АРАЛАС ТАСТАР




Презентация қосу
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан
мемлекеттік медициналық университеті

ФАКУЛЬТЕТ: СТОМАТОЛОГИЯ
ДИСЦИПЛИНА: ПАТОЛОГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ
ТАҚЫРЫБЫ: МИНЕРАЛДАР АЛМАСУЫНЫҢ
БҰЗЫЛЫСТАРЫ. ТІС ТАСЫ.
ТОБЫ: 305
ОРЫНДАҒАН: САЙЛАУ А.Н.
ТЕКСЕРГЕН: АХМЕТОВА С.Ж.

Ақтөбе,2018ж.
АДАМ ОРГАНИЗМІНДЕ 81
ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТ ТАБЫЛҒАН.
ОЛАРДЫҢ 12-МАКРОЭЛЕМЕНТТЕР,
ҚАЛҒАНДАРЫ
МИКРОЭЛЕМЕНТТЕР. СОЛАРДЫҢ
ІШІНДЕ КАЛЬЦИЙДІҢ, МЫСТЫҢ,
КАЛИЙДІҢ, ТЕМІРДІҢ, ЙОДТЫҢ
БҰЗЫЛЫСТАРЫ ОРГАНИЗМ ҮШІН
АСА МЫҢЫЗДЫ.
КАЛЬЦИЙ МАҢЫЗЫ

• ЖАСУША МЕМБРАНАСЫНЫҢ ӨТКІЗГІШТІГІ
• НЕРВ-БҰЛШЫҚЕТ ҚОЗҒЫШТЫҒЫ
• ҚАННЫҢ ҰЮЫ
• ҚЫШҚЫЛ-СІЛТІ ЖАҒДАЙ РЕТТЕЛУІ
• ҚАҢҚАНЫҢ ТҮЗІЛУІ СИЯҚТЫ ҚЫЗМЕТТЕР АТҚАРАДЫ

КАЛЬЦИЙ АЛМАСУЫНЫҢ
БҰЗЫЛЫСТАРЫ –
КАЛЬЦИНОЗДАР ДЕП
АТАЛАДЫ.ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ:
• МЕТАСТАЗДЫҚ ӘКТЕНУ;
• ДИСТРОФИЯЛЫҚ ӘКТЕНУ;
• МЕТАБОЛИЗМДІК ӘКТЕНУ.
КОРОНАРЛЫҚ АРТЕРИЯНЫҢ ҚАБЫРҒАСЫНЫҢ
КАЛЬЦИНОЗЫ
ГЕМАТОКСИЛИН-ЭОЗИН БОЯУЫ Х400

БҮЙРЕКТІҢ МЕТАСТАЗДЫҚ ӘКТЕНУІ
ГЕМАТОКФСИЛИН-ЭОЗИН БОЯУЫ Х400

КАЛЬЦИЙ АЛМАСУЫ – ҚАЛҚАНША
БЕЗ МАҢЫНДАҒЫ БЕЗ ГОРМОНЫ –
ПАРАТГОРМОНМЕН, ҚАЛҚАНША БЕЗ
ГОРМОНА – КАЛЬЦИТОНИНМЕН,
БҮЙРЕКҮСТІ БЕЗІ ГОРМОНЫ -
ГЛЮКОКОРТИКОСТЕРОИДТАРМЕН
ЖӘНЕ Д ДӘРУМЕНІМЕН РЕТТЕЛІП
ТҰРАДЫ. Д ДӘРУМЕНІ ЖЕТКІЛІКСІЗ
БОЛҒАНДА, БАЛАЛАРДА МЕШЕЛ
(РАХИТ) ДЕГЕН АУРУ ДАМИДЫ.
КАЛЬЦИЙ МЕТАСТАЗДАРЫ – ҚАНДА
КАЛЬЦИЙ МӨЛШЕРІ АСЫП КЕТУІНЕ
БАЙЛАНЫСТЫ. ОНЫҢ СЕБЕПТЕРІ:
• ҚАЛҚАНША БЕЗ МАҢЫ БЕЗДЕРІНІҢ
АДЕНОМАСЫ НЕМЕСЕ ІСІГІ;
• СҮЙЕК ІСІКТЕРІ НЕМЕСЕ
СҮЙЕКТЕРДІҢ СЫНУЫ;
• ТОҚ ІШЕКТІҢ ЖӘНЕ БҮЙРЕКТІҢ
СОЗЫЛМАЛЫ АУРУЛАРЫ;
• Д ГИПЕРВИТАМИНОЗЫ. 8
БАЛАЛАРДА ГИПЕРКАЛЬЦИЕМИЯ КЕЗДЕСЕДІ:
1. ІШТЕН ТУЫЛҒАН ИДИОПАТИЯЛЫҚ
ГИПЕРКАЛЬЦИЕМИЯДА;
2. ІШТЕН ТУЫЛҒАН ГИПОФОСФАТАЗЕМИЯДА;
3. Д ГИПЕРВИТАМИНОЗЫНДА.
ІШТЕН ТУЫЛҒАН ГИПЕРКАЛЬЦИЕМИЯДА
КАЛЬЦИЙ ЖҮРЕК АРТЕРИЯЛАРЫНДА
ЖИНАЛЫП ҚАЛЫП, ЖҮРЕК ҚЫЗМЕТІН
БҰЗАДЫ, КЕЙДЕ ЖҮРЕК ИНФАРКТЫ
ДАМИДЫ.

ДИСТРОФИЯЛЫҚ ӘКТЕНУ НЕМЕСЕ
ПЕТРИФИКАЦИЯ – ЖЕРГІЛІКТІ ҮДЕРІС
БОЛЫП, КАЛЬЦИЙ ӨЛГЕН ТІНДЕРГЕ:
ТУБЕРКУЛЕЗ ОШАҚТАРЫНА,
ГУММАҒА, ӨЛГЕН ПАРАЗИТТЕРГЕ,
ИНФАРКТ БОЛҒАН ЖЕРЛЕРГЕ, ҚАБЫНУ
ОШАҚТАРЫНА, ТРОМБТАРҒА ШӨГІП
ҚАЛАДЫ. ЖАТЫРДАН ТЫС ӨЛГЕН
ҰРЫҚҚА КАЛЬЦИЙ ШӨГІП ҚАЛҒАНДА,
ОЛ ТАС ТӘРІЗДІ ҚАТТЫ БОЛЫП
ҚАЛАДЫ (ЛИТОПЕДИОН).
МЕТАБОЛИЗМДІК ӘКТЕНУ –
ТІНДЕРДІҢ КАЛЬЦИЙГЕ
СЕЗІМТАЛДЫҒЫНЫҢ
КҮШЕЮІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ. БҰЛ
КЕЗДЕ КАЛЬЦИЙДІҢ ҚАНДАҒЫ
ДА, ЖЕРГІЛІКТІ ДЕ МӨЛШЕРІ
ҚАЛЫПТЫ. БҰЛ ЖАҒДАЙДЫ
КАЛЬЦИФИЛАКСИЯ НЕМЕСЕ
КАЛЬЦИЕРГИЯ ДЕП АТАЙДЫ.
ОНЫҢ ЕКІ ТҮРЛІ СЕБЕБІ БАР:
1. ТІН СЕЗІМТАЛДЫҒЫН АРТТЫРАТЫН
ФАКТОРЛАРДЫҢ КӨБЕЮІ;
2. ӘР ТҮРЛІ ОРГАНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ
БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРҒА
ОРГАНИЗМНІҢ СЕЗІМТАЛДЫҒЫНЫҢ
АРТУЫ.
МЕТАБОЛИЗМДІК ӘКТЕНУ КЕЗІНДЕ
КАЛЬЦИЙ ТЕРІГЕ, ТЕРІ АСТЫ
ШЕЛІНЕ, ФАСЦИЯЛАР МЕН

АПОНЕВРОЗДАРҒА ШӨГІП ҚАЛАДЫ.
ТАСТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ. ТАС
ДЕГЕНІМІЗ - ӘР ТҮРЛІ
ҚУЫСТАРДА, ӨЗЕКТЕРДЕ
ОРГАНИКАЛЫҚ НЕМЕСЕ
БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ
ШӨГІП ҚАЛУЫ НӘТИЖЕСІНДЕ
ПАЙДА БОЛҒАН ҚАТТЫ ЗАТТАР.
ОЛАРДЫҢ СЕБЕПТЕРІ: ЖАЛПЫ
ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ.
ЖАЛПЫ СЕБЕПТЕРГЕ ЗАТ АЛМАСУ
ҮДЕРІСТЕРІНІҢ БҰЗЫЛУЫ КІРЕДІ.
ХОЛЕСТЕРИН АЛМАСУЫ
БҰЗЫЛҒАНДА ӨТ ЖОЛДАРЫНДА
ХОЛЕСТЕРИНДІК ТАСТАР ПАЙДА
БОЛАДЫ. НЕСЕП ҚЫШҚЫЛДАРЫ
ОРГАНИЗМДЕ КӨБЕЙІП КЕТКЕНДЕ,
НЕСЕП ЖОЛДАРЫНДА УРАТ
ТАСТАРЫ ТҮЗІЛЕДІ.
ЖЕРГІЛІКТІ СЕБЕПТЕРГЕ:
• АҒЗАНЫҢ СЕКРЕТОРЛЫҚ ЖӘНЕ
РЕАБСОРБЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ
БҰЗЫЛУЫ;
• СЕКРЕТТІҢ ІРКІЛІП ҚАЛУЫ;
• ЖЕРГІЛІКТІ ҚАБЫНУ ҮРДІСТЕРІ.
ОСЫ СЕБЕПТЕРДІҢ НӘТИЖЕСІНДЕ
ЖЕРГІЛІКТІ СЕКРЕТ (СӨЛ)
ҚОЮЛАНЫП, БІРТЕ-БІРТЕ ТАСҚА
АЙНАЛАДЫ. 15
ӨТ ТАСТАРЫ - ӨТ
ҚАЛТАСЫНДА ЖӘНЕ ӨТ
ЖОЛДАРЫНДА ТҮЗІЛЕДІ.
ТҮРЛЕРІ:
• ХОЛЕСТЕРИНДІК ТАСТАР;
• ПИГМЕНТТІК ТАСТАР;
• КАЛЬЦИЙЛІК ТАСТАР;
• АРАЛАС ТАСТАР.
АСҚЫНУЛАРЫ: ӨТ
ЖОЛДАРЫ ТЫҒЫЛЫП
ҚАЛҒАНДА
МЕХАНИКАЛЫҚ САРҒАЮ
ДАМИДЫ. БАУЫРДА
ӨТТІҢ ІРКІЛІП ҚАЛУЫ,
БИЛИАРЛЫ ЦИРРОЗБЕН
АЯҚТАЛАДЫ.

БҮЙРЕК ТАСТАРЫ – БҮЙРЕКТЕ ЖӘНЕ НЕСЕП
ЖОЛДАРЫНДА ТҮЗІЛЕДІ. ТҮРЛЕРІ:
• УРАТТАР;
• ОКСАЛАТТАР;
• ФОСФАТТАР;
• АРАЛАС ТАСТАР.
БАЛАЛАРДА ЦИСТИНДІ ЖӘНЕ КСАНТИНДІ,
БЕЛОКТАРДАН ТҮЗІЛГЕН ТАСТАР КЕЗДЕСЕДІ.

АСҚЫНУЛАРЫ: НЕСЕПАҒАР ТАСПЕН ТЫҒЫНДАЛЫП ҚАЛҒАНДА,
БҮЙРЕК ТҮБЕКШЕЛЕРІ КЕҢЕЙІП, ГИДРОНЕФРОЗ ДЕГЕН
ПАТОЛОГИЯ ДАМИДЫ. ОСЫ ЖЕРГЕ ИНФЕКЦИЯ ТҮСКЕНДЕ ІРІҢДІ
АСҚЫНУ ПИОНЕФРОЗ, ПЕРИНЕФРИТ, ПАРАНЕФРИТ ДАМИДЫ.
КЕЙДЕ ІРІҢ ҚҰРСАҚ ҚУЫСЫНА ТҮСІП, ІРІҢДІ ПЕРИТОНИТ
ДАМИДЫ. БҰЛ ҮДЕРІС СЕПСИСКЕ СОҚТЫРУЫ МҮМКІН.


Ұқсас жұмыстар
Асқазан ішек жолдарының функциясы бұзылуы
Несеп тас ауруы
Сұрақ мынадай
Бүйректің патофизиологиясы
Қиыршықтас пен шағал тастарды өндірудің жолдары
Сүт ақаулары
Қиыршық тас
Табиғи тас
Асыл тастар
Бағалы металдар мен тастар нарығы
Пәндер