Оқытуды ұйымдастырудың түрлері




Презентация қосу
Оқытуды ұйымдастырудың
түрлері
Оқытуды жүзеге асыруда білім мен оқытуды ұйымдастыруда оны
модернизациялау көзделеді. «Түрлері» деген ұғым латын тілінен аударғанда
«forma» сырқы көрініс дегенді білдіреді, сыртқы сызық-белгілі орныққан
тәртіп. Философия пәнінде «түрлері» ішкі мазмұнды ұйымдастыру деген
ұғыммен анықталады. Яғни «түрлері» ішкі байланысты білдіреді және
ұйымдастыру тәсілдері, өзара құбылыс, сыртқы жағдайлармен де
сабақтастықта. Былайша айтқанда, оқытудың түрі-оқу материалын меңгерудегі
оқушылардың өзара әрекеті. Оқыту түрі: әдіспен, амалдарға, құралдарға
оқушылардың іс-әрекетіне тәуелді болады . Педагогтік іс-әрекет бір-бірімен,
өзара байланысты ықпалдастық, әсер етушілік, белгілі бір тапсырманы
орындау кезіндегі оқушылармен мұғалімнің қарым-қатынасыі ( Чередов И.М.).
Оқытудың түрі оқыту үрдісінің құрылымы-мұғалім қызметі: белгілі бір оқу
материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс-әрекетін басқару және оқу
тәсілдерін меңгерумен сабақтас.
Оқытудың түрі былайша
бөлінеді:
• жеке ( бір ғана оқушымен жұмыс істейді);
• жеке –жұптық (оқушы- оқушы, мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы, қазіргі
жағдайда оқушымен қарым-қатынасы жеке оқушының әзірлік үрдісіндегі қызметі
мен айқындалады );
• жеке-топтық топ мектепте жұмыс істейді, бірақ бір мектепте оқытылатын
оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады ((оқытудың бұл түрі орта
ғасыр мектептерінде қолданылған).
• Өзара бірлесіп оқыту, (аталған оқыту жүйесі Англияда пайда болған,атауы-
беланкастер жүйесі);
• Саралап оқыту, оқытудың бұл түрі оқушылардың қабілетіне қарай өтіледі
(мангейм жүйесі);
• Бригадалық оқыту,тапсырманы бригада алады: бір сыныпта 5-6 оқушы
ұйымдасады, есеп беруші-бригадир оқытудың бұл түрі ХХ ғасырдың 20-
жылдарына тән);
• Американдық «Винетка-жоспар», «Трампа-жоспар» және т.б.
• Оқытудың микротоптық жүйесі (фронтальді, ұжымдық жұмыс және т.б.).
Оқыту түрлерінің сыныптық-сабақ жүйесі ХҮII ғасырда туысқан тәуелсіз
мемлекеттердің Богемия, Украина, Белоруссия елдерінің мектептерінде ең
көп тараған және үш жүзжылдық уақыт бойы әлі дамып келе жатыр. Сынып
дегеніміз-жас ерекшелігіне қарай тұрақты, бірге оқитын оқушылардың
құрамы, бұл жүйеде оқушылар мұғалімінің тапсырмасын сабақ барысында
және үйге берілген тапсырманы орындайды. Оқытудың бұл жүйесінің
теориялық тағылымын ХҮІІ ғасырда-атақты чех педагогы Ян Амос
Коменский жасаған. Басқа оқытудың түрлерімен салыстырғанда, сыныпты-
сабақ жүйесінің көптеген ұтымды тұстарын атап өтуге болады; сабақ
құрылымын тиімді етіп құру, барлық оқу тәрбие үрдісін тәртіптеуді
қамтамасыз ету, оны қарапайым дәрежеде басқару, оқу мәселесін
талқылағанда, оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігін
пайдалану, белгілі міндеттерді шешу барысында ұжымдық ізденіс жасау,
уақыт үнемдеу, сабақ үстінде әр оқушының рухани санасын арттыруға
құлшынысының бәсекеге түсуі, жүйелілікті және кезеңдік реттілікті жүзеге
асырып, оның одан әрі дамуына, білімсіздіктен білімділікке жетіліп
отыруына ұмтылу.
Жалпы талаптардың ішінде, бүгінгі сабаққа сәйкес
келетін, болып қарауға олатын жіктеме төмендегідей:

- ғылым жетістіктерінің жаңа түрін озық іс тәжірибені, оқу-тәрбие үрдісінің
негізгі заңдарына құрылған сабақты;
- сабақты өту үрдісінде, барлық дидактикалық принциптер мен ережелер;
- оқушылардың санасын қалыптастыруға әсер етерлік, пәнаралық
байланысты;
- бұрынғы білімнің байланыстыруға, оны меңгеруде икем-қабілетін және
оқушылардың білім сапасын арттыру барысындағы тіректік ұғымдарға
сілтеме жасау;
- тұлғаны жан-жақты дамытудың белсенді және түрінің қажеттілігі;
- педагог оқу-құралдарын ұтымды қолдануы;
- алған білімнің, өндірістік қызметпен, оқушының жеке іс-тәжірибесімен
байланысты жүзеге асыруы;
- білімнің, икемнің, қабілетін тәжірибеде қалыптастыру, оны ойлау – амалы
мен іс-әрекетке тиімді қолдануы;
- сабақты диагностикалау, жоспарлау, жобалау және болжау алуы.
Әрбір сабақ тұтас педагогтың процестің
функциясын жүзеге асыруға бағытталған:

оқыту, дамыту, тәрбиелеу. Соның нәтижесінде
сабақ көпжоспарлы, құрылымы әр түрлі болып
келуі мүмкін. Сабақ құрылымының ерекше көп
тараған түрі болып келуі мүмкін. Сабақ
құрылымының ерекше көп тараған түрі барлық
дидактикалық міндеттерді шешуге: білімді енгізу,
жаңа материалды зерделеу, өткен материалды
бекіту, бақылау, оқушылардың білімін бағалау, үйге
тапсырма берумен байланысты.
Сабақта оқушының оқу қызметін ұйымдастыру бұл
оқушы мен мұғалімнің сырттай үйлесімді қызметі, оның
өзі белгілі бір пен тәртіп талабынан құрылады.
Мынандай бағыттарға бөлінеді: фронтальды -
мұғалімнің барлық оқушылардың жеке және өзіндік
жұмысын басқаруы, жеке- өзіндік
Жұмыс әр оқушының топтық және жұптық қызметі.
Мұғалімнің оқу қызметін фронтальді ұйымдастыруы
барлық оқушылардың іс-әрекетінің бірлікте болуын
басқару, яғни барлық оқушылар бірдей тапсырманы
орындайды, жұмыс бәріне ортақ, барлық сынып
талқылайды, нәтижені салыстырады, жинақтайды.
Топтық жұмысты оқушылардың оқу еңбегін
ұйымдастыру негізінде құруға мыналар жатады:
оқу міндетін анықтау үшін сынап екі топқа бөлінеді;
әр топ тапсырма орындайды (не бірдей, не саралап,
даралап берілген), ол топ ішінен бөлініп шыққан
топбасымен немесе мұғалімнің басқаруымен өтеді;
топтың енгізген жаңалығына орай тапсырмалар
іріктеледі;
топтың құрамы сабақтың мазмұнына қарай өзгереді;
ең жоғары деңгейдегі оқушының мүмкіндігін ескеру
қарастырылады;
топтың және құрамның әр түрлі деңгейлікке орай
оқушылардың қауымдастық құрамы сұрыпталады және
мұның өзң оқушыларға байланысты.
Мұғалімнің сабаққа дайындығы.
Мұғалімнің сабаққа дайындығы өзара байланысты екі кезеңнен тұрады:
сабақтарды тақырып бойынша жоспарлау және осы жоспарлауды әрбір
сабаққа сәйкес нақтыландыру, әрбір жеке сабақтың жоспарын терең ойластыру
мен құрастыру.
Тақырыптық жоспарлау оқу бағдарламасының белгілі бір тақырыбы немесе
тарауы бойынша өтілетін сабақтар мен сабақтан тыс оқу жүйесіндегі оқыту-
тәрбиелік үрдісі білім беру, дамыту және тәрбие беру қызметтерін іске
асыруының қолайлы жолдарын анықтау үшін қажет. Бұл жүйеге, негізгі
дидактикалық мақсатына байланысты, сабақтың әр алуан тұрпаты және
түрлерімен қоса оқушылардың сыныптан тыс және оқудан тыс
жұмыстарының басқа түрлері де кіреді. Тақырыптық жоспарлаудың ойдағыдай
іске асырылуы, көбінесе мұғалімнің оқушылар нені білулері керек, т.б. деген
сияқты мәселелерді қаншалықты терең ойластырғанына байланысты болып
келеді.
Қорытынды
Оқытуды ұйымдастырудың түрінде оқушылардың тәрбиесі
үлкен рөл атқарады, мұндай іс-әрекетте тұлғаның өзін-өзі басқару
жағы басымдылыққа ие болады.
Сыныптық –сабақ жүйесін оқытуды ұйымдастырудың ең қайнар
көзі болып табылады. Оқытудың бұл түрі жас мөлшері біркелкі
топтан құрылған және оқытудың бірдей бағдарламасы құрылған
және тұрақты құрамы бар, сабақ үнемі оқу кестесімен өтілетін
және оқытудың бірдей бағдарламасы құрылған жағдайда іс-
тәжірибеде қолданылады. Сондықтан ол оқу-тәрбие үрдісінің
барлық компоненттерін қамтиды: мақсат, мазмұн құрал, әдістер,
ұйымдастыру мен басқару қызметі, оның дидактикалық
элементтері.
Назарларыңызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі және инновациялық оқыту технологиялар
Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы
Кәсіби оқу орнында оқытуды ұйымдастыру формалары
Қашықтықтан оқытудың құралдары
Жоғары мектепте оқытуды ұйымдастыру
Оқушыларды сыныпқа жас шамаларымен таным қабілеттерібойынша топтастыру
Биологияны оқыту формалары жүйесіне сипаттама
Оқытудың әдіснамалық және психологиялық негіздері мен атқаратын қызметтері
Оқу процесін ұйымдастыру формалары
Жаппай жұмысты уйымдастыру
Пәндер