Педагогикалық іс-әрекеттің мәні, құрылымы және болжам жасаудың маңызы


Slide 1

Педагогикалық іс-әрекет

Орындаған:

Абдрахимова А.

Тобы:6М 102-18

Қабылдаған:

Қаражігітова К.

Slide 2

Жоспар:

1. Педагогикалық іс-әрекеттің мәні

2. Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы

3. Педагогикалық болжам жасаудың маңыздылығы

Slide 3

Педагогикалық іс-әрекеттің мәні

Педагогикалық мамандықтың мәні оның өкілдері арқылы жүзеге асырылатын педагогикалық іс-әрекет негізінен көрінеді. Бұл әлеуметтік әрекеттің ерекше түрі, ол жинақталған мәдениет пен тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беруге және қоғамда нақты әлеуметтік роль орындауға даярлық негізінде жеке бастың дамуына жағдай тудыруға бағытталған.

Бұл іс-әрекетті педагогтар ғана емес, сонымен қатар ата-аналар, қоғамдық ұйымдар, өнеркәсіп пен мекемелердің жетекшілері, өндірістік және басқа топтар, жалпы ақпарат құралдары жүзеге асырады. Бірақ, ең бірінші іс-әрекет - ол кәсіби әрекет, яғни педагог арқылы жүзеге асырылады, ал қалғандары - жалпы педагогикалық болып табылады. Педагогикалық іс-әрекет кәсіби әрекет сияқты арнайы қоғам ұйымдастырған білім беру мемкемелерінде: мектепке дейінгі мекемелер, мектептер, кәсіби-техникалық училищелер, орта арнаулы және жоғары оқу орындары, қосымша білім беретін мекемелер, біліктілікті жоғарылату, қайта даярлауда үлкен орын алады.

Slide 4

Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты тәрбие мақсатын жүзеге асырумен тығыз байланысты. Бұл жалпы стратегиялық мақсат әр түрлі бағыттағы тәрбие мен оқытудың нақты міндеттерін шешуге бағытталған.

Педагогикалық іс-әрекеттің мәнін түсіну үшін оның құрылымын талдау қажет, ал оның өзін мақсат, мотив, әрекет (операция), нәтиже бірлігінде қарау керек. Іс-әрекеттің, оның ішінде педагогикалық іс-әрекеттің жүйелі сипаттамасы мақсат болып табылады .

Slide 5

Қажеттілік - аса қажеттіліктен және оны жүзеге асыру мен дамыту үшін қажет объекттер мен әрекеттерде туындайтын адамның күйі, сондай-ақ оның белсенділігінің көзі болып келетін, танымдық үрдістерді, қиял мен жүріс-тұрысты ұйымдастырады және бағыттайды.

Мотив - қажеттілікті қанағаттандыруға байланысты іс-әрекетке түрткі болу; әрекеттер мен қылықтардың таңдауы түсіндірілетін сезінімді себеп; әрекеттерді таңдауға түрткі болатын зат(материалды немесе идеалды

Мақсат - күтілетін нәтиженің сезінімді бейнесі, адамның іс-әрекеті соған қол жеткізуге бағытталған.

Slide 6

Есеп - қандай да бір жағдайларда берілген және осы жағдайлардың түрлендірілуі кезінде орындалатын іс-әрекет мақсаты

Операция - берілген жағдай шарттарымен анықталатын әрекетті жүзеге асыру әдісі.

Әрекет - іс-әрекет бірлігі, сезінімді мақсатқа жетуге бағытталған кездейсоқ, қасақана белсенділік

Slide 7

Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы

Н. В. Кузьмина педагогикалық іс-әрекет құрылымында бір-бірімен тығыз байланысты 3 компонентті көрсетеді:

құрылымдық,

ұйымдастырушы,

коммуникативті.

Педагогикалық іс-әрекеттің бұл түрлерін нәтижелі жүзеге асыруда

іскерліктер мен қабілет қажет.

Slide 8

Педагогикалық іс-әрекеттің бұл түрлерін нәтижелі жүзеге асыруда

іскерліктер мен қабілет қажет.

Құрылымдық әрекет үшке бөлінеді:

құрылымдық-мағыналы (оқу материалын таңдау, педагогикалық процесті жоспарлау және құру),

құрылымдық-оперативті (өз әрекеті мен оқушылар әркеетін жоспарлау),

құрылымдық-материалды (педагогикалық процестің оқу-материалды базасын жобалау) .

Ұйымдастырушы әрекет оқушылардың әр түрлі іс-әрекетпен

айналысып, ұжым және біріккен іс-әрекетті ұйымдастыруға бағытталған әрекеттер жүйесін орындау.

Коммуникативті әрекет педагогтың тәрбиеленушілермен, мектептің

басқа педагогтарымен, қоғамның өкілдерімен, ата-аналармен педагогикалық қатынас орнатуға бағытталған әрекет.

Slide 9

Педагогикалық іс-әрекет ұғымына түсінік .

Қоғамдық (әлеуметтік) тәрбие - бұл "адам-адам" қатынастары желісінде жүргізілетін тәрбие, яғни тікелей адам аралық байланыстар мен осы мақсатқа арнайы ұйымдастырылған қоғамдық мекемелер (қайырымдылық қорлары, ұйымдары, қоғамдар бірлестіктер т. б. ) тарапынан болатын істер.

Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесі мінез-құлық, әрекет пен қарым-қатынаста екі жақты өзгерісі болатын педагог пен тәрбиеленушінің арнайы келсімі.

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
Мұғалім іс-әрекетінің объектісі және педагогикалық процестің мәні мен құрылымы
Педагогикалық қабілеттілік: В.А. Крутецкий мен Н.В. Кузьмина концепциялары, мұғалімнің кәсіби қасиеттері және іс-әрекеттің продуктивті деңгейлері
Педагогикалық іс-әрекет: тарихы, құрылымы және кәсіби қасиеттері
Педагогикалық процестің теориясы: мәні, заңдылықтары, принциптері және құрылымы
Педагогикалық іс-әрекет және оның құрылымы: мақсаты, компоненттері және мотивациясы
Тұтас педагогикалық үдерістің мәні, құрылымы және заңдылықтары
Педагогикалық іс-әрекет: пайда болуы, құрылымы және мұғалімнің кәсіби қасиеттері
Жоғары оқу орындарындағы біртұтас педагогикалық процестің мәні, мазмұны, құрылымы және оқу технологиялары
Педагогикалық үдерістің мәні мен құрылымы: заңдылықтары, принциптері және тұлға дамуы
Әлеуметтік-педагогикалық жұмыста ойынның психологиялық-педагогикалық мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz