Тіс жегісінің таралуы мен қарқындылығын бағалау


Slide 1

Студенттің өзіндік жұмысы

МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Тіс жегісінің таралуы мен қарқындылығын бағалау

Кафедра: Хирургиялық және балалар стоматологиясы

Дисциплина: Стоматологиялық аурулардың алдын алу

Орындаған: Сайлау А. Н.

Тобы: 305

Тексерген: Аженова К. И.

Ақтөбе 2018

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім.

*Тіс жегісі және оның таралуы

*Тіс жегісінің қарқындылығын бағалау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Тістің қатты ұлпасына эмаль (тістің өзінде болады) дентин және цемент (тіс тамырының бетінде болады) жатқызылады. Сүйек ұлпасының басқа түрлерінен айырмашылығы тіс ұлпасы олардан да жоғары минералданған. Тістің қатты ұлпасында біршама белгілі мөлшерде магний, натрий, калий, хлор (олар цемент пен эмальда көп болады) кездеседі.

Slide 4

Тіс кариесі - тістің қатты тіндерінің бұзылуынан тісте қуыстың пайда болуы; өте көп тараған ауру. Тіс кариесі тым ерте басталады, әсіресе, балаларда тұрақты азу тіс шыққаннан кейін байқалады. Кариес тұрақты тістерді де, сүт тістерді де зақымдайды. Тіс кариесінің пайда болуына негізінен стрептококк бактериясы әсер етеді. Бактериялардың әр түрлі тәтті тағамдарды көп жегеннен қышқыл ферменттер бөліп шығаруынан тістің қатты тіндері жұмсарып, бұзыла бастайды. Сонымен қатар тіс кариесінің пайда болуына дұрыс тамақтанбау (тамақта көмірсудың көп болып, белок, витамин, кальций жәнефосфор тұздарының жетіспеуі), тісті дұрыс күтпеу өз әсерін тигізеді.

Тіс жегісі

Slide 5

Ауру тістің сыртында кішкене ақ дақтың пайда болуынан басталады. Дер кезінде дәрігерге көрінбесе, процесс тіс қуыстарының жұмсақ тіндеріне таралып, тістің эмалі босап, жұмсара бастайды. Тіс, әсіресе, тәтті не қышқыл тағам жегенде ауырады. Ауырған жерде тістің дентині шіріп, ойылады. Осы кезде емдемесе, одан әрі тіс ұлпасы (жүйкесінің ұшы) зақымдалып, ойық тереңдей түседі, соның салдарынан пульпит ауруы (тіс ұлпасының қабынуы) дамиды: Кариестің одан әрі асқынуы салдарынан тіс айналасындағы тіндердің (периодонтит) және сүйек қабығының (периостит) қабынуы мүмкін. Асқынудың аса ауыр түрлері: жақ сүйегінің қабынуы (остеомиелит), сонымен қатар жақты жауып тұратын жұмсақ тіндердің едәуір мөлшерде іріңдеуі байқалады. Егер кариес қуысында тамақ қалдығы қалса, ол жерге микроб жиналады. Мұндай тіс - жұқпалы аурулардың көзі: бадамша безіне бактериялар түсіп, жиі-жиі баспаға ұшыратады. Одан басқа жиі кездесетін тіс аурулары: пародонтит, қанжел (пародонтоз), онда тіс түбірлері жалаңаштанып, оларда тіс тасы орнығады, қызылиек қабынады, іріңдеп, ақырында тіс босап, түседі. Аурудың алдын алу шаралары: дұрыс тамақтану, ауыз гигиенасын мұқият сақтау, жылына 2 рет стоматологқа қаралып тұру.

Slide 6

Тіс жегісінің қарқындылығы

Статистиканың алдындағы мақсаттарын шешу үшін тістің тіс жегісімен зақымдалуын ескеретін нақты өлшемдер ғана емес, оның белсенділік дәрежесі - яғни жегіленген үрдістің қарқындылығы қажет.

Таблица 5. 2

«К», «П» және «Ж» категориясында тіс сауыттарының қосылу ережелері

(ДДҰ, 1997)

Slide 7

Тұрақты тістің жағдайы

Кодтар

КПУЗ есепке алу

Сау

Қоспайды

Герметигі бар сау

Қоспайды

Тіс жегісі және оның асқынулары бар тіс

К

Тіс жегісі мен герметигі бар тіс

К

Уақытша пломбасы бар тіс

К

Біріншілік немесе екіншілік тұрақты пломбасы мен тіс жегісі бар тіс

К

Жегіленген емес және жарақаттық зақымдалуы бар тіс

9, Т

Қоспайды

Пломба айналасында немесе басқа аймақтарында тіс жегісінің белгілері жоқ толық пломбаланған тіс

П

Тіс жегісіне байланысты сауытпен винирмен қапталған тіс

П

Тіс жегісіне байланыссыз сауытпен немесе винирмен қапталған тіс

Қоспайды

30 жастан кіші адамда тіс жегісінің салдарынан жұлынған тіс

Ж

30 жастан кіші адамда басқа себептерге байланысты жоқ тіс

Қоспайды

30 жастан үлкен адамда кез-келген себепке байланысты жоқ болған тіс

4, 5

Ж

Жарып шықпаған тіс

Қоспайды

Зерттеуге қол жетпейтін тіс

Қоспайды

Slide 8

Тіс жегісімен зақымдалған тістерді санауға негізделетін тіс жегісінің қарқындылық көрсеткіші стоматологиядағы ең әйгілі болып табылады.

Тіс жегісінің қарқындылығын бастапқыда ауыз қуысындағы барлық тістерден зақымдалған тістерді үлесін (%) анықтап алып, салыстырмалы шамаларда есептеген. 1939 жылы Клейн және Палмер тіс жегісінің қарқындылылығын адамдағы жегіленген тістер - К, пломбланған - П және жұлынған - Ж тістер санының қарапайым қосындысын анықтап, бұл индексті КПЖС (С - сау тістер) деп белгіледі.

Ақыл тістерден басқа, барлық тістер және жоқ тістердің орнындағы барлық кеңістіктер тексеруге жатады.

Тістің сауыттық бөлігінің тіс жегісін және түбір тіс жегісінің қарқындылығын бөлек есептейді.

Өлшеу шкаласын стандарттау түрлі елдердегі түрлі зерттеушілермен алынған мәліметтерді салыстыруға жарамды ету үшін ДДҰ-ны «К», «П» және «Ж» категорияларына тістерді (олардың сауыттарын) кірістірудің келесі ережелерін ұсынды. (табл. 5. 2) .

Тіс жегісінің қарқындылығын бағалағанда клиникалықтан басқа, тіс жегісінің диагностикасында эпидемиологиялық ережелерді орындайды, күдікті жағдайларда диагностиканың қолайлы нұсқаларын таңдау қабылданған; тіс жегісінің анық емес белгілері бар тісті сау деп қарастыру қабылданған.

Slide 9

Эпидемиологиялық тексеру кезінде ДДҰ-ы тіс жегісінің диагностикасының визуальды және тактильді деңгейімен шектеуді ұсынады, өйткені жасырын тіс жегісін анықтайтын қиын әдістер (трансиллюминация, электролазерометрия, рентгенодиагностика т. б) барлық елдерде және барлық жағдайдағы зерттеушілерге қолжетімді бола бермейді, ол әдістердің әртүрлілігі. Эпидемиологиялық зерттеу нәтижелелерінің тең болмауына алып келеді осыдан қортындылай отырып, «К» категориясына бір немесе бірнеше беткейінде тұрақты тістердің сауыттары бар жатады:

· бұзылған жиектерді және жұмсарған тубі бар жегіленген қуыс немесе едәуір айқын бұзылыс (код 1) ;

· уақытша пломба (код 1) ;

· герметик және тіс жегісі (код 1) ;

· тұрақты пломба және жегіленген қуыс (біріншілік немесе екіншілік тіс жегісін бір-бірінен ажыратпайды, код 2) .

Келісім бойынша тіс сауытын тіс жегісі жоқ деп санайды және «К» категориясына жатқызбайды мыналар болса:

· қайтымды тіс жегісі (бастапқы) ;

· науқасты қарау кезінде сенімді диагноз қоюға мүмкіндік жоқ тіс жегісі (фиссуралары жасырын тіс жегісі, проксимальды беткейлердің «қуыссыз» тіс жегісі т. б) ;

· тіс жегісінің айқын белгілерімен бірге жүрмейтін тіс тінінің боялуы;

· тістің жегілген емес зақымдалулары, оның ішінде түзілу ақаулары, тіс сауытының жарақаттық зақымдалулары.

Slide 10

«П» категориясына бір немесе бірнеше сапалы қайта қондырудан кейін, оның айналасында және беткейінің басқа аймақтарында тіс жегі келгілері жоқ тұрақты тістің сауыты жатады. Тіс жегісінен бұзылған және ортопедиялық құрылыммен қалпына келтірілген тіс сауыты да «П» категориясына жатады. Ал басқа себептер салдарынан сауытпен немесе винирмен жабылған тістерді (мысалы, ортопедиялық құрылымға тірек қондыру үшін) КПЖС-ға қоспайды. Уақытша реставрацияларды «П» категориясына жатқызбайды, өйткені мұндай пломбасы (код 1) бар тісті әрі қарай емдеу керек, сондықтан ол «К» категориясына жатқызылады. Эмальдың механикалық өңдеуінсіз силанттармен қапталған және де эмальдың дөңгелек немесе жалын тәрізді бормен дұрыстауынан кейін силанттармен немесе композиттермен қапталған тістердің сауыттарын КПЖС-ға қоспайды.

«Ж» категориясына 30 жастан кіші адамдарда тіс жегісінің салдарынан (код 4) жуылған тұрақты тістердің сауыттары жатады, және осы жастағы адамдарда басқа себептерге байланысты (жарақат, ретенция, ортодонтиялық көрсеткіштерге байланысты жұлынған т. б. ) жоқ болған тістер жатқызылмайды (код 5) . Тістің жұлынғанын немесе әлі жарып шықпағанын анықтау үшін осы топ тістерінің жарып шығуының стандартты мерзімдерін және құрдас тістердің бар болуын, альвеолярлы өсіндінің жағдайын зерттейді. 30 жас және одан үлкен жас адамдардағы барлық жоқ болған тістерді жоқ болу себебіне байланыссыз Ж категориясына жатқызады (4, 5 кодтар) жұлынған және жасандылармен толтырылған тістерді кодтау үшін, 4 немесе 5 кодты қолданады. Жоғарыдағы ережелер бойынша «Ж» компонентінің есебін жүргізеді.

Тіс түбірін сау деп санайды (код 0) егер ол көрініп тұрса және тіс жегісі белгілері болмаса, қызылиекпен жабылған тіс түбірін код-8 белгілейді (тіс жегісінің қарқындылығын санау кезінде бұл кодтарды есепке алмайды) .

Slide 11

Тіс түбірін тіс жегісімен зақымдалған деп санайды, егер оның тінің жарақаттық емес зондпен зондтағанда жұмсарған немесе «тері тәрізді» болып сезілсе. Егер тіс жегісі сауыттан бөлек түбірді алып жатса, жеке емдеуді қажет етеді, оны түбірдің тіс жегісі деп кодтайды. Егер зақымдалу сауытқа да және түбірге де таралатын болса, тіс жегісі басталса тек сол зонаның ғана тіс жегісін белгілейді (сауытты не түбірді) . Егер негізгі зақымдалуды анықтау қиындау болса, сауытты да, түбірді де жегіленген деп кодтайды. Осындай жолмен тіс жегісі және реставрациясы бар немесе сауытпен «бірге» реставрациясы түбірді кодтауда қолданылады. «Ж» категориясына тістердің сауыттарын жатқызады: жоқ болған тістің түбірін 7 немесе 9 белгімен кодтайды. Түбір тіс жегісінің қарқындылығын есепке алмайды.


Ұқсас жұмыстар
Тіс эмальының химиялық құрамы
Анардың пайдасы мен зияны
Тіс қағы немесе тіс Тазалық жағдайы тасының көрсекіштері
Пародонт тіндерінің зақымдалуының таралуы мен қарқындылығын бағалау
АУЫЗ ҚУЫСЫ ГИГИЕНАСЫ
Сілекей безі
Тыныс алу жолдарының микрофлорасы
Тісжегі тұрақтылық және тісжегі қабылдаушылық
Пародонт ауруының құрылысы мен қызметі. Пародонт ауруының қабынуының даму механизмі
Пародонт ауруындағы иммунологиялық аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz