Топырақтың маңыздылығы, қасиеттері


Slide 1

Марат Оспанов Атындағы Батыс

Қазақстан Мемлекеттік Университеті

Факультет: Жалпы медицина

Кафедра: Жалпы гигиена және экология

Студенттің өзіндік жұмысы

Тақырыбы: Литосфераның экологиялық функциялары

Орындаған: Нұрғазиева Г 117А

Тексерген: Таменова Ажар

Slide 2

Жоспары.

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

а) Топырақтың маңыздылығы, қасиеттері

б) Топырақ эрозиясы

в) Экологиялық қасиеттері

ІІІ. Қорытынды

Slide 3

Топырақтың жойылуы, халық санының артуы адам басына шаққандағы жердің интенсивті түрде кемуіне әкеліп соқтырады. 1950 жылы дүние жүзінде 1 адамға

0. 24 га егістік жер келсе, 1983 жылы 0. 15 га-ға дейін кеміген.

Топырақ. Зат айналымның маңызды буыны. Биологиялық айналым топырақтан басталады. Одан минералдық заттар мен су сіңіріледі де, айналым редуцент-ағзалардың қызметімен аяқталады. Топырақтағы детрит пен гумуста, оның сіңіру комплексінде энергия мен химиялық элементтер шоғырланады.

Топырақтың санитарлық кедергі ретіндегі маңызы өте зор. Бұл қасиет оның тіршілікке бай болуымен байланысты. Топырақтың тазартушылық рөлі оның физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты. Ол су мен сулы ерітінділерді тазартуда күшті сүзгі болып табылады және химиялық элементтер мен қосылыстарды байланыстыруға қабілетті. Топырақтың буферлік қасиеттері де жоғары.

Slide 4

Топырақтың маңызы мен қасиеттері. Топырақтың табиғи ландшафттар мен экожүйелердегі маңызы зор. Топырақты жекелеген экожүйе деп қарастыруға болады.

В. В. Дакучаев XX ғасырдың басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін - өзі реттеуге қабілетті табиғи - тарихи дене деп қарастырады.

Топырақ экожүйелер туралы ақпараттарды жинауға және ұзақ уақыт сақтауға қабілетті. Бұл ақпараттар ең алдымен генетикалық қабаттарда тіркеледі. Олар мыңдаған жылдар бойы сақталады. Мыс: қазіргі тундралардан қазба түрінде дала және субтропиктік түзілу типі бар топырақтар табылған. Құрғақ далаларда күлгін топырақ түзілу типіне тән құмды топырақтар кездеседі. Бұл олардың қалыптасуы ормандар аясында пайда болғанын көрсетеді.

Slide 5

Топырақтың деградациялану факторлары

Құрғату мен суландыру

Топырақ эрозиясы

Пестицидтер

Агротехниканы дұрыс жүргізбеу

Ашық әдіспен кен өндіру

Шектен тыс мал жаю

Қышқылдық жауын-шашын

Урбанизация процесі

Slide 6

Топырақ эрозиясы (грек тілінен аударғанда - “бұзамын” деген мағнаны білдіреді. ) дегеніміз оның су немесе жердің әсерінен бұзылуы.

Су және жел немесе дефляция эрозиясын бөліп көрсетуге болады. Топырақты бұзатын күш ретінде біріншісінде - ағатын су, ал екіншісінде ауаның қозғалысы болып табылады.

Эрозия ауның интенсивті қызметіне дейін де болған. Қатты заттардың беттік сулармен мұхитқа шайылып келуі, ауада үнемі топырақ шаңының болуы бұл құбылыстың болуын дәлелдейді. Белгілі мәліметтер бойынша сары топырақ пен шабындық саздақ топырақтар - жел эрозиясының өнімдерінің ауадан тұнуының нәтижесінде түзілген.

Slide 7

Жел эрозиясының интенсивтілігі желдің жылдамдығы мен ұзақтығына, кеңістіктің ашықтығына және топырақтың жағдайына тікелей тәуелді. Ұсақ жағдайларда эрозияға жеңіл топырақтар көп ұшырайды. Эрозияны топырақтың құрғақтығы, гумусқа кедейлігі күшейтеді.

Аталған факторлар далаларда, шөлейттер мен шөлдерде, әсіресе, құмды топырақ грунттары таралған жерлерде болады.

Бұрынғы СССР-ның территориясында жел эрозиясы 60-70 жылдарда кеңінен таралған еді. Әсіресе, тың жерлерді игеру кезеңінде жыртылған жеңіл топырақтар зақымданған. Олар іс жүзінде шамамен 6-7 млн га жерде жойылған.

Жел эрозиясының ерекше түрі құрғатылған жерлерге, әсіресе, шымтезекті жерлерге тән. Бұл топырақтар материалдың байланысының төмен болуымен сипатталады. Мұндай эрозиялық процестер Украина мен Белоруссия территориясында байқалған.

Slide 8

Су эрозиясы, әсіресе топырақтары интенсивті өңделетін, ашық кеңістіктерде, жауын-шашын мөлшері жоғары болатын аудандарда басым болады.

Су эрозиясы орманды дала зонасында басым. Сонымен қатар, дала және орманды зоналарда да кеңінен таралған.

Топырақ өңдеуден басқа эрозиялық процестердің болуына, әсіресе таулы аудандарда, үлкен территорияда орманды кесу, өсімдік жабынын жою, мал жаю, туризм және т. б әсер етеді.

Антропогенді эрозияның ерекше түріне ирригацияның, яғни топыраққа көп мөлшерде су массасының берілуіне байланысты эрозия жатады. Бұл су сіңіп үлгермейді де, топырақ бетімен ағады. Ирригациялық эрозия кезінде бір уақытта эрозия да, топырақтың сортандануы да жүреді.

Сонымен қатар, тамшылы эрозия да болады. Ол топырақтың структурасының су тамшыларының әсерінен тығызданып, су өткізгіштігінің төмендеуінен болады. Нәтижеде ол эрозияның басқа түрлерінің жылдам жүруіне жағдай жасайды.

Slide 9

Эрозиямен күресу жолдары:

Айтарлықтай үлкен территорияда өсімдіктер жабынын жоюға әкелетін табиғи экожүйелерге тигізетін әсерді шектеу. Бұл әсіресе орманды пайдалануға қатысты.

Жайылымдарда эрозиялық процестер көбінесе шектен тыс мал жаюмен байланысты. Үлкен территорияда шөптесін өсімдіктер жабынынң зақымдануы кезінде, әсіресе топырағы жеңіл жердерде су эрозиясы және жел эрозиясының да болуы мүмкін. Таулы аудандарда шөптесін өсімдіктердің болмашы зақымдануының өзінде су эрозиясының пайда болу ошағы орын алады. Мұндай қолайсыз құбылыстарды болдырмаудың негізгі жолы мал жаю ережелерін сақтау және рекреациялық қысымды төмендету болып табылады.

Егістік жерді қорғау іс-шаралары:

Ауыспалы егістіктерді дұрыс жүргізу, соның ішінде отамалы дақылдар

Топырақты бекітетін тамырлары бар шөптер қоспасымен алмасып келуі қажет

Жиектік жыртуды жүргізу

Өндеуден оңай бұзылатын құмды және құмдақ топырақтарды шығару

Шағын егістік танаптарын табиғи ландшафттармен кезектестіру

Танап қорғайтын орман белдеулерін жасау

Топырақтың құрылым түзілуіне мүмкіндік туғызатын, органикалық тыңайтқыштарды топыраққа енгізу

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
Топырақтың өсімдіктер арқалы ластануы
ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТОПЫРАҒЫНЫҢ ЖӘНЕ АГРОЦЕНОЗЫНЫҢ ЛАСТАНУЫН БАҒАЛАУ
Топырақтың физикалық қасиеттері
Топырақтың су-физикалық және физикалық қасиеттері
ТОПЫРАҚТАРДЫҢ МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Топырақтың жылулық қасиеттері мен құбылымдары
Топырақ және агротопырақтану ілімінің даму тарихы. Топырақ түзілу үрдісінің мәні. Топырақтанудың негізгі салалары. Либих,Докучаев,Костычев,Вильямс
Топырақ өңдеудің ғылыми негізі мен маңызы
Таза топырақ
Микроорганизмдер алуантүрлілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz