Бәйдібек ауданы әулие, батырлар шыққан киелі жер
Презентация қосу
Кіріспе
Бәйдібек би ауданы көз тоярлық табиғаты тамаша көркем жерлердің бірі. Елді мекендер негізінен өзен
аңғарларының бойында орналасқан. Ауданның батысындағы шөлдің ашық сұр, сұр топырағында боз
жусан, баялып, бидайық, күйреуік, шығысындағы таудың сұр-қоңыр топырағанда Қаратау жусаны,
нарғия т.б. шөптесіндер мен тобылғы, жабайы алма, өрік: өзен бойларында тал, терек, жиде, қамыс өседі.
Бәйдібек баба 1356-1419 жылдары Шығыс Қаратау өлкесінде өмір сүріп, осы ауданның қазіргі Бәйдібек
ата елді мекені жерінде дүниеден өткен. Өз заманында көшпелі елдің басын біріктіріп, елді, жерді
сыртқы жау шапқыншылығынан қорғауды ұйымдастырушы және бастаушы, ақылшы, қолбасшы ретінде
көрінетін аса ірі тарихи тұлға Бәйдібектің Балабөген өзеннің биік жағасында ежелден сақталған көне
мазар күмбезі болған. Ескі мазар күмбез замана толқынымен қаншама рет бұзылып, қайта тұрғызылып
келді. Қазіргі Бәйдібек ата күмбезі 1998 жылы облыстың бас сәулетшісі Ғабит Сұлтанғалиұлы
Садырбаевтың жобасымен қайтадан тұрғызылды.
Бәйдібек ауданы әулие, батырлар шыққан киелі жер. Көне тарихи мұраларда Домалақ ана, Қызыл
көпір, Ақмешіт әулие үңгірі және XIX ғасырдың тарихи мұра ғимараты — Аппақ Ишан мешіті бар.
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
a) Бәйдібек ауданы
b) Бәйдібек Қарашаұлы
c) Тарихи ескерткіштер
III. Қорытынды
Бәйдібек ауданы
Бәйдібек ауданы – Оңтүстік Қазақстан облысының орталық бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік.
Орталығы - Шаян ауылы. Бәйдібек ауданы жері Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейінде, қырқалы
жазықта жатыр. Оңтүстік-шығысын Боралдай жотасы,Үлкентұра тауы (1425 м) алып жатыр. Жер
қойнауынан полиметалл кені (Байжансай), әкетас, құрылыс материалдары барланған. Аудан аумағынан
Шаян, Аоыстанды, Бөген, Боралдай, Бестоғай, Сасықөзен өзендері және олардың салалары Үлкен
Бөген, Бала Бөген, Қошқарата, Құтырған, тағы басқа ағып етеді.
Бәйдібек Қарашаұлы
Бәйдібек Қарашаұлы (шамамен 6 – 7 ғасырлар тоғысында өмір сүрген) – қазақ халқын құраған
тайпалардың аумақтық және этникалық тұтастығын қалыптастыру жолында көп еңбек сіңірген тарихи
тұлға.Шығыс Қаратау өлкесінде өмір сүріп, осында жон жайлауда, қазіргі Алғабас ауданы «Ақтас»
жылқы зауытының жерінде дүниеден өткен. Сүйегі Балабөген өзенінің жағасында жерленген.Ол дәулеті
шалқыған байлығымен, ұлысты басқарған парасаттылығымен белгілі. Жетісуды, Арыс өзенінің алабын,
Ташкент пен Қаратау өлкелерін жайлаған елді басқарған. Бәйдібек сүйегі Балабөген өзені жағасында
жерленген.
Тарихи ескерткіштер
Аппақ ишан мешіті
Аппақ ишан күмбезі - ХІХ ғасырдың ақырындағы сәулетті ескерткіштердің бірі. Оңтүстік Қазақстан
облысының Бәйдібек ауданының Шаян ауылында орналасқан. Аппақ ишан медресесі діни оқу орыны
ретінде 1927 жылға дейін, Қазақстанда ірі байларды конфискациялауға дейін өмір сүреді.
Домалақ ана кесенесі
Домалақ ана - есімі Нұрила 1378-1456 жылдары өмір сүрген. Домалақ ана қос Бөгеннің сағасындағы
бір жазыққа жерленген. Айналасын көгілдір таулар қоршаған сол жазықта қазір бозарып сәулетті күмбез
көрінеді. Ол – Домалақ ана кесенесі. Немересі Дулат Бұхарадан Абдулла Шери ұстаны алдырып,
Домалақ ананың басына төрт қанатты, төбесі күмбезбен көмкерілген кесене там (1456) тұрғызады.
Домалақ ана кесенесі бірнеше рет бұзылып, қайта өңделген. 1957 ж. қайта жаңартылған кесене де көп
уақыт сақталмаған. 1996 ж. Маңғыстаудан арнайы әкелінген ақ таспен жаңадан 12 м биіктікте сегіз
жапырақты етіп өріліп, негізгі бөлігінің үстіне күмбез орнатылған.
Қызыл көпір
Облыс аумағындағы ең көне көпір – «Қызыл көпір». Бұл тарихи ескерткіш – 1886 жылы ескі ағаш
көпірдің орнына салынған. Білікті инженерлік есеп пен құрылыс-монтаж жұмыстарының жоғары
сапалығы сонша, нысан әлі күнге ел игілігіне жарап тұр. Отыз метрлік көпір 1970 жылдарға дейін қала
аралық, жалпы одақтық маңызы бар автокөлік қатынасын қамтамасыз етті.
Ақмешіт әулие үңгірі
Қартаудың оңтүстік-шығыс беткейінде, Бәйдібек ауданындағы Бірлік (Көктерек) ауылы маңында,
Ойық жарқабақты үңгір әктасы жыныстар қабатында пайда болған. Ұзындығы 254 м, ені 65 м, биіктігі
25 м, оңтүстік батыстан солтүстік-шығысқа қарай созылған. Ішінен қарағанда ернеуі киіз үйдің
шаңырағы секілді. Көрінеді. Ел арасында бір кездері мұнда бір әулие әулетімен киіз үй тігіп, сатымен
шығып-түсіп жүрген деген аңыз айтылады.
Қорытынды
Қазақ даламыз тарихи құндылыққа бай. Ата бабамыз қызғыштай қорғап қорғандар мен сауат ашу үшін
салған тағыда басқа түрлі жәдігереріміз бар. Өз туған өлкеміз тарихқа толы жерлер. Оны білу, көру,
тарих ретінде ұрпаққа қалдыру біздің міндетіміз. Сонымен қатар өлкемезде тарих беттерінен қалған
ескерткіш, жәдігерлерімізді ары қарай сақтап, өлкемізді дамыту жеткіншек ұрпақтардың қолында.
Адам тұлға болып туылмайды, ол өмір барысында өзін тұлға ретінде қалыптастырады. Сол себепті
біздің батыр, намысшыл, арыстай хандарымыз, батырларымыз елдің қамын ойлаған даналарымыз тұлға
ретінде өздерін қалыптастырған.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz