Негізгі стоматологиялық аурулардың біріншілік профилактика әдісі



Тақырыбы: Негізгі стоматологиялық аурулардың біріншілік профилактика әдісі.
Кафедра: Хирургиялық және балалар стоматологиясы
Дисциплина: Стоматологиялық аурулардың алдын алу
МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Орындаған: Сайлау А. Н.
Тобы: 305
Тексерген: Аженова К. И.

Жоспары:
Кіріспе
Ауыз қуысы гигиенасын сақтаудың мәні. Профилактика туралы түсінік
Қорытынды

Кіріспе
Стоматолог жоғары мамандандырылған білімі бар маман. Төтенше жағдайлар кезінде жедел көмек көрсетуге және тіс-жақсүйек жүйесі аурулары бар балаларға емдік - диагностикалық көмек көрсетуге құқылы.

Стоматологиялық аурулар жасөспірімдер арасында жиі таралудың алдын- алуда профилактикалық шаралар жетекші орынға ие. Стоматологиялық аурулардың алдын-алудың нәтижесінде ауыз қуысы тіндерінің қабыну дерттерін болдырмауға және стоматолиялық аурулардың таралу жиілігін төмендетуге мүмкіндік береді. Мұндай қадам стоматологиялық қызметтің барлық саласында да түпкілікті өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Профилактикалық шараларды жүргізу стоматологиялық ауруларды емдеу сапасымен бірге қоғам өмірінің деңгейін сипаттауға болады.


Ауыз қуысы гигиенасын сақтаудың мәні
Профилактика - бұл денсаулықтың жоғары деңгейде ұстауды қамтамасыз етуге және стоматологиялық аурулардың алдын - алуға арналған мемлекеттік, әлеуметтік, гигиеналық шаралар жүйесі.
Қазіргі кезде адамдардын денсаулығына және де профилактикалық шараларды сақтамауына әртүрлі факторлар әсер етеді: әлеуметтік, экономикалық, өндірістік, урбанизациялық, ақпараттық басымдылықтар арасында стоматологиялық аурулардың жиілеуіне себепші болады.

Бұл халықтың соның ішінде балалар денсаулығын сақтауға арналған шаралар комплексі болып табылады. 1977ж эксперттердің Мәскеудегі мәжілісінде қабылданған ДДҰ - ның жіктемесіне сәйкес профилактиканы үлкен үш топқа бөлді:
Біріншілік
Екіншілік
Үшіншілік

Бірінші реттік профилактика - бұл стоматологиялық кеселдердің пайда болуынан сақтандыруға бағытталған мемлекеттік, әлеуметтік және медициналық шаралар кешені. Ол төмендегілердің нәтижесінде ауыз қуысын сауықтыруды көздейді:
1) тұрғындарды ауыз қуысы гигиенасы бойынша санитарлық ағарту;
2) тағамдану жағдайы мен рационын жақсартуға бағытталған тағамдану бағдарламаларын құрастыру;
3) дерттің алдын алып, сақтану үшін ауыз қуысын дәрігерде кезең сайын тексертіп тұру.
Бұл деңгейде стоматологиялық қызметкердің негізгі рөлі санитарлық ағарту, медицина қызметкерлері мен тұрғындарды алдын алу тәсілдеріне үйрету болып табылады.

Бұл мемлекеттік, медициналық, әлеуметтік, гигиеналық және тәрбиелік іс-шаралардың, стоматологиялық аурулардың алдын алуға, себептерін, пайда болу, шарттарын жоюға бағытталған.
1-ші реттік профилактика әдістерін 2-ге бөлеміз:
1Негізгі: Толық рацоналды балансталған тамақтану
Рационалды жалпы ережені сақтау
Ауыз қуысының рационалды гигиенасы
Медико-педогогикалық сеніммен САЖ әдісі
2Қосымша:Жағымсыз факторлардың әсеріне қарсы тұратын парадонт және тіс тіндерінің төзімділігін жоғарылату. Эмальдың минералдану кезінде реминералдаушы дәріні қолдану . Көрсетілуіне байланысты емдік профилактикалық дәрілерді қолдану .

1-ші және 2-ші реттік жарақаттық окклюзияларды жою
Коррекциялық жаттығулар
Екіншілік профилактика
Бұл - ертеректе табылған ауруды емдеу, оның өршуін және асқынуын алдын алу болып табылады.
Екіншілік профилактиканың әдістері - санация және диспансеризация.
Ауыз қуысының санациясы - ауыз қуысындағы мүшелерді және тістерді жүйелі емдеу, оларды сақтауға және асқынуын болдырмауға бағытталған іс-шара.
Екіншілік профилактикаға диспансеризация жатады
Диспансерлеу - бұл тұрғын халықтың жұмысқа қабілеттілігін жоғарлату, денсаулықты сақтау және нығайту мақсатында қажетті сауықтыру, әлеуметтік гигиеналық және емдік профилактикалық шараларды қамтитын тұрғындарға медико - санитарлық қызмет көрсететін әдіс.

Үшіншілік профилактика
Бұл ауыз қуысындағы мушелердің қайта қалпына келуіне және олардың функционалдық қабілеттіліктерін сақтауға бағытталған
Бұл тәсілдерді енгізу жеке дара, топтық және популяциялық деңгейде жүргізілуі мүмкін.
Жек дара - ұйымдастырудың жоғары деңгейін қажет ететін, бала мен дәрігер тығыз жұмыс атқарады, арнайы заттарды қажет ететін әдіс.
Топтық - дәрігермен және оның қатысуымен балаларда алдын алу шаралары.
Популяциялық - белгілі бір аймақтың бүкіл балаларына қажет жабдықтар мен әдістерді қолдану.

Стоматологиялық аурулардың эпидемиологиясы, ол стоматологиялық аурулардың интенсивтілігі мен таралуын зерттейтін стоматологияның бір бөлімі. Ол тұрғындар денсаулығын, аурудың даму ерекшеліктері мен таралуын, оларға қоршаған орта мен адамдардың өмір сүру дағдысының ықпалын зертейді.
Эпидемиология - эпи-үсті, демос- халық, логос- ғылым.

Эпидемиологиялық зерттеу арқылы 2 негізгі көрсеткішті анықтаймыз:
1. Стоматологиялық аурулардың таралуын
2. Стоматологиялық аурулармен зақымдалудың интенсивтілігін
Эпидемиологиялық зерттеулердің міндеттері анықтайды:
1. Стоматологиялық аурулардың таралуы мен интенсивтілігін
2. Стоматологиялық ауруларды емдеу қажеттілігін
3. Ауыз қуысын сауықтандырудың сапасын
4. Әртүрлі аймақтардағы аурулардың жағдайын салыстыру
5. Емдік профилактиканы жүргізу үшін жұмсалатын күш пен қажет құралдарды есептеу
6. Кейінгі профилактикалық жұмыстардың тиімділігін анықтау үшін, стоматологиялық аурулардың алғашқы мәліметтерін есептеу
7. Стоматологиялық кадрларды дайындаудағы қажеттілікті анықтау
8. Ауыз қуысы профилактикасы мен гигиенасын сақтау үшін құрал жабдықтарды шығаратын өнеркәсіптердің міндеттерін анықтау.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz