Экожүйенің энергетикалық типтері


Slide 1

МАРАТ ОСПАНОВ АСТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ФАКУЛЬТЕТ: ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА

КАФЕДРА: ЖАЛПЫ ГИГИЕНА ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ

ТАҚЫРЫБЫ: Экожүйенің энергетикалық типтері. Ноосфера, биосфераның жоғары сатысы ретінде

В. И. Вернадскийдің зерттеуі

Slide 2

ЖОСПАР:

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

А) НООСФЕРАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ

В) ВЕРНАДСКИИЙДІҢ НООСФЕРА ТУРАЛЫ ІЛІМІ

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

Slide 3

Экожүйелер

«Экожүйе» ұғымы ең алдымен оның функционалдық мәнін көрсетеді. Экожүйеге құмырсқа илеуі, орманның бір бөлігі, тұтас орман, космос корабілінің кабинасы, ландшафт және бүкіл биосфераның өзі мысал бола алады. Жалпы алғанда биогеоценоз экожүйеге қатысты жекеден жалпыға қарай қатынаста болады. Табиғи экожүйелер көлемі бойынша әр түрлі болуы мүмкін: су қоймасы, мұхит, шалғындық, орман, тайга, дала. Экожүйе -ағзалармен абиотикалық ортадан, олардың әр қайсысы бір-біріне әсер ететін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі. Экожүйенің тіршілік етуі тірі ағзалар жиынтығы мен ортаның арасында зат, энергия және ақпарат алмасумен байланысты. Ағзалар бейорганикалық ортадан химиялық элементтер мен олардың қосылыстарының таралуының ерекшеліктері туралы ақпарат алады. Бейорганикалық орта тірі ағзалардан олардың метоболизмінің (зат алмасуы) өнімдері туралы ақпарат алады.

Slide 4

НООСФЕРА ТҮСІНІГІ

Ноосфера - адамның парасатты тіршілігі оның дамуын қамтамасыз ететін негізгі фактор болып табылатын биосфераның жаңа жай күйі.

“Ноосфера” ұғымын ғылымға 1927 жылы француз ғалымдары Э. Леруа мен П. Т. де Шарден енгізді.

Slide 5

НООСФЕРАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ

Жер бетіндегі органикалық дүниенің эволюциясы бірнеше этаптардан өтті. Алғашқысы биосферада заттардың биологиялық айналымының пайда болуымен байланысты. Екінші этапта көп клеткалы организмдер түзілді, сөйтіп биосфераның құрылымы күрделене түсті. Бұл этап биогенез деп аталады. Үшінші этап адамзат қоғамының пайда болумен байланысты. Осының әсерінен қазіргі таңда биосфераның одан әрі дамуы және оның ақыл-ой қабаты - ноосфераға (грекше noos -ақыл-ой, sphere - шар) айналуы жүріп жатыр.

Slide 6

1944 жылы Вернадскийдің

"Ноосфера туралы бірер сөз"

деген соңғы мақаласы

жарық көрді

Slide 7

Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,

Табиғаттың мұны айтатын тілі жоқ!

Қадір Мырзаәли

Slide 8

Ноосфераны құру шарттары

Адамзаттың біртұтас болуына, кез-келген құрлықтың немесе мұхиттың бір шетіндегі оқиға Жер бетінің басқа жерлеріне әсер етеді.

Қазіргі таңдағы байланыс құралдары мен ақпарат алмасудың сол сәтте хабардар ету үшін өзгеруі.

Адамдар теңдігі нәтижесінде жалпы өмір деңгейінің өсуі, сондай-ақ халықтың мемлекеттік және қоғмдық жұмыстарға, шараларға әсер ету мүмкіндіктері.

Адамдар теңдгі - ноосфераның қажетті талабы.

Энергетиканың дамуы, өмір сүру деңгейін көтеру үшін жаңа энергия көздерін ашу және пайдалану.

Қоғам өмірінде соғысты болдырмау.

Slide 9

-ғылыми шығармашылықтың дамуы адамның өзі туралы

Биосфераны өзгертетін күш болып табылады.

-Биосфераның өзгерістері адам еркінен тыс, стихиялы

түрде, табиғи процесс ретінде жүреді.

-Тіршілік ортасы -биосфера планетасының ұйымдасқан

қабықшасы болып табылады.

-Биосфералық өзгерістері ғылыми ойдың өсуімен

қатар жүретін құбылыс.

Вернадский қорытындысы:

Slide 10

Ноосферадағы адам қателігі:

-Табиғаттағы барлық құбылыстардың өзара байланысын

практикада пайдалан білмеуі;

- Табиғаттан алған байлықтардың орнын толтырмауы;

- Улы химикаттарды көп бөлетін зауыттарды салуы;

- Ормандардың сиреуіне, ағаштардың қирауына ықпал жа-

сауы;

Табиғаттағы су мөлшерінің азаюына жол беруі;

Аралдардың санының азаюы;

Slide 11

КӨРНЕКТІ ҒАЛЫМ В. И. ВЕРНАДСКИЙДІҢ АЙТУЫ БОЙЫНША АДАМ ҚУАТТЫ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ КҮШКЕ АЙНАЛДЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯНЫҢ ЖАҢА КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ӨРКЕНДЕТУ, ҒЫЛЫМ САЛАЛАРЫН МЕҢГЕРУ АДАМЗАТТЫҢ ТАБИҒАТҚА ЫҚПАЛ ЕТУІНЕ ЖОЛ АШТЫ. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ БИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДА КӨПТЕГЕН ЖАҢА САЛАЛАРЫ - БИОНИКА, БИОФИЗИКА, БИОТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕНДІК ИНЖЕНЕРИЯ, Т. Б. САЛАЛАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ТҮРДЕ ДАМЫП КЕЛЕДІ.

АДАМНЫҢ ОСЫНДАЙ ҚУАТТЫ ЫҚПАЛЫ, АҚЫЛ-ОЙ, САНАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БІЛІМІ БИОСФЕРАНЫҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨШКЕНІН КӨРСЕТЕТІНІН В. И. ВЕРНАДСКИЙ ӨЗІНІҢ БИОСФЕРА ТУРАЛЫ ІЛІМІНДЕ ЕРЕКШЕ АТАП КӨРСЕТТІ. ОЛ БИОСФЕРАНЫҢ МҰНДАЙ ЕҢ ЖОҒАРҒЫ ДЕҢГЕЙІН НООСФЕРА ДЕП АТАДЫ. НООСФЕРА ГРЕКШЕ САНАЛЫ ҚАБЫҚША ДЕГЕН ҰҒЫМДЫ БІЛДІРЕДІ. ЕКІНШІ СӨЗБЕН АЙТҚАНДА, НООСФЕРА АДАМЗАТТЫҢ ҒЫЛЫМИ ОЙ-САНАСЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕГІ АРҚЫЛЫ ӨЗГЕРГЕН БИОСФЕРАНЫҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ БОЛЫП САНАЛАДЫ.

НООСФЕРА - БИОСФЕРАНЫҢ ЖАҢА ЖАҒДАЙДА КӨШКЕН ДЕҢГЕЙІ, ОНДА АДАМНЫҢ САНАЛЫ АҚЫЛ-ОЙЫ ТАБИҒАТТАҒЫ БАРЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕРДІ АЙҚЫНДАЙТЫН НЕГІЗГІ ФАКТОР БОЛЫП ЕСЕПТЕЛІНЕДІ. В. И. ВЕРНАДСКИЙ НООСФЕРА ҰҒЫМЫНА ТОЛЫҚ ТҮСІНІК БЕРДІ. ОНЫҢ ІЛІМІ БОЙЫНША АДАМЗАТТЫҢ ҒЫЛЫМИ ОЙ-САНАСЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕГІ АРҚЫЛЫ БИОСФЕРАНЫ ЖАСАМПАЗДЫҚПЕН ӨЗГЕРТЕ ОТЫРЫП КӨРКЕЙТУ, ЯҒНИ АДАМЗАТТЫҢ ӨЗІ ЖӘНЕ КЕЛЕШЕК ҰРПАҒЫ ҮШІН САҚТАП ҚАЛУ, ӘРІ ТІРШІЛІК АТАУЛЫҒА БАРЫНША ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ БҮКІЛ ЖЕР БЕТІНДЕГІ ХАЛЫҚТАРДЫ ТОЛҒАНДЫРЫП ОТЫРҒАН МӘСЕЛЕ - БИОСФЕРАНЫҢ ТЕПЕ-ТЕҢДІГІН САҚТАЙ ОТЫРЫП, ОНЫ КӨРКЕЙТУ БОЛЫП ОТЫР. ОЛ ҮШІН БҮКІЛ АДАМЗАТ БІРЛЕСЕ ОТЫРЫП ЫНТЫМАҚТАСТЫҚПЕН ЖҰМЫС ІСТЕУІ ШАРТ. СОНЫМЕН БІРГЕ, ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫС ЖАСАЙ ОТЫРЫП, ӨЗАРА ҮНЕМІ ПІКІР АЛЫСЫП, БИОСФЕРАДАҒЫ ТІРШІЛІККЕ ЗИЯНДЫ ӘСЕРІ ЖОҚ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ТАУЫП ПАЙДАЛАНУ ҚАЖЕТ. БҰЛ АРАДА КҮН, ЖЕЛ ЖӘНЕ ТЕҢІЗДЕРДІҢ ҚАЙТУЫ МЕН ТАСУЫ КЕЗІНДЕГІ, ЭНЕРГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІ.

В. И. Вернадскийдің зерттеуі

Slide 12

Биосфера

Биосфера (грекше: биос-тіршілік, өмір, сфера - шар) - бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады. Биосфера - тірі организмдер өмір сүретін жер қабаты. Жер бетінен 10-15 км биікке көтерілгенге дейінгі және 2- 3 км құрғақтан немесе мұхиттардың 10 км түбіне дейінгі жерде организмдер тіршілік етеді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Аустрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В. И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан - 50 % -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.

Slide 13

Ноосфера

Ноосфера немесе антропосфера - ғаламдағы адамзаттың мекендейтін аясы. Адам баласы уақыт пен кеңістікке қытысты биосфера шегінде және ғарышта өмір сүре алады. Бірақ адамзаттың тұрақты мекені - Жер. Алғашқы рет оны француз математигі Эдуардом Леруа 1927 жылы енгізген. Ал биология ғылымына 1927 ж П. Телярде енгізген. Ол биосферадағы жаңа тұрғыдағы ұғымы мен сипаты ноосфера туралы болжамдар жасады.

Slide 14

БИОСФЕРА

Адам - биосфераның құрамдас бөлігі және оның жемісі. Адам алғаш рет пайда болғанда өзінің айналасындағы табиғатқа тікелей тәуелді болып өмір сүрді. Бірте-бірте адам санының артуы, еңбек құралдарын жетілдіріп, құрлықта кеңінен тарала түсуі адамның табиғат байлықтарын пайдалануын және оны игеруін жеделдете түсті. Бұрын игерілмеген жерлер игерілді, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтары пайдаға аса бастады. Әсіресе минералды байлықтарды игеру өнеркәсіп салаларының дамуына әсер етсе, ал жерді пайдалану ауыл шаруашылығының дамуына негіз болды. Ең алғашқы кезде адам өзінің өмір сүруіне қолайлы ірі өзендер мен көлдердің маңына қоныстанды. Сондай-ақ өзендер арқылы бір жерден екінші жерге баруға да ыңғайлы болды. Бірте-бірте адамның іс-әрекеті табиғатты кеңінен игеруге ұмтылдырды. Жаңадан суқоймалар, каналдар қазу, су арнасын бұру, тоғандар салу арқылы табиғатқа әсері де күшейе түсті. Адамзат өнеркәсіпті өркендету арқылы жануарлар әлемінен бөлініп оқшаулана түсті. Материалдық байлықтарды игеру мақсатымен биосфераны өз мүддесіне сай өзгерте түсті.

Slide 15

Энергияларды пайдалану

Қазіргі кезде көп мемлекеттерде Күн энергиясын пайдалану арқылы теңіз суын тұщыландыру, ауруларды емдеу және басқа да шаруашылық салаларында пайдалану жұмыстары қолға алынған. Ғалымдардың деректері бойынша қазіргі кездегі қоры белгілі дүние жүзіндегі жылу және электр энергиясымен 80 жылға және әлі ашылмаған жер қойнауындағы қорларды есептегенде 140 - 160 жыл мөлшерінде қамтамасыз етуге ғана жетеді екен. Олай болса келешекте әрі арзан, әрі табиғатты ластамайтын энергия көздерін пайдаға асыру мәселесі тұр. Мұндай табиғи энергия қорлары Қазақстанда да кездеседі. Тек қана Алматы мен Талдықорған облыстарында техника жағынан игеруге ыңғайлы, әрі арзан табиғи энергия көздері баршылық. Бұл арада Іле және Жоңғар Алатауынан Басталатын үлкенді-кішілі жүздеген өзендерді атауға болады. Олардың жыл сайын 8 млрд. Киловатт-сағат энергия беретіні есептеліп шығарылған. Сондай-ақ бұл өңірде жел энергиясын да игеруге мүмкіншіліктер бар екені анықталды. Оған Алакөл ауданындағы Жоңғар қақпасын, Шелек аңғарын атауға болады. Қазіргі кезде адамзат тек Жерді ғана игеріп қойған жоқ, сондай-ақ ғарыш кеңістігін, Айды, Шолпанды және басқа ғаламшарларды игеруге қадам жасап отыр

Slide 16

Экожүйелер

Slide 17

АДАМ - ЖЕР БЕТІНДЕГІ БЕЛГІЛІ БОЛЫП ОТЫРҒАН 3 МЛН. БИОЛОГИЯЛЫҚ ТҮРДІҢ БІРІ БОЛЫП САНАЛАДЫ. ОЛ ОРНЫ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ ЖҮЙЕСІНЕН ОРЫН АЛҒАН:

СҮТҚОРЕКТІЛЕР КЛАСЫ, ПРИМАТТАР ОТРЯДЫ, ГОМИНАД ТҰҚЫМДАСЫ, АДАМ ТУЫСЫ, ҚАЗІРГІ УАҚЫТҚА ДЕЙІН ТЕК ҚАНА БІР ҒАНА ТҮР - САНАЛЫ АДАМ (НОТТО SAPIENS) САҚТАЛҒАН.


Ұқсас жұмыстар
Табиғи экожүйе
Демографиялық проблема
Тірі зат
Ғаламдық экономикалық – экологиялық проблемаларды шешу жолдары
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы
Экологиялық жүйе
Антропогендік іс әрекет және гидросфера. Антропогенез және педосфера
В. И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі
Өсімдіктердің ауру түрлері мен топтары
Жанармай өндірісінде микроорганизмдердің қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz