Орта ғасырлық мәдениеттің хронологиялық шеңберлері


Slide 1

Орта ғасырлық мәдениеттің хронологиялық шеңберлері: V ғасырдың соңы, дәлірек айтсақ, 476 жыл - Батыс Рим империясының құлаған жылы, ол ерте феодалдық мемлекеттер орнында пайда болды.

Slide 2

XVII ғасырдың екінші жартысы - Ағылшын буржуазиялық революциясының кезеңі, бұл Европада феодализмді жойып, капиталистік қатынастарды орнатуға негіз болды. Осы кезеңнің барлық мәдени өмірі көбінесе христиандықпен анықталды, бағыт-бағдардың жаңа этикасын дайындады, дүниеге және ондағы адамның орнына жаңа көзқарасты қалыптастырды.

Slide 3

Тарих та құдайдың ниетін жүзеге асыру ретінде қабылданды. Философия - «дін іліміне қызмет көрсетуші», орта ғасырлық философтың көзқарасы бойынша оның мұндай функциясы оның жалғыз ақтайтын дәлелі бола алады. Дін ілімі орта ғасырлық адамның әлеуметтік практикасының «ең жоғары қорытындысы».

Slide 4

Литургиялық драма пайда болды, ол соборда ойналып, қызмет бөлігі болып саналды, ол храм папертиінде болып, латын тілінде емес, жергілікті диалектіде жүргізілді. Кейіннен миракль (христиан сенімінің қарапайым адамдарға, оның ішінде күнәлілерге игілікті әсері туралы ғажайып аңыздар), мистерия (керемет мерекелік ойындар, олар бірнеше күнге созылады, христиандық сюжеттерді насихаттағанмен, ақсүйектер ұйымдастырады), моралите (христиан рақымшылдарын мадақтайтын аллегориялық көріністер) сияқты жанрлар қалыптасады.

Slide 5

Орта ғасыр алғаш рет уақыт рухындағы өнер арқылы кешенді беру тәсілі ретінде көркем стиль жасайды. Роман стилі бірінші жалпы европа стилі болып саналады, ол VIII-XII ғ. ғ. тараған және ежелгі рим сәулет өнерінің ерте үлгілерімен ұқсастығы үшін европалық орта ғасырдың екі жетекші сәулет стильдерінің бірі. Жабындыларды көтеріп тұрған жуан қабырғалы және бойница түріндегі терезелері бар роман стилінің ғимараты өзінің типі бойынша бекініс ғимараты болды.

Slide 6

Роман стилін XII-XIV ғ. ғ. тараған готика ауыстырады, ол қалалық орта ғасыр мәдениетінің дамуымен тығыз байланысты. Бұл аты шартты түрде: ол Қайта Өрлеу дәуірінде пайда болған және «готтар өнері», яғни варварлар деген мағынаны берген. Жебе тәрізді аркалары мен терезелері, мұнаралары, төбелері бар готикалық ғимараттар мен ордалар ортағасырлық лас көшелерден бөлініп шығып, аспанға, Құдайға ұмтылады. Төбелері биік готикалық құрылыста ауа кең болды.

Slide 7

Адамзаттың рухани бірігу құралы мектеп болды, онда әр текті халық жалпы ойлауды және жалпы өмір сүруді үйренді. Орта ғасырлық мектеп антика мектебінен бастау алады. Оны ұйымдастыруға антикалық білімі бар ерте орта ғасыр қайраткерлері үлкен роль атқарды. VI ғ. өмір сүрген Боэций Платонның «жеті еркін өнерін», яғни орта ғасырлық оқу орындарында оқытылатын жеті міндетті пәнді тұжырымдады. Өз кезегінде «жеті еркін өнерді» екі бөлікке бөлу қабылданды: тривиум (үш бастапқы білім - грамматика, риторика және диалектика), және квадривиум (төрт білім жолы: геометрия, арифметика, астрономия және музыка) .

Slide 8

Орта ғасырлық қалалардың гүлденуі білімді адамдарға деген қажеттілікті тудырды, бұл мектептердің базасында университеттердің пайда болуына әкелді. Бірінші университеттер Болонияда (ХІ ғ соңы), Кембриджде, Оксфордта (ХІІІ ғ. басы) және басқа европа орталықтарында пайда болды. Оларда жетекші факультет дін ілімі болғанмен, басқа факультеттер феодалдық қоғамда ақсүйектер білімінің таралуына мүмкіндік жасады.

Slide 9

Ерте ортағасырлық кезеңге ересейлердің - христиан шіркеуінің негізгі постулаттарына қайшы келетін ерекше ілімдердің пайда болуы жатады. Олардың әр түрлі идеялары болды. Олармен күрес жолының бірі инквизиция - католик шіркеуі құрған сот-полицей мекемесі болды, ол ХІІІ ғ. үнемі шіркеуі соты ретінде жұмыс жасады. Инквизицияның ресми құрылған жылы және бірінші инквизициялық процесс жылы 1229 жыл саналады.

Slide 10

Ақсүйектер мәдениеті де болды, онда рыцарлық мәдениет ерекше орын алады. Рыцарлар ортасы этикеттің ерекше шеңберлерін жасады. Рыцарь құдайға сыйынып, күнәдан, менмендіктен және нашар қылықтардан бойын алыс салып, шіркеуді, жесірлер мен жетімдерді қорғап, қол астындағыларға қамқор жасау қажет. Ол батыр, адал болып, оң іс үшін ғана күресу керек. Ол өзінің ханымы үшін турнирлерде күресе білетін, жиһанкез болу керек. Бұл рыцарьдың әсем ханымға деген махаббатынан қатты байқалады.

Slide 11

Орта ғасырдың соңғы ақыны мен жаңа кезеңнің алғашқы ақыны Данте Алигьеридің поэтикалық жаңашылдығы дүниеге және поэзияға ортағасырлық көзқараспен қатар болды. Оның поэзиясына тән белгілер аллегория мен символика болды. Алайда Дантенің кейіпкерлері өзінің өміршеңдігімен жаңа дүниетанымға, әлем мен адамға деген жаңа қатынасымен жол ашты. Кескіндемедегі түпкі ренессанс белгілерін Джотто жұмыстарынан көруге болады, бұл композицияның алуандығы мен өміршеңдігі, тұрмыстағы нақты заттарды, жағдайды, костюмдерді, перспективалар мен анатомияны ескере отырып, нақты кеңістікте кейіпкерлердің табиғи орналасуын көрсетуге тырысуы.

Slide 12

Мазмұны

I. Кіріспе

II. Негізгі - бөлімі

a) Орта ғасыр мәдениеті және қала гүлденуі

b) Дін ілімі

c) Роман және готика стилі

d) Орта ғасырлық мектеп


Ұқсас жұмыстар
Орта ғасыр мәдинетінің адамы
Ежелгі мәдениет, антикалық және ортағасыр мәдениеттері
Орта ғасырдағы мәдениет
Ортағасыр мәдениетінің христиандық типі
Жаңа заман мәдениеті
Мәдениет туралы түсініктердің тарихи эволюциясы
Ортағасырлардағы Батыс Еуропа мәдениеті
Қайта өрлеу мәдениеті
Қайта өрлеу дәуірінің мәдени мұрасы мен ескерткіштері
ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ ЕЖЕЛГІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz