САЯСИ ЖҮЙЕ


Slide 1

Қазақстан Республикасының саяси жүйесіндегі қоғамдық бірлестіктер

Орындаған : Маратқызы Нұрайым

Қабылдаған:Рахимова Мира Махмуджанқызы

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

Ақтөбе қаласы ҚазГЗУ колледжі

Slide 2

Саяси жүйе

Саяси жүйе -қоғам мен мемлекет арасындағы қатынасты ұйымдастырады, саяси үрдістерді, саяси қызметтердің жағдайларын, саяси ілгерілеу мен ұмтылыстарды сипаттайды. Саяси қызметтердің бір түрі болып табылатын саяси жүйе саясат субъектілерінің өзара іс-қимылы нәтижесінде пайда болатын жағдайлардың мән-мазмұнын ұйымдастырушы рөлін атқарады.

Саясат пен саяси билік саяси жүйенің барлық элементтерін қозғалысқа келтіреді, саяси байланыстар мен қатынастарды орнықтырады және барлық саяси субъектілердің қызметін пәрменді етеді.

Slide 3

Қоғамдық бірлестіктер -саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы келмейтін, өздерінің ортақ мақсаттарына жету үшін ерікті негізде құрылған басқа да бірлестіктер және олар коммерциялық емес ұйымдар қатарына жатады. Қоғамдық бірлестіктер қызметі оның мүшелері мен қатысушылары арқылы атқарылады. Қоғамдық ұйымдар алуан түрлі және өте көп.

Slide 4

Қоғамдық бірлестіктерді тіркеу үшін заңда көзделген тәртіппен құжаттарды тапсыруы қажет

Өтініш (екі айдан кешіктірілмеуі тиіс)

Жарғы

Жарғыны қабылдаған Құрылтай съезінің (конференциясының, жиналысының) хаттамасы

Бірлестікті құру бастамалары

Басшы органның мүшелері туралы мәліметтері

Қоғамдық бірлестіктердің мәртебесін

Заңды мекен-жайын

Тіркеу алымының төленгенін растайтын құжаттарды табыстауы тиіс.

Slide 5

Қоғамдық БІРЛЕСТІКТЕР

Slide 6

Саяси партиялар

Саяси партия - қоғамдағы белгілі бір əлеуметтік қабаттар мен топтардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін білдіретін ұйымдасқан, ерікті жақтастарды білдіретін қоғамдық өмірдің институты, мемлекеттік билікті əр түрлі саяси əдістермен жаулап алуды мақсат тұтады. Саяси жүйеде партиялар үлкен әлеуметтік жіктердің (топтардың, таптардың, бірлестіктердің) мүддесін көздейді. Партиялардың өмір сүруінің өзі сол жіктеудің арасында дау-жанжалдардың тууы мен оларды шешу қажеттілігінен шығады.

Slide 7

саяси партияларың жіктелуі

Slide 8

Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды төрт түрге топтастырады

Slide 9

Саяси идеологияларына қарай партиялар

Коммунистік партиялар

Социал -демократиялық партиялар

Буржуазиялық -демократиялық партиялар

Консервативтік партиялар

Фашистік партиялар деп бөлінеді

Slide 10

Саяси тәртіпті қолдануына байланысты партиялар

Демократиялық

Авторитарлық

Тоталитарлық болып жіктеледі

Slide 11

ҚАзақстанда көппартиялықтың қалыптасуы

Slide 12

«Алаш» партиясының бағдарламасы

Ресей демократиялық федеративтік республика, ал оған кіретін мемлекеттер тәуелсіз болуы керек

Ресей республикасында дініне, шыққан тегіне қарамай бәрі де тең

онда теңдік, жеке адамның дербес құқылығы, сөз, баспасөз, одақтар еркіндігі қолданылады

дін мемлекеттен бөлінеді, бірақ діндер тең, қазақтардың өзіндік муфтияты болуы керек

билік пен сот әр халықтың ерекшелігіне сай құрылуы, би мен қазы жергілікті халықтың тілін білуі тиіс

барлық оқу орындары ақысыз білім және ол барлық адамдардың игілігіне болуы керек

Slide 13

Қазіргі Қазақстанның саяси партиялары

Slide 14

Қазақстандағы саяси жүйені жетілдіріп, партияларды ірілендіру үшін “Отан” партиясының өзімен мақсат-мүддесі бір басқа партиялармен бірігуі нәтижесінде құрылған. 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. 2006 жылы желтоқсан айында “Отан” РСП-ның 10-съезінде партияның аты “Нұр Отан Халықтық Демократиялық Партиясы” болып өзгертілді. . Бұл партияның қатарына “Отан”, “Асар”, “Азаматтық” және “Аграрлық” партиялар бірікті. 2007 жылы тамызда өткен парламент сайлауында “Нұр Отан” партиясы айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, билік партиясы аталды.

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық Партиясы

Slide 15

«Ақ жол» демократиялық партиясы

«Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясы» қоғамдық бiрлестiгi - Қазақстанның саяси партиясы. Партия төрағасы - Азат Перуашев. Партия 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген. Партия мүшелерінің саны 175 862 адамды құрайды. Партияның мақсаттары: тәуелсіз, гүлденуші, демократиялық және еркін Қазақстан. Негізгі құндылықтары: демократия, тәуелсіздік, еркіндік, әділеттілік. Партия Қазақстанды одан әрі демократияландыру бойынша ұсынымдар жасау жөніндегі келісу комиссияларының жұмысына белсенді араласады. Мәжілістің үшінші шақырылымында партия 1 мандатқа ие болды. 2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия 3. 09% дауыс алып, Парламентке өтпеді. Қазақстан фермерлер одағы, ауған ардагерлерінің Жауынгерлік бауырластар одағы, Каспий табиғаты, т. б. қоғамдық ұйымдармен бірлесе жұмыс істейді

Slide 16

«Әділет» демократиялық партиясы

2002 жылы Қазақстанның саяси сахнасында "Құқықтық Қазақстан үшін" қоғамдық-саяси қозғалысы пайда болды. Қозғалыстың басты идеялық рухтандырушысы республикаға танымал құқықтанушы және ҚР Жоғарғы Сотының бұрынғы төрағасы Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев. “Құқықтық Қазақстан үшін” қозғалысы өзінің жастығына қарамастан күші мен сенімін сезіне келіп, дербес партиялық құрылым болып қайта құрылуға шешім қабылдады. 2004 жылғы 14 маусымда қоғамдық-саяси қозғалыс негізінде Қазақстан Демократиялық партиясы өмірге келді. Партия “Сотқа алқа билерді енгізу туралы”, “Мұғалімнің мәртебесі туралы”, “Студенттің мәртебесі туралы” заңдардың балама жобаларын әзірледі. Ұсынылған әрбір құжат сол не басқа әлеуметтік топтарға қолдау көрсетуге бағытталған, дегенмен де Қазақстан Демократиялық партиясының ең басты заң жобасы кәсіби құқықты қадағалауға және тәуелсіз Қазақстанның құқықтық кеңістігін сапалы жақсартуға толық көлемде кепілдік беруге мүмкіндік берді

Slide 17

Қазақстанда саяси партиялар мен

Қоғамдық бірлестіктердің ықпалы

Slide 18

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Саяси жүйе түсінігі
САЯСИ ЖҮЙЕ ТУРАЛЫ
САЯСИ ЖҮЙЕ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
Саяси тұрақтылық және тұрақсыздық
Қоғамның саяси жүйесі
Саяси жүйенің негізгі міндеті экономикалық, рухани
БӨЖ ЖҮЙЕ
Саяси жүйенің құрылымы
Қазақстанның саяси жүйесі
САЯСИ ДАМУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz