ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ
Презентация қосу
Тақырыбы:
Тәрбие үрдісінің негізгі
қызметі
ЖОСПАРЫ:
1. Тәрбие әдістері.
2. Тәрбие процесін ұйымдастырудың
формалар
Тәрбие әдісі дегеніміз:
- жеке басқа ықпал ету құралы;
тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс – әрекетінің өзара
байланыс тәсілдері;
тәрбие мақсатына сай оқушылардың санасы мен ерік күшіне
ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы;
тәрбие мақсатына жету жолдары.
Тәрбие әдісі – қойылған мақсатқа жетудегі оқушылар ұжымы
мен тәрбиешілер іс-әрекетінің күрделі жиынтығы
Тәрбие әдістері:
1. Жеке адамның санасын қалыптастыру:
әңгіме,пікірталас,сендіру,этикалық әңгіме,үлгі-өнеге;
2. Іс-әрекеттің ұйымдастыру және қоғамдық тәлім-
тәрбиеге үйрету: педагогикалық талап,қоғамдық
талап,үйрету,жаттығу,тәрбиелік жағдаяттар;
3. Мінез-құлықты көтермелеу әдістері: мадақтау,
марапаттау, жазалау,жарыс.
Тәрбие теориясы мен тәжірибесінде тәрбие тәсілі деген де
ұғым қолданылады. Тәрбие тәсілі – тәрбие әдісінің
құрамды бөлігі және жеке бөлшегі. Тәсіл – белгілі бір
жағдайда әдісті нақты қалай қолдануды қамтамасыз етеді.
Мысалы: мақтау әдісінің түрлі тәсілдері бар: құптау,
мадақтау, алғыс, марапаттау т.б.
Тәрбие процесінде сендіру әдісінің маңызы зор және ол
төмендегідей тәсілдер арқылы іске асырылады; сендіру,
көзін жеткізу, түсіндіру, әңгімелесу, баяндау т.б.
Тәрбие процесінің ұйымдастыру формалары
« Форма» латын сөзінен енген, ұйымдастыру тәсілі деген
мағынаны береді.
Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасы – тәрбиеші
мен тәрбиеленуші қарым – қатынасын және әртүрлі ішкі
байланыстарды айқындайтын, тәрбие жұмысын
ұйымдастыру тәсілі.
Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың формасы кең
мағынасында тәрбие жұмысын тұтас ұйымдастырумен
сипатталады. Яғни, оқу процесі кезіндегі, сыныптан,
мектептен тыс тәрбие жұмыстары және отбасы тәрбиесі,
т.б. бүкіл тәрбие жұмыстарының процесі.
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
ФОРМАЛАРЫ:
1. Жеке : хабарлама даярлау, көркем өнер нөмірлерін даярлау,
ұсынылған кітаптарды оқу.
2. Топтық: үйірмелер, клубтар, балалар лагері, қоғамдық
ұйымдар.
3. Көпшілік: сынып сағаты, кештер, ертеңгіліктер, сайыстар,
жарыстар.
Тәрбиелік іс – әрекетті әдісіне қарай жүйелеуге болады:
1. Сөздік формалар ( жиналыс, саяси хабарлар, баяндама,
оқырман конференциясы, пікірталас, кездесулер,)
2. Тәжірбиелік формалар ( жорық, саяхат, олимпиада,
сайыстар, жас техниктер, натуралистер үйірмелері.)
3. Көрнекілік формалары ( мектеп мұражайы, еңбек, соғыс
ардагерлерінің залдары, көркемөнер көрмелері, кітап
көрмелері, т.б. )
Жоғарыда келтірілген жүйелер тәрбие жұмысын
ұйымдастыру формаларының барлығын қамтиды. Соңғы
кезде тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңа формалары
қанат жаюда, атап айтсақ, әртүрлі ерікті клубтар, ғылыми
қоғамдар,мектеп көркемөнер театрлары, дебаттар, т.б.
Оқушылар ұжымы – тәрбие ұйымдастыру ортасы.
Оқушылар ұжымы – ортақ мақсат және қоғамдық
іс – әрекет арқылы біріккен тұрақты бірлестік.
Жақсы ұйымдасқан оқушылар ұжымының белгісі –
жағымды қоғамдық пікір, жоғары жауапкершілік,
өзара сенім. Ұжымда шығармашылық белсенділік,
достық жолдастық байланыс нығайады. Сондықтан
тату – тәтті, мақсатшыл ұжым тәрбиені
ұйымдастырудың негізі болып табылады. Бала
ұжымды жеке тұлға ретінде қалыптасады. Отбасы,
бала – бақша, мектеп, сынып, спорт секциясы,
көркем өнер студияс, т.б. ұжым түрлеріне жатады.
Оқушылар ұжымы 3 кезеңнен тұрады. Ұжымның даму кезеңдерін
ұлы педагог А.С.Макаренко айқындаған.
1 кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдасқан топ.
Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін талап
қоюдан бастайды. Бірінші кезең барысында мынадай мәселелерді
ескеген жөн:
Ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;
Ұжым іс – әрекетінің дамуы;
Жеке адам арасындағы қарым – қатынас, іскерлік және гуманистік
қатынастың пайда болуы;
Барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділердің іріктелуі.
Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі – оқушылардың
ұжымдық іс – әрекетін ұйымдастыру, оларды әртүрлі іс –
шараларға қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық ықпал
жасайтын ортаға айналдыру.
2 кезеңде ұжым өзін – өзі басқаруға дағдыланады, яғни сынып
жетекшінің ұйымдастырушылық қызметі тұрақты ұжым
органдарына көшеді.
Мұғалімнің қызметі – коммуникативтік қызмет, яғни
балалармен байланыс жасау, оқушылардың ынтасын арттыру,
жалпы міндеттерді орындауда барлық оқушылардың күш –
қуатын нығайту.
Ұжымның бұл даму кезінде қос ықпал жасау принципі
қолданылады, яғни тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге
асады.
3 кезең белсенді топтың және ұжымның іс – әрекетінің
дамуымен сипатталады. Онда қоғамдық өмірдегі деректерді,
құбылыстарды бағалауда қоғамдық пікір пайдаланылады.
Бұл саты – ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өміріндегі іс –
шараларды бірлесіп орындаудың арқасында ұжымдық
гуманистік қатынастар дамиды. Демек, ұжымда бір – біріне
ілтипатты болу, жолдастарының қуанышына, мұқтаждығына
тіл қатуға дайын тұру, мінез – құлық нормасын сақтау,
нормаға бағыну сияқты қасиеттер пайда болады.
СЫНЫП ҰЖЫМЫН ҚҰРУ МЕН ТОПТАСТЫРУДЫҢ
НЕГІЗГІ ЖОЛДАРЫ
Оқушылар ұжымы әртүрлі шараларды ұйымдастыру процесі
арқылы құрылады, дамиды,нығаяды. Мұндай шаралар ұжым
өмірін мағыналы әрі қызықты етеді. Егер бірлескен іс
болмаса, онда ұжымды топтастыру мен дамыту үшін
адамгершілік тәрбиесін жинақтаудың қажетті жағдайлары
болмайды. Оқу жылы алдыңғы сыныпты жабдықтау,
гүлдендіру, мектеп ауласын көгалдандыру шараларына
қатысу т.б. осының бәрі оқушының ұжыммен байланысын
сезінуіне және оның алдындағы жауапкершілік сезімін
мойындауына көмектеседі.
Сыныптан және мектептен
тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
Сыныптан тыс тәрбие
жұмысын ұйымдастыру
жолдары
Оқушыларды тәрбиелеу тек
сабақпен ғана шектеліп
қоймайды, ол сабақтан тыс
уақытта да жалғасады,
тереңдетіледі. Сыныптан тыс
жұмыстарға оқушылармен
жүргізілетін тәрбиелік, білімділік
Бірінші ерекшелігі еріктілік негізде ұйымдастырылады.
Оқушылар әртүрлі шараларға қатысуды ерікті түрде таңдайды.
Екінші ерекшелігі міндетті оқу бағдарламасы мен байланысты
емес. Оның мазмұны мен формалары, оқушылардың
қызығушылығына, сұранысына байланысты болады.
Үшінші ерекшелігі сыныптан тыс жұмыстарға қатысатын
оқушылардың жас ерекшеліктері әртүрлі.
Төртінші ерекшелігі сыныптан тыс жұмыстарда көбінесе
оқушыларға өз бетімен жасайтын жұмыстар беріледі.
Бесінші ерекшелігі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда
қоғамдық пайдалы іс – әрекетке үлкен мән беріледі.
Алтыншы ерекшелігі сыныптагн тыс жұмыстың
формасының, әдісінің әртүрлілігі.
Сыныптан тыс шаралардың түрлері:
Дистанция ойыны;
Сыртқы істер клубы;
Әдеби музыкалық қоғам;
Ғылыми зерттеу орталығы;
Мектептен тыс мекемелер жұмысы;
Зияткерлік жәрмеңке:
Мектептен тыс мекемелер жұмысы:
Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді
ұйымдастыратын негізгі орталық база – мектептен тыс
мекемелері.Балалармен мектептен тыс жұмыстарды жүргізетін
мекемелер мемлекеттік, қоғамдық және жеке болып
ұйымдастырылады. Мектептен тыс мекемелер оқушыларды жеке
тұлға ретінде қалыптастыратын, шығармашылық қажеттілігін
қанағаттандыратын қоршаған ортамен таныстыратын, гуманистік
және демократиялық тұрғыда қоғамды құруға қатынастыратын
әлеуметтік тәрбие институты болып табылады. Мектептен тыс
алғашқы мекеме 1918 жылы Мәскеуде « Жас табиғатты
сүйушілер» деген атпен құрылды. Мектептен тыс мекемелердің
кеңінен дамыған кезеңі - 20 - 30жылдар.
Мектептен тыс мекемелердің негізгі міндеттері:
1. Әр оқушының қалыпты дамуына тиімді жағдай
жасау;
2. Ғылыми дүние танымын қалыптастыру;
3. Адамгершілік қасиеттерін дамыту;
4. Ұлттық – мәдени дәрежесін көтеру;
5. Өз бетімен білімін көтеруге жағдай жасау;
6. Еңбекке баулу, кәсіби бағдар беру
7. Балалардың демалысы мен бос уақытын
ұйымдастыруға көмектесу;
8. Жеке және ұжымдық шығармашылығын дамыту.
Қорытынды
Мектеп тәрбиесінен өтпеген бала -
суарылмай тұрған гүл сияқты, барлық әсем
түсінен айырылып қалады.
Адам табиғатындағы ақылсыздықты тек
тәрбиенің күшімен ғана ақылға келтіруге
болады. Сондықтан тәрбиеге әрқашан
бірінші жетекшілікті беру керек.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz