Ерін және тіл ісіктері


Slide 1

Тақырыбы: Ерін және тіл ісіктері Пән: Патологиялық анатомия Факультет: Стоматология Группа: 305

Орындаған: Сайлау А. Н.

Тексерген: Ахметова С. Ж.

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

Ақтөбе 2018ж.

Студенттің өзіндік жұмысы

Slide 2

Жоспары

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім:

Ерін ісігі

Фиброма

Липома

3. Қорытынды

Slide 3

Кіріспе

Ерін және тіл ісіктері- орналасу аймағы және өзіндік ерекшеліктері бар, ауыз қуысы шырышты қабығы және беттің жұмсақ тіндерінде дамитын, мезенхималы арнайы емес ағзалық ісік. Жұмсақ тіндердегі қатерсіз ісіктер, қатерлі ісіктермен салыстырғанда жиі кездеседі.

Slide 4

Еріннің ісіктері

Ауылшаруашылығындағы, зиянды өндіріс аймақтарындағы тұрғындардың ауруға шалдығу жиілігі жоғары. Н. П. Наталковтың мәліметтері бойынша ТМД елдерінің ішінде Украина мен Ресейдің көрсеткіштері жоғары. Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы (Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан обл. ) тұрғындар солтүстік облыстардағы тұрғындарға қарағанда аз ауырады. Қазақстандағы жергілікті тұрғындарға қарағанда сырттан келген европалық терісі ақ тұрғындарда ерін рагі 15 есе көп кездеседі.

Slide 5

Ісік әдетте төменгі ерінде болады, жоғарғы еріннің алғашқы жарақаттануы 10 есе сирек. Көлемі 0, 5-1, 0 см ісіктің клиникалық суреттері өзінің өсу түріне байланысты айқындалады.

Экзофитті ісіктің түрі инфильтративті негізі бар капиллярлық немесе саңырауқұлақ тәрізді болады. Жарақаттанудың әсерінен ол тез жараланып қанауы мүмкін (68-сурет) .

Эндофитті өсу кезінде, инфильтративті ісік еріннің ортасында түйін тәрізді жасырын өседі. Ауыру сезімі, еріннің бүтіндігінщ бузылуы, лимфа бездеріндегі метастаздар кештеу шығады. Ісіктің жаралы-инфильтративті өсу түрі ерінде пішіні сопақ, шеттері білік тәрізді көтерілген жарамен ерекшеленеді. Жараның түбі қабыршақпен немесе сұр өңезбен жабылған. Қабыршақтың астынан тез қанайтын майда дән секілді тінді көруге болады. Тек ісіктің жаралы инфильтративті өсуінде ғана басқа белгілерінен бұрын ауыру сезім мен эрозиялық қанау басталады. Ісіктің саусақпен басып тексерудің орны жоғары.

Соңғы диагноз патологиялық ошақтан алынған материалды цитологиялық және гистологиялық зерттеулер арқылы қойылады. Еріндегі орналасқан көлемі 1 см-ге жететін ошақтан биопсия алу кезінде ісікті көлденең тілік арқылы сылып алып тастаған дұрыс. Гистологиялық зерттеуге кесіп алынған материалдың аз ғана бөлігін сау тінмен бірге алады.

Slide 6

Фиброма

Фиброма - жиі ауыз қуысы шырышты қабығында (ұрт, ерін, тіл) кездесетін, фиброзды өсуге тән, жетілген фиброзды дәнекер тін ісігі.

Этиологиясы: тістердің тіс қатарында дұрыс орналаспауы, протезді дайындаудағы стоматологиялық қателіктер.

Slide 7

Клиникалық көрінісі

Фиброма - ауыз қуысында баяу өсетін, дөңгелек пішінді, тығыз, көрші тіндерден шектелген, ауырсынусыз ісік;

Шырышты қабаты өзгеріссіз;

Фибромалар қызыл иекте - орналасса өлшемі кіші, тығыздығы аз болады;

Альвеолярлы өсіндіде - сопақша, ауырсынусыз, шекарасы айқын, аз қозғалғыш ісіктер байқалады. Тіспен жарақат алғанда фиброма қабынады және жара пайда болуы мүмкін.

Slide 8 Slide 9

Фиброманың клиникалық көрінісі

Slide 10

Ажыратпалы диагностикасы және емі

Липома;

Папиллома;

Сүйел;

Эпулис;

невринома және т. б.

Емі: Хирургиялық. Ісікті сау тінмен бірге кесіп алып тастау. Кесіп алып тасталғаннан кейін, қызыл иекте жаралы беткейі болса, онда оны йодоформды дәкемен жабу.

Slide 11

Липома:

Липома - тері асты қабатында орналасытын, жетілмеген май тінді құрылым. Жиі ұрт, иекасты, жақасты және құлақ маңы аймағында орналасады.

Slide 12

Клиникалық көрінісі:

Ісіктің беткейі тегіс, шар тәрізді (сопақша, шелпек тәрізді немесе көп түйінді) және жұқа капсуламен қоршалған;

Кейбір жағдайларда липоманың шекарасын анықтау мүмкін емес;

Ісік пальпациялағанда қозғалмалы, консистенциясы қамыр тәрізді, ауырсынусыз;

Өте баяу (жылдар бойы) өседі;

Беткей орналасқан липомалар псевдофлюктуация симптомын беруі мүмкін;

Терінің түсі өзгермеген;

Ісіктің қозғалу дәрежесі оның тереңірек орналасуына байланысты.

Slide 13

Липоманың клиникалық көрінісі

Slide 14

Ажыратпалы диагностикасы және емі:

Атерома;

Гигрома;

Лимфаденит және т. б. терінің қатерсіз құрылымдары.

Емі:

Хирургиялық. Ісікті капсуласымен бірге алып тастау;

Сәулелі ем, электрокоагулятор.

Slide 15

Қорытынды

Қазақстанда ерін рагімен ауырған адамдардың саны әр 100 мың адамға шаққанда: ерлерде -5, 8%, әйелдерде 1, 6% (40-60 жастың арасында) . Ерін рагінің I-II сатысында криодеструкция емі тағайындалады. Осы сатыларында жақын фокусты рентгенем, қысқа фокусты ем немесе радиоактивті элементті еріннің ішіне имплантациялау. Кей жағдайда тек хирургиялық емді қолданады. . Ал ісіктің III-IV сатысында операция алдында сәулемен емдейді. . Соңғы жылдары төменгі еріннің рагін емдеуде жылдам электрондарды пайдалану өзін ақтады (Г. К. Жұмағазиева 198 8) . Ерін рагін емдеу, оның сирек кездесуіне байланысты және жайылуы мен метастаз беруі төмен болғандықтан жақсы нәтижелерге жетіп отыр.


Ұқсас жұмыстар
Қатерсіз ісіктер
Салыстырмалы диагностика дермоидты киста, липома
Сөйлеудің темпі
ТІС АНАТОМИЯСЫ
Фонетика - тіл ғылымының тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы
Фонетика және оның салалары
Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер
Фонетика
Қатты таңдай
Жануарлардың асқорыту жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz