Ноосфера туралы




Презентация қосу
Марат Оспанов атындағы
Батыс Қазақстан Мемлекеттік
Медицина Университеті

Факультет: Жалпы медицина
Кафедра: Жалпы гигиена және
экология
Орындаған: Қонысбай Н 113Б
Тексерген: Таменова А
Тақырыбы:
Ноосфера-биосфераның
жоғарғы сатысы ретінде.
Вернадскийдің ноосфера
жайлы әлемі
Жоспар:
1. Ноосфера туралы
2. Негізін қалаған
ғалымдар
3. Вернадский өмірі
4. Қорытынды
Жер бетіндегі органикалық дүниенің эволюциясы бірнеше
этаптардан өтті:
1) Алғашқысы биосферада заттардың биологиялық
айналымының пайда болуымен байланысты.
2) Екінші этапта көп клеткалы организмдер түзілді, сөйтіп
биосфераның құрылымы күрделене түсті. Бұл екі этап
биогенез (грекше bios - өмір, genesis - шығу тегі) деп
аталады.
3) Үшінші этап адамзат қоғамының пайда болуымен
байланысты. Осының әсерінен қазіргі таңда биосфераның
одан әрі дамуы және оның ақыл-ой қабаты - ноосфераға
(грекше noos - ақыл-ой, sphaira - шap) айналуы жүріп жатыр.

Ноосфера - адамның парасатты тіршілігі оның дамуын
қамтамасыз ететін негізгі фактор болып табылатын
биосфераның жаңа жай-күйі.
«Ноосфера» ұғымын ғылымға 1927 жылы
француз ғалымдары Э.Леруа мен П.Т. де
Шарден енгізді. 1930-40 жылдары
В.И.Вернадский ноосфера туралы ілімді одан
ары дамыта түсті. Ол ноосфераны биосфера
дамуының бір этапы деп қарастырып, табиғат
пен адам қарым-қатынасын ақылмен, жүйелі
түрде реттеп отыруға шақырды. Өз идеяларын
дамыта отырып В.И.Вернадский ноосфераны
құрудың қажетті шарттарын ұсынды:
1. Адамзаттың біртұтас болуына, кез-келген
құрылықтың немесе мұхиттың бір шетіндегі
оқиға Жер бетінің басқа жерлеріне де әсер
етеді.
2. Қазіргі таңдағы байланыс құралдары мен
ақпарат алмасудың сол сәтте хабардар ету
үшін өзгеруі.
3. Адамдар теңдігі - ноосфераның қажетті
талабы.
4. Адамдар теңдігі нәтижесінде жалпы өмір
деңгейінің өсуі, сондай-ақ халықтың
мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарға,
шараларға әсер ету мүмкіндіктері.
5. Энергетиканың дамуы, өмір сүру деңгейін
көтеру үшін жаңа энергия көздерін ашу және
пайдалану.
6. Қоғам өмірінде соғысты болдырмау.
«Биосфера» ұғымын алғаш рет ғылымда XIX ғасырда
француз ғалымы Ж.Б.Ламарк, ал кейін термин ретінде
австриялық ғалым Э.Зюсс (1875 ж.) қолданды.
Биосфера, «тіршілік аймағы» туралы ғылыми ілімді
жетілдірген орыс ғалымы В.И.Вернадский болды. Ол
биосфера деп, тіршілікті түзуде маңызды роль
атқаратын Жер қабатын түсінді. «Тіршілік жер бетінің
материясын құрайтьш атомдардың көп бөлігін қамтуда,
- деп жазды В.И.Вернадский. - Оның әсерінен бұл
атомдар үздіксіз қозғалыста болады. Осы атомдардан
әрдайым алуан түрлі қосылыстар түзілуде. Бұл процесс
үзіліссіз ондаған миллион жылдар бойы, ертедегі
археозой дәуірінен қазіргі кезге дейін жүруде. Жер
бетінде бүкіл тірі организмдер сияқты үнемі әсер ететін,
соңғы нәтижелері бойынша мықты да қуатты мұнан
асқан химиялық күштер жоқ».
Сондықтан В.И.Вернадский тірі организмдерді негізгі
өзгертүші күштер деп ерекше атап көрсетті. Сонымен,
биосфера деп - тіршілігі бар (немесе бұрын болған)
кеңістікті (Жер қабаты), яғни тірі организмдер немесе
олардың тіршілік өнімдері кездесетін жерлерді
айтады.
Қазіргі таңдағы биосфера көптеген компоненттерден -
тірі және өлі (тіршілік ету ортаны) табиғаттан тұратын
күрделі жүйе. Ол энергия мен заттардың
биогеохимиялық айналымдарымен өз ара байланысқан
атмосфераның төменгі, бүкіл гидросфераны және
литосфераның жоғарғы қабатын қамтиды (1-сурет).
Биосфераның атмосферадағы шекарасы 20-25 км
биіктікте - озон қабатына дейін жетеді. Озон қабаты
Жер бетіндегі тіршілікті күннің ультракүлгін
сәулелерінен қорғайды. Зеңді саңырауқұлақтардың
және кейбір бактериялардың споралары 22 км биіктікте
табылған. Кейбір тірі организмдер қысымы 1000 атм.
жоғары су тереңдіктерінде тіршілік ете береді. 12 000
атм. дейінгі қысымға шыдайтын бактериялар да бар.
В.И.Вернадский идеялары қазіргі таңда ғылыми ортада
кең талқыланып жатыр. Олар адамзатты қорғау және
экологиялық проблемаларды шешуде көптеген концепция
мен теориялардың әдістемелік негізі болуда.
В.И.Вернадский ноосфера туралы өз концепцияларының
революциялық, адамзат пен оның болашағьшың өткір
мәселелері туралы ойларының бір-біріне қарама-
қайшылықты жерлері бар екенін де білді. Сондықтан
кейбір тұстары әлі де болса дау тудыруда. Мысалы,
Ю.Одум (1986ж) табиғи процестерді басқаратын адамның
ақыл-ойы қабілетінің үлкен мүмкіндіктеріне қарамай,
ноосфера туралы айту әлі ерте дейді. Өйткені адам өз
қолымен жасаған кейбір істерінің соңғы нәтижелері
қандай болатынын біле бермейді. Бұған біздің
планетамыздағы пайда болып жатқан көптеген
экологиялық проблемалар мысал бола алады. Кейбір
ғалымдар қазіргі кезде ноосфераның пайда болуының тек
алғы шарттары туралы ғана айтуға болады дейді.
Пайдаланылған әдебиет:
А. Т. Қуатбаев
Жалпы экология

Ұқсас жұмыстар
Тірі заттың биологиялық функциялары
Экожүйенің энергетикалық типтері
Биосфера туралы ілімнің пайда болуын, көбінесе ұлы француз натуралисті
Ноосфераның пайда болуы мен дамуы
Биосфера құрылымы
Табиғаттағы заттар айналымы
Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау – биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы
Орыс космизмі
Кеңестік философтар және олардың көзқарастары, тұжырымдары
КЕҢЕСТІК ФИЛОСОФИЯ
Пәндер