Сүтінің майлығы



Ірі қараның сүт және ет өнімділігі оны есептеу
әдістері
Орындаған:Пансатқұл Ұлданай
Топ:ВС-215
Тексерген: Адылканова Шолпан

Жоспар:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
2. 1 Ірі қара түрлері
2. 2 Сүт өніділігі
2. 3 Ет өнімділігі
Ш Қорытынды
VI Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Ірі қараны ет және сүт алу мақсатында өсіреді. Бұлардың өнімі тұқымының ерекшелігіне, азықтандыру және күтіп бағу дәрежесіне байланысты.


Айршир
Әулиекөл
Галловей
Алатау
Симменталь
Сүтті-етті
Сүтті-етті
Сүтті (Шотландия)
Етті
Етті

Айршир (сүтті бағытта)
Түсі қызыл ала, тұмсығы сүйірлеу, мүйізі жіңішке. 4000 кг шамасында (аса сүттілері 11000 кг-ға дейін) сүт береді, сүтінің майлылығы 4, 2 - 4, 5%. Айршир сиыры бірқатар елдерде жерсіндірілген. Қазақстанға 20 ғасырдың 50-жылдары әкелінген. Алматы облысында өсіріледі. Айршир сиыры тез өсіп-жетіледі, жергілікті жерге жақсы бейімделеді. 18 - 22 жасқа дейін сүт береді

Әулиекөл (етті бағытта)
Әулиекөл сиыры тез жетілгіш, жергілікті жағдайларға тез бейімделеді. Қыста жүні қалың өседі, қатал ауа райына жақсы көнбіс келеді. Түсі - ақшыл сұр. Бұқалары - 900 - 1125 кг, сауын сиырлары - 500 - 700 кг ет береді. Бордақыланған 15 айлық өгізшелерінің тірідей салм. 450 кг болады. Қазақстанның Солтүстік аудандарында өсіріледі

Галловей (етті тұқымда)
Жүні ұзын, бұйра және тығыз, сиырдың басқа тұқымдарымен будандастырғанда да осы ерекшелігін сақтайды. Мойны жуан, кеудесі кең, аяғы қысқа. Дене тұрқы 150 см, биікт. 120 см, кеуде орамы 190 см, жіліншік орамы 20 см-дей, бұқасы 700 - 800 кг (кейде 1000 кг-дай), сиыры 450 - 500 кг тартады. Өгізшелері тәулігіне орта есеппен 900 г-дай қосады. Сойыс шығымы 60%. Еті дәмді, сүттілігі 1500 кг-дай. 1962 - 65 ж. Қазақстанға (Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарына) 200 бас Галловей сиыры әкелінді. 1994 ж. Қазақстанда 21425, оның ішінде 3758 таза қанды Галловей сиыры болды. Галловей сиыры мен Алатау сиырының арасынан алынған будандар мықты да төзімді келеді. Галловей сиыры Қазақстанда ет бағытындағы жаңа тұқым алуда кеңінен қолданылады

Алатау сиыры
Алатау сиырының түсі негізінен қоңыр, ал дене құрылысы швиц сиырына ұқсас болады. Орта есеппен: сүттілігі 2800 - 3500 кг, майлығы 3, 8 - 4, 0%. Шоқтығына дейінгі биіктігі 129 см, тұрқы 171 см, кеуде орамы 197 см, жіліншігінің орамы 20 см болады. Ұрғашысы тірідей 500 - 550 кг, бұқасы 850 - 1040 кг тартады. Алатау сиыры Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аудандарында өсіріледі.

Симменталь (етті-сүтті)
Сүті мен етінің сапасы жоғары және жақсы жерсінетін болғандықтан, көп елдерге таралған . Сиырларының орташа тірілей салмағы 550 - 650 кг, бұқаларынікі 850 - 1000 кг. Симменталь сиыры жақсы бордақыланады, еті дәмді. Бордақылаған кезде күніне 800 - 1000 г-ға дейін салмақ қосады. Сойған кездегі таза ет шығымдылығы 56 - 64%. Жылына әр сиырдан 3500 - 4000 кг, асыл тұқымды сиыр өсіретін шаруашылықтарда 5000 кг, рекорд тұқымдарынан 14000 кг-ға дейін сүт сауылады. Сүтінің майлығы 3, 8 - 3, 9%.

Ет бағытындағы Сиырдың тұрқы төртпақ әрі кең, омыраулы, аяғы мен мойыны қысқалау, желіні кішілеу, сүтті малға қарағанда бұлшық еттері жақсы жетілген, терісі қалың әрі жұмсақ, тері астындағы май қабаты жақсы дамыған. Сиырдың барлығының да түгінің ұзындығы мен қалыңдығы бірдей, денесін тегіс жабады, тек қарыны, шабы мен желін айналасының түгі жіңішке әрі сирек болады. Мойын астындағы терісі қатпарланған, мүйіздері қуыс әрі қысқа, тұмсығының алдыңғы жағында мұрын айнасы болады. Асқазаны төрт камералы (месқарын, жұмыршақ, қатпаршақ, ұлтабар), соның арқасында олардың көп мөлшерде ірі сабақты шөпті қорытуға мүмкіндігі бар. Жағының жоғарғы жағында күрек тістері болмайды, желіні төрт емшекті.
Сүт бағытындағы Сиырдың денесі ұзын, сүйегі салыстырмалы түрде жіңішке, терісі жұқа, жұмсақ, түгі жылтыр, қарыны кең, басы мен мойыны ұзын, құрсағы мен желіні үлкен болады.
Ірі қара

Ірі қара малдың өнімділігі.
Сүт өнімділігі 2. Ет өнімділігі.
Біздің еліміздің ауыл шаруашылығының негізгі міндеті халықты азық-түлікпен, ал өнеркәсіпті шикізатпен барынша толығырақ қанағаттандыру үшін ет, сүт және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді одан әрі арттыра түсу болып табылады. Елімізде ет және сүт сияқты құнды азық-түлік өнімдерін беретін мал шаруашылығын өрістетуге көп көңіл бөлінеді. Бұл саладағы қызметкерлер сүт өндіруді арттыруда едәуір табыстарға жетті. Біздің еліміз жан басына сүт өндіруде дүние жүзінде бірінші орын алады және АҚШ-тан 1, 3 есе, Англиядан 1, 5 есе асып түседі. Ет өндіруде ет және сүт бағытындағы мал шаруашылығының ара салмағы үлкен орын алады.

Сүт
Сүт - барлық жастағы адамдар үшін жұғымдылығы жоғары оңай сіңетін өнім.
100 грамм сүтте 3 граммға жуық ақуыз, 3, 2 грамм эмульгацияланған оңай сіңетін май, көптеген мөлшерде оңай сіңірілген кальций мен фосфор қосындылары, сондай-ақ белгілі мөлшерде А1, В2, Д витаминдері бар және де жазғы уақытта сиыр сүтіндегі бұл витаминдер қыстағыдан едəуір көп болады. 100 грамм сүт организмге 60-қа жуық килокалория береді. Сүт ақуызы негізінен, казеиннен (2, 7 %), лактальбуминнен (0, 4 %) және лактоглобулиннен (0, 1%) тұрады. Сүт ақуызының 75-96 пайызы организмге сіңімді келеді. Құрамындағы лактоза не сүт қанты тез ашиды. Минерал заттары органикалық және бейорганикалық қышқыл тұздары түрінде кездеседі. Сондай-ақ, 60-тан астам фермент, әртүрлі гормон (окситоцин, пролактин, фолликулин, адреналин, инсулин т. б. ), иммундық заттар (антитоксин, глотинин, онсонин т, б, ), газдар (СО2, О2, Н2, NH3), микроорганизмдер болады

Айран - пісірілген сиыр сүтінің жылы кезінде ашытқы (айран, қаймақ) қосып, ұйытып дайындайтын қышқыл дәмді ақ тағам түрі.

Уыз дегенiмiз - бұл жаңа туған сиырдың 4-8 тәулiкке дейiнгi сүтi. Бұл сүтке қарағанда қою, сары түстi, қышқыл дәмдi. Нәрлiлiк қасиетi бойынша уыз сүттен асып түседi.

Ірімшік - сүтті арнайы өңдеуден өткізу арқылы алынатын жоғары калориялы неғұрлым сіңімді тағамдық өнімдерінің бірі . Әзірлеу және пісіру кезінде ол микробиологиялық, ферментативтік тағы басқа процестерден өтеді, соның нәтижесінде, дайын өкім сүтпен салыстырғанда дәмі және нәрлілігі жағынан едәуір құнды қасиеттерге ие болады.

Сүт өнімділігі
Сүтті сиыр тұқымының орташа өнімі жылына 3500 - 400 кг
сүтінің майлылығы 6 - 4%.
Бір сауын маусымында 2 кг сүт беретін (голланд тұқымы) сиырлар бар.
Ең жоғары тәуліктік сауым мөлшері 82, 2 кг (ярослав тұқымы) .
Сауылым мерзімі 280 - 320 күнге созылады, суалу кезеңі 1, 5 - 2 ай.
Тез жетілетін тұқымдардың ең мол сүт беретін кезеңі 4-тумасында

Орташа есеппен сүт құрамында:
Құрғақ зат 12, 5-13%
1%-дай
минералды заттар
Ақуыз
3, 3%
Май-3, 8%
Сүт қанты 4, 8%
20-дан астам витаминдер

Сүт өнімділігін есептеу
Сүтті бағыттағы сиырлардың ең негізгі өнімі сүт болғандықтан әр сиырдың сауылған сүтті есепке алу өте маңызды жұмыс.
Осы есептелген көрсеткіштердің негізінде мал тұқымын асылдандыру жұмысының басты- басты шаралары тұқым қалаушылық қасиетін т. б жұмыстар жүргізіледі
Әрине, сиырдың сүттілігі жөніндегі нақты мәліметті күнделікті есеп арқылы алуға болар еді. Сондықтан тұқыммал заводында, тұқыммал совхоздарында өте сүтті сиырдан сауылған сүтті күнделікті жеке- жеке есептейді. Бұл өте ауыр, майда жұмыстарды күнделікті қайталауды талап ететін өнімсіз жұмыс. Сонымен бірге жүздеген сиыры бар қатардағы шаруашалықтарда сиырлардың сүттілігін дәл осындай күнделікті есепке алу ақылға симайды да, оның қажеті де жоқ. Соған орай, тәжірибеде, тәуліктік бақылау сауынан жүргізу арқылы сиыр сүтін есепке алу қолданылып жүр.

Сүт өнімділігін есептеу әдістері
Бақылау саны 10-15 күнде бір рет жүргізіледі. Ал әр сиыр сауын маусымында сауылған сүтті есептеудің бірнеше жолы бар. Соның тәжірибеде қолданылатын біреуін талдап көрейік. Айталық, сауын маусымында табында 30 рет бақылау сауыны өтсін. Бақылау сауынында 300 л сүт сауылады. Сонда орта есеппен бір бақылау сауынында 10 л сүт сауылған .

Тағы бір тәсіл: бақылау сауынында сауылған сүтті 10- ға көбейтіп, он күндік сүтті анықтайды. Үш онкүндік сүтті қосып, бір айлық сүтті анықтайды да, сауын маусымындағы 10 айлық сауылған сүт жиыны маусымдық сүттілікті көрсетеді. Сүтті, сүтті- етті бағытағы сиырларды бонитировкалағанда және мемлекеттік тұқыммал кітабына жазылатын мал үшін, сиырдың 305 күндік сауын маусымындағы сауылған сүттің есепке алады. Ал сауын маусымы 305 күннен артық болған жағдайда одан артық күндердегі сауылған сүт есептелінбейді. Сауын маусымы қысқа болғанымен, толық аяқталса, онда осы қысқарған сауын маусымында сауылған сүт толық есепке алынады.

Ет өнімділігі
Сиыр еті - мүйізді ірі қара малдан алынатын өнімдердің бірі, бағалы тағамдық шикізат. Сиыр етінің шығымы мен сапасы малдың тұқымына, жасына, жынысына, бағып-күтілуіне және азықтандыруға байланысты өзгереді
Сиыр еті - мүйізді ірі қара малдан алынатын өнімдердің бірі, бағалы тағамдық шикізат. Сиыр етінің шығымы мен сапасы малдың тұқымына, жасына, жынысына, бағып-күтілуіне және азықтандыруға байланысты өзгереді

Ірі қара мал етінің ерекше қасиеті құрамында амин қышңылдары: аргинин, мезин, гистидин, тирозин, триптофан, цистин, т. б. майлы ңышқылдар, әр түрлі минералды, экстрактивті және басқа да заттардың болуы.
Ірі қара мал етінің 42-68% таза ет, майы 14-30%, сүйегі 12-20%, сіңірі 10-14% .
Ірі қара малдың орташа химиялық құрамы мен калориясы төмендегі көрсеткіштердегідей: суы - 66%, аңуызы -20%, майлылығы - 23%, минералды заты - 1% . Ал, 1 кг етінде 7560 кДж болады. Ал, жас төл етінде суы - 72% -ға дейін, ал майы 15% -ға дейін ғана.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz