Енбек нарығы және жалақы
Презентация қосу
ӨНДІРІС ФАКТОРЛАР НАРЫҒЫ
ЖӘНЕ ОЛАРДАН АЛЫНАТЫН
ТАБЫСТАР
Орындаған:Әділханқызы Мереке
Топ: ВМ-106
Тексерген:
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1Енбек нарығы және жалақы
2.1Жер нарығы және жер рентасы
Пайдаланынған әдебиеттер:
:
Экономикалық ресурстар өзінің қызметін өндірістік үдеріс
барысында іріленген түрінде негізгі өндіріс факторлары
ретінде атқарады. Оларға еңбек, капитал, жер және
басқа да факторлар жатады. Экономикалық қызметті
бастайтын және пайда табу мақсатында саналы іс-
әрекетке баратын кәсіпкер белгілі бір өнімнің түрін өндіру
немесе қызмет көрсету үшін қажетті өндіріс
факторларына сұраныс білдіреді. Бұл жерде өндіріс
факторларының нарығы қалыптасады. Кәсіпкерлер мен
тауар өндірушілер осы нарықтардың негізгі сатып
алушылары болып табылады, ал үй шаруашылықтары
өндіріс факторларының иелері ретінде сатушылар
қызметін атқарады. Әр өндіріс факторына сұраныс пен
ұсыныс қалыптасып, ортақ тепе-теңдік баға
тағайындалып отырады. Әр өндірістік ресурс өзінің иесіне
факторлық табыс алып келе алатындай қасиетке ие
болуы тиіс. Мәселен, еңбектің иесі өзіне жалақы алады,
капиталды сатушы өзіне пайызды алады, ал жердің иесі
рентаға ие болады.
Өндіріс факторлары нарықтарының кәдімгі тауарлар мен
қызметтер нарығынан басты айыршылығы – фирмалар
мен тұтынушылар рөлдерінің ауысуында болып
табылады: фирмалар ресурстар нарығында сатып
Өндіріс факторларының нарықтары – бұл сұраныс пен ұсынысты
жасайтын еңбек, капитал және жер сияқты ресурстарға жалақы,
пайыз және рента түріндегі бағалардың қалыптасуы орын алатын
нарықтар. Бұл жерде өндіріс факторларына сұраныс туынды сұраныс
деп аталады, яғни фирмалардың ресурстарға деген сұранысы
солардың көмегімен өндірілетін дайын игіліктерге деген сұранысқа
тәуелді болып табылады. Егерде, дайын игіліктерге сұраныс өссе,
онда соларды өндіруге жұмсалатын ресурстарға да сұраныс артады.
Ал, өндіріс факторларының ұсынысы – бұл үй шаруашылықтарының
белгілі бір уақытта өз мүмкіндіктерін, атап айтсақ, еңбекті,
капиталды және жерді бәсекенің әртүрлі жағдайларында белгілі бір
бағамен сата алуға деген дайындықтары. Ұсынысты жасайтын
экономикалық субъектілер тұтынушылар, қарапайым адамдар,
жалдамалы жұмысшылар, жинақтаушылар, қоғам ретінде көрінуі
мүмкін.
Әр ресурс өзінің иесіне әртүрлі формасында табыстарды
қалыптастырады. Факторлық табыстар – бұл ресурстар иелерінің
олардың сәйкес түрлеріне (еңбек, жер, капитал және кәсіпкерлік
қабілет формаларында) байланысты белгілі бір уақытта сол
өндірістік ресурстарын нарықта сатуынан түсетін ақшалай түсімдері.
Факторлардың әрбір тобына факторлық табыстың өзіндік формасы
сәйкес келеді: еңбек факторының иегерлері үшін факторлық
табыстың формасы болып жалақы табылады, капитал иегерлері үшін
– пайыз, жер факторының иегерлері үшін – рента, ал кәсіпкерлік
Еңбек нарығы – жұмыс күші сияқты ерекше
экономикалық ресурсты сату және сатып алумен
байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы.
Еңбек нарығында еңбектің өзі емес, белгілі бір
еңбек түрінің қызметтері сауда-саттыққа түседі.
Осыны есте сақтаған жөн. Бұл жерде, қалыпты
экономикалық жағдайларда ұсынылатын еңбек
қызметтерінің саны мен сапасы еңбек иесі –
жалдамалы жұмыскердің кәсіби дайындық
деңгейіне, оның біліктілігіне, тәжірибесіне,
жұмысты әділетті атқара алу мүмкіндігіне,
қабілеттілігіне және басқа да факторларға
байланысты болып келеді.
Еңбек нарығын талдау еңбеккке
сұраныс
еңбек
ұсынысын
Еңбек нарығындағы сұраныстың субъектілері
болып бизнес өкілдері және мемлекет табылады.
Ал еңбек ұсынысының субъектілері болып үй
шаруашылықтары табылады
Еңбекке деген сұраныс – бұл
бәсекенің әртүрлі жағдайларында
фирмалардың немесе мемлекеттің
еңбек қызметінің белгілі бір түрлерін
белгілі бір бағамен сатып алуын
сипаттайтын қажеттіліктері.
Еңбекке деген сұранысқа
бірнеше факторлар әсер етеді:
* Дайын игіліктерге деген сұраныс
көлемі.
* Жалақы деңгейі.
* Еңбектің басқа факторлармен
өзара алмастырыла алу дәрежесі.
* Ғылыми-техникалық прогресстің
дамуы.
* Елде қалыптастып отырған
Қазіргі экономикалық теорияда еңбектің бағасы болып
жалақы табылады. Жалақы тар және кең мағынада
қарастырылады. Тар мағынада, жалақы – бұл өндірісте
қолданылған еңбек бірлігінің бағасы. Ал кең мағынада,
жалақы деп әртүрлі мамандық иелері болып табылатын
жұмыскерлердің жалпы еңбекақысы, сонымен қоса,
сыйақылар және басқа да ынталандырушылық ақылар
айтылады.
Жалақының екі түрі ажыратылады:
1) Атаулы жалақы – бұл жұмыскерлердің белгілі бір уақыт
аралығында өздерінің істеген еңбегі үшін алатын ақша
сомасының жиынтығы.
2) Нақты жалақы – бұл жұмыскерлердің өзі үшін және
отбасын қамтамасыз етуі үшін алған жалақысына сатып ала
алатын тауарлар мен қызметтерінің жиынтығы, басқаша
айтсақ, нақты жалақы атаулы жалақының сатып алушылық
қабілеті. Нақты жалақы екі факторға тәуелді: а) атаулы
жалақыға;
ә) тауарлар мен қызметтер бағасының деңгейіне.
Жерді пайдалану – бұл белгілі жер телімін бекітілген заңдық
тәртіппен қажетті мақсаттарда қолдану. Жерді пайдаланушы
әрқашанда оның иесі болып табыла бермейді. Нақты шаруашылық
өмірде жерді иемденуді және оны пайдалануды әртүрлі тұлғалар
жүзеге асырады.
* Жер факторының басқа өндіріс факторларынан айырмашылығы
және ерекшелігі мыналардан көрінеді:
1. Жердің ұсынысы әрқашанда шектеулі болады.
2. Жердің ұсыныс қисығы өте икемсіз болып табылады.
3. Жердің қозғалмайтындық сипатта болады.
4. Жер шаруашылықтық іс-әрекеттің кез-келген түрінде
қолданыла береді.
5. Жердің құны болмайды, бірақ оның бағасын анықтауға болады.
*Жердің ұсынысы – бұл жер учаскесін оның қалыпты күйінде
нарықтық қатынастар тұрғысынан сата алуын және немесе жалға
беруін білдіретін қатынастар. Жердің ұсынысын мынадай екі негізгі
фактор анықтайды:
Жердің құнарлылығы
Жер учаскесінің нарыққа алыс немесе жақын орналасуы.
Жер рентасы – бұл меншіктен түсетін табыстың бір түрі ретінде
жер учаскесін уақытша пайдаланғаны үшін төленетін төлем. Оның
көлемі жерді жалға алу-жалға беру (аренда) келісімінде
анықталады. Бұл жерде жер рентасы жал төлемі ретінде
қарастырылады. Жерді қолдану дәрежесіне байланысты оның негізгі
екі түрін анықтауға болады:
1. Абсолютті жер рентасы – бұл жердің құнарлылығы мен басқа да
ерекшеліктеріне байланысты болмайтын жалға берілетін барлық
жерлерден алынатын рентаның бір түрі.
2. Ерекшеленген жер рентасы – бұл құнарлылығы жоғары, нарыққа
жақын аумақтарда орналасқан және өндіріс шығындары төмен
болатын жалға берілетін жерлерден алынатын рентаның бір түрі.
Жалгерлер осындай жерлерден үстеме пайда алып отырады.
Ерекшеленген жер рентасының өзі екіге бөлінеді:
1) Бірінші дәрежелі ерекшеленген жер рентасы – жердің табиғи
құнарлылығына байланысты және оны экстенсивті жолмен игеру
әдістері арқылы алынатын төлем;
2) Екінші дәрежелі ерекшеленген жер рентасы – бұл жердің
құнарлылығын жасанды түрде игеру және оның сапасын арттыру
арқылы интенсивті жолмен игеру әдістері бойынша алынатын төлем.
Бұл жерде тыңайтқыштар, жаңа құрал-жабдықтар, жоғары сұрапты
тұқымдар, биотехнологияның дамыған әдістері қолданылады.
Әдебиеттер тізімі
1. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров.
Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С.
Әкімбековтікі. – Астана: 2002. - 464 б.
2. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Ө.Қ. Шеденов, Е.Н.
Сағындықов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Б.И. Комягин.
/Жалпы редакциясын басқарған Ө.Қ. Шеденов – Ақтөбе, «А-
Полиграфия», 2004 – 455 бет.
Назарларыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz