ЕҚЫҰ БАСШЫЛЫҒЫ



Баймағамбетов Ерлан Русланұлы
Қазақстан Республикасы және халықаралық ұйымдар
ҚР Білім және ғылым министрлігі
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

«Қазақстан беделді халықаралық
ұйымдар мен байланыс жасай отырып,
еліміздің қауіпсіздігі мен халықаралық
беделін көтерді»
Н. Ә. Назарбаев


Халықаралық ұйымдар

БҰҰ(Біріккен Ұлттар Ұйымы) -1945 жылы құрылды. Штаб пәтері Нью-Йорк қаласында орналасқан. Құрамында 188 ел бар. (2000 ж)
ЮНЕСКО(БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі арнайы ұйымы) -1946 жылы құрылды. Штаб пәтері Париж қаласында орналасқан. Құрамында 183 ел бар.
ЕО(Еуропалық одақ) - 1957 жылы құрылды. Штаб пәтері Брюссель қаласында орналасқан. Құрамында Аустрия, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Грекия, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланды, Португалия, Франция, Финляндия, Швеция елдері бар.
АСЕАН(оңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясы) -1967 жылы құрылды. Штаб пәтері Джакарта қаласында орналасқан. Құрамында Индонезия, Малайзия, Сингапур, Тайланд, Филиппин, Вьетнам, Бруней, Лаос, Мьянма, Камбоджа елдері бар.

ОПЕК(Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы) -1960 жылы құрылған. Штаб пәтері Вена қаласында орналасқан. Құрамында Сауд Арабиясы, Иран, Ирак, Ливия, Алжир, БАӘ, Венесуэла, Габон, Индонезия, Катар, Кувейт, Нигерия елдері бар.
МАГАТЭ(Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік) -1987 жылы құрылған. Штаб пәтері Вена қаласында орналасқан. Құрамында 120-ға жуық ел бар.
НАТО(Солтүстік Атланттық келісім ұйымы) -1949 жылы құрылған. Штаб пәтері Брюссель қаласында орналасқан. Құрамынды АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Бельгия, Дания, Канада, Люксембург, Исландия, Испания, Нидерланды, Норвегия, Португалия, Грекия, Түркия, ГФР, Чехия, Венгрия, Польша, Болгария, Латвия, Литва, Румыния, Словакия, Словения, Эстония елдері бар


Саясаттың ғаламдануы ұлттық мемлекеттердің халықаралық қатынастардағы орны мен рөлін өзгертуге әкелді. Аймақтандыру және ғаламдастыру процестері жекелеген мемлекеттердің де, сондай-ақ тұтас алғанда халықаралық саяси жүйенің де рөлі мен функциясына үлкен ықпал етуде. Қалыптасқан геосаяси өмір болмысын және әлемдегі геосаяси күштердің қатарындағы өзінің орнын байсалды бағалай келіп, Қазақстан ТМД, сондай-ақ бүкіл әлем шеңберінде әр түрлі интеграциялық топтардың жұмысына белсенді түрде қатысуда, осы арқылы ол әлемнің ғаламдық проблемаларын шешуге өз үлесін қосып қана қоймай, сонымен бірге ұлттық мүдделерін шешуге жол ашады.
1992 жылы 2-наурызда Қазақстанның БҰҰ-ға кіруі өзінің маңызы жағынан тарихи акция болды. Қазақстан БҰҰ-ға әлемдік қоғамдастықтың қатардағы жаңа мүшесі ретінде ғана емес, сонымен бірге қазіргі заманның ең бір өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын, ядролық қарусыздану жолындағы қозғалыстың алғы шебінде тұрған мемлекет ретінде енді.
Әлемдік саяси проблемаларға Қазақстанның тепе-теңдік сақтаған және шынайы көзқарасы БҰҰ БА-ның күн тәртібіндегі өткір мәселелер бойынша дауыс берген кезде осы халықаралық форумда оң бағаланып жүр. Біздің еліміз ЕҚЫҰ-ның, Парламентаралық Одақ пен Экономикалық Ынтымақтастық ұйымының мүшесі болғандықтан осы бірлестіктердің БҰҰ мен ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған Бас Ассамблея қабылдайтын қарарлардың тең авторы болып табылады.
БҰҰ-дағы біздің мемлекетіміздің ұстанымы БҰҰ қарапайым мәселелердің бүкіл кешені бойынша Қазақстанның мүдделерін ескерудің негізінде қалыптасады. Бұл орайда экономика, экология, әлеуметтік даму, халықаралық құқықты прогрессивті дамыту, адам құқығын сақтау саласында, ұйымдасқан қылмыс пен есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында БҰҰ мен өзара іс-қимылды нығайтуға айырықша көңіл бөлінде.
Экономикалық Ынтымақтастық ұйымы 1985 жылы құрылды. 1992 жылғы қарашада жаңа жеті мемлекет, оның ішінде Қазақстан ЭЫҰ құрамына кіргеннен кейін аталған бірлестіктің қызметі елеулі түрді жанданды. ЭЫҰ-ның негізгі міндеті - мүше елдердің үздіксіз әлеуметтік- экономикалық дамуы үшін, аймақ мемлекеттері экономикасының шаруашылық байланыстарының әлемдік жүйесіне дәйекті түрде және бірте-бірте кірігуі үшін жағдай жасау болып табылады.
Біздің еліміздің қазіргі заманғы әлемнің жетекші қаржылық және экономикалық институттарымен өзара іс-қимылы Қазақстанның тұрақты экономикалық өсімінің маңызды шарттарының бірі болып табылады. Осындай құрылымдардың қызметіне Қазсқатнның қатысуы әлемдік рынокта оның позициясын нығайтуға, сыртқы берешек проблемаларын реттеу және ішкі ақша айналымын тұрақтандыру үшін енгізуге қаржылық ресурстар тартудың перспективасын жақсартады.
Экономикалық реформаларды қаржыландыру, ұлттық экономиканың жекелеген салаларын дамыту жөніндегі арнайы жобаларды іске асыруға арналған заемдар мен несиелерді алу көзқарасы тұрғысынан Қазақстан Халықаралық Валюта қоры, Дүниежүзілік банк, Еуропалық Қайта құру және Даму банкі, Азиялық Даму банкі, Ислам Даму банкі сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастыққа басымдықты рөл береді.

Берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасау. Басқа топтарға өкілдерді жіберіп, өз жұмысы туралы топта талқылау, идеялармен бөлісу, ынтымақтастықты дамыту.
Ынтымақта бірлікте жұмыс жасауға, білгенін жолдастарымен бөлісуге, тақырыпты ортаға салып талқылауға, түйінді ойды саралауға жетелейді.
«Джигсо» әдісі
Элиот Аронсон бойынша

Тапсырма ҚР және халықаралық ұйымдар
1 топ
“БҰҰ”
2 топ
“ЕҚЫҰ”
3 топ
“ЕО”
ҚР және БҰҰ
ҚР және ЕҚЫҰ
ҚР және ЕО
Еуропадағы қауіпсіздік, ынтымақтастық ұйымы және Қазақстан












1992 ж. қаңтарда - Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымға (ЕҚЫҰ) қатысушы мемлекетіне айналды.
1995 ж. - ҚР-дың ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі (Вена) және ОА-дағы ЕҚЫҰ-ның өңірлік бюросы ашылды (Ташкент) .
1999 ж. - Алматыда ЕҚЫҰ Орталығы ашылды.
2007 ж. 21 маусымда - ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің шешімімен Орталық Астанадағы ЕҚЫҰ орталығына қайта аталды.
2007 ж. желтоқсанда - Мадридтегі ЕҚЫҰ СІМК шешімімен Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағасы болып сайланды.
2010 ж. - ҚР-дың ЕҚЫҰ-ғы Төрағалығы.
2010 ж. 16-17 шілдеде - Алматыдағы ЕҚЫҰ бейресми СІМК шеңберінде ҚР-да Саммит өткізу туралы шешім қабылданды.
2010 ж. 1-2 желтоқсанда - ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың төрағалығымен Астанада ЕҚЫҰ Саммиті өтті.
2011 ж. қыркүйек-желтоқсан - ҚР-дың Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі форумында (ҚсЫФ) төрағалығы.
2011 ж. желтоқсанда - «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасының мен ҚР-дың ЕҚЫҰ «Үштігі» құрамындағы қызметінің аяқталуы.
2014 ж. қыркүйек - қазақстандық дипломат Мәдина Жарбосынова ЕҚЫҰ-ның адам саудасына қарсы күрес жөніндегі Арнайы өкілі лауазымына тағайындалды.
2014 ж. 18 желтоқсанда - ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің шешімімен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығын ЕҚЫҰ-ның Бағдарламалар офисі етіп қайта құрылды.
2016 ж. 9 ақпаннан бастап - ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисін мажар елшісі Дьердь Сабо басқаруда.

Ұйым қызметінің барлық үш өлшемі бойынша: әскери-саяси, экономико-экологиялық, гуманитарлық және ЕҚЫҰ-ның орталық институттарымен (Хатшылық, ДИАҚБ, ҰАЖК, ЕЫҚҰ-ның БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілінің офисі, Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі арнайы өкілінің офисі), сонымен қатар оның далалық миссиясы - ЕЫҚҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисімен өзара ынтымақтастығы жүргізілуде.
ЕҚЫҰ-ның Астана Саммитінің мұрасын насихаттау алдағы жылдары Қазақстанның Ұйымдағы қызметінің негізгі өзегі болып қала береді.
Әскери-саяси өлшемде ҚР еуроатлантикалық және еуразиялық қауіпіздікті қамтамсыз етуге, сенім шараларын кұшейтуге, «созылмалы қақтығыстарды» реттеуге қатысты көпжақты күш-жігерді қолдауды жалғастыруда. Украинадағы жағдайға және Арнайы байқаушылар миссиясының жұмысына байланысты ЕҚЫҰ қызметіне айрықша көңіл аударылуда.
ЕҚЫҰ-ның экономикалық-экологиялық бағытында Азия мен Еуропаны біріктіретін трансконтиненталды көліктік дәліздерді дамыту Қазақстан үшін маңызды басымдық болып қалуда. Қоршаған ортаны қорғау саласында, соның ішінде Арал пролемасын шешуде және Орталық Азиядағы су ресурстарын тиімді басқаруда ЕҚЫҰ әлеуетін пайдалану бойынша жұмыстар жалғастырылуда.
Адами өлшемде Қазақстан үшін төзімсіздік пен кемсітушіліктің барлық формаларына қарсы күрес, толеранттылық, адам құқықтарын қорғау, заң үстемдігі, сот жүйесінің тәуелсіздігі, гендерлік тепе-теңдікті ілгерілету және адам саудасына қарсы күрес сияқты мәселелер маңызды болып қалуда.
ЕҚЫҰ/ДИАҚБ реформалау, сайлауды бақылау бойынша бірыңғай талаптарды орнату, сондай-ақ Ұйымның құқықтық тұрғыдан бекітуші құжатын қабылдау бойынша күш-жігерде ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттерді қолдау бойынша жұмыстар жалғастырылуда.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйым






Е
Қ
Ы
Ұ
уропадағы
ауіпсіздік
нтамақтастық
йымы

Алғашқы кезде Еуропаның қауіпсіздік және
ынтымақтастық жөніндегі кеңестің негізі 1973 жылы
Кеңестер Одағының ұйытқысымен қаланыпты.
1973 жылы шілде айында Шығыс пен Батыс елдері арасында орын алған шиеленісті жағдайды реттеу үшін Хельсинкиде 33 мемлекеттің басшысы кездесіпті. Сол кездегі келісім - шарттың қорытындысына 1975 жылы 30 шілде - 1 тамызда Филияндия астанасы Хельсинкиде 35 мемлекеттің басшысы қол қойылып, ол тарихта «Хельсинки келісімі» деген атпен қалды.
ЕҚЫҰ деген не?

Жұмыс бағыты
Қауіпсіздік
Ынтымақтастық
Адам құқығы

Мемлекет
Кірген уақыты
Мемлекет
Кірген уақыты
Австрия
25 маусым 1973
Македония
12 қазан 1995
Азербайджан
30 қаңтар 1992
Мальта
25 маусым 1973
Албания
19 маусым 1991
Молдавия
30 қаңтар 1992
Андорра
25 сәуір 1996
Монако
25 маусым 1973
Армения
30 қаңтар 1992
Нидерланды
25 маусым 1973
Белоруссия
30 қаңтар 1992
Норвегия
25 маусым 1973
Бельгия
25 маусым 1973
Польша
25 маусым 1973
Болгария
25 маусым 1973
Португалия
25 маусым1973
Босния и Герцеговина
30 сәуір 1992
Россия (СССР)
25 маусым 1973
Ватикан
25 маусым 1973
Румыния
25 маусым 1973
Великобритания
25 маусым 1973
Сан-Марино
25 маусым 1973
Венгрия
25 маусым1973
Сербия
25 маусым 1973
Германия
25 маусым 1973
Словакия
1 қаңтар 1993
Греция
25 маусым 1973
Словения
24 наурыз 1992
Грузия
24 наурыз 1992
США
25 маусым 1973
Дания
25 маусым 1973
Таджикистан
30 қаңтар 1992
Ирландия
25 маусым 1973
Туркмения
30 қаңтар 1992
Исландия
25 маусым 1973
Турция
25 маусым 1973
Испания
25 маусым 1973
Узбекистан
30 қаңтар 1992
Италия
25 маусым 1973
Украина
30 қаңтар 1992
Казахстан
30 қаңтар 1992
Финляндия
25 маусым 1973
Канада
25 маусым 1973
Франция
25 маусым 1973
Кипр
25 маусым 1973
Хорватия
24 наурыз 1992
Киргизия
30 қаңтар 1992
Черногория
22 маусым 2006
Латвия
10 қыркүйек 1991
Чехия
1 қаңтар 1993
Литва
10 қыркүйек 1991
Швейцария
25 маусым 1973
Лихтенштейн
25 маусым 1973
Швеция
25 маусым 1973
Люксембург
25 маусым 1973
Эстония
10 қыркүйек 1991

ЕҚЫҰ құрылымы

ЕҚЫҰ басшылығы

Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің ішінде алғашқы болып Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүшелікке кірді.
30 қаңтар 1992 жыл

Біріккен Ұлттар ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесу

«Біз бұл сессияны ЕҚЫҰ-ға біздің төрағалығымыздың "Сенім, дәстүр, ашықтық және төзімділік" дейтін ортақ ұранымен өткізіп отыруымыз кездейсоқтық емес.
Біз күн өткен сайын адамдар арасындағы СЕНІМДІ нығайта бердік.
Біз Отан тағдыры үшін ортақ жауапкершіліктің жаңа ДӘСТҮРІН қалыптастырдық.
Біз этносаралық және конфессияаралық қатынастарда АШЫҚТЫҚТЫ қамтамасыз еттік.
ТӨЗІМДІЛІК Қазақстанды табысты да сенімді дамытудың маңызды факторына айналды.
Бұл қағидаттар біздің еліміздің ішкі де, сыртқы да саясатының рухын бейнелейді».

Әскери
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz