Тіс ұлпасының құрылысы



Мамандығы: «Стоматология»
Пән: Биологиялық химия
Кафедра: Химиялық пәндер
Курс: II
Тобы: «204»
Тақырыбы: Тіс ұлпасының қалыптасуындағы гармондар мен витаминдердің маңызы. .
Студенттің өзіндік
жұмысы
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік
Медицина Университеті
Орындаған: Боранбаева З. Б.
Тексерген: Бесімбаева Ж. Б
Ақтөбе 2018 жыл

Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Тіс ұлпасының қалыптасуындағы А, С, Р, Д, К, Е витаминдерінің ролі.
2. Тіс ұлпасының қалыптасуындағы паратгармон мен кальцитонинннің әсері.
3. Тіс ұлпасында минералды заттардың витамаиндердің жетіспеушілігідегі және паратгармон мен кальцитонионнің реттелуі бұзылысындағы биохимиялық өзгерулер.
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе. Тіс ұлпасының құрылысы.
Тіс ұлпасы (пульпа зуба - pulpa dentis) тіс қуысында (полость зуба - cabum dentis) орналасқан және екі бөліктен тұрады (1-сурет) : сауыт ұлпасы (коронковая пульпа - pulpa coronalis), түбір ұлпасы (корневая пульпа - pulpa radicis) .
Көптүбірлі тістерде түбір ұлпасы мен сауыт ұлпасының арасында өте анық анатомиялық шекара бар. Ол шекара - өзек сағалары (устья каналов) болып табылады.

Тістің түбірі ұшында тесік орналасқан (верхушечное отверстие - foramen apicalis) . Тіс толық қалыптасқаннан кейін бұл анатомиялық тесік физиологиялық тесікке айналады. Түбір ұшында цементтің қалыптасуына байланысты жаңа анатомиялық тесік пайда болады және физиологиялық тесіктен түбір ұшына қарай алшақтай береді және осы екі тесік арасында қалыңдығы 0, 8-1, 5 мм негізі цементтен тұратын аймақ қалыптасады.
Сауыт ұлпасы сауыт қуысының күмбездері астында шайнау және тістеу қыры төмпешіктеріне сай шығыңқы ошақтар құрай орналасады. Ұлпаның әрбір шығыңқы аймағын ұлпа мүйізшесі (рог пульпы - cornu pulpae) деп атайды. Дер кезінде емделмеген тісжегі үрдісі кешікпей ұлпа қабынуымен асқынады.

Тіс ұлпасы немесе тістің жұмсақ тіні эмбриональды типті күрделі дәнекертінді шағын ағза, жасушалық (клеткалық) құрылымдарға, қантамырларына, нерв талшықтарына және рецепторлық аппараттарға бай. Бұлардың барлығы ұлпаның қызметін және өміршеңдігін қамтамасыз етеді. Тіс ұлпасы тіс қуысын толығымен толтырып, түбір ұшы тесігі аймағында периодонт тініне ауысады. Ұлпаның жалпы көрінісі тістің пішінін және сыртқы рельефін қайталайды. Тістің сауыт қуысында орналасқан ұлпаның бөлігі сауыт ұлпасы, түбір өзектерінде жатқан бөлігі түбір ұлпасы деп аталады. Бұл атаулар тек анатомиялық бөлшектеуді көрсетпейді, сауыт және түбір ұлпасының орналасу ерекшеліктеріне, пішіндеріне, құрылымдарының және қызметтерінің әртүрлілігіне негізделе отырып берілген. Бұл ерекшеліктер көптүбірлі тістерде өте анық көрініс тапқан және олардың анатомиялық шекарасы түбірлер өзектерінің сағалары (устья) болып табылады.

Морфологиялық құрылысы
Морфологиялық құрылысы жағынан тіс ұлпасы борпылдақ дәнекер тінге жатады және былқылдақ жасушааралық негізгі затқа бай болып келеді. Талшықты құрылымдары коллаген және ретикулярлы (аргирофильді) талшықтардан тұрады, эластикалық талшықтар ұлпада анықталмаған. Ұлпаның жасушалық құрылымы одонтобласттардан, фибробласттардан толық жетілмеген () жасушалардан (жұлдызша жасушалар, перициттер) орныққан макрофагтар және басқалардан тұрады. Бұл жасушалар ұлпада біркелкі орналаспаған және белгілі бір заңдылыққа бағынады. Шартты түрде ұлпада үш қабатты ажыратады: шеткейлік немесе одонтобласттар қабаты, одонтобласттар асты және орталық қабаттар. Әрбір қабат өзіне тән физиологиялық қызмет атқарады және әр түрлі үрдістерге өзінше жауап қайтарады.


Дентинмен тікелей жанасқан шеткейлік қабатта бірнеше қатар құрап (2-4) одонтобласттар орналасады. Бұлар жақсы жетілген, биік цилиндрге ұқсас, қою базофиьді цитоплазмалы жасушалар. Әрбір жасуша көптеген қысқа және дентин өзекшелеріне өтетін ұзын өсінділер (Томес талшығы) береді.
Жасушаның денесі жасушалық органеллаларға бай: жақсы дамыған жасушаішілік торлы аппарат, пластиналы кешен - Гольджи аппараты, көптеген митохондрийлер, ядросында көп мөлшерде хроматин және бірнеше ядрошықтар бар. Түбір ұлпасына ауысқан сайын одонтобласттар қатары азаяды және 1-2 ғана қатар құрайды.
Одонтобласттар асты қабаты ұсақ толық жетіле қоймаған () жұлдызша жасушалардан немесе преодонтобласттардан тұрады. Олардың денелерінен көптеген өсінділер тарайды және бір - бірлерімен араласа өрім құрайды. Ұзын өсінділері одонтобласттар арасына кіре орналасады. Қажет болған жағдайда бұл қабаттың жасушалары одонтобласттарға айналады.

Орталық қабатта фибробласттар және гистиоциттер (орныққан макрофагтар) орналасқан. Қажет болған кезде фибробласттар да одонтобласттар мен преодонтобласттарға айналады. Бұл қабаттағы жасушалар (гистиоциттер) қорғаныс қызметін атқарады. Одонтобласттар және одонтобласттар асты қабаттарында көп мөлшерде адвентициальдық жасушалар (перициттер) қан тамырлар бойымен орналасқан. Бұл жасушалар толық жетілмеген жасушалар қатарына жатады.
Сирек жағдайда орталық қабатта базофильдер, лейкоциттер және плазмоциттер орын алады. Қабыну үрдісі кезінде макрофагтардың, В - және Т - лимфоциттердің, плазмоциттердің саны көбейеді. Ұлпаның жасушааралық заты гликозамингликандарға және белоктарға бай гельге немесе желеге ұқсас негізгі былқылдақ заттан тұрады. Негізгі зат арқылы коллаген және преколлагенді талшықтар өтеді.
Сауыт ұлпасының орталық қабатында негізгі затта коллаген талшықтары орналасқан. Олар өте жіңішке және реттелген шоғыр құрмайды. Преколлагенді талшықтар ұлпаның барлық қабатында кездеседі.

Тіс ұлпасының қызметі
Тіс ұлпасы әртүрлі қызмет атқарады. Олардың бірі - одонтобласттардың қатысуымен орындалатын дентин құру немесе пластикалық қызмет. Пластикалық қызметі тіс тіндерінің қалыптасуы кезінде белсенді түрде жүреді және тіс шыққаннан кейін де жалғасады және орынбасушы дентиннің құрылуымен сипатталады. Тіс тіндерінде әртүрлі патологиялық үрдістер дамыған кезде (тісжегі, сынаға ұқсас ақау, жедел қажалу) орынбасушы немесе екіншілік дентинмен қатар, патологиялық ошақ табанындағы дентинде қайта құрылу үрдісі немесе үшіншілік дентиннің құрылуы орын алады.
Баяу дамыған тісжегі кезінде қуыстың табанында жұмсарған дентиннің қайта минералданып, жылтыр немесе склерозданған дентинге айналуын дентинобласттардың пластикалық қызметімен байланыстыруға болады.
Ұлпаның ең маңызды қызметінің бірі - трофикалық қызмет, ол дентиннің қоректенуін қамтамасыз етіп, кіреукенің өміршеңдігін сақтайды. Тістердің қатты тіндері қоректік заттарды капиллярлардағы транссудаттан алады, және олар дентинге Томес талшықтары арқылы жетеді.
Тіс ұлпасында ретикулоэндотелиальды тіндер элементтерінің болуы (орныққан макрофагтар) ұлпаның қорғаныс қасиетін қамтамасыз етеді.
Ұлпаның тағы бір маңызды қызметі-регенераторлық қызмет. Бұл қызмет ұлпадағы көптеген толық дамып - жетілмеген жасушалардың қажетті жағдайда жоғары дамып - жетілген және арнаулы жасушаларға ауысуымен қамтамасыз етіледі.

Ересек адамның ағзасында 1, 5 кг жуық кальций және 1 кг астам фосфор болады. Бұл оның екі негізгі компоненті болып табылады. Олардың ішінде 98% кальция және 85% фосфора мөлшерлері сүйектер мен тістерде шоғырланған. Басқа фонды - сұйықтарда ерітілген немесе сұйықтық пен ұлпа протеиндерімен байланысқан кальций иондары. Жасуша ішіндегі кальций концентрациясы оның жасуша сыртылық концентрациясына тәуелді болады.
Денісау адамдардың қанындағы Са2+ концентрациясының өзгеруі шегі 2, 12-2, 6 ммоль/л (9-11 мг/дл) . Ағзадағы көптеген үдерістер кальций арқылы оны танып білетін спецификалық протеиндер (кальмодулин, кальэлектриндер, кальпаиндер және т. б. ) қатысуы арқылы реттеледі.
Әсер ету потенциалдарының генерациялануы, электромеханикалық қосарлану, гормоналдық сигналдардың берілуі, жасушалық локомоциялар кальцийге тәуелді болады.
Кальций тіршілік үшін маңызды жасушалық үдерістердің де жылдамдығын реттейді, мысалы, қанның ұюы. Кальцийдің артық мөлшері бұл үдерістердің бұзылуын жүргізеді, апоптоз немесе жасуша өлімі дамиды.
Тағам құрамында 0. 6 - 1 г кальций (қалыптысы - 0. 6 г-нан аз емес) түседі. Кальций АІТ арқылы нашар сіңіріледі, бүйректер арқылы (тәулігіне 0. 3 г-ға дейін) және тер бөлуші бездер арқылы (тәулігіне 0. 1 г-ға дейін) шығарылады. Плазмада кальцийдің 40% альбуминмен байланысады (байланысқан формасы), 15% - қышқылдық органикалық аниондармен байланысқан болады. Басқа мөлшерлері кальцийдің бос формасы болып табылады.
Плазмадағы ионданған кальций деңгейі әсерлесуші гормондар паратиреокринин, кальцитонин және D витаминімен реттеледі. Олардың бақылауы арқылы 0, 5 г кальций, ересек жеке түрлерде, қаңқа сүйектері мен қан плазмасы арасындағы алмасуды атқарады.
Ағзадағы кальций метаболизмі фосфаттар алмасуымен тығыз байланысты. Ол сүйектердегі гидроксилапатит кристаллдарын композиттік минералденген құрылым ретінде балыныстырушы болып табылады.

Фосфор АІТ-де активті абсорбцияланады.
Сүйек пен тісте деполанған 85% фосфорға қосымша, жұмсақ ұлпаларда фосфор байланысқан және фосфат-аниондары байланысқан (14%) басым бөлігі болады. Фосфордың небары 1% жасушасыртылық сұйықта болады. Макроэргиялық фосфаттық қосылыстар және фосфорланған активті метаболиттер қалыпты жағдайда жасушаны еркін түрде босатпайды. Сондықтан, плазманың тек 12% фосфаты протеиндермен байланысқан, басқалары бос фосфат-аниондары болып табылады. Плазмадағы фосфор деңгейі кальций алмасуын реттеуші факторларға тәуелді.
Сүйектердегі кальций мен фосфорды деполаушы үдерістер және олардың ішектер мен бүйректердегі абсорбциясы, экскрециясы өзара теңдескен, сондықтан бұл иондардың қандағы концентрациясы өте аз шекарада өзгереді.

Кальций және фосфаттар алмасуының реттелуіне қатысатын гормондар1 Плазмадағы Са2+ концентрациясы өте жоғары дәлдікпен реттеледі, оның 1% ауытқуы тепе-теңдікті қалпына келтіретін гомеостатикалық механизмді әрекет етуге әкеледі. Қандағы Са2+ негізгі реттеушісі паратгормон, кальцитриол және кальцитонинболып табылады.
Паратгормон (ПТГ) алғызат - препрогормон, құрамы 115 аминоқышқыл қалдығынан тұрады, түрінде синтезделеді. Препрогормон секреторлық везикулаларға тасымалдану кезінде жетілген гормонға айналады. Ол 84 аминоқышқыл қалдығынан тұрады. Интактілі ПТГ қысқа пептидтерге айнала алады. Құрамында 34 аминоқышқыл қалдығы болатын N-соңындағы пептидтер толық биологиялық активтілікке қабілетті және жетілген ПТГ-мен бірге бездерден секреттеледі. Гормонның ыдырау жылдамдығы кальций иондарының төмен концентрациясы кезінде төмендейді және егер кальций ионының концентрациясы жоғары болса жоғарлайды.
ПТГ секрециясы плазмадағы кальций ионы деңгейі арқылы реттеледі: гормон қандағы кальций концентрациясының төмендеуіне жауап ретінде секреттеледі.
ПТГ нысана-мүшесі сүйек пен бүйректер, сонымен бірге ішектер болып табылады. Бүйректер мен сүйек жасушаларында паратгормонмен әсерлесетін спецификалық рецепторлар шоғырланған, соның нәтижесінде аденилатциклазамен байланысты механизмдер каскады инициацияланады.
ПТГ жасушасыртылық сұйықтықтағы кальций ионының қалыпты деңгейін сүйектерге тікелей әсер ету арқылы да (аденилатциклазаны активтендіру остеокластардың метаболиттік активтілігін стимулдейді, нәтижесінде сүйектерден Са2+ -тің мобилизациясы жүреді және фосфаттардың қан мен бүйректерге бүйректердің дисталбдық каналшалары арқылы түсуін стимулдейді) және аралық әсер арқылы (кальцитриолдың синтезін стимульдеу арқылы) ішектердің шырышты қабатына әсер етіп, бұл жағдайда Са2+ ішектерден тиімді сіңірілуін жоғарлату арқылы. ПТГ бүйректерде фосфаттардың реабсорбциясын төмендетеді.

Кальцитонин - полипептид, 32 аминоқышқыл қалдықтарынан тұрады және бір дисульфидтік байланыспен қосылған.
Гормон қалқанша безінің парафолликулярлы К-жасушаларымен секреттеледі немесе қалқанша маңы безінің С-жасушаларымен жоғары молекулалы алғы-протеин ретінде синтезделеді.
Кальцитонин секрециясы Са2+ концентрациясы жоғарлағанда ұлғаяды және қанда кальций ионы концентрациясы төмендегенде баяулайды. Кальцитонин сүйектерден Са2+-тің бөлінуін ингибирлейді және бүйректер арқылы зәрмен экскрециялануын стимулдейді.
Балаларда кальцитриол жетіспеушілігі рахитауруының дамуына әкеледі, ал ересектерде сүйек ұлпасындағы заттар алмасуының бұзылуын дамытуы мүмкін. Кальцийдің тұндырылуы мен шайылуының арасындағы теріс баланс, негізінен қартайған кезде, остеопорозауруын дамытады

Гормондардың әсері

Тіс үлпасының қабынуы. Тіс кариесі.
Тіс кариесі - тістің қатты тіндерінің бұзылуынан тісте қуыстың пайда болуы; өте көп тараған ауру. Тіс кариесі тым ерте басталады, әсіресе, балаларда тұрақты азу тіс шыққаннан кейін байқалады. Кариес тұрақты тістерді де, сүт тістерді де зақымдайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz