Биосфера туралы ілімнің пайда болуын, көбінесе ұлы француз натуралисті


Slide 1

Батыс Қазақстан Мемлекеттік медициналық университеті

Кафедра:Жалпы гигиена және экология

Факультет:Жалпы медицина

Ноосфера

Орындаған:Әлиакбарова Б

Ақтөбе 2011жыл

Slide 2

Ноосфера туралы ілімнің негізін биосфера

және адамзат бірлігі болып табылады. Адам

өзі табиғатсыз өмір сүре алмайды.

Ол әрқашан табиғаттың құрамында болады,

табиғат адамға өзіндік әсерін тигізеді.

Бұл жағдай адамзаттың тарихи дамуының

биосфера эволюциясындағы рөлін,

оның ноосфераға өту мүмкіндігін көрсетеді.

Slide 3

Тек қана табиғат адамға өз әсерін

тигізіп қоймайды,

қарама - қарсы әсер де бар.

Бұл әсер адамзат ақылы дұрыстап

ойластырлған

жағдайда ноосфераға өтуіне негізгі

фактор болып табылады.

Slide 4

Табиғат құбылыстарын бақылай отыру нәтижесінде тірі организмдер қоршаған ортамен байланысқа түсетіндігі және оны түрлі мөлшерде өзгертетіндігі анықталды. 17 ғасырдың басында биосфера туралы алғашқы мәліметтерді голландиялық ғалымдар Б. Варениус (1629-1695), Х. Гюйгенс, және де танымал француз журналисті Ж. Бюффон (1707-1788) еңбектерінде кездестіреміз. Кейін, француз журналисті Ж. Кювье (1769-1832) тірі организмдер тек қана қоршаған ортамен байланысу арқылы ғана өмір сүре алады деп жариялайды

Slide 5

Басқа зерттеушілер - француз химиктері Ж. Б. Дюма (1800-1884), Ж. Бусенго (1802-1887), неміс химигі Ю. Либих (1803-1873) жасыл өсімдіктердің әлемдік газ алмасу процесіндегі және топырақ ерітінділерінің өсімдіктер қоректенуіндегі маңызын атап көрсетті. Көптеген ғалымдар организмдердің өздерінің қоршаған ортасымен байланысын зерттеп алды, соның нәтижесінде биосфера туралы жалпы мағлұматтар жинақталына бастады. Ж. Б. Ламарк өзінің «Гидрогеология» атты еңбегінде бүкіл 1 тарауды тірі организмдердің жер бетіне тигізетін әсеріне арнады. Ол былай жазды: «. . . табиғатта аса ірі күш бар, ол аса қуатты және әрқашан активті болады. Тірі организмдердің түрлі жер бетінде орналасқан заттарға әсері оның сыртқы қабатын құрайды». Бұл сөздерді негізге ала отырып, тірі организмдердің және олардың шірінділерінің үлкен, әрі маңызды геологиялық рөлі бар деп айта аламыз.

Slide 6

Ұлы географ және натуралист А. Гамбольд (1769 - 1858)

өзінің «Космос» атты еңбегінде сол кездегі Жер және Ғарыш туралы

білімдерді жинақтады. Осыны негізге ала отырып, ол бүкіл табиғи

процесстермен құбылыстардың өзара байланыстылығы туралы

идеяны дамыта түседі. Жердің биосферасының анықталған табиғи

жүйе ретінде өмір сүруі, біріншіден, бүкіл тірі организмдерінің

қатысуымен өтетін энергия және заттың айналымымен сипатталады.

Бұл айналым идеясы неміс натуралисті Я. Молешот еңбегінде

көрсетіледі. Ал, XIX ғасырдың 80-жылдарда неміс физиологы

В. Пфеффер (1845- 1920) ұсынылған тірі организмдерді қоректену

әдістеріне байланысты 3 топқа (

автотрофті, гетеротрофті,

миксотрофті) бөлу идеясы ғылымда үлкен жаңалық болды.

Slide 7

Ноосфера - биосфераның жаңа эмоционалды күйі,

бұл кезде адамның ақылды іс-әрекеті

- оның дамуының бірден-бір факторы.

Ноосфераға адам

және табиғат байланысы сай: ойлау,

әлеуметтік-экономикалық заңдардың және табиғат

заңдарының байлансы.

Slide 8

Биосферадан ноосфераға өту: болжамдар және шындық.

Вернадский Жер планетасының геологиялық тарихын зерттей отырып,

биосферадан ноосфераға өткізетін жаңа

геологиялық күш - адамзаттың ғылыми ойы

деп айтады. Бірақ, Вернадский еңбектерінде

аяқталған және қарама-қайшылықсыз

биосфераның өзгерісі - ноосфераның

материалды негізі туралы мәлімет жоқ.

Оның еңбектерінде ноосфераның

құрылу шарттары да жазылған. Бұл шарттарды атайық:

Slide 9

.

Қорытынды

Біз енді биосфераның бұрыңғы жай күйлерінен жаңа пайда болған ноосфераны

бөліп айта аламыз.

Оның құрылу процесі созылыңқы, біз оның қашан аяқталатынын

болжай алмаймыз. Бұл туралы пікірлер түрлі болуы мүмкін.

Мысалы: Ф. Т. Яншин былай жазады: «Вернадскийдің ноосфераға

өту туралы ілімі ғажайып емес, Жер планетамызда тіршілік

сақтап қалудың және болашақта табиғатпен қарым - қатынас

жасаудың нақты стратегиясы» Ал Р. К. Баландиннің пікірі

мүлдем басқаша: «Биосфера жоғарғы деңгейге өтіп

жатырған жоқ, ол тек қарапайымдалау үстінде,

оның деңгейінің төмендеуі соншама, оны техникалық

жүйе арқылы адам басқаруға бастайды.

Вернадскийдің өзі адам іс-әрекетінің табиғатқа

тигізген жағымсыз жақтарын көре отырса да адамның ақылына сенді.

Ноосфераны сенім символы ретінде, адамның ақыл-ойының табиғатқа

ғылыми жетістіктері арқылы пайдалы әсерін тигізетін нәрсе деп

қабылдау керек. Оған сенуіміз керек. Оның келуіне арнайы шаралар

ұйымдастыруымыз қажет.

Slide 10

Ол биосферадағы зат алмасуының негізгі заңдарын түсіндірді.

Биосфера туралы ілімнің пайда болуын, көбінесе ұлы француз натуралисті

Ж. Б. Ламарк (1744-1829) атымен байланыстырады. Ол «биология» терминін

қолдануды ұсынған ғалым еді. Ал «биосфера» анықтамасы алғаш рет

Австрия геологы Э. Зюсспен 1875 ж., Альпы тауларындағы жұмыстарында

ұсынылды. Бірақ, Зюссте биосфераның рөлі туралы мәліметтер жоқ.

Биосфера туралы біршама кең

ауқымды мағлұматты біз Вернадскийден (1863- 1945) кездестіреміз.

В. И. Вернадский - ұлы ғұлама, геохимияны, биохимияны, радиогеология

ғылымдарының негізін құрағандардың бірі. В. И. Вернадский факторларды

аса жоғары бағалаған, гипотезалардың материалды өмірдің шындығын

көрсеткенін талап еткен.

Оның концепциядары әрқашан маманданған жұмыстың тәжірибесіне толы болды.

Slide 11

Биосфера туралы фактілер биологиялық ғылымдар (ботаника, география, топырақтану) дамуымен жинақталынды. Кейін, аңдар, өсімдіктер және минералдардың қоршаған ортамен байланысы туралы тереңірек мағлұмат В. В. Докучаевтің еңбегіңен көруге болады. Сонымен, биосфера деген не? Оның өмір сүру заңдылықтары және қасиеттері қандай? Вернадскийдің биосфера туралы мағлұматтары өте өзекті. Кейде, оның жұмыстарында қарама-қайшылықтар кездеседі, бірақ оның барлығы бірігіп келгенде белгілі бір жүйе - биосфера туралы ілімді құрайды. Биосфера ілімі туралы алғаш рет Сорбонн университеті тындады. Вернадский оларға 1924-1932 жж. геохимиядан лекция оқыған еді.

Slide 12

Вернадский алғашқы боп өмірді тұтас дүние, геологиялық өзіндік нәрсе деп есептеуге бастады. Біз биосфераның белгілі бір бөлігі екенімізді айтқан. Ол биосфераны айрықша геологиялық дене, оның құрылымы және функциялары Жер және Ғарыш қасиеттеріне байланысты болады деп есептеген. Ал тірі ағзалар, популяцилар, түрлер және бүкіл тірі зат - биосфера құрылымының формалары

Slide 13

Вернадскийдің шын ұлылығы қазіргі уақытта ғана бізге көріне бастады. Оның болашақты

көздейтін терең философиялық идеялары адамзат тағдырына

түгелімен байланысты. Ол 1885 жылы оны Мәскеу

университетінің минералдар бөлмесінің сақтаушысы атанды.

Бұл жерде жұмыс жасай отырып, ғалым көп жерлерге барып,

химиялық және кристалды лабораторияларда жұмыс істейді және

геологиялық экспедициялар жүргізеді. 1897 жылы өзінің докторлық

диссертациясын қорғайды да Мәскеу университеті профессоры болады.

1906 ж. оны сол университеттің Мемлекеттік кеңесіне сайлайды.

1921 ж. Вернадский Мәскеуде ғылыми институт

ашып, оның директоры атанады.

Slide 14

«Біз жаңа ғана тәуелсіз ғылыми ой, Homo sapiens

қиялының аса үлкен қуатын сезініп келеміз.

Адамның табиғатты билеуі әлі алда» - деп

Вернадский өз еңбектерінде жазған.

Вернадскийдің ноосфера

туралы концепциялар

Өмірдің және биосфераның пайда болуы қазіргі уақыттағы

жаратылыстанудың мәселесі болып отыр.

Тірі организмдердің биосферада аумағында

дамуы, оның

ноосфераға өтуіне жол ашады. (грекше «ноос» - ақыл)

Ноосфера ұғымы табиғат пен қоғамның өзара қарым-қатынас

жасау сферасын түсіндіреді.

Slide 15

.


Ұқсас жұмыстар
Биосфера құрылымы
Биосфера - ғаламдық экожүйе
Геоэкология - экология және геграфия түйісіндегі кешенді ғылым
Биосфера қабаттары
Экожүйенің энергетикалық типтері
Ноосфераның пайда болуы мен дамуы
Биосфера
Биосфераның негізгі құрамы
Биосфера қабаты туралы
Экология пәні бойынша презентация
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz