Кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері




Презентация қосу
Кәсіпкерлік
субъектілерінің
бірлестіктері
Коммерциялық емес ұйым. «Атамекен» ҰКП
ҚР Үкіметімен және мемлекеттік органдарымен
бизнестің келіссөздік күшін кеңейту үшін
құрылған. Кәсіпкерлер палатасы өз қызметімен
кәсіпкерліктің, соның ішінде ішкі және сыртқы
сауданың барлық салаларын қамти отырып, Қуанышбаева А
шағын, орта және ірі бизнес мүдделерін Қыпшақбай А
ұсынады. Есенгелдина А
Кәсіпкерлік субъектілері өздерінің кәсіпкерлік қызметін
үйлестіру, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің ортақ
мүдделерін білдіру мен қорғау мақсатында құратын
қауымдастық (одақ).
• Қызметі:
1) барлық кәсіпкерлік субъектілерінің тең құқықтылығына;
2) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі
бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдерді қабылдауға жол
бермеуге;
3) кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің заңды түрде жүзеге
асырылатын қызметін шектеуге жол бермейтін тәуелсіздікке;
4) қызметінің ашықтығы, өз мүшелері алдында есеп беруге,
жауапкершілікке;
5) шешімдер қабылдаудағы және оларды іске асырудағы
тиімділікке, жүйелілікке және жеделдікке негізделеді.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Ұлттық палатаның
міндеттері:
1) кәсіпкерлік қоғамдастықты шоғырландыру;
2) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру,
қамтамасыз ету және қорғау;
3) кәсіпкерлік субъектілері мен олардың қауымдастықтарының
(одақтарының) мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимылын
ұйымдастыру;
4) Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін
қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға
жәрдемдесу;
5) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын
заңнамасын жетілдіру процесіне қатысу;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттер
болып табылады.
ПАЛАТА ТАРИХЫ
• ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2013 жылдың 9 қыркүйегінде ҚР Үкіметі
және «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП-ның бірлескен шешімімен құрылған. 2015
жылдың 27 наурызында Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық
кәсіпкерлер палатасы болып ресми түрде қайта тіркелді (2015 жылғы 27
қаңтардағы ҚР ҰКП-ның кезектен тыс ІІ Съезінің шешіміне сәйкес).
• «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасын құруда бизнес-
қоғамдастықтарды ұйымдастырудың континенталді моделі негізге алынды.
Палатаның кәсіпкерлердің жалпыға бірдей мүшелігі моделі континенталді
(еуропалық) моделіне негізделген. Бұл модель Франция және Германияда
әзірленіп, еуропаның жетекші елдерінде сәтті жүзеге асып жатыр.
• Бүгінде Еуропалық Одақтың 19 миллион кәсіпорны ішінен 15,5 миллион
кәсіпорын жалпыға бірдей міндетті мүшелік бизнес-ортасында жұмыс
істейді. Бұл көрсеткіш 90%-ға тең. Германия, Франция, Италия, Испания,
Нидерланды, Греция, Австралияда; Еуропалық одақтан тысқары Түркияда
кәсіпкерлерді біріктіру үдерісінде мүшелік кәсіппен айналысатын әр
тұлғаға міндетті. Осы модель нәтижесінде бұл мемлекеттер экономика
дамуында қарқынды көрсеткіштерге қол жеткізген.
Ұлттық палатаның кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары
мен заңды мүдделерін білдіру, қорғау жөніндегі функциялары

• Ұлттық палатаның қоғамдық мониторинг саласындағы
функциялары
• Ұлттық палатаның кәсіпкерлікті қолдауды және дамытуды
ұйымдастыру саласындағы функциялары
• Ұлттық палатаның отандық өндірісті қолдау және жергілікті
қамту үлесін арттыру саласындағы функциялары
• Ұлттық палатаның экономика салаларында кадрларды
даярлау, қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру,
сертификаттау және аттестаттау мен техникалық және кәсіптік
білім беруді дамыту саласындағы функциялары
• Ұлттық палатаның кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы
экономикалық қызметін дамыту, инвестициялар тарту және
ұлттық экономиканы әртараптандыру саласындағы функциялары
• Ұлттық палатаны құру бизнеске деген көзқарасты
түбірімен өзгертті – бұл біріншіден, екіншіден, оның
дамуына айтарлықтай серпін берді. Бар-жоғы 3
жылдың ішінде орта және шағын бизнес көлемі 18-
20%-дан 25%-ға дейін артты. Бұл дағдарыс
жағдайында үлкен көрсеткіш болып саналады.

Ұқсас жұмыстар
Жеке кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық - құқықтық нысандары
Кәсіпкерліктің мәні және міндеттері
Кәсіпкерлік субъектілері
Балықтарды қорғау
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
Кәсіпкерлік қызметтің заңдылығы
Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметті реттеудегі ролі және мемлекеттік реттеуді жүргізетін мемлекеттік органдар
Кәсіпкерлік қызметті бақылау
Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің заңдылық
Ауыл шаруашылық кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлерін құқықтық реттеу
Пәндер