Бүйрек аномалиялары


Slide 1

Студенттің өзіндік жұмысы

Тақырыбы:Аномальды бүйректің гистоморфологиялық сипаттамасы

Кафедра:Гистология. Цитология. Эмбриология

Дисциплина: Гистология негіздері

Мамандығы:Жалпы медицина

Slide 2

Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Бүйрек туралы жалпы сипаттама

Бүйрек аномалиялары

Бүйрек поликистозы мен мультикистозы

Қорытынды

Slide 3

Бүйрек

Бүйрек маңызды сыртқа бөліп шығаратын мүше болып табылады. Бүйрек- бұл жұп мүше, себебі олар екеу болады және омыртқаның екі жағында орналасады. Екі бүйректің массасы дене салмағының 0, 45-0, 70% құрайды. Құрамындағы су -83%, құрғақ қалдық - 17% құрайды.

Slide 4

Бүйрек қызметі

Slide 5

Бүйректің дұрыс орналаспауы, өлшемі, құрылымның бұзылуын бейрек аномалиясы деген атқа ие болған. Бүйрек дамуының ауытқулары ұрықта көбінесе жүктіліктің 3-10апта аралығында қалыптасады. Бүгінгі күндее бүкіл аномалиялардың ішінде бұл патология 47% алады және аз зерттелгендер қатарына жатады. Көп жағдайларда ауытқулардың этиологиясы белгісіз.

Бүйрек аномалиясы

Slide 6 Slide 7

Бүйрек санының аномалиясы

Slide 8

Бүйректің агенезиясы мен аплазиясы органның туа болмауымен немесе дамуының тоқтауымен сипатталады. Әдетте, бұл патология несепағар мен оның сағағы болмауымен кабаттасады. Туа біткен екі жақты бүйрек аплазиясы өмірмен үйлеспейді, сондықтан өте-мөте сирек ұшырасады.

Бүйректіңқосарлануы неғұрлым жиі кездесетін сан аномалиясы болып табылады. Бұл патология кезінде бір-бірімен қатынаспайтын бөлек екі шүмекше, екі несепағар, екі тамыр бумасы жене паренхиманың екі бөлек үлесі болады. Қосарланған бүйрек ұзындығы бойынша қалыпты бүйректен үлкен, жоғарғы жәнетөменгі бүйректердің арасында ажыратпа жүлге болады.

Санының аномалиясы

Slide 9

Бүйрек шама-көлемінің аномалиялары

Бұл аномалияға көлемнің кішіреюін -бүйрек гипоплазиясын жатқызады; ол бүйректердіңқалыпты морфологиялық құрылымымен, олардың секреторлық және экскреторлық функцияларының бұзылу белгілерінің болмауымен сипатталады. Аномалия әдетте бір жақты болады.

Slide 10

Бүйректердің орналасуының

аномалиясы

Орналасу аномалиясы немесе бүйректердің дистопиясы жамбастық, мықын астылық, бел, кеуде немесе сегізкөздік дистопия болуы мүмкін.

Дистопия-біріншілік бүйректің жамбастан бел аймағына қалыпты орналасуының бұзылысыынан болады. Ауысының қай кезеңде тоқтағанына байланысты жамбас, белдік және мықын үстілік дистопия түрін ажыратамыз. Бұған көптеген бүйрек артериялары мен веналары болуы тән және бүйрек неғұрлым төмен орналасса, соғұрлым тамырлар көп жіне оның ротациясы бұзылған.

Slide 11

Жамбастық дистопия

Жамбас дистопиясы біршама сирек кездеседі және бүйректің жамбаста орналасуымен сипатталады: еркектерде ол тік ішек пен қуықтың арасында, әйелдерде жатыр мен тік ішектің арасында орналасады. Дистопияға ұшыраған бүйрек бітісіп кетуі мүмкін. Тұрақты немесе периодты ауыру сезімі іштің төменгі бөлімінде орналасады. Дистопирленген бүйрек аяқ қан тамырларын басып қалса вазомоторлық бұзылыстар қосылуы мүмкін.

Slide 12

Мықындық дистопия

Мықын асты дистопиясы неғұрлым жиі кездеседі, мұндайда бүйрек мықын асты шұңқыршасында орналасады. Бұл аномалияның неғұрлым жиі болатын көрінісі іш ауырады, ол дистопияланған бүйректің көрші органдар мен нерв өрімдеріне батуынан болады.

Диагностика экскреторлық урографияның, цистоскопия мен ретроградтық уретеропиелографияның деректеріне негізделеді.

Slide 13

Бел дистопиясы әдетте 2-3 бел омыртқаларының деңгейінде орна­ласады, оның шүмекшесі алға қарап тұрады.

Диагностика пальпация, экскреторлық урография мен негізінде жүзеге асырылады. Бел дистопиясы кейде ауырсынумен көрінеді, бүйрек қабырға арасынан ұсталады, оны ісікпен және нефроптозбен шатастырып алады.

Бел дистопиясы

Slide 14

Кеуде дистопиясы

Кеуде немесе торакалдық дистопия ілуде бір ғана кездеседі.

Қиылысты дистопия да өте сирек кездеседі және бір бүйректің ортаңғы сызықтан сыртына ауысуымен сипатталады, осының нәтижесінде екі бүйректе бір жақта орналасқан болып шығады.

Бүйректердің дистопиясы кезінде хирургиялық емдеу тиісті патологиялықпроцесс бар болса ғана қажет болады.

Slide 15

Бүйректің өзара қатынасының

аномалиялары

Екі бүйректің өзара тұтасыпбітуімен сипатталады.

Бүйректердің тұтасуын олардың ортаңғы беті бойынша саралайды -галет тәрізді бүйрек. Бір бүйректің жоғарғы полюсі екінші бүйректің төменгі полюсімен тұтасқан кезде S - тәрізді немесе L - тәрізді деп аталатын бүйрек құралады.

Slide 16

Өт шығару түтігінің құрылысы

Slide 17

Бүйректердің аттас полюстерінің тұтасуымен сипатталатын, таға тәрізді бүйрек деп аталатын аномалия неғұрлым жиі кездеседі. Бұл орайда екі жартысының төменгі сегменттерін қосатын бүйрек мойнағы әдетте ірі тамырлардың- қолқа мен қуыс венаның, сондай-ақнерв торының алдында орналасады. Соңғысы көл жағдайда аномалияның клиникалық көріністерінен - ауыру, ісіну, қол-аяктың ұйи беруін сезіну, тез кажушылықжәне т. б. - себепші болады. Бұл аномалия көп жағдай-да уродинамиканың бұзылуларымен және қайталама гидронефроздың дамуымен қабаттасады.

Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Бүйректер орналасуының аномалиялары
Аномальді бүйректің гистоморфологиялық сипаттамасы
Аномальды бүйректің гистоморфологиялық сипаттамасы
ҚУАЛАЙТЫН АУРУЛАРЫ
Адамдағы тірек-қаңқа жүйесінің ақаулықтары
Ортодонтиядағы балалардың бет жақ аймағының аномалиялары мен деформацияларын емдеудің негізгі принциптері мен әдістері
Несеп тас ауруы
Бауырдың созылмалы аурулары
Жедел жүрек жеткіліксіздігі
Шерешевский - Тернер синдромы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz