Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы жобасы
Презентация қосу
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
I тарау. ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы.
1.1 Жаһандану саясаты
1.2 Таяу жылдардағы міндеттер
1.3 «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы
1.4 “100 жаңа есім” жобасы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық
мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір,
батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық
кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату
жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін
қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала
отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай
өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.
«Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи
тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден
қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан
сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты
жаңғырудың маңызды алғышарттарына айнал
дыра білу қажет.Егер жаңғыру елдің ұлттық-
рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға
бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлт-
тық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып,
жарастыра алатын құдіретімен маңызды»
Н.Ә.Назарбаев
ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы.
Н.Ә.Назарбаев бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше
бағытына жеке-жеке тоқталады. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, Президент
жаңғырудың алты бағытын белгілейді:
1. Бәсекеге қабілеттілік;
2. Прагматизм;
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;
4. Білімнің салтанат құруы;
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;
6. Сананың ашықтығы
Жаһандану саясаты
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жалпыұлттық қасиетті
орындарды және
аса қастерлі жерлерді сақтауға, әрі елдегі туристік инфрақұрылымды дамытуға
мүмкіндік береді.
«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру
Қазақстанды өз шығармашы-
лығы арқылы дүние жүзіне танытатын көптеген таланттарға жол
ашады.Мемлекет пен ұлт құрыш-
тан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза
іспетті.Ол өмір сүру үшін
заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек. Жаңа
жаһандық үрдістер ешкім-
нен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды.Сондықтан, заманға сәйкес
жаңғыру міндеті барлық
мемлекеттердің алдында тұр. Н.Назарбаев
Таяу жылдардағы міндеттер
1) Елбасы рухани жаңғыру жолында таяу жылдары атқарылуы тиіс негізгі міндеттерді де нақты анықтап
беріп отыр. Соның бірі латын әліпбиіне көшу. Бұл орайда, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай
стандартты нұсқасын қабылдайтын боламыз.
2) Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100
жаңа оқулық» жобасын қолға алу.
3) Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен
ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады.
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы
Еліміздің барлық жоғарғы оқу орындарында гуманитарлық ғылым кафедраларын қайта құру гума-
нитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең үздік 100 кітапты қазақ тіліне аудару ме-
млекеттік емес Ұлттық аударма бюросын құру.Оқулықтарды қазақтіліне аудару жобасының жиынтық
әсері 2018-2019жылдардан бастап еліміздегі жоғары оқу орындарының студенттері қоғамдық және
гуманитарлық ғылымдар бойынша әлемде үздік оқу үлгілері болып табылатын кітаптармен оқуды
бастайды.
“Туған жер - әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз
басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда
жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған
жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу
- шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі», - деп түсіндірді
Мемлекет басшысы. Ал, еліміздің әрбір тауы мен өзені тұнып тұрған тарихқа
толы екенін ескерсек, азаматтардың сол құндылықтарды құрметтеп, оның
кез келген дүниесінің гүлденуіне, жандануына үлес қосуы бекер емес. Ол
тазалыққа атсалысса да, бір тал отырғызса да шынайы ісімен өскелең
ұрпақтың бойына Отанды сүю деген сезімді ояту қажет.
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы
“Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше
ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып
шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақта-
нышымыздың қайнар бұлағы”.- Н.Назарбаев.
Идеяның түп-төркіні – ескерткіштер мен көне ғимараттарды қалпына
келтіріп қана қоймай, киелі мекендер мен өлмес мұраны ұлт жадына біртұтас
кешен ретінде орнықтыру болмақ. Осы ретте сол түстік Қазақстан мен Астана
қаласы маңында түрлі жобалар жүзеге асырылып жатыр.
“100 жаңа есім” жобасы
“100 жаңа есім” жобасының өңірлік нұсқасын жасау. Ел-жұрт ұлтымыздың алтын қорына енетін
тұлға-
ларды білуге тиіс. Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, за-
манауи Қазақстанның келбеті көрініс табады. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы бүгінгі
замандас-
тарымыздың түрлі салалардағы жетістіктерін дәріптеуді қамтамасыз етеді және
жастарды адамгершілік-
ке тәрбиелеудің жарқын үлгісі болады. Бұл тапсырмалар мемлекеттің және
азаматтық қоғамның барлық
идеологиялық жұмысының орта мерзімді перспективадағы негізі болады.
Қорытынды
Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты
қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына
көміліп қала береді.
Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек.
Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші
орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын
ұлт қана табысқа жетеді. Н. Ә. Назарбаев
Елбасының идеясы тарихқа деген көзқарасты түзету мен ұлттық бірегейлікті
сақтап, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту жайлы болып отыр. Елбасының
«Бізге тарих туралы өздерінің субьективті пайымдарын тықпалауға ешкімнің
қақысы жоқ»,- деуі шешімді пікір. «Президент рухани жаңғыруды жүзеге асыруда,
әлемде ешкімге ұқсамайтын дербес ұлт болуымыз үшін «Жаһандағы заманауи
қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру міндетін қойып отыр.
Бәсеке болған жерде әрбір тұлға өзінің ең сапалы қызмет түрін ұсынады. Білім мен тәрбиесі ғажайып
түрде үндескен, ұлттық идеологиясы темірқазығына айналған табысты ел болуымыз үшін жақсылыққа
ұмтылып, жаманшылықтан арылып, саналы түрде барлық қасиеттерімізді ізгілендіріп, сананы рухани
жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиістіміз. Ең бастысы – бағыт-бағдарымыз анық, жолымыз
жарқын.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
“Егемен Қазақстан” газеті
www.aikyn.kz интертен сайты
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz