Кітап басуды ойлап табу
Презентация қосу
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
a) Дүние жүзіндегі түсінік
b) Білімнің дамуы
c) Кітап басуды ойлап табу
d) Өнер және әдебиет
III. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Дүние жүзіндегі түсінік
Қалалар мен сауданың дамуына байланысты адамдар көбіне туған жерлерін тастап кете бастады.
Еуропа жолдарынан көптеген көпестерді , қолөнершілерді , кезбе артистер мен тауап етушілерді
кездестіруге болатын еді. XIII ғасырда Қиыр Шығыс елдері жөнінде Венеция көпесі, әрі саяхатшысы
Марко Поло шынайы әңгіме қалдырды. Ол ширек ғасыр шамасындай өз отанынан қашықта өмір сүрді,
көп жыл қытайда тұрды, бұл елдің жағдайын ден қойып бақылады. Саяхатшы Италияға қайтып
оралғаннан кейін кітап жазып, Азия халықтарының өмірі мен әдет-ғұрпы жөнінде әңгімеледі. «Марко
Полоның кітабы» көпке дейін географиялық карта жасау үшін нұсқау қызметін атқарды.
Білімнің дамуы
Еуропада XII ғасырда тұңғыш жоғары мектептер – университеттер пайда болды. Олар даңқты
мұғалімдері бар қалаларда ашылды. Бұларда оқу латын тілдерінде жүргізілді, сондықтан түрлі елдердің
жастары оқи алатын болды.Университеттерде дін оқуын, заңдарды, медицинаны оқыды. Студенттер
оқытушылардың лекциясын тыңдап, жазып алып отырды, ұғымсыз жерлерін сұрап біліп отырды.
Лекцияларды диспуттар толықтырып отырды. Еуропада XV ғасырда 65 университет болды. Бұлардың
ішінен Париж , Болонье (Италияда) , Оксфорд (Англияда),Прага, Краков (Польшада) университеттері
жұртқа белгілі болған.
Кітап басуды ойлап табу
Қолөнер мен сауданың дамуына байланысты қалада сауаттылық өсті. Мектеп оқушылары мен
студенттерге барған сайын оқулықтар көбірек керек болды. Қала тұрғындары әдебиетке көңіл қойды.
XIV ғасырда Еуропада қағаз жасау етек алды. Тексті көбейту үшін ағаш немесе мыс тақтаға әріпті ойып
салып, онан қағазға басып түсірді, бірақ бұл көп жұмысты күтті. XV ғасырдың орта шенінде
неміс Иоганн Гутенберг кітап басуды ойлап тапты. Ол ұзаққа созылған және қажымас еңбектен кейін
металдан жеке әріптерді (литерды) құюдың тәсілін тапты. Гутенберг басу станогын да ойлап тапты.
Өнер және әдебиет
Сәулет өнері(архитектура) - XV ғасырда Батыс Еуропада үлкен құрылыс басталды. Бай шіркеу сансыз
дінге сенушілерді сыйғызу үшін храмдарды кеңейтті. Құрылыстардың белағашы тас күмбердермен
алмастырылды.Роман храмы – биік мұнарлы алып ғимарат. Роман храмдары өзінің сұстылығымен және
күрделігімен қамал тәрізденіп, католик шіркеуінің құрметіне сенім тұғызуға тиіс болды.
XII ғасырдың аяғынан бастап қала тұрғындары сауда үйлерін, ратушалар, соборлар, ауруханалар, қонақ
үйлерін салды. XII-XV ғасырларда салынған құрылыстар готикалық құрылыстар деген ат алды.
Бейнелеу өнері - Роман храмдарының қабырғалары суретке толы болатын, ол суреттерден құлшылық
етушілерге «әулиелерге» мен құдайдың сұсты суреті қарап тұратын.Бейнелеу өнерінің аса зор жетістігі
кітап миниатюрасы болатын .
Әдебиет - Ақындар халық өлеңдері мен аңыздарды жинады, феодалдардың соғыстағы ерлігі және
басынан кешкен оқиғалары туралы өлеңмен жазылған романдар мен дастандар жазды.
Ең атақты эпикалық дастан – «Роланд туралы жыр» XII ғасырдың бас кезінде Францияда жазылды. Бұл
дастанда Ұлы Карл Испаниядан шегінген кезде граф Роланд отрядының ерлікпен қырылғаны туралы
айтылады.
«Роланд туралы жырдан» үзінді
Таянды ажал...
Граф та мұны сезінді,
Жиып ап бойға соңғы күш, соңғы төзімді,
Жүріп келеді қия алмай қарап өңірге,
Тіршілік семіп қан-сөлсіз осынау өңінде.
Қорытынды
Рим империясы құлағаннан кейін Батыс Еуропада орта ғасырлар дәуірі басталды. Бұл ұзақ жылдарға
созылды. Империя жеріне енді солтұстіктен әр түрлі халық, тайпалар қоныстана бастады. Әсіресе
солтұстіктен герман халықтары көптеп келді. Ал олардың мәдени деңгейі римдіктерге карағанда
әлдекайда төмен еді. Сондықтан да римдіктер оларды "варварлар" деп атады. "Варварлар"
("жабайы") мәдениет көзін дұрыс түсінбегендіктен, Батыс Рим мемлекетіне қатты соққы беріп,
антикалық өнер шығармаларын қиратты. Қалған өнер көздері римдіктер христиандінің қабылдағаннан
кейін ғана өзінің әсемдігін, зәулімдігін сақтап қалды. Қиратылган мемлекеттер орнында бірнеше
"жабайылар" корольдігі пайда болды, солардың ең мықтысы франктер мемлекеті еді. Бұл мемлекеттегі
меровингтік және каролингтік әулеттер дәуірінде өнер қанатын кең жайды. Мұнда "варварлардың"
өсерімен қөлөнер дами тұсті. Тоқып жасаған заттар, ою-өрнек бірін-бірі қайталамайтын әсем
ырғақтардан тұрды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Батыс Еуропа Е.В. Агибалова, Г.М.Донский – 1992ж
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz