Оқыту заңдары, заңдылықтары




Презентация қосу
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Оқыту заңдары, заңдылықтары
2. Оқытудың негізгі қағидалары
3. Дидактикалық ұстанымдар
Қорытынды
Дидактика
Дидактика (гр. διαλεκτική – тәлімді) – білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың
үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр
кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен
ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы.
Оқыту қағидалары мен ережелерi. Оқыту қағидаларын сипаттама.
Қағида (латын сөзi) - басшылыққа алатын идея, негiзгi талап, қағида. Дидактикалық қағидалары -
оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерiн, əдiстерiн оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай
анықтайтын қағидалар жүйесi. Оқыту қағидалары дидактиканың категорияларына жатады. Оқыту
қағидасы - мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол барлық
пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту қағидасы жүйесін тұңғыш ұсынған Я.А.Каменский. Ол адам
табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оқыту да табиғат пен адам тәуелді болатын заңдарға байланысты
екенін дәлелдейді. Сондықтан оның пікірінше, оқытудық ең басты қағидасы - табиғатқа сай болу
қағидасы. И.Г.Песталоцци оқытудың көрнекілік қағидасы ерекше бағалап, оны логикалық ойлауды
дамытатын маңызды құрал деп санаған. К.Д.Ушинский оқытудық халықтық сипатына баса назар
аударып, оқытудың қағидаларды психологиялық тұрғыдан қараған. Ы.Алтынсарин оқыту ережелерін
қазақ мектептеріндегі білім берудің ерекшеліктеріне байланысты қолдану керектігін айтқан.
Оқыту процесін іске асыру белгілі бір заңдылықтарды меңгеру негізінде жүзеге асады.
Құбылыстар мен процестер арасындағы объектілі, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда
қайталанатын өзара байланыс заңдылық деп аталады. өзара байла-нысы бар объектілер, байланыстың
түрі, сипаты, қызмет аясы анықталған кезде заңдылықты заң деп білеміз.
Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Оқыту заңдылықтары сыртқы
және ішкі, жалпы және жеке деп бөлінеді. Сыртқы заңдылықтар оқытудың қоғамдық шарттардан,
саяси-әлеуметтік жағдайлардан тәуелділігін сипаттайды. Ішкі заңдылықтар оқытудың мақсаты,
әдістері, құралдары, түрлері арасындағы бай-ланыстарды сипаттайды. Жалпы заңдылықтар бүкіл
оқыту жүйесін қамтыса, жеке заңдылықтар оқыту жүйесінің нақты, жеке бөліктерін қамтиды.
Оқыту қағидалары:
• Оқытудың ғылымилық қағидасы ( оқытылатын ғылымның тілі мен қисыны, бүгінгі күн талабына
сай ғылымның негізгі теориялары мен ұғымдарын, ғылымның нақты әдістерін, қоғамдық және
табиғи құбылыстардың ғылыми-таным әдістерін);
• Оқытудың тарихилық қағидасы ( тарихи даму кезеңдерінің сақталуы)
• көрнелік қағидасы;
• Я.А. Коменский бұл қағидасы ″Дидактиканың алтын ережесі″ деп атаған. Көрнекілік қағидасы
құралдары: нақты объект, көлемді құралдар (модель, макет, муляждар және т.б); көркем сурет
(картиналар, фото суреттер, диафильмдер т.б.); аудио,видео, аппараттар және т.б.
• жеткіліктілік қағидасы;
• саналылық, белсенділік қағидасы;
Оқыту заңдары, заңдылықтары
Жеке заңдылықтарға дидактикалық, психологиялық, ұйымдастыру заңдылықтары жатады.
Оқытудың негізгі заңдары:
• Қоғамдық қатынастар, әлеуметтік құрылыс пен әлеуметтік тапсырыс тәрбие мен оқыту жүйесін
қалып-тастыруға ықпал етуі туралы заң.
• Білім алу, іс-әрекет жолдарын меңгеру және тұлғалық дамудың өзара байланысы туралы
• заң.
• Педагогикалық процестің бөліктерінің бірлігі және біртұтастығы туралы заң.
• Оқытуда теория мен тәжірибе бірлігі және өзара байланысы туралы заң.
Қорытынды
Оқыту процесінің мақсаттылық ұстанымы. Әрбір сабаққа дайындалу үшін ең алдымен, оның мақсатын
анықтайды. Мақсатсыз сабақ, нәтиже бермейді.
Оқытудың ғылымилық ұстанымы. Бұл ұстаным табиғат, қоғам, мәдениет, ойлау, даму заңдылықтарын
білуді талап етеді.Ғылымилық ұстаным-студенттердің таным қабілетінің дамуына, дүниеге көзқарасының
және жоғары адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына әсер етеді.
Оқытудың түсініктілік ұстанымы. Түсініктілік ұстанымы –оқытуды студенттердің дайындық деңгейіне
сай ұйымдастыруды талап етеді.
Оқытудың жүйелілік және бірізділік ұстанымы. Оқыту процесінде оқу бағдарламалары мен
тақырыптық жоспарда көрсетілген тақырыптар бойынша, теориялық және практикалық мәселелер
бірізділікпен белгіленеді.
Оқытудың саналылық пен белсенділік ұстанымы. Саналылық пен белсенділік дегеніміз-білімді
саналылықпен белсене қабылдап, оның өмір және практикамен байланысын тереңдету, оқытылатын
айғақтар мен олардың мәнін түсіну.
Көрнекілік ұстаным . Студенттерді нақты объектілермен таныстыруды талап етеді.
Ізгілендіру ұстанымы. Ұстаздан студентке деген ерекше сүйіспеншілікті, құрметті талап етеді.
Мәселелік ұстаным. Оқу процесінің мазмұны, әдістері, ұйымдастыру нысандары мәселелі сипатта
болуын талап етеді.
Интеграциялау ұстанымы. Бұл- жалпы білім мазмұнын анықтауда, оқу бағдарламалары мен
оқулықтарды жазып шығаруда ескерілетін маңызды ұстаным.

Ұқсас жұмыстар
ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСС
ОЙЛАУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ТУРАЛЫ
Жалпы әдіснама
Оқу заңдары, заңдылықтары жəне принциптері
Көрнекілікпен оқыту принципі
Проблемалық оқыту
Моногибритді будандастыру. Мендельдің бірінші және екінші заңдары
Мендельдің бірінші және екінші заңдары
Термодинамика заңдары, изопроцесстер
МҰҒАЛІМ ОҚЫТУ
Пәндер