ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІ




Презентация қосу
МИКРООРГАНИЗМДЕРГ
Е БИОЛОГИЯЛЫҚ
ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІ
• Микробтар физикалық, химиялық әсерге ұшырап қана
қоймайды, биологиялық әсерлерге де ұшырайды. Табиғатта
барлығы байланысты және өзара тәуелді. Тірі жәндіктер
тұрақты экологиялық жүйеге – биоценозға біріккен. Бұлардың
әрқайсысына түр жөнінде және поуляцияның сандық қарым-
қатынасы, структура, өзара қатысы және басқа белгілері тән
болып келеді. Түрлі ценоздар ( фитоценоздар, зооценоздар)
арасында табиғатта микробиоценоздар – микроорганизмдер
тобы үлкен орын алады. Олардың өздерінің арасында және
басқа тірі организмдер арасында өте әрқилы өзара байланыстар
бар, бұл өзара байланыстар симбиоз, комменсализм, метабиоз,
саттелизм, синергизм, антагонизм және тағы басқа түрде
білінуі мүмкін.
• Симбиоз – микробтардың екі не бірнеше түрлерінің бір-бірімен не басқа
жәндіктермен бірге тіршілік етуі. М-лы: Саңырауқұлақ пен балдырлардың
қынада бірлесіп тіршілік етуі; сол сияқты аэробтардың анаэробтармен бір
тұйық ортада (топырақтағы және басқа жерлердегі тұйықталған
қуыстарда) болуы, бұл жағдайда аэробтар оттегін пайдаланғаннан кейін
тіршілігі атомдық оттегісіз жүретін анаэробтарға қолайлы жағдай туады.
• Комменсализм – микробтардың басқа организмдермен бірге тіршілік
етуінің көмескі түрі, бұл жағдайда бір организм екінші организмнің
қорегін не бөліп шығарған өнімдерін оған зиян келтірмей пайдаланады.
• Метабиоз – микробтардың бір түрлері екінші бір түрлер тіршілік
өнімдерін пайдаланады және соның арқасында екінші түрдің дамуына
қолайлы жағдай туғызуы (аммонификаторлардың және
нитрификаторлармен, целлюлоза ыдырататын және азот жинаушы
бактериялардың бірігіп тұруы түріндегі қарым-қатынасы).
Нитрификаторлар шіріткіш бактериялардың өнімін – аммиакты
тотықтырады, ал азотобактериялар клетчатка ыдырағанда жиналатын
органикалық қышқылдарды пайдаланады.
• Сателлизм- бірмикробтың өсуіне екінші бір микробтар тіршілік әрекеті
өнімдерінің әсер етуі, ол кейін бірінші микробтарға серік болады.
Азотобктериялар бөліп шығаратын витаминдержәне басқа биологиялық
активтік заттар фосфордың органикалық түрлерін анорганикалық түрге
айналдыратын, бұның өзі жоғары сатыдағы өсімдіктер дамуына қолайлы
жағдай туғызады.
• Синергизм – микробтар ассоциациясының жеке особьтарының бірдей
физиологиялық процестері, бұның нәтижесінде соңғы өнім мөлшері артады.
• Фагия – вирустар тобына жататын фагтар және басқа
микроорганизмдер арасындағы қарым-қатынастың бір
формасы. Фагтердің өзіне тән қасиеті бар, оларды
инфекциялық аурулардың диагностикасын қоюға, емдеуге
және алдын алуға мүмкіндік береді.
• Паразитизм – бұл микробтар арасындағы бірге өмір сүруден
пайданы паразит қана көретін, иесіне зақым келтіретін,
аяғында иесін өлімге ұшырататын қарым-қатынас.
• Антагонизм – бір микробтың тіршілік әрекеті өнідерінің
екінші бір микробқа қауіпті әсер етуі. Шіріткіш микробтар
сүт-қышқыл микробтармен бір ортада бірге тіршілік ете
алмайды, өйткені бұнда түзілетін қышқылы рН-ты
төмендетеді және алкалифильдік организмдердің өсуін
баяулатады.
АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ САҚТАУ БИОЛОГИЯЛЫҚ,
ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ
ПРИНЦПТЕРГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН:
• Биоз(тіршілік)
• Абиоз(қарсы болу, тіршілікті жою)
• Анабиоз(тіршілікті тоқтату)
• Ценанабиоз

Ұқсас жұмыстар
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Микроорганизмдерге физико - химиялық факторлардың әсері
Биотикалық факторлар
Адам ауруының туындауы мен дамуында қоршаған ортаның әсері
ӨСІМДІКТЕРГЕ ЖӘНЕ ФИТОЦЕНОЗДАРҒА ӘСЕРІ
Микроорганизмдерге физикалық факторлардың әсері
Биологиялық факторлардың микроорганизмдерге әсері
Микроорганизмдерге температураның әсері
Химиялық стерилизация
Көпфакторлы дисперсиялық талдау
Пәндер