кезінде тоқталады.

Slide 11

Ырғақтылығы

Жануарлар организмдегі көптеген процестер тәулік ішінде өзгеріп және күн мен түннің алмасуына ілесе отырып, ырғақты түрде біркелкі өтеді. Жануарлардың өсіп-жетілуі осындай процестер жатады. Ырғақты құбылыс деп белгілі бір уақыттан кейін қайталанып отыратын табиғат құбылыстарын айтады. Жануарлардың өсу ырғақтылығы деп, онтогенез барысында малдың қарқынды өсу кезеңінің, баяу өсу кезеңімен тұрақты кезектесіп келіп отыруын айтады.

Slide 12

Малдың өсіп жетілуіне әсер етуші фактор

Тұқымқуалатын факторлардың ықпалдылығы

Эндокриндік жүйенің ықпалы

Сыртқы орта факторларының ықпалы

Slide 13

Тұқымқуалатын факторлардың ықпалдылығы

Малдың бастапқы даму кезеңінде мүшелер мен ұлпаларындағы ДНҚ мен РНҚ концентрациясының өте тез, ал кейінірек баяу шоғырлануы жалпы заңдылық болып табылады. ДНҚ ның деңгейіне қарағанда, РНҚ едәуір тез кемиді. Мұның себебі эмбриогенездің ерте сатыларында жасуша құрамында РНҚ сы көп цитоплазмаға қарағанда, ядро көп орын алады.

Slide 14

Эндокриндік жүйенің ықпалы

Мал организмі дамуының ерте сатыларында эндокриндік жүйе пайда болып, кейін өсіп-даму процестерінің ішкі реттеушісіне айналды. Мұнда гипофиз, қалқанша және жыныс бездерінің әрқайсысы организмге өзінше әсер етеді және олардың атқаратын қызметі өзара тығыз байланыста болады.

Қалқанша без мнерал ақуыз және су алмсуын реттейді, сондай-ақ организмнің өсіп дамуын қамтамасыз етеді.

Ішкі секреция бездерінің жүйесінде гипфиз бөліп шығаратын гормондар малдың өсіп дамуына зор ықпал етеді.

Slide 15

Сыртқы орта факторларының ықпалы

Малдың өсіп даму үдерісіне оларды азықтандыру және күтіп бағу жағдайлары зор ықпал етеді.

Нашар азықтандрудан малдың жетілмей қалуын бірнеше түрі бар. Н. П. Чирвинский мен А. А. Малигонов малдың жетілмей қалуының эмбрионализм, инфантилизм және неотения деп аталатын негізгі 3 түрін бөліп көрсетеді.

Slide 16

Эмбрионализм (жаңа туылған төлдің ерте даму сатысындағы эмбрионмен ұқсастығы) - құрсақ ішінде жетілмей қалу құбылысы, енесін нашар азықтандырып, күтіп бағудың, сондай-ақ ерте шағылыстырудың салдары болып табылады. Эмбрионалдық жетілмей қалушылықтың, мысалы бұзау үшін, мынадай сипатты белгілері бар: туылғандағы кездегі салмағы өте аз, денесі ұзарған, сирақтары қысқа, басы үлкен, жіліктері жіңішке, терісі өте жұқа, жүні сирек, организм ауруларға төзімсіз, әлжуаз болады.

Slide 17 Slide 18 Slide 19
Ұқсас жұмыстар
Мал шаруашылығының маңызы
Сақа малда фосфор мөлшері
Сүйек ткані КАЛЬЦИЙ
Биогеоценотикалық зерттеу арқ ылы эндемиялық аурауларды анық тау
Жыныстық цикл
Малдың жыныстық жетілуі
Биогеоценотикалық зерттеу арқылы эндемиялық аурауларды анықтау
Бедеуліктен келетін экологиялық шығын
БЕДЕУЛІК ЖӘНЕ ҚЫСЫР ҚАЛУ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
Лейкоз
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz