Педагогика және психология




Презентация қосу
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
медицина Университеті

ФАКУЛЬТЕТ: Жалпы медицина

КАФЕДРА: Педагогика және психология

Орындаған: Әлмұханова Гүлнар 112”б”
Тексерген: Жұмалиева Г.С.

Ақтөбе 2011
Гиппократ, Гален,
Павлов бойынша
темперамент
типтері
ТЕМПЕРАМЕНТ
Жүйке жүйесінің тума
қасиеттерінен туындайтын
адамның жеке өзгешеліктерінің
бірі.
Ол адамдардың эмоциялық
қозғыштығынан,
қимыл-қозғалысынан,жалпы
белсенділігінен жақсы байқалады.
Гиппократ
Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте
кездің өзінде-ақ айтыла басталады. Ежелгі Грецияның белгілі
ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б. э. д. 460-356) еңбектерінде
бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша,
әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың
денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ.
Олар: денені жылытып тұратын – қан, салқындататын – шырын
(слизь), құрғататын – бауырдағы сары өт және оған
дымқылдық беретін қара өт (талақ). Осы төрт түрлі сұйықтың,
араласуының пропорциясын грекше «красис» деп атаған. Ал
латын тілінде бұл терминді темпераментум деп атап кеткен.
Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы
темпераменттердің әр түрлілігі организмдегі осы төрт түрлі
сұйық заттың бір-бірінен аз-көптігіне байланысты деп түсінген.
Мәселен, организмде қанның пропорциясы артық болса, ол
сангвиникалық (латынша «сангиус» - қан), ал шырын басым
болса (грекше «флегма» - шырын), флегматик темперамент
деп; ал организмде қара өт басым болса меланхолик (грекше
«мелай - нехоле» - қара өт), организмде сары өт басым болса,
холерик (грекше «холе» - өт) темпераменті деп аталады.
Гален
Рим дәрігері Гален (129-199) темпераменттің санын он
үшке жеткізді. Гален организмде жылылық неғұрлым
басым, адамның темпераменті күшті болатынын, денесі
салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтты.
Орта ғасырдағы ғалымдар темпераментті организмдегі
химиялық заттардың құрамына байланысты түсіндіруге
тырысты. Кейіннен темперамент организмнің түрліше
физиологиялық өзгешеліктеріне, атап айтқанда, қан
жолы жүйесінің құрылысына, зат алмасуға, ішкі
секреция бездеріне т.б. байланысты деген пікірлер де
тарады. Неміс философы И.Кант (1724-1804) өзінің
«Антропология» деген еңбегінде темпераменттің төрт
түрі туралы толық психологиялық сипаттама берді.
Бірақ, ол темперамент пен мінез ұғымдарын бір-біріне
балама ретінде (бұлай деп ұғыну қате) қарастырды.
И.П.Павлов
Темпераменттердің физиологиялық негіздерін
ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген
академик И.П. Павловтың ілімі темперамент
туралы түсінікті ғылыми сара жолғатүсірді.
Жүйке жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу,
тежелу процестерінің үш негізгі белгісінің (күші,
тепе-теңдігі, қозғалғыштығы) жиынтығынан
құрастырылады.
Жүйке процестерінің күшіне–ми қабығының жұмыс
істеу қабілеттілігі, яғни сыртқы ортаның түрлі
тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі жатады.
Жүйке процестерінің тепе-теңдігі деп қозу мен
тежелудің бір-біріне тең келуін айтады. Жүйке
процестерінің қозғалғыштығы деп олардың бірінің
екіншісіне алмаса алу қабілеттілігін айтады .
Б.М.Теплов
Соңғы жылдары көрнекті орыс психологы Б.М. Тепловтың
(1896-1965) лабораториясында жүйке жүйесінің типтері одан
ары зерттеле
түсті. Егер
И.П.Павлов өзінің тәжірибесін жануарларға жасаған болса,
Б.М.Теплов пен оның шәкірттері осындай тәжірибені
адамдарға жасады. Бұл зерттеулерде И.П. Павловтың нерв
жүйесінің төрт түрлі типі туралы ілімі адамдардың жеке
өзгешеліктерін, әсіресе, оның темпераменттерін анықтауда
ерекше маңыз алатын бірден-бір теория екені тағы да
дәлелдене түсті. Б.М.Тепловтың шәкірттерінің бірі В.Д.
Небылицин (1930-1972) осындай зерттеулердің бірінде жүйке
жүйесінің әлсіз типінің өзі бірнеше варианттарға бөлінетінін
анықтап берді. Бұрын өмір сүруге икемсіздеу деп саналатын
осы әлсіз типтің өзі енді қозғалғыш, баяу, қозу мен тежелуі
теңгерілмеген типтер деп бөлінетін болды. Әлсіз типтің де
сезімталдығы күшті екендігі, осыған орай оның сыртқы
ортаға бейімделе алу қабілеті мол екендігі анықталады.
Холериктер
Сангвиник сияқты жай әсерлерлерге берілмейді,
әрекетшең және белсенді. Бірақ холериктің
әрекетшеңділігі белсенділіктен басымдау,
сондықтан ол ұстамсыз, шыдамсыз, қызба.
Сангвиникке қарағанда салғырттау, икемі кемірек.
Осыдан- ниеттері мен қызығулары тұрақтылау,
табанды, зейінінен ауыстыруы қиындау, сезімі
көбіне сырттай көрінеді, сондықтан толықтай-
экстраверт.
Сангвиниктер
Жоғары дәрежелі әрекетшең адамдар, дегенмен, бұл
әректшеңдік оның белсенділік қасиетіне сай, қозуы мен
тежелуі тепе-тең. Назарын тартқанның бәріне араласа
кетеді, ым-ишарасы мен қозғалыс қимылдары мәнерлі,
шапшаң. Сәл нәрседен қарқылдап күледі, болмашы нәрсеге
көңілі қалып, мұңайады. Әдетте, бұл типті адам өткені мен
болашағын болжастыруда өзінің субьективтік
пайымдауларының жетегінде қалып қоймай, көбірек сыртқы
әсерлерді обьектив бағамдауға бейім, экстраверт.
Флегматиктер
Әректі енжар, сезімталдығы мен көңіл шарпулары кем көріністі.
Оны күлдіру де, мұңайту да оңай емес, төңіректің бәрі күлкіден
жығылып жатқанда ол мізбақпайды. Қай жағдай да
сабырлылығы мен байсалдылығын жоймайды. Ым-ишара жоқ,
сүзі сылбыр, әрекеті жай. Жаңарған жағдайда икемделуі қиын,
дағдылары мен әрекеттерін өзгертуі ауыр. Солай бола тұра,
флегиматик өте қуатты, жұмыстан шаршамайды. Шыдамды,
ұстамды, сезімге берілмейді. Әдетте, жаңа адамдармен
араласып кете бермейді, сырттай әсерге төзімді. Бар білгені
ішінде-интаверт.
Меланхоликтер
Өте сезімтал, бірақ әрекетшеңдігі кем адам.
Болмашы нәрсеге көзіне жас үйіріліп, өкпелегіш,
сырттай әсерді күйзеліспен қабылдайды. Ым-
ишарасы жоқтың қасында, дауысымен қозғалысы
өте сылбыр. Жігері кем, тез шаршайды, қызметі
болымсыз. Зейіні тұрақсыз, оның барша психикалық
процестері әлсіз. Көпшілік меланхоликтердің
өздерінің тұйықтығы мен адамдардан
оқшаулануынан ішіне түйгені көп- толық интраверт.
Адамның қай мазмұнды
Қорытынды
болмасын өз іс-әрекетін жүзеге
келтіруі тікелей темпераментке
байланысты.Темперамент
психикалық процестердің
желісінде көріне отырып,еске
түсіру,қабылдағанды бекіту
жылдамдығына ықпалын
тигізеді,ой жүйріктігі мен зейін
тұрақтылығын және оның
ауыспалылығын айқындап береді
Пайдаланылған
әдебиеттер

1. Аймауытұлы Ж, Психология - Алматы ,
1995
2. Бап-Баба С. Б. Жалпы психология
Алматы, 2003
3. Бабаев С. Психология танымы,
Түркістан, 2000
4. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері,
Алматы, 2002
5. Жарықбаев Қ. Жалпы психология,
Алматы, 2004
6. Гиппенрейтер Ю. Б. Введение в общую
психологию, Москва 1997
Уақыт бөліп
тамашалағандарңызға
көп
РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ БАКАЛАВРИАТ
Педагогика мен психологияның әдіснамалық негіздері
Педагогикалық психологиялық жалпы ғылымы
Педагогиканың теориялық және әдіснамалық негіздері
Педагогика пәні және ұғымы
Психология бойынша оқыту пәндері
Шетел тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы
Арнайы психология және педагогикадағы коррекция ұғымы
Жалпы және педагогикалық психология
Психология ғылымының даму тарихы туралы ақпарат
Пәндер