Ахмет Байтұрсынұлының Маса өлең жинағы: аннотация мен ағартушылық-демократиялық идеялар талдауы


Slide 1

Ахмет Байтұрсынұлы

«Маса»

шығармасына аннотация

5 қыркүйек 1872 - 8 желтоқсан 1937

(65 жас)

1

Slide 2

Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдер топтамасы «Маса» деген атпен Орынборда 1911 жылы басылған жинақтың мұқабасы.

Ахмет Байтурсынулы - ақын, әдебиет зерттеуші, ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері

2

Slide 3

«МАСА»

Ахмет Байтұрсынұлының екінші кітабы - «Маса» (1911) . Бұл кңтапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді. Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды. «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т. б. Өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді.

3

Slide 4

Ахмет Байтұрсыновтың «Маса» деген өлең жинағы үш рет басылып шығарылған. Біріншісі 1911 жылы Орынборда басылса екіншісі 1922 жылы Қазанда үшінші рет басылып шығарылды. «Маса» - дағы әрбір өлең жинақтарының қай жылы жазылғаны туралы мәлімет жоқ Маса өлеңдерін Ахмет Байтұрсынов «Қырық мысалдан» соң жазған. Ал «Қырық мысал» 1904 жылға дейін жазылған өлең, демек «Масадағы» өлеңдер шамасы 1905 жылдың бер жағындағы өлеңдер десек қателескен болмаймыз. Бұған өлеңдердің көпшілігі өзі куə боп тұр. Мəселен, «Тілек батам», «Жауға түскен жанның сөзі» деген өлеңдер, сөз жоқ, Ахметтің 1909 жылы Семейде абақтыға түскенінде жазылған өлең. «Масаның» үшінші басылғанында, бірінші басылуына кірмеген өлеңдер мыналар: «Көк есектерге», «Қ. қаласына», «Жұртыма», «Жұбату», «Н. Қ. ханымға», «Ақын ініме», «Ж. Б. жездем хатынан», «Жауап хаттан», «Ғылым». «Масаның» бірінші басылуы 1911 жылы болса, жаңағы бірінші басылуға кірмеген өлеңдер 1911 жылдың бер жағында болуға керек. 1911 жылға шейін Ахмет жазып, Цензура (əдебиетті саяси бақылаушы) жібермеді дер ек, үшінші басылуының, цензура жібермеген өлеңдердің көрсетуінде бұл өлеңдер жоқ. Мазмұн жағынан соңғы өлеңдер 1911 жылға шейінгілерден көп күшті.

4

Slide 5

«Сөз иесінен» деп басталатын «Масаның» бастапқы өлеңінде жазушы былай дейді:

Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,

Сап-сары аяқтары ұзын маса.

Өзіне біткен түсі өзгерілмес,

Дегенмен қара яки кқызыл маса.

Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,

Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша.

Ұйқысын аз да болса ашпас па екен,

Қоймастан құлағына ызыңдаса?!

Бұл өлеңде Ахмет Байтұрсынұлы, «өзіне біткен түсі өзгерілмес» деп, өзінің бір саяси бағытқа түскенін, одан өзгерілмейтінін айтады; саяси бағыт: «ұйықтағандардың құлағына ызыңдап ояту» екенін көрсетіп отыр. Ұйықтады деп, қазақты сипаттаған.

5

Slide 6

«Туысыма» деген өлеңінде көрсетеді:

Болармын неғып ыриза туысыма?

Туып ем таршылықтың уысында.

Шамам жоқ жан-жағыма қол созарлық,

Тар көрдің тығылғандай қуысына.

Айта алмай шын сөзіңді қорғалайын,

Туғаның бүйтіп қор боп құрысын да!

Бар пайдаң өз басыңнан артылмаса,

Мал ғұрлы мағана жоқ туысыңда.

Ахмет Байтұрсынұлы бұл өлеңінде, отаршыл Россияның қысымшылығында тұрғанына ашуланып да, басынан пайдасы артылмаған адамның тіршілігі малдан артық еместігін айтып, өзі үшін емес, біреу үшін істейтіндігін көрсетіп қояды. Ондағы «Біреу» əрине, қазақ.

6

Slide 7

«Оқуға шақыру» деген өлең, ғылымның пайдасын халыққа түсіндіргеннені кейін, келешекке адам даярлау үшін балаларды оқуға шақырған өлең. «Масасында» Ахмет Байтұрсынұлы, қазақ халқын, орыс отарына қарсы ояту үшін екі үлкен əдіс қолданды. Біреуі - қазақты оқыту, білмегенін оқу арқылы білгізу

Екінші - Қазақтың отарға бағынғандағы, қал-жайын көзіне көрсетумен қатар, өткен кездегі қазақ елінің жеке ел боп тұрғанын көрсету. Ескі, хандық өмірді, бр екі болған өмірді мақтап, қазақтың есіне оңаша ел болу жақсы екен ғой! - деген нəрсені түсіру. Оған «Жұбату» деген өлеңі дəлел.

7

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы және Ақын ініме өлеңін талдау
Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық және әдістемелік мұрасы
7-сыныпқа арналған Ахмет Байтұрсынұлының Екі шыбын өлеңі бойынша сабақ жоспары мен әдеби теориялық талдауы
Ахмет Байтұрсынұлының (1872-1937) саяси қызметі, қоғамдық рөлі және шығармашылығы
Ахмет Байтұрсынұлының дыбыс жіктелімі және қазақ тіл біліміндегі орны
Ахмет Байтұрсынұлының терминжасам әдістері мен қазақ ғылыми терминологиясының қалыптасуы
Ахмет Байтұрсынұлы: лингвистикалық зерттеулері, жазу реформасы және ағартушылық қызметі
Ахмет Байтұрсынов: өмірі, шығармашылығы және Анама хат өлеңін талдауы
5-сынып қазақ әдебиеті: Ахмет Байтұрсынұлының Адамдық диқаншысы өлеңінің тақырыбы мен идеясын талдау және адамгершілік тәрбиесі
9 м сыныпқа арналған Ахмет Байтұрсынұлының Иттің достығы мысалы бойынша сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz