Алкалоидтар туралы түсінік


Slide 1

ФАКУЛЬТЕТ: ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА

КАФЕДРА: ХИМИЯЛЫҚ ПӘНДЕР

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК

ЖҰМЫСЫ

ТАҚЫРЫБЫ:

АЛКАЛОИДТАР

Slide 2

І. Алкалоидтар туралы түсінік.

ІІ. Алкалоидтардың туындылары, қасиеттері.

ІІІ. Алкалоидты қосылыстардың адам ағзасына әсері.

жоспар:

Slide 3

Негіздік қасиеттері бар кристалды заттар. Олар суда ерімейді, бірақ эфир, хлороформа, бензол секілді органикалық еріткіштерде ери алатын органикалық қосылыстар болып табылады. Олар көптеген өсімдіктердің құрамында кездеседі және аминқышқылдарынан синтезделеді. Биологиялық қасиеттері көп мөлшерде улы, ал аз мөлшерде емдік зат ретінде байкалады. Қазіргі уақытта 5000-ға жуық алкалоидтар белгілі.

Алкалоидтар

Slide 4 Slide 5

Алкалоид молекуласында С, Н, N атомдарынан басқа S, Cl және Br атомдары болуы мүмкін. Алкалоидтар алынатын зат атауының түбіріне “ин” жалғауы жалғанып аталады. Мысалы: атропин (Atropa belladonna өсімдігінен алынған), стрихнин (Strychnos nux Vomіca өсімдігінен алынған) . Көбінесе Алкалоидтар жіктелімі молекуланың көміртек-азотты құрылымына негізделеді. Алкалоидтардың өсімдіктердегі мөлшері өте аз (0, 001-2%), бірақ кейбір өсімдіктердегі олардың мөлшері 10-18%-ке дейін жетеді. Алкалоидтар негізінен өсімдіктердің белгілі бір бөліктерінде (жапырағы, дәні, сабағы, тамырында) жинақталады. Олар өсімдіктердегі биохимиялық процестерде де маңызды рөл атқарады. Алкалоидтардың химиялық құрамы мен құрылымы өсімдіктердің табиғатына, өсетін жеріне байланысты. Олардың ең көп түрі - гетероциклді қосылыстар. Кейбір Алкалоидтар (стрихнин, тубокарин) өте улы болып келеді. Алкалоидтар туындыларының физиологиялық әсері күшті. Соған байланысты медицинада әр түрлі ауруларға қарсы дәрі ретінде кеңінен қолданылады (мысалы: морфин, эфедрин, атропин, папаверин т. б. ) .

Slide 6 Slide 7

Ең қарапайым туындысы ретінде эфедринді қарастырамыз

OH OH

CH2 -CH-COOH CH-CH-CH3 CH-CH2 -NHCH3

NH2 NHCH3

Фенилаланин Эфедрин Адреналин

Slide 8

Эфедрин кеңірдекті бронх кеңітетін зат. Оған құрылысы ұқсас адреналин жақын тұр. Ол маңызды биологиялық процестерді реттейтін гормон ролін атқарады ( көмірсулардың алмасуы, жүрек қызметі) .

Өсімдіктерде алкалоидтар органикалық немесе минерал тұздар ретінде шамамен 1-2% мөлшерінде кездеседі.

Slide 9

Пиридин тобына жататын алкалоид - никотин. Ол көп мөлшерде темекі жапырағында кездеседі. Өте улы зат, адам үшін қауіпті дозасы 20-40мг.

N

CH₃

Никотин

N

H₃CO

CH

OH

N

CH₂

CH₂

CH=CH₂

Хинуклидин

Хинолин

Хинин

Хин ағаштарының қабығында кездесетін алкалоид - хинин. Ол безгекке қарсы қолданылады, өте улы қатты зат түрінде болады.

Slide 10

Өте улы алкалоид. Оның мөлшері темекі жапырағында 8%-ға жетеді. Құрамында жай байланыспен байланысатын пиридин мен пирролидин кездеседі. Көп мөлшерде темекінің және аз мөлшерде қызанның, картоптың, баклажанның құрамында кездеседі. Ағзаға түскен кезде қанға тез таралады. Вегетативті нерв жүйесіне әсер етеді, қан тамырларын тарылтады.

Никотин

Slide 11

Никотиннің

құрылым

формуласы

Slide 12

Хин ағашының қабығында кездесетін алкалоид. Ол безгекке қарсы қолданылады, өте улы қатты зат түрінде болады. Орта ғасырда дене қызуын түсіру үшін және тәбет стимуляторы ретінде кеңінен қолданылған.

Хинин-

Slide 13

Хининнің

құрылым

формуласы

Slide 14

Апиынның құрамында 8-12% шамасында кездеседі. Морфин молекуласында екі ОН топтары бар, оның біреуі фенолдардың, екіншісі спирттердің қасиеттерін көрсетеді. Ол аз мөлшерде ұйықтататын және ауруды жансыздандыратын қасиет көрсетеді. Көп қолданғанда ағза қатты уланып, адам оған тез үйреніп кетеді.

Морфин

Slide 15

Кокаин-

Оңтүстік Америка зонасындағы Кока ағашы жапырағынан алынатын алкалоид. Күшті жансыздандырғыш зат болып табылады. Қазіргі кезде есірткі ретінде белгілі. Көп қолданғанда кокаинизм деп аталатын өте ауыр нашақорлыққа соқтырады.

Slide 16

Алколоид және оның туындыларының адам организміне әсері. Медициналық маңызы.

Slide 17

Кокаин қазіргі таңда есірткі ретінде қолданылады. Бұл есірткі затының кеңінен қолданылуы оның ынталандыру әсері, көңіл-күйді көтеретін және жұмысқа қабілеттілікті жоғарылататын қасиетіне байланысты. Оның негізінен дәмі мен иісі болмайды. Кокаин кілегейлі қабықша арқылы тез өтіп кететін ерекшелігіне байланысты кеңінен қолданылады. Кокаинды пайдалану кезінде оған күшті психикалық тәуелділік пайда болады. Оны пайдалануды тоқтатқан жағдайда адамда әлсіздік, депрессия, ұйқысыздық, ашуланшақтық байқалады.

Slide 18
Ұқсас жұмыстар
АЛКАЛОИДТАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
АЛКАЛОИДТАРДЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ
Қатты зат
Алкалоидтар туралы түсінік, алкалоидтардың жіктелуі
Алкалоидтар қасиеттері
МОРФИННІҢ ОРГАНИЗМГЕ ӘСЕРІ
Жалпы медицина
Кокаинның медицинада қолданылуы
ДӨШ-нан алкалоидтарды бөліп алу әдістері. Алкалоидтардың физика-химиялық қасиеттері және оларды ДӨШ-да анықтау әдістері
Алкалоидтарға жалпы сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz