Мүйізді ірі қара тұқымдары


Slide 1

Мүйізді ірі қара малының экстерьері мен конституциясы. Биологиялық ерекшеліктері. Мүйізді ірі қара тұқымдары. Өнімділігі.

Орындаған: Махсутова Аида

Топ: ВС-213

Қабылдаған: Адылканова Шолпан

Slide 2

Жоспары:

Мүйізді ірі қара туралы жалпы түсінік

Мүйізді ірі қара өсіру бағыттарына қарай тұқымдары

Малдың экстерьері мен конституциясы

Мүйізді ірі қара бойының өлшемдері

Мүйізді ірі қара өнімдері

Slide 3

Сиыр, ірі қара, мүйізді ірі қара - сүтқоректілер класына жататын аша тұяқты, қуыс мүйізді, күйіс қайыратын жануарлар. Оның жабайы және қолға үйретілген түрлері бар. Қолға үйретілген Сиыр жабайы турдан тараған, ол біздің дәуірімізге дейін мыңдаған жылдар бойы Еуропа, Азия, Африка құрылықтарында кең тараған.

Slide 4

Сиырдың дене бітімі олардың өнімділік бағытына (сүт, ет) байланысты болады.

Сүт бағытындағы Сиырдың денесі ұзын, сүйегі салыстырмалы түрде жіңішке, терісі жұқа, жұмсақ, түгі жылтыр, қарыны кең, басы мен мойыны ұзын, құрсағы мен желіні үлкен болады.

Ет бағытындағы Сиырдың тұрқы төртпақ әрі кең, омыраулы, аяғы мен мойыны қысқалау, желіні кішілеу, сүтті малға қарағанда бұлшық еттері жақсы жетілген, терісі қалың әрі жұмсақ, тері астындағы май қабаты жақсы дамыған. Сиырдың барлығының да түгінің ұзындығы мен қалыңдығы бірдей, денесін тегіс жабады, тек қарыны, шабы мен желін айналасының түгі жіңішке әрі сирек болады. Мойын астындағы терісі қатпарланған, мүйіздері қуыс әрі қысқа, тұмсығының алдыңғы жағында мұрын айнасы болады. Асқазаны төрт камералы (месқарын, жұмыршақ, қатпаршақ, ұлтабар), соның арқасында олардың көп мөлшерде ірі сабақты шөпті қорытуға мүмкіндігі бар. Жағының жоғарғы жағында күрек тістері болмайды, желіні төрт емшекті.

Slide 5

Бұзау - мүйізді ірі қара малдың 6-айға дейінгі төлі. Бұзауды жынысына қарай еркек, ұрғашы, ал енесінен туғандағы санына қарай жалқы, егіз деп бөледі. Бұзау бағып-күту өсу кезеңдеріне, жасына, өнім бағытының ерекшеліктеріне сәйкес өсіріледі.

Өмірінің алғашқы 7-10 күндігінде бұзауды енесінің уызымен ауыздандырып, сүтін еміздіреді. Сүтті және сүтті-етті тұкымының бұзауын ертерек балауса, пішен, пішендеме, сүрлемді көп жеуге үйретіп, жемді аз беріп өсіреді. Етті бағыттағы тұқымның бұзауын 8 айға дейін енесін еміздіріп өсіреді. Еркек бұзаудың жыныстық қабілеті 6-айлығында жетілетіндіктен, осы жастан бастап еркек және ұрғашы бұзауларды бөлек бағады.

Алғашқы 15-20-күндігінде бұзау басы шығыны көбінесе іш ауруы мен өкпенің қабынуынан болады. Одан сақтандыру үшін бұзау ауқымы кең, ауасы таза, құрғақ қорада ұстап, дұрыс азықтандырып, мезгілімен серуендетеді.

Slide 6

Сиырлар 5 жасқа дейін өсіп жетіледі, кейбір кеш жетілетінн тұқымдары 6 - 7 жасында өсуін тоқтатады. Ұрғашысы 20 - 35 жыл, бұқасы 15 - 20 жыл тіршілік етеді.

Сүт бағытындағы Сиырдан 9 - 12 жыл жақсы өнім алынады, бұдан кейін олардың тісі қажалып, өнімділігі төмендейді.

Сиырды етке 1, 5 - 2 жасында бордақылап немесе жайып семіртіп өткізген жөн.

Асыл тұқымды сиырларды тұқым алу үшін 5 - 10 жыл пайдаланады.

Ұрғашы тайыншалардың жыныстық қабілеті 7 - 10 айлығында, бұқаларда 8 - 10 айлығында жетіледі.

Алайда шағылысқа қашарды 18 - 22, бұқаны 14 - 18 айлығында қосады.

Бұзаулағаннан алғашқы күйлеуіне дейінгі мерзім шамамен үш аптаға созылады, күйті 19 - 22 күнге, буаздығы орта есеппен 285 күнге созылады.

Ұрғашысы әдетте бір бұзау табады, егіз бұзау табатыны сирек (2%-ға жуық) . Егіздің ұрғашы сыңарлары көбіне төл беруге қабілетсіз.

Тұқымына байланысты жаңа туған бұзаудың салм. 18 - 45 кг, кейде 60 кг; ұрғашысына қарағанда еркек бұзаудың салм. 1 - 3 кг артық болады. Олардың еті мен майы салыстырмалы түрде аз, ал сүйектері тірі салмағының 30%-ын құрайды.

Ересек Сиырдың салм. 250 - 600 кг, ең таңдаулысы 1000 кг; бұқасы 300 - 900 кг; ең таңдаулысы 1600 кг-нан асады.

Slide 7

Мүйізді ірі қараны өнімі бойынша сұрыптау

Сүтті бағытта

Етті бағытта

Сүтті-етті бағытта

Slide 8

Айршир сиыры - сиырдың сүтті тұқымы.

1862 жылдан жеке сиыр тұқымы болып есептелінеді. Айршир сиырының шоқтығына дейінгі биіктігі 120 - 122 см, қиғаш өлшегендегі тұрқы 142 - 150 см, кеуде орамы 180 - 190 см, жіліншік орамы 17 - 19 см келеді. Түсі қызыл ала, тұмсығы сүйірлеу, мүйізі жіңішке. 4000 кг шамасында (аса сүттілері 11000 кг-ға дейін) сүт береді, сүтінің майлылығы 4, 2 - 4, 5%. Айршир сиыры бірқатар елдерде жерсіндірілген. Қазақстанға 20 ғасырдың 50-жылдары әкелінген. Алматы облысында өсіріледі. Айршир сиыры тез өсіп-жетіледі, жергілікті жерге жақсы бейімделеді. 18 - 22 жасқа дейін сүт береді. Айршир сиырының еттілігі орташа. Жаңа туған бұзауларының салмағы 28 - 30 кг-ға жетеді, олар тәулігіне 700 - 800 г салмақ қосады. Бұқаларының орташа салмағы 700 - 800 кг болады. Айршир сиырының бұқаларын басқа сүтті, етті сиырлармен будандастыру арқылы жаңа тұқым шығару жұмыстары жүргізілуде

Slide 9

Джерси сиыры- сиырдың сүтті тұқымы.

Ұлыбританияда (Джерcи аралында), Нормандия мен Бретанда (Франция) жергілікті тұқымдарын өзара шағылыстыру арқылы шығарылған. Джерси сиыры ашық жирен, сарғылт түстен қоңыр түске дейін болады. Кейбіреулерінің кеудесінің төменгі жағында және аяқтарында ақ теңбілдері бар. Маңдайы кең, бассүйегінің алдыңғы бөлігі қысқа, мойны ұзын, жалпақ, кеудесі тар келеді. Шоқтығына дейінгі биіктігі 122 см, тұрқы 145 см, кеуде орамы 173 см, жіліншік орамы 16, 5 - 17, 5 см. Ұрғашысы тірідей 360 - 400 кг, бұқасы 600 - 700 кг тартады. Жаңа туған бұзауының салмағы 20 - 22 кг. Джерси сиыры сүтінің майлылығы жөнінен бірінші орын алады (5 - 6%, кейде 7%) . Жылына орта есеппен 3000 - 3500 кг сүт береді. Джерси сиыры Алматы облысының бірқатар аудандарында өсіріледі. Бұқасын басқа сүтті сиырлардың сүтінің майлылығын арттыру үшін будандастыру жұмыстарында пайдаланады

Slide 10

Әулиеата сиыры- сиырдың сүтті тұқымы.

Қазақстандағы жергілікті сиырды голланд бұқасымен будандастыру арқылы алынған. 1952 жылдан жеке сиыр тұқымы болып саналады. Түсі қара немесе қара ала болып келеді, кейде қара құлақты, қара төбел ақ сиырлар да кездеседі. Әулиеата сиыры жергілікті жердің ауа-райына тез бейімделеді. Тұрқы шымыр, ұзын жіңішке мойынды, кеудесі шығыңқы, етсіз келеді. Әулиеата сиырының салмағы 460 кг-нан 530 кг-ға, ал бұқаларыныңсалмағы 750 - 770 кг-ға дейін тартады. Әрбір сауын сиыр жылына орта есеппен 3500 - 4000 кг (майл. 3, 8 - 3, 9%) шамасында сүт береді. Әулиеата сиыры Түлкібас, Сайрам аудандарының шаруашылықтарында өсіріледі.

Slide 11

Әулиекөл сиыры- сиырдың етті тұқымы.

Ол қазақтың ақбас сиыры тұқымын абердин-ангус және шароле тұқымдарымен күрделі түлетпе будандастыру жолымен алынған. Әулиекөл сиыры тез жетілгіш, жергілікті жағдайларға тез бейімделеді. Қыста жүні қалың өседі, қатал ауа райына жақсы көнбіс келеді. Түсі - ақшыл сұр. Бұқалары - 900 - 1125 кг, сауын сиырлары - 500 - 700 кг ет береді. Бордақыланған 15 айлық өгізшелерінің тірідей салм. 450 кг болады. Қазақстанның Солтүстік аудандарында өсіріледі

Slide 12

Герефорд сиыры- сиырдың етті тұқымы.

Жергілікті малды ұзақ сұрыптау арқылы 18 ғ-дың аяғында Англияда Херефордшир графтығында шығарылған. Герефорд сиырының бұрынғы КСРО-да өсірілетін аудандары: Қазақстан, Челябі, Сталинград, Ростов облыстары. Биіктігі 125 см, тұрқы 153 см, кеуде орамы 197 см. Бұқасы 900 - 1000 кг, сиыры 550 - 600 кг тартады. Қазақстанға 1930 жылдан бастап әкелінгенГерефорд сиырын қазақы және қалмақ сиырымен будандастыру нәтижесінде қазақтың ақбас сиыры шығарылды. Герефорд сиыры Шортанды астық шаруашылық ғылыми-зерттеу институтының тәжірибе шаруашылығында, «Шалабай», «Аңқаты» асыл тұқымды мал зауытынтында (Батыс Қазақстан облысы) өсіріледі

Slide 13

Галловей сиыры- сиырдың етті тұқымы.

Галловей сиыры мүйізсіз, түсі қара, қара қоңыр, ішінде қара аласы да кездеседі. Жүні ұзын, бұйра және тығыз, сиырдың басқа тұқымдарымен будандастырғанда да осы ерекшелігін сақтайды. Мойны жуан, кеудесі кең, аяғы қысқа. Дене тұрқы 150 см, биікт. 120 см, кеуде орамы 190 см, жіліншік орамы 20 см-дей, бұқасы 700 - 800 кг (кейде 1000 кг-дай), сиыры 450 - 500 кг тартады. Өгізшелері тәулігіне орта есеппен 900 г-дай қосады. Сойыс шығымы 60%. Еті дәмді, сүттілігі 1500 кг-дай. 1962 - 65 ж. Қазақстанға (Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарына) 200 бас Галловей сиыры әкелінді. 1994 ж. Қазақстанда 21425, оның ішінде 3758 таза қанды Галловей сиыры болды. Галловей сиыры мен Алатау сиырының арасынан алынған будандар мықты да төзімді келеді. Галловей сиыры Қазақстанда ет бағытындағы жаңа тұқым алуда кеңінен қолданылады. Галловей сиыры тұқымын жақсарту жұмысымен Қазақ мал ш. технологиялық ғылыми-зерттеу институты шұғылданады.

Slide 14

Алатау сиыры - сиырдың сүтті-етті тұқымы.

Ол Қазақстан мен Қырғызстанның жергілікті сиырын швиц және кострома сиырымен будандастыру арқылы шығарылған. Жаңа тұқым ретінде 1950 ж. мойындалды. Алатау сиырының түсі негізінен қоңыр, ал дене құрылысы швиц сиырына ұқсас болады. Басы үлкен, мойны жалпақ етті, арқасы мен белі түзу, кеудесі кең, сандары білеуленген, сирақтары ұзын, түзу, тұяқтары мықты келеді. Орта есеппен: сүттілігі 2800 - 3500 кг, майлығы 3, 8 - 4, 0%. Шоқтығына дейінгі биіктігі 129 см, тұрқы 171 см, кеуде орамы 197 см, жіліншігінің орамы 20 см болады. Ұрғашысы тірідей 500 - 550 кг, бұқасы 850 - 1040 кг тартады. Алатау сиыры Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аудандарында өсіріледі.

Slide 15

Симменталь сиыры- сиырдың сүтті-етті тұқымы.

Сүті мен етінің сапасы жоғары және жақсы жерсінетін болғандықтан, көп елдерге таралған. Қазақстанға 20 ғасырдың басында әкеліне бастады. Симменталь сиыры жергілікті сиырларды асылдандыру үшін пайдаланылды, себебі бұл тұқымның тірілей салмағы басқа сиырларға қарағанда көп жоғары болды. Симменталь сиырының дене бітімі өте ірі, сүйегі мықты. Түсі негізінен сары ала, қызыл аласы да кездеседі. Басы үлкен, маңдайы жалпақ, мойыны етті, арқасы мен белі түзу және жалпақ, сандары етті, сирақтарының ұзындығы орташа, сүйек буындары жақсы жетілген. Терісі мықты, ауыр (тірілей салмағының 14%-ын құрайды) . Бұзауларының туғандағы тірілей салмағы 36 - 45 кг, 6 айлығында 190 - 200 кг-ға жетеді. Сиырларының орташа тірілей салмағы 550 - 650 кг, бұқаларынікі 850 - 1000 кг. Симменталь сиыры жақсы бордақыланады, еті дәмді. Бордақылаған кезде күніне 800 - 1000 г-ға дейін салмақ қосады. Сойған кездегі таза ет шығымдылығы 56 - 64%. Жылына әр сиырдан 3500 - 4000 кг, асыл тұқымды сиыр өсіретін шаруашылықтарда 5000 кг, рекорд тұқымдарынан 14000 кг-ға дейін сүт сауылады. Сүтінің майлығы 3, 8 - 3, 9%. Қазақстанда Симменталь сиырының ең бағалы тұқымдары Павлодар облысының “Песчан” және “Павлодар”, Шығыс Қазақстан облысының “Северо-Ульбинск” асыл тұқымды мал шаруашылықтарында, сонымен қатар Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының шаруа қожалықтарында өсіріледі.

Slide 16 Slide 17

Сөлекет

Дене бітімге жататын малдың сүйегі ірі, басы үлкен, терісі қалың, қылшықтары өте жуан, ет бұлшықтары толымды келеді. Етіндегі май және дәнекер ұлпалары нашар дамыған. Мұндай малдың жалпы түр-тұлғасы сөлекеттеніп, көзге өрескілеу көрінеді. Мұндай дене бітімді мал сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына төзімді, ауруға көп шалдықпайды.

Slide 18

Нәзік

Дене бітімділердің терісі жұқа, етсіз, ашаң, сүйегі жіңішкелеу, көзге толымсыздау көрінгенімен, ас қорыту органдары біршама жақсы дамыған, зат алмасу процесі жедел жүреді, нерв жүйесі тез қозғыш келеді. Жақсы бағып-күтуді қалайды. Бұл түрге сүтті бағыттағы сиырлар жатады.

Slide 19

Тығыз

Дене бітімді малдың сүйегі мықты, бұлшық еттері жақсы жетілген, терісі қалың келеді. Қан айналу, тыныс алу, ас қорыту органдар жүйесі жақсы жетілген, жүйкелері мықты келеді. Бұл түрдің малы әрі өнімді, әрі төзімді келеді. Сиырдың сүтті-етті тұқымы жатады.

Slide 20

Борпас

Бітімді малдың денесі жалпақ, ас қорыту органдары біршама жақсы жетілген, ат алмасу процестері баяу жүреді. Мінезі жуас, тез семіреді. Сиырдың етті бағытында жиі кездеседі

Slide 21

Өлшеуіш таяқпен өлшегенде

Шоқтығының биіктігі - шоқтықтың ең жоғарғы нүктесінен жерге дейін;

Арқасының биіктігі -соңғы көкірек омыртқасынан арқа өсіндісінің үстінен жерге дейін;

Белінің биіктігі - соғңы бел омыртқасының үстінен сербекке жанай жерге дейін;

Құйымшағының биіктігі - құйымшақтың ең биігінен жерге дейін;

Кеудесінің тереңдігі - шоқтығының ең биігінен жауырын сыртын жанай төс сүйегінің ең төменгі нүктесіне дейін;

Кеудесінің енділігі - жауырынның сыртқы тұсынан;

Тұрқының қиғаш ұзындығы - жауырын мен тоқпан жіліктің қосылысы буынының алдыңғы бұдырынан жамбастың шонданай сүйегінің артқы бұдырына дейін;

Slide 22

Өлшеуіш циркульмен өлшегенде


Ұқсас жұмыстар
Сүтті тұқым
Ағзаның конституциясы және оның патологиядағы рөлі
Күйіс қайыратын жануарлар
Қазақстандағы мал шаруашылығы
Қазақстандағы мал шаруашылығының дамуы
Мүйізді ірі қараны бордақылау
Жануарлар селекциясында қолданылатын будандастыру әдістері
Еттің қай мал түріне жататынын
Шошқа тұқымдары
Далалық шырмауық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz