Орхон Енисей ескерткішінің ашылуы




Презентация қосу
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
I тарау. Орхон Енисей ескерткішінің ашылуы
1.1 Ескерткіштің зерттелуі
1.2 Орхон ескерткішінің аударылуы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Орхон-енисей жазу ескерткіштері-жазылған уақыт түркі тілдерінің даму тарихында «Кене түркі
дәуіріне» сай келеді. Шығыс Түрік қағандығының қурамында өмір сүрген түріктер осы орхон-енисей
жазуын колданып, сол жазудын тілінде сөйлеген. Орхон-енисей жазу ескерткіштерінің ең көп табылған
жері — Орхон, Енисей, Селенга және Талас өзендерінің бойы. Басқа жерлерден кездесті дегеннің өзінде
де олар осы аталған шендердің біріңіқ болмаса да екіншісінін, маңынан онша алыстап кете қоймаған.
Сондықтан бір топ ескерткшттер әуелі өздері бойынан табылған көрнекті өзендердің атымен «Орхон-
енисей ескерткіш-тері» деп аталған да, кейнірек ол атау сол тектес өзге еекерткіштерге де берілген.
Сөйтіп «Орхон-енисей жазуы» деген сөз «рунь, жазуы» деген терминнің орнына қолданылатын болып
қалыптасқан.
«Рунь» деген сөз Скандинавия халықтарының тілінде «құпия», «сыры ашылмаған», «тылсым» деген
үғьш береді. Сібірде 13 жыл айдауда болған швед офицері Ф. И. Табберт-Страленберг (тіл біліміндегі
«орал-алтай» теориясының негізін салушы) 1730 ж. орхон-енисей жазуынын, бірнеше үлгілерін тауып,
бұрын-соңды тарихта белгісіз, ешкім түсінбейтін жат жазуды өз еліщің тілінде осылай деп атаған .Батыс
елдерінде де «рунь жазуының ескерткіштері» деген сөз орамы бар, бірақ олардың жазуы орхон-енисей
жазуынан бөтен. Орхон-енисей жазуы туралы мәліметтер одан бүрын да белгілі болатын. Бірак, бұл
жазудың өзіндік сыры екі ғасыр бойы қүпия болып келген: XVII ғасырдың аяғынан (1692 ж.) бастап XIX
ғасырдың соңына дейін (1893 ж.) оны ешкім оқи алмаған.
I тарау. Орхон Енисей ескерткішінің ашылуы
XVIII ғасырдың басы еді. Орыс армиясының қолына түскен тұтқын швед офицері Филипп Иоганн
Страленберг Сібірді түгел аралап, Орхон өзенінің бойын жағалай жоғары өрлеп келе жатты. Ұзақ жүрді, бірақ
бұл өңірден пәлендей тіршіліктің белгісін көре алмады. Әбден шаршап-шалдыққан саясатшы алдағы жолдың
қызығынан біржолата күдер үзгеңдей еді, бір кезде сонау көз ұшынан бұлдырап сағымға малтыққан кереметті
көзі шалғандай болды.

Филипп Иоганн
1.1 Ескерткіштің зерттелуі
Бұл мұралар жайындағы алғашқы мәліметтер XVIII ғасырдың басында көріне бастайды. XIX ғасырдың
алғашқы ширегінде біраз мағлұматтарды өзі шығарып тұрған «Сибирский вестник» журналында
Григорий Спасский жариялайды. (Г. Спасский. Древности Сибири с приложением альбома «Сибирьский
вестник», 1818 г.) Оның мақаласы көп кешікпей латын тіліне аударылады да, Орхон ескерткіштері
басқа елдердің ғалымдарына да белгілі бола бастайды.

Сибирский вестник
1889 жылы орыс зерттеушісі Н. М. Ядринцев Орхон өзенінің бойынан, Енисей өзені сағасынан табылған
ескерткіштерден әлдекайда үлкен белгісіз таңбамен жазылған зәулім, колдан қашалған төрт кабырғалы биік
тасты көреді. Н. Ядринцев таска мынадай сыпаттама береді: биіктігі — 3,5 метр, төменгі ені — 1,32 метр,
жоғарғы жағының ені — 1,22 метр. Биіктеген сайын жіңішкере береді, жоғарғы бөлігі өрнектелген. Тастың
тор жағы бірдей жазылған. Батыска караған бетіндс қытай жазуы да, қалған қабырғасы бірдей руналық
жазуымен толған. Орхон ескерткіштерінің аударылуы.

Н. М. Ядринцев
1.2 Орхон ескерткішінің аударылуы
Орхон ескерткіштерінің бүгінгі таңда орыс тілінде жарияланған аудармасының екі түрлі үлгісін атай аламыз.
Біріншісі – қарасөз үлгісіндегі мағыналық аударма. Бұған В.В.Радлов., П.М.Мелиоранский, С.Е. Маловтардың
аудармасы жатады.
Екіншісі – И.Стеблеваның өлең аудармасы.
Біріншіден Малов біздіңше ескерткіштің мазмұнын мағынсын беруді басты мақсат етіп қойған. Сондықтан да
ондағы жыр шумақтары бүтіндей ескерілмей қалған. Екіншіден кейбір жеке сөздердің баламасын дәл
бермеген және түп нұсқадағы кеәбір сөздері түсіп қалған. Мәселен күлтегінге арналған кіші жазудың алғашқы
шумағындағы білге сөзі түсіп қалған, оның керісінше күлтегінге арналған жазуда кездеспейтін іті сөзі түсіп
қалған.
Қорытынды
Л.Н.Гумилев Орхон жазба ескерткіштерін «Көк түріктердің өздері туралы» жазған шежіресі деп
білген екен. Тасқа жазылған ескерткіштерде негізінен Түрік қағанаты, оны билеген қағандар, олардың
ерлігі жайында сөз болған. «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары өткен дәуірден нақты мәлімет беруге
арналған тарихи деректер көзі болып табылады. «Күлтегін» жырының басты идеясы – Күлтегін батырды
Түрік қағанатының құдіретті тұлғасы етіп көрсету. Сонымен қатар, «Күлтегін» жырының авторы –
Йоллығтегін Түрік қағанатының күш қуаты артты, жері барынша кеңіді, ел тұрмысы түзелді.
Түрік қағанаты тарихында Тоныкөк тұлғасы ерекше орын алады. Ол Елтеріс қаған, Бөгі қаған және
Білге қағандарға кеңесші болған. Тоныкөк ел қамын ойлаған ақылгөй, дана қарт адам. Түрік қағанатына
төрт жағынан жау қаптағанда, Тоныкөк ақыл кеңесімен де, тапқыр сөзімен де, батырлық істерімен де
қағандарға көмектесіп отырады. Орхон жазба жәдігерліктері ішінде «Тоныкөк» жыры ерекше орын
алады. Бұл жырдың авторы бөлек, оны Тоныкөктің өзі жазған деген болжам бар екен. Екіншісі – руна
жазуындағы бұл жәдігерліктерді поэзиялық туындыға тән барлық белгілері бар, ежелгі түркілердің
өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп танылған.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1) Айдаров Ғ. Орхон ескерткіштерінің тексті – 1990ж
2) Абылхожин Ж, Бурханов.Н, Кадырбаев.Ш,Еуразия жүрегі – 1998ж
3) Керімұлы Ә. Ескі түркі ескерткіштері тіліндегі сөз жасайтын жұрнақтар - 2005ж

Ұқсас жұмыстар
Күлтегін ескерткіші
ТАСҚА ЖАЗЫЛҒАН ДАСТАНДАР - ТҮРКІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ
Орхон ескерткіштері
Фальклорлы зерттеу әдісі
Бәдіздердегі жырлар ( Тастағы жазулар- «руна») туралы зерттеулер»
Ежелгі дәуір әдебиеті
Күлтегін жазба ескерткіші
Қыпшақтар мекендеген ұлан байтақ территория
Руналық жазу
Күлтегін жырының басты идеясы - Күлтегін батырды Түрік қағанатының құдіретті тұлғасы етіп көрсету
Пәндер