Статистика жеке қоғамдық ғылыми бағыт


Slide 1

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы: Стоматология

Кафедра: Дәлелді медицина және ғылыми менеджмент

Дисциплина: Дәлелді медицина

Курс: 2

Тобы: 207

Тақырыбы:Медициналық жариялымдардағы статистикалық әдістер, алынған нәтижені бейнелеу әдістері

Орындаған: Асқаров А. А Тексерген: Талдыбаева А. Ж

Ақтөбе 2018

Slide 2

СТАТИСТИКА

Статистика деген латынша «Stato», ал қазақша «Жағдай» деген мағынаны көрсетеді. Қазіргі кезеңде ғалымдардын көбісі статистикаға мынандай түсінік береді. «Статистика жеке қоғамдық ғылыми бағыт. Ол қоғамдағы белгілі бір мезгілде және кеңістікте жүретін жалпы өзгерістердің сандық және сапалық жағын зерттейді». Осыған қарағанда статистика жалпы көріністерді тұжырымдау үшін қажет екен. Оны жеке көріністерді зерттеуге қолдануға болмайды. Сондықтан оны басқаша «Статистика деген - жалпы көріністердің топтық қасиеттерін математикалық жолмен түсіндіру» деуге болады.

Slide 3

Статистиканың материалдық бөлімі деректі сандардың жиынтығынан тұрады. Ал медициналық статистиканың материалдық бөлімі тұрғындардың денсаулығы туралы деректі цифрлар жиынтығынан құралады. Медициналық статистика тек кана ғылыми немесе пөндак бағыт емес, сонымен катар қоғамдық тәжірибе. Оның көмегімен медицина мекемелері есепке алу және есеп беру жұмыстарын атқарады. Есепке алудың терең мағынасы бар. Ол есепке алудың жоспарлаумен тығыз байланысты бірыңғай жүйесі.

Slide 4

Есепке алудың түрлері

Оперативтік

бухгалтерлік

статистикалық

Slide 5 Slide 6

Медициналық статистика жалпы статистика ғылымының негіздеріне жүгінеді. Ол үш бөлімнен тұрады:

Денсаулық статистикасы

Клиникалық және экспериментальдық зерттеулер статистикасы

Денсаулықты сақтауды басқару статистикасы

Slide 7

Медициналық статистикада статастиканың озге салаларына қарағанда «Үлкен сандар» заңдылығын жиі қолданады. Ол мынандай жағдайларда кездеседі:

Аз көлемдегі бақылауды жүргізгенде;

Орта керсеткіштерді сараптап, олардың арақатынасын анықтауда;

Зерттеулер өте аз бақылауға сүйене жургізілген жағдайда.

Slide 8

Тұрғындардың денсаулығын анықтау барысында олардың саны мен құрамы, өсімi мен омірінің ұзақтығы, жеке аурулардың таралуы, мүгедектің деңгейі және жеке адамдардың физикалық дамуы туралы деректерді жинап зерттеу жургізеді. Оның барысында денсаулыққа қоршаған ортаның зиянды заттарының тигізетін әсерін анықтайды. Осы корреляциялық байланыстарды жете білу денсаулықты күшейтуге бағытталған шараларды жетілдіруге көмектеседі.

Slide 9

Денсаулықты сақтау статистикасы бірнеше тармақтарға бөлінеді. Олар:

емдеу - алдын-алу мeкeмeлepінiң статистикасы

санитарлық және эпидемияга қарсы күресетін мекемелер статистикасы

әйелдердің босануына көмектесетін және денсаулығын қорғайтын мекемелерінің статистикасы

балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғайтын мекемелер статистикасы

медицина кызметкерлерінің статистикасы

Slide 10

Статистикалық әдістерде клиникалық, лабораториялық және экспериментальдық зерттеулерде қолдану көптеген сұрақтарды шешуге көмектеседі. Оның ішінде жоспарлау, клиникалық және лабораториялық зерттеулерді ұйымдастыру, алынған көрсеткіштердің статистикалық тұрғыдан дұрыстығын және зерттелген қоғамдық жайлардың объективтік заңдылықтарын анықтау, колданылған алдын-алу және емдеу шараларының медициналық тиімділігін бағалау жұмыстары да бар. Бұл жерде медициналық статистика өзінің қоғамдық қасиетін жоғалтпайды.

Slide 11

Статистикалық зерттеулер тек қана ғылыми жұмыста емес, сонымен қатар денсаулық сақтау мекемелерінің күнделікті қызметінде де қолданылады. Денсаулықты сақтау жұмысында және арнайы медиңиналық зерттеулерде статистикалық әдістеме бірінен соң бірі орындалатын төрт кезеңнен тұрады. Ол кезеңдердің әрқайсысы көптеген статистикалық қимылдардан құралады.

Slide 12

Статистикалық әдістеме

зерттеулердің жоспары мен бағдарламасын жасау;

статистикалық бақылау мен есепке алуды ұйымдастыру;

статистикалық топтау, өңдеу, жинактау және материалдарды есептеп ыңғайлау;

талдау, тұжырым шығару, жұмысты жақсартуға ақыл қосу және алынған зерттеудің қорытындысын күнделікті жұмыска енгізу

Slide 13

Статистикалық жиынтық

Статистикалық жиынтық дегеніміз - сапасы жағынан бірыңғай деректердің, жағдайлардың және жаңалықтардың белгілі бір бағыттағы жиынтығы.

Статистикалық жиынтыктың жеке деректері, көріністері - бақылау көрсеткіші деп, ал бақылау көрсеткіштерінің деректерін - есепке алынатын белгілер деп атайды.

Slide 14

Статистикалық есептеу

Статистикалық есептеу - қорытындылау және оны таблица түріңде көрсетумен аяқталады. Ол абсолюттік сандардан тұрады. Материалдарды талдау барысында абсолюттік сандардан - жалпылама көрсеткіштер жүйесі жасалады. Оған статистикалық коэффициенттер мен орта сандар жатады.

Slide 15

Статистиканың ең бір маңызды міндетіне көріністер мен өзгерістердің өзара байланысын анықтау жатады. Олардың байланысының екі түрі белгілі - қызметі жағынан және коррсляциялық. Қызметі жағынан байланыста - көріністердің белгілі бір көрсеткішіне, алдын ала белгілі екінші өзгергіш көрсеткіші сәйкес келеді. Корреляциялық байланыста - бір белгінің көрсеткшіне, баска бір белгінің бірнеше көрсеткіші тура келуі ықтимал. Оларға дәрежелі корреляция және квадраттау әдісімен корреляциялау жатады.


Ұқсас жұмыстар
Медициналық статистика, статистикалық зерттеу әдістері
Статистикалық көрсеткіш
Медициналық статистика
Статистика пәні және оның міндеттері
Абсолютті шамалар
Статистиканың басқа қоғамдық ғылымдардан айырмашылығы
Медициналық статистиканың теоретикалық негіздері
Статистика теориясы
Белгілі бір құбылысты немесе оқиғаны сипаттайтын нақты фактілер немесе мәліметтер жиынтығы
Статистика ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz