Мұстафа Шоқай өмірбаяны
Презентация қосу
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
I тарау. Мұстафа Шоқай өмірбаяны
1.1 Мұсылмандарының IV төтенше құрылтайына қатысуы
1.2 Түркістан үкіметі
1.3 Түркістан автономиясының үкімет басшысына сайлануы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
М.Шоқайдың өмір жолы өнегеге толы болды. Бүкіл түркі әлемінің тарихи тұлғасына айналған
М.Шоқай 20 ғасыр кезеңінде адамзат баласының айтулы перзенті болды. Оның бойында біз біліп
үлгірмеген, тарихымен таныспаған талай рухани қазыналар жатыр. Ол Түркістан халқын орыс
диктатурасынан қорғауға күш салды, бірақ озық және адал ойлы славян халқының өкілдері Я.Газовский,
И.Пильсудский, В.Чайкин, В.Наливкинге деген құрметі ерекше еді. Өмірлік досы Мария Яковқызы да
орыс ұлтынан болатын.
М.Шоқай осынау таза табиғи қалпымен, көптің көзі жетпейтін шың басындағы шынар секілді еді.
Тамырын тасқа жайған шынар жалғыз өседі, жүзін күн сүйіп, жапырағын жел тарайды. Діні қатты
болады. Шыңдағы шынар секілді М.Шоқай да жиырмасыншы ғасырдан өтіп, асыл ой, азаматтық
қалпымен жиырма бірінші ғасырға келді.
Қорытынды
М.Шоқай Түркістан халқы арасындағы қоғамдық белсенділіктің, сауатың, ұйымшылдықтың, рулық
жіктелетін қандай деңгейде екенін жақсы білді. Жаңа автономияда сот жүйесін қазылар алқасы, немесе
шариғат жолымен жүзеге асыруды ұсынған кезде «руластық тамыр белен алып кетеді» деп бірден қарсы
болған.Мұстафа түркі тектес халықтың психологиялық дәстүрлі ерекшелігін жақсы білетін. Сондықтан
жалпы мемлекеттік сот құруын ұсынды.
Қоқан автономиясының 1918 жылдың қаңтарында құлауына себеп көп. Жергілікті халықтан кең
көлемде қолдау таппады. Уақытша үкіметпен сенімді байланыс жоқ. Ел ішінен іріткі салатын алуан түрлі
қоғамдық қозғалыс өріс алды. Ең бастысы Петербургтен бастау алып, Ташкенде өрістеген жұмысшы-
солдат депутаттарының үкіметі, Қоқан автономиясын Түркістан өңірінде қауіпті аймақтың бірі деп
санап, көзін жаймаққа жанталаса кірісті. Ақыры, Қоқан автономиясы қанды қырғынға ұшырады. Соның
салдарынан елде басшылық қозғалыс өріс алды. М. Шоқай сол күндер жайлы тарығып жазған бір
мақаласында: «...Қоқан ұлттық үкіметінің большевиктерге қарсы күресі кезінде, яғни 1918 жылғы
ақпанда, осыдан бір жыл бұрын Ақмешітте 1917 жылдағы мамыр айында орыс жұмысшы солдаттары
қолына өліп кетсемші деп өкінгенім бар» деп жазады.Мақала көлеміне М. Шоқайдың тарих бетіне
таңбалы із болып қалған барлық қызметін түгелдеп беру мүмкін емес.1918 жылы Грузияда одан
Түркияда кейін Париж бен Берлинге ұласқан қоғам қайраткерінің өмір жолы бүгінгі ұрпақ үшін өнегелі
жол.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1) Байбот Кошым-Ноғай Серiкбай-ұлы. "Мұстафа Шоқай. Түркістаннын қилы тағдыры". Алматы, 1992ж
2) Тархан Кыдырәлі. "Мұстафа Шоқай: өмірі, танымы, күресі", 2001ж
3) Кошым Есмағамбетов. "Әлем таныған тұлға". Алматы, 2008ж
4) «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008ж
I тарау. Мұстафа Шоқай өмірбаяны
Мұстафа Шоқай (25 желтоқсан, 1890 жыл, Сырдария губерниясы, Ақмешіт уезі, Наршоқы — 27
желтоқсан, 1941 жыл, Берлин) - көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Түркістан автономиясының
жетекшісі. Ауыл молдасынан хат танығаннан кейін 1902 жылы Ташкенттегі ерлер гимназиясына оқуға
қабылданады. 1912 жылы Санкт-Петербург Императорлық университетінің заң факультетін бітірген.
Ағылшын, француз, түрік, өзбек, орыс тілдерін білген. Студенттік жылдары империя астанасындағы
демократиялық қозғалыстарға қатысады.
1.1 Мұсылмандарының IV төтенше құрылтайына қатысуы
Түркістан аймағы үшін осы ерекше жиын - 1917 жылы 26 қараша күні Қоқанға шақырылған өлке
мұсылмандарының IV төтенше құрылтайы еді. Аталған құрылтай 26-27 қараша аралығында өтті. Бұған
Сырдария, Закаспий, Самарқан, Ферғана, Жетісу облыстарынан 200-ден аса делегат қатысты. Осы жиын
делегаттары 27 қараша күні «Түркістан территориялық автономиясын» жақтап, дауыс берді. Аталған IV
құрылтай Түркістан автономиясының немесе Түркістан мұхтариятының «Халық кеңесін» сайлады. Оған
36 түркістандық және 18 өзге ұлт өкілдері енді. Халық кеңесінің төрағалығына - Серәлі Лапин, кеңес
басшылығы құрамына - Мұстафа Шоқай, Убайдулла Хожаев, Махмұтқожа Бехбуди сайланады.
1.2 Түркістан үкіметі
М.Шоқай бастаған зиялылар азшылық ұлт өкілдері көшбасшыларына ғасырлар бойы азаптанған
Түркістан тағдырына және шөре-шөре болып қалған өз тағдырына ақыл көзімен қарауды сұрады.
Осыған байланысты кейін бір еңбегінде Мұстафа 1917 жылы Петерборда болған бір пікірталасты есіне
алыпты. Мәселе мынада екен, Уақытша үкімет Түркістанға жұмыс күшін апару жайын қарайды. Сонда
түркістандықтар жағдайды ушықтырмау үшін алдағы 25 жылда өлкеге жұмысшыларды әкелуді сұраған.
М.Шоқай ондай күш қажет болса, «орыстардың орнына татар мен башқұртты жіберу» мәселесін күн
тәртібіне қояды...
1.3 Түркістан автономиясының үкімет басшысына сайлануы
1918 жылы қаңтарда Түркістан автономиясының алғашқы үкімет басшысы М.Тынышбаев өз еркімен
жұмыстан босағанда, М.Шоқай осы қызметке сайланады. Большевиктер бұл автономияны ақпанда
қанды қырғынмен таратты. 1918 жылы қыркүйекте қайраткер Самарада бас қосқан Ресейдің азаттық
жолындағы күрескерлерінің Құрушы мәжілісіне (Комуч) қатысады. 1919 жылы ақпанда Түркістан
мемлекеті бағдарын одан әрі қозғау үшін Бұхар әмірлігі мен Закаспийдегі ағылшын корпусы
басшылығымен келіссөзге Ашхабатқа келеді. Сол жылы Баку мен Тифлисте сәл аялдап, (гүржі жерінде
«Яни дүния», «Шафак» атты газеттер шығарысып, «Вольный горец» басылымына атсалысады)
Ыстамбұлга аттанады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz