Авитаминоздар және гиповитаминоздар


Slide 1

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы: Жалпы медицина

Кафедра: Химиялық пәндер

Дисциплина: Биохимия

Курс: ІI

Тақырыбы: Алиментарлы және екіншілік авитаминоздар және гиповитаминоздар. Гипервитаминоздар.

Құрастырған:

Тобы:

Тексерген:

A

B1

Slide 2

Жоспар

I. Кіріспе

Дәрумендер маңызы

II. Негізгі бөлім

Авитаминоздар және гиповитаминоздар

Гипервитаминоздар

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3 Slide 4

Витаминдер тағам құрамында болатын, маңызы зор, өмірге өте қажетті адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде керекті төмен молекулалы органикалық заттар. Егер бұл заттар адам организімінде жетіспесе не шамадан тыс көбейіп кетсе, организде жүретін әртүрлі химиялық реакциялар баяулап немесе жылдамдап, организмнің қалыпты жұмысы бұзылады. Нәтижесінде әртүрлі патологиялық аурулар пайда болады. Сондықтан диагностикада, ауруды анықтауда, витаминдердің организмдегі белгілі мөлшерінен пайда болатын ауруларды білу маңызды.

Кіріспе:

Slide 5

Витаминдер алмасуының бұзылысының

типтік формалары:

Витамин бұзылысының формалары

Slide 6

Авитаминоз

Авитаминоз- тағамда витаминнің мүлде болмауынан туындайтын паталогиялық күй.

Авитаминоздың пайда болу себептері:

Тағамда витаминнің смүлде болмауы;

Витаминдердің ішекте сіңірілуінің бұзылуы;

Витаминдердің тіндер мен органдарға тасымалдануының бұзылуы;

Slide 7

гиповитаминоз

Slide 8

Бір мезгілде адам организміне бірнеше витамин түспесе полиавитаминоз деп аталады.

Адамда көбінесе витаминнің мүлде жоқ болуынан басқа, оның жетіспеуі де кездеседі. Оны гиповитаминоз деп атаймыз.

Slide 9

Авитаминоз бен гиповитаминозға шалдығу себептері

Тағам құрамында қажетті витаминдердің болмауы алиментарлық бірінші реттік гиповитаминоз деп аталады. . Ал, ас қорыту жүйесінің қызметінің бұзылуы кезінде немесе тағам құрамындағы майлардың болмауында байқалған авитаминоз ішек қуысында немесе гиповитаминоз екінші реттік деп саналады.

Slide 10

В6 витаминінің жетіспеушілігі жас балалардың бойының өсуін тежеп, қан аздығы мен сезіміне тез қозғыштығын тудырады, ал екіқабат әйелдердің бетінде қара дақ пайда болады. В6 витамині мал етінде, балықта, сүтте, ірі қара малдың бауырында, ашытқыларда және көптеген өсімдік өнімдеріне бар.

Slide 11

Гиповитаминоз

Гиповитаминоз- организмге витаминнің аз мөлшерде болуы немесе жетіспеуі салдарынан пайда болатын паталогиялық күй.

Slide 12

Тиамин жетіспеушілігі (Бери-бери ауруы)

Ересек адам күніне 1, 4-2, 4 мг B1 витаминін тұтыну қажет.

В1 витаминінің жеткіліксіздігінің негізгі белгісі - полиневрит, яғни шеткі жүйке жүйесінде дегенеративті өзгерістердің байқалуы. Алдымен жүйке бағанында ауырсыну, содан кейін терінің сезімталдығы жойылып, паралич (бери-бери) пайда болады. Аурудың екінші белгісі - жүрек ырғағының бұзылуы және жүрек аймағында ауырсынумен байқалатын жүрек қызметінің бұзылуы. Сонымен қатар В1 витаминінің жеткіліксіздігі кезінде ас қорыту жүйесінің секреторлық және моторлық бұзылыстары, асқазан сөлі қышқылдылығының төмендеуі, тәбеттің жойылуы, ішек атониясы байқалады.

Slide 13

Тиамин жетіспеушілігі (Бери-бери ауруы)

Slide 14

В2 витаминінің жеткіліксіздігі

В2 витаминінің жеткіліксіздігінің клиникалық көріністері: жас организмнің өсуінің тежелуі, ауыз қуысының кілегей қабатының қабынуы, еріннің айналасында ұзақ уақыт жазылмайтын сызаттардың пайда болуы. В2 витаминінің авитаминозы кезінде көздің шырышты қабығының қабынуы: конъюктивиттер (қарық), көздің қасаң қабығының тамырлануы (васкуляризациясы), катаракта, сонымен қатар бұлшық ет пен жүрек бұлшық етінің әлсіздігі байқалады.

Slide 15

РР/В3 витамині (никотин қышқылы, никотинамид) жетімсіздігі

РР витамині жеткіліксіздігі «пеллагра» ауруына әкеледі. Бұл ауруға 3 белгі тән: дерматит, диарея, деменция («3Д» ауруы) . Пеллагра кезінде күн сәулесінен қорғанбаған терінің симметриялы аймақтарында дерматит, ас қорыту жолдарының бұзылысы (диарея) және ауыз бен тілдің кілегейлі қабықтарының қабынған түрдегі зақымдануы байқалады. Пеллаграның ауыр көріністерінде орталық жүйке жүйесінде бұзылыстар (деменция) - есінен айрылу, галлюцинация және сандырақ байқалады.

Slide 16

Пеллагра ауруы

Slide 17

Гиповитаминоз В6

Күнделікті тұтыну мөлшері тәулігіне - 1, 5 -2, 8 мг.

Балаларда В6 витаминінің жетіспеушілігі орталық жүйке жүйесінде қозудың артуымен, шеткі жүйке жүйесінде тырысып қалумен сипатталады, бұл тежеу медиаторы ГАМҚ жеткіліксіз түзілуімен байланысты.

Ересектерде В6 гиповитаминозының белгілері туберкулезды ұзақ уақыт бойы изониазид препаратымен (В6 витаминінің антивитамині) емдегенде байқалады. Бұл жағдайда жүйке жүйесінің зақымдануы (полиневриттер), дерматиттер, стоматиттер және глоссит дамиды. Клиникалық бақылаудың мәліметтері бойынша пиридоксаль тапшылығы миокард инфарктына әкелуі мүмкін.

Slide 18

Фоль қышқылы (В9/Вс витамині) жетімсіздігі

Фоль қышқылының авитаминозына тән белгілер - қан жасалуының бұзылуы және осымен байланыстықаназдықтың әр түрлі түрлері (мегалобласттық, макроцитарлық анемия), лейкопения дамиды, бой өсуі тежеледі. Вс гиповитаминозы кезінде эпителийдің регенерациясы тежеледі, бұл үнемі бөлінетін кілегей қабықтарының жасушаларындағы ДНҚ синтезіне керек пуриндер мен пиримидиндердің жеткіліксіздігіне байланысты, әсіресе ас қорыту жолдарының бұзылыстары байқалады.

Slide 19

В12 витамині (кобаламин, антианемиялық витамин) жетімсіздігі

Гиповитаминозының негізгі белгісі: моноцитарлық (мегалобласттық) анемия. Бұл аурудың негізгі белгілері: қанда үлкен эритроциттердің болуы, эритроциттер санының азаюы, гемоглобин концентрациясының төмендеуі. Қан жасушаларының бұзылуы ең алдымен қан жасау жүйесінің тез бөлінетін жасушаларындағы нуклеин қышқылдарының алмасуының, соның ішінде ДНҚ синтезінің бұзылуымен байланысты. В12 витаминінің авитаминозына жүйке жүйесіндегі бұзылыстар тән, бұл тақ санды көміртек атомы бар май қышқылдары ыдыраған кезде жиналған метилмалонил қышқылының улылығымен, тармақталған амин қышқылы жиналуымен түсіндіруге болады.

Slide 20

С витамині (аскорбин қышқылы) жетімсіздігі

С витамині жетіспегенде тез шаршау, асқа тәбеттің төмендеуі, жұқпалы ауруға төзімділіктің төмендеуі, теріде көгерген (қанталау) аймақтар пайда болады. Қызыл иек қанауы - C витаминінің гиповитаминозының асқынған белгісі, С витаминінің мүлдем болмауы цинга (скорбут) ауруына шалдықтырады. Цинганың негізгі симптомы капиллярлардың өткізгіштігінің бұзылуы бұл коллагендегі пролин және лизиннің гидроксилденуінің жеткіліксіздігі мен хондроитинсульфаттың синтезінің бұзылуына байланысты.

Slide 21

Цинга

Slide 22

D витаминінің жетіспеушілігі (Рахит)

Д витаминінің авитаминозы балаларда рахит ауруына шалдықтырады. Бұл кальцийдің жетіспеушілігінен жүзеге асады. Ең алдымен остеогенез бұзылады: аяқ-қол сүйектерінің (остеомаляция - сүйектің жұмсаруы нәтижесінде қисаюы), бассүйектің (баланың еңбегінің бітпеуі) және кеуде сүйегінің деформациясы, тіс жарудың кешеуілдеуі байқалады. Бұлшық еттің гипотониясы (іш ұлғаюы) дамиды, жүйке-бұлшық еттік қозу (сәби басын көп қозғалтатындықтан, желке тұсындағы шашы түсіп қалады) күшейеді, сіреспе пайда болуы мүмкін.

Ересектерде кальцийдің жетіспеуі кариес және остеомаляцияға, ал қарт кісілерде остеопороз (остеосинтездің бұзылуына байланысты сүйек тінінің тығыздығының төмендеуі) байқалады. Сүйектің бейорганикалық матриксінің бұзылуы Д витаминінің тапшылығы сүйек тінінен кальцийдің шайылуының күшеюімен және бүйрек каналдарында кальций реабсорбциясының бұзылуымен түсіндіріледі.

Slide 23

А витаминінің жетіспеушілігінің клиникалық көріністері: кешқұрым көрудің бұзылуы (гемералопия немесе ақшам соқырлық), қараңғыға бейімделіктің күрт төмендеуі. А витаминінің авитаминозына көз алмасының зақымдануы - ксерофтальмия, яғни көз жиегі эпителий қабатының қатпарланып, эпителийдің мүйізденуіне байланысты көздің жас шығатын жолдарын жауып, жас бөлінуіне кедергі болады. Бұл өз кезегінде конъюктивиттің, көздің қасаң қабығының ісінуі, кебуі және жұмсаруы, яғни кератомаляцияға әкеледі. Егер дұрыс ем қолданбаса, адам соқыр болып қалуы да мүмкін.

А витаминінің жетіспеушілігі

Slide 24

Гипервитаминоз


Ұқсас жұмыстар
Заттар алмасуына кіріспе.Витаминдердің биохимиясы.Дәрументәрізді заттар.Алиментарлы және екіншілік авитаминоздар мен гиповитаминоздар.Гипервитаминоздар
МАЙДАН АШЫҒУ
Филлохинон тапшылығы
Адам тағамының құрамы
Коферменттердің биологиялық құрамы
Тағамдық заттардың қызметі
Қоректік заттар қатабализмінің жалпы жолдары
Органикалық және минералды компаненттер
Балалардағы гиповитаминоз
Витамин тәрізді заттар. Алиментарлы, екіншілік авитаминоз жане гиповитаминоздар. Гипервитаминоздар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz