Ақмола шайқасының 180 жылдығы: Кенесары көтерілісі және тарихи маңызы


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Педагогика және мәдениет факультеті

Жалпы тарих және мұражай ісі кафедрасы

Презентация

Тақырыбы: “Ақмола шайқасына 180 жыл”

Орындаған: Тулебаева А. Г

Тобы: ПИК 17-3к

Қабылдаған: Отарбаева Г. К

Шымкент 2018ж

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

I. тарау Ақмола шайқасы.

1. 1 Шайқастың шығу себебі

1. 2 Шайқастың басталуы

1. 3 Ескерткіш көктас

1. 4 Батырлар ұрпағы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Кіріспе

Патша саясаткерлері қазақ жерінің байлығына кеңдігіне көз тігіп жаулау жоспарын құрған болатын. Ұлт тарихында ұлт - азаттық көтерлістің ту ұстаушысы көсемі Кенесары Қасымұлының ерен еңбегі, ерліктері заман тарихында құс жолындай сайрап жатыр. Хан Кене жасағының құрамында атақ - абыройы асқақ үш жүздің айбалтадай жарқылдаған батырлары болған.

Кенесары көтерілісінің басты мақсаты патшалық Ресейдің құрамына кіріп үлгермеген аймақтардың дербестігін сақтау қазақ жерлерінің бекіністер мен жаңа округтік билеу арқылы жан-жақты отарлауды тоқтату еді. Кенесары Қасымұлы қозғалысы бүкіл қазақ жерін қамтыды. 1938 жылы Кенесары жасақтары патша әскерлеріне қарсы алдын ала жоспар құрады. Олармен шайқаста Ақмола округіндегі патша әкімдерімен сыбайласып жүрген Қоңырқұлжа сұлтанның ауылын шабады. Бұл кезде Кенесарының аты бүкіл қазақ жеріне жайылып беделі асып тұрады. 1841 жылы Кенесары ұш жұздің басын қосып әкесі Қасым ханның дүние салғанына бір жыл толуына орай ас береді. Осы астан кейін үш жүздің басы жиналған күйі Кенесарыны ақ киізге отырғызып хан сайлайды.

К

Slide 4

Ақмола шайқасы

ХІХ ғасырдағы патша отаршылдарына қарсы жүргізілген барлық соғыстары ішінен Алаш елінің екі тарихи шайқасын ерекше атап өтуге болады, бұлар: Ақмола шайқасы және киелі Түркістан үшін болған соғыстар

Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас, Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас. Ел үшін жанын кешіп, жауды қуған, Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас . . . Ел үшін төккен ерлер қанын жұтқан, Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас. Арқаның селі, желі, шөлі, белі, Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас.

М. Жұмабаев

Slide 5

Шайқастың шығу себебі

Қазақ тарихында бұл ұлы шайқастар хан Кенесары Қасымұлы және оның ұлы Сыздық сұлтан есімдерімен тығыз байланысты. Қазақтардың жоңғарларды ойсыратқан жеңісінен кейін қазақ жерінде тыныштық орнады. Алайда Мәскеу Кремлінің патша саясаткерлері «Қазақ жерлері - Азия байлығының кілті және қақпасы» деген Петрдің аманатын еске түсіріп, қазақтың дархан даласын бөлу жоспарын даярлады. Ал, жер үшін, бостандық үшін күрескендер көздері жойылуға, өлім жазасына немесе Сібірге каторгаға айдалуға ұшыраған.

Каторга - Сібір

Slide 6

Каторга - Сібір

Slide 7

Шайқастың басталуы

Қазақ халқының еркіндік туын көтерген Кенесары Абылайдың немересі еді. Ол қазақ халқының еркіндігі мен тәуелсіздігін жеке басының амандығына айырбастамай, мұздай қаруланған орыс әскеріне, зеңбіректерге қарсы шығып ұлт-азаттық қозғалысын бастап кетті.

Кенесары хан

Slide 8

Наурызбай батыр Ағыбай батыр Бұқарбай батыр

Басықара батыр Байсейіт батыр Балбай батыр

Slide 9

1838 жылдың 7 тамызы, Ақмола бекінісі. Бекініс алапат отқа оранды. Кенесарының бір отрядын басқарған Басығара батыр қалаға өршелене ұмтылып енді. Батыр мерт болды. Хан Кене алған бағыттан қайтпауға және батырдың мәйітін қалдырмауға жарлық берді. Хан жарлығынан жігерленген Ағыбай, Иман, Наурызбай батырлар бастаған отрядтар дұшпан шебіне басып кірді. Ұрыс кең қанат жайды. Қараңғы түскенше бәсеңсімеді.

Ақмола бекінісі

Slide 10

Қазақ жерінің кіндігіне орналасқан Ақмола - Ресей империясы үшін бір зор форпост міндетін атқарды, отарлау саясатының орталығы болды. Бұл жерге империянының түпкір түпкірінен әскерлер жиналып, топталып Орта Азия жерлеріне шабуылға шығушы еді. Бұл патшаның қанды саясатына еркін өскен ел қарсы шықты. Осыдан 180 жыл бұрын Ресей империясына «жерімізді бермейміз, құл болмаймыз» деп Кенесары хан Сары-Арқада ұран тастап, үш жүздің басын қосып Алаш елін бір тудын астына жинаған еді.

Кенесары әскерімен шайқас.

Slide 11

Ескерткіш көктас

Осы шайқаста қаза болған баһадүрлерге Ақмоланың «Көкбел» деп аталатын ежелгі зиратына арада бірнеше жылдар өткен соң руы қаракесек Иманқұл деген азамат шаһиттерге арнап ескерткіш тас ойдырып, батырлар жерленген қорымның құбыла жағына орнатады. Ескерткіш таста көне шағатай тілінде, араб әріптерімен: (кей жерлері өшіп кеткен) « . . . Ережеп айының соңғы оразасында. 1838 жыл. Сармырза қарулы капірлер қолынан жекпе-жекте шаһит. Саржан өкілі 50 - жасауыл. Ақмола. Ханның өкілі төрелер, 200 сардар . . . көшті. Алла тағала шаһиттердің жанын жәннатта . . . » деп айқын жазылып тұр.

1838 жылы Кенесары батырларына қойылған көктас.

Slide 12

Батырлар ұрпағы


Ұқсас жұмыстар
Кенесары Қасымұлының көтерілісі: себептері, барысы және тарихи маңызы (1837-1847)
1837-1847 жж. Кенесары Қасымұлы көтерілісі: себептері, кезеңдері және тарихи маңызы
Кенесары Қасымұлы бастаған 1837-1847 жж. ұлт-азаттық көтерілісі: себептері, барысы және тарихи маңызы
Кенесары Қасымұлының көтерілісі және Қазақ хандығын қалпына келтіру (1837-1847)
Кенесары Қасымұлы: ұлт-азаттық қозғалыстың себептері, барысы және тарихи маңызы
Кенесары Қасымұлы және 1837-1847 жылғы қазақ ұлт-азаттық көтерілісі
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс: себептері, барысы және тарихи маңызы
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі: себептері, барысы және тарихи маңызы
Кенесары Қасымұлы бастаған 1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық көтеріліс: себептері, мақсаттары және тарихи маңызы
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс: себептері, барысы және тарихи маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz