ГИДРОСФЕРА БИОСФЕРАНЫҢ ЭЛЕМЕНТІ




Презентация қосу
МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНВЕРСИТЕТІ
Факультет: Жалпы медицина
Кафедра: Жалпы гигиена және экология

Орындаған: Мәлік Жанагүл 108 а
Тексерген: Сыраж Бекболсын
ТАҚЫРЫБЫ: ГИДРОСФЕРА
БИОСФЕРАНЫҢ ЭЛЕМЕНТІ
ЖӘНЕ ТАБИҒИ ҚОРЫ
РЕТІНДЕ
ЖОСПАР:
1. ГИДРОСФЕРА ТУРАЛЫ ТУСІНІК
2. ГИДРОСФЕРА ЛАСТАНУЫ
3.СУ ҚОРЫ
4. СУДЫ ТАЗАРТУ
5 .ӨЗ ӨЛКЕМІЗДІҢ СУ ҚОРЛАРЫНЫҢ
ЖАҒДАЙЫ
6. ҚОРЫТЫНДЫ
Гидросфера (гр. һуdor — су, spһаіrа — шар) — 1) жер
ғаламшарының су қабығы немесе құрлықтағы (тереңдегі,
топырақтағы, жер бетіндегі), мұхиттағы және атмосферадағы,
яғни жер шарындағы барлық сулардың жиынтығы. Оны
мұхиттар мен теңіздердің суы, құрлық сулары — өзендер,
көлдер, бөгендер, мұздықтар, сондай-ақ литосфераның
жоғарғы бөлігіне сіңетін жер асты суы, атмосферадағы ылғал
құрайды. Гидросфера жер бетінің шамамен 71%-ын алып
жатыр. Гидросфераның шамамен 94%-ын мұхиттар мен
теңіздер құраса, 4%-ы жер асты суларының, шамамен 2%-
мұздықтар мен қарлардың (негізінен Арктика, Антарктида мен
Гренландия), 0,4%-құрлықтардағы жер үсті суларының (өзен,
көл, батпақ) үлесіне тиеді. Оның жалпы көлемі 1370,3 млн км3,
бұл планета көлемінің 1/800 бөлігін ғана құрайды. Шөгінді
(тұнба) таужыныстардың басым көпшілігі Гидросфера мен
литосфераның жапсарында қалыптасады. Аздаған мөлшердегі
су атмосфера мен тірі ағзаларда шоғырланған. Су
массаларының барлық нысандары су айналымы барысында
бір түрден екінші түрге өтеді;
2) жердің теңіз, мұхит, көл, өзен, мұздықтар мен жер асты
суларынан тұратын қабығы, солардың жиынтығы.
Гидросфераның орташа қалындығы 3,8 км-ге жетеді.
Мұхиттың ең терең тұсы 11 км-ден асады (Тұнық мұхиттағы
Мариан ойысы — 11022 м).
Гидросфераның ластануы — ластағыш заттардың
гидросфераға мол мөлшерде түсуі, олардың өзен, су
қоймалары, көлдер мен теңіздер, мұхиттар мен жер
асты суларын ластап, су ортасының қалыпты
жағдайын бұзуы.[1]
Гидросфера — Жер шары суларының жиынтығы,
агрегаттық күйіне (сұйык, қатты және газ)
қарамастан, химиялық байланыспаған барлық суды
қамтитын Жердің сулы қабығы. Ылғал айналымы
процесінде судың барлық турі бірінен екін- шісіне
өтеді. Гидросфера мұхиттардың, теңіздердің,
құрлықтың жер асты және жер үсті суларын қамтиды.
Судың біршама мөлшері атмосфера мен тірі
организмдерде болады. Көбінесе Гидросфера деп жер
бетінің 71%-ын құрайтын теңіздер мен мұхиттарды
ғана санайды. Гидросфера көлемінің 96%-ын теңіздер
мен мұхиттар, 2%-ға жуығын жер асты сулары,
шамамен, 2%-ын мүздар мен қарлар (негізінен,
Антарктида мен Гренландияның), 0,02%-ын
құрлықтың жер үсті сулары (өзендер, көлдер,
Гидросфера – табиғи су қоймаларынан құралады. Бұл құрлықтың 70 % алып жатыр. Гидросфераның
көлемі 400 млн шаршы км.
Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын
заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5%
- ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар,
атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат
және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады.
Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып
табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% - ын, ал оттегінің 50% - дан көбін мұхиттар
мен теңіздер береді.
Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. өзендер мен
көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық
бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Мысалы, Аляскада 1 адамға 2
миллион м3, Жаңа Зеландияда 100 мың м3, бұрыңғы Кеңестер Одағында 18,3 мың м3, ал Қазақстан
Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда 1987 жылы халық
шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3-ге жетті.
Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы жыл сайын өсіп келеді. Ал, мұхиттардың,
теңіздердің тұзды сулары шаруашылықта мардымсыз болса да қолданылып жүр. Біздің
республикамызда су тұщытқыш станциясы Ақтау қаласында ғана бар. Егер ерте кезде, бір адам
басына шаққанда, тәулігіне 12-18 литр су пайдаланса, XX ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның
шамасы орта есеппен 200-400 литрге жетіп отыр.
Су ресурстарының "мұхит-атмосфера-жер-мұхит” системасындағы айналым процестерінде тамаша
бір қасиеті - өздігінен қайта қалпына келу қабілеті. Сондықтан табиғатты қорғаудың аса маңызды
міндеттерінің бірі табиғи сулардың осы қасиетін сақтап қалуға барынша мүмкіндік жасау.
Судың өздігінен тазару процесіне әсер ететін физикалық факторлардың ішінде ластаушы заттардың
сұйылуы, еруі және араласуы негізгі рөл атқарады.
Қазіргі кезде адамзат қоғамында 1 жылда тұщы судың 3000 км3 шамасындайы жұмсалады. Суды ең
көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында пайдаланылған судың төрттен үш
бөлігі қайтарылмайды. Мысалы, 1 тонна бидай өсіру үшін барлық вегетациялық кезеңде 7000 тонна,
мақтаға 10000 тонна су жұмсалады.
Ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар топырақтан шайылып, суға түседі. Мал
шаруашылығында түзілген өлі органикалық заттар (көң, шірінді, мочевина) топырақтан суға түсіп,
су жүйелеріне едәуір әсер етеді. Органикалық заттары көп мұндай суларда көк-жасыл, қоңыр
балдырлар және жоғары сатыдағы өсімдіктер тез көбейіп, өледі, нәтижесінде судағы органикалық
заттардың массасы артады, сондықтан суда оттектің жетіспеушілігі туындайды. Соның нәтижесінде
су тіршілікке жарамсыз болып, онда анаэробты процестер басым бола бастайды.
МҰХИТТЫҢ ҚЫР-СЫРЫН
АШУШЫ Ф. МАГЕЛЛАН
Ағызында суларды оларды ластаушы заттардан
тазарту күрделі процесс. Олар – механикалық,
химиялық және биологиялық болып
бөлінеді

Механикалық әдісі – суды тұндыру және
сүзу арқылы ондағы механикалық
.
Механикалық әдісі – суды тұндыру және сүзу
қоспалардан тазарту. Көлемі әр түрлі
арқылы
бөлшектерондағы механикалық
мөлшеріне қоспалардан
қарай әр түрлі
тазарту. Көлемі
конструкциялық әр түрлі
торлармен, бөлшектер
су бетілік
мөлшеріне қарай
қоспалар – май, әр түрлі
смола, мұнай конструкциялық
торлармен,
ұстағыштарсуарқылы
бетілік қоспалар – май, смола,
сүзіледі.
мұнай ұстағыштар арқылы сүзіледі.
Суды тазалаудың биологиялық әдісі – микроскопиялық
өсімдіктер мен жануарлар өсіріп, үстінен ағызынды
сумен толтырады да төменгі жағынан қатты ауа
ағынымен үрлейді, Оттектің (ауамен үрлегенде) және
органикалық заттардың көп мөлшерінде бактериялар
мен микрофауна қарқынды өсіп, көбейіп, органикалық
ластаушыларды жай минералдық заттарға дейін
ыдырататын ферменттер бөле бастайды. Органикалық
заттардың минералдану процесі жүреді.
Органикалық заттардың мол қорымен қоректенген
бактериялар активті көбейе бастап, массалары ұлғая
түседі. Бактериялардың кесектелген массалары
біртіндеп судың түбіне шөгіп, ал су тазара береді.
Биологиялық тазалауға қатысатын организмдерге әр
түрлі бактериялардан басқа балдырлар,
саңырауқұлақтар, ең төмен сатыдағы жәндіктер,
құрттар және басқалар жатады. [5] Солардың
бірқатарына тоқталамыз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме
сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған
— түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі
ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі,
педагогика ғылымдарының докторы, профессор,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының л
а у р е а т ы А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп"
баспасы" Ж А Қ , 2003. —
Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-
сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген
М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. - Алматы:
Атамұра, 2009.
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми
түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы,
Мектеп, 2002.
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми
түсіндірме сөздігі: География және геодезия. —
Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007.

Ұқсас жұмыстар
Атмосфера қабаты
Биосфераның негізгі құрамы
Гидросфера - биосфераның элементі және жоғарғы сатысы ретінде
Жер геосфералары
Геоэкология жайында
Табиғаттағы заттар айналымы
Биосфераның эволюциясы
Литосфера - жердің қатты қабаты
Биосфера
Биосфера - ғаламдық экожүйе
Пәндер