Педагогика ғылымы жүйесіндегі жоғарғы мектеп педагогикасының алатын орны


Slide 1

Педагогика ғылымы жүйесіндегі жоғарғы мектеп педагогикасының алатын орны

Slide 2

Жоспар:

Қазіргі әлемдегі жоғары білімнің даму тенденциясы және негізгі бағыттары.

Әлемдік білім беру кеңістігі.

Қазақстан Республикасындағы жоғары білім.

Университетте ғылыми педагогикалық кадрларды даярлау

Slide 3

Біз неге педагогиканы оқимыз?

Біріншіден қазіргі қоғамда нағыз кәсіби маман деп өмір бойы өзіндік ілім алуға қабілетті, яғни өзін-өзі оқыта алатын, өзін-өзі білімдендіре алатын адамды айтамыз.

Екіншіден магистратурада оқу барысында болашақ ЖМ, колледж оқытушылары даярланады, сондықтанда олардың жоғары кәсіби-педагогикалық мәдениеті қалыптастырылуы тиіс.

Slide 4

Үшіншіден, «адам-адамң жүйесінде қызмет ететін адамдардың барлығы педагогикалық, тіпті ағартушылық функцияны атқарады. (Отбасынан бастап, барлық қызметтте: заңгер, экономист, техник, медик, журналист, саясаттанушы, психолог т. б. )

Төртіншіден, әлеуметтік-экономикалық қоғам дамуының қозғаушы күшінің бірі де білім болып отыр, тіпті қарапайым тұрғыдан қоғамның дамуын қадағалау үшін еліміздің, шетелдің білім беру жүйесі туралы мағлұматымыз болуы тиіс.

Бесіншіден, «педагогикаң ғылымы өзіндік ауқымды, бай тәжірибе жинақтаған, ол қазіргі ғылыми білім мен адам мәдениетінің бір бөлігі болып табылады, оны білу үшін алғашқы педагогикалық білімді игеру керек.

Алтыншыдан, сапалы білім алу барысында қоятын талаптарды білу үшін, әркім білім беру жүйесін толық түсінуі тиіс.

Slide 5

ҚР МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ Стандарт бойынша магистрант қандай білім, білік, дағдыны игеруі тиіс: қазіргі білімдендіру технологияларын қолдана отырып, жаңа білімді меңгеруді үйренуі және өз еңбегін ғылыми тұрғыда ұйымдастыра білуді;

Жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясының негіздерін білуі және оны практикада қолдана білуді; апараттық және білімдендіру технологияларын қолдана отырып, курс аяқталғаннан кейін де өзіндік оқып, білім жинақтауды; мәдени ойлауды, көпшілік алдында сөйлеуді, өз ойын жазбаша және ауызша түрде дұрыс, қисынды құрастыра білуді және т. б

Slide 6

Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу-орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысты, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады.

Жоғары білім берудің мақсаты - қоғамның, мемлекеттің және тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға кеңінен мүмкіндік беру.

Slide 7

Міндеттері:іргелі білімді кеңінен меңгерген, бастамашыл, еңбек рыногы мен технологиялардың ауысып тұратын талаптарына бейімделген, командада жұмыс істей білетін жаңа тұрпатты маман даярлау; білім беру процесін демократияландыру арқылы жоғары білім берудің барлық жүйесінің сапалы білім беру қызметін ұсынуға деген уәждемелерін күшейту;

жоғары оқу орындарын халықаралық аккредиттеуден өтуге дайындау. Бетке ұстар жоғары оқу орындары дамытуға объективті жағдайлар жасау; жоғары оқу орындарын басқарудың жаңа принциптері мен практикасын қалыптастыру, стратегиялық жоспарлау жүйесін енгізу; студенттердің сапалы білім алуға деген құқықтарын нығайту, жоғары оқу орын басшыларының сапалы білім беру қызметін ұсыну жауапкершілігін анықтайтын тетіктерді әзірлей және енгізу.

Slide 8

Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің дамуын талдау онда кредиттік білім беру жүйесіне негізделген, кадрлар даярлаудың үш сатылы моделінің кең тарағанын көрсетеді:

Бакалавриат

Магистратура

Докторантура

Бұл модель АҚШ университтетерінде және Еуропаның көптеген елдерінде қолданылады.

Slide 9

Шындықты танудағы ғылым дамуының ішкі қарқындары заңдылығын ашу және пайдалану қағидасы, оны адам табиғатына сәйкестендіру. Бүтіндей педагогикалық процесті ашық динамикалық және өзін-өзі ұйымдастырушы жүйе ретінде қарастыру қағидасы.

Субъектілі-объектілі-субъектілі қатынастар (парадигма) .

Ойлаудың жаңа тұрпаты және қағидалары алға шығуда. Біз бүгінгі күннің ойлау бейнесіне сай келетін біртұтас педагогикалық процесті құрудың және мамандарды дайындаудың жаңа моделін ұсынамыз.

Бұл модел үш қағидаға негізделген және жаңа парадигмаға:еуроцентристік және Рухани сипатты ойлау бейнелерінің интеграциясы қағидасы, яғни оқыту- тәрбиелеу жүйесінің Батыстық және Шығыстық әдістерінің бірлігі қағидасы.

Slide 10

Назарларыңызға рахмет


Ұқсас жұмыстар
Жоғары мектеп педагогикасының қызметтері
ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСЫП, ДАМУЫ ТУРАЛЫ ЕҢБЕКТЕР
Жоғары мектеп педагогикасының жалпы негіздері
Педагогика ғылымындағы әдіснамалық амал тұғырларының плюрализмі
Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың міндеттері мен бағыттары
Педагогика ғылымның әдіснамасы
Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы
Жоғары мектеп педагогикасы кәсіби мамандарды даярлау туралы ғылым
Педагогика ғылымы және оның адам туралы ғылым жүйесіндегі рөлі
ПРЕЗЕНТАЦИ ПСИХОЛОГ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz