Кәсіби аурушаңдықты алдын алу шаралары
Презентация қосу
Марат Оспанов атындағы Батыс
Қазақстан мемлекеттік медицина
университеті
Факультет: Стоматология
Дисциплина: Еңбекті қорғау
Студенттің өзіндік
жұмысы
Тақырыбы: Кәсіби аурушаңдықты алдын алу шаралары
Орындаған:Нурсейтова Роза
Тексерген: Куспангалиева Г.С.
Тобы: 303
Жоспары:
I.Кіріспе
Кәсіби аурушаңдықтың алдын-алу шаралары.
II.Негізгі бөлім
• 1. Кәсіби ауру бұл жұмысшыға қауіпті еңбек
жағдайынан туындаған аурудың түрі.
• 2. Өндірістік жарақат түрлері
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қалыпты жұмыстан ауытқу және қауіпсіздік
техникасының талабын бұзу жұмысшы еңбегіне зақым
келтіруі мүмкін.
Жетекші тапсырмасын немесе еңбек міндетін
жұмысшы орындағанда жұмысшыға қауіпті өндіріс
факторының әсер ету жағдайы өндірістегі кездейсоқ
жағдай деп аталады. Кездейсоқ жағдай нәтижесінде
денсаулық зақымдануы жарақат деп аталады. Өндірістік
жарақаттар механикалық (сынықтар, жаралану), химиялық
(химиялық күйік, улану), электрлік (соққы, күйік) және
тағы басқалары болып табылады. Барлығы топтасқан
жарақаттар да кездеседі.
Өндірісте жұмыс жасағанда еңбек қауіпсіздігін
сақтамағаннан алған жарақат өндірістік жарақат деп
аталады.
Кәсіби ауру – бұл жұмысшыға қауіпті еңбек
жағдайынан туындаған аурудың түрі.
Негізгі бөлім
Кәсіби ауру – бұл жұмысшыға қауіпті еңбек жағдайынан туындаған
аурудың түрі.Мұнайөңдеу және мұнайхимия өнеркәсібіндегі қауіпті
еңбек жағдайына мысалы, мұнайөнімі әсерінен денені улауға
әкелетін, сонымен бірге өткір немесе қалыптасқан тері аурулары;
мұнай өңдеу өнімдерінде канцорегенді заттар болуы, соның себебінен
кәсіби түзілімдер тудырушы; тербеліс пен шу, ол тербеліс ауруы мен
кереңдікке әкеледі және тағы басқа факторлар. Кәсіби аурулардың
жеке бір түрлері кәсіби уланулар болып табылады. Сала жағдайында
қажетті қорғаныш құралы болмағанда қолданылатын және алынатын
заттар өткір және қауіпті улану туғызуы мүмкін. Өткір уланулар
әдетте организмге улы заттар жылдам өтіп кенеттен туындаудан
болады. Орнығып қалған улану біртіндеп дамып, организмге ұзақ
уақыт бойы аз мөлшерде түскен заттар әсерінен туындайды. словиях
отрасли применяются и получаются вещества, которые при
отсутствии необходимых предохранительных мер могут вызвать
острые и хронические отравления.
Кәсіби аурулар жиынтығын сипаттайтын құбылыс кәсіби
Жұмыс түріне қарай жұмыс
күні мерзімін қысқарту, жыл сайын
қосымша демалыс беру, жұмыс
кезінде үзіліс жасау (15 – 20 мин),
техникалық шараларды іске асыру –
кәсіби аурулардың санын азайтып,
келешекте мүлдем жоюға мүмкіндік
береді. Кәсіби ауруларды азайту
үшін радиоактивті препараттармен,
рентген кабинеттерінде, ыстық
пештерде, тағы басқа жұмыс
жасайтын адамдарды жұмысқа
аларда және әрбір 6 – 12 ай сайын
денсаулығын медициналық
тексеруден өткізіп тұру қажет.
Кәсіби ауруларға шалдыққандар
әлеумметтік қамсыздандыру
тарапынан жеңілдіктермен
қамтамасыз етіледі.
Кәсіби аурулар– белгілі бір мамандыққа байланысты
кәсіпорынның зиянды әсерінен болатын кесел. Кәсіби аурулар
кәсіпорындардағы санитарлық-гигиеналық ережелердің дұрыс
орындалмауынан, шу, діріл, тағы басқа әсерінен пайда болады.
Мысалы, шаң-тозаңы көп жерде жұмыс істеген адамның өкпесі
пневмокониозға (өкпені шаң басу), ал радиоактивті
препараттармен жұмыс істейтіндер сәуле ауруына шалдығады.
Қатты дірілдейтін аспаптармен ұзақ уақыт жұмыс істеу тамыр
неврозына (ангионеврозға) ұшыратады. Мал шарушылығындағы
адамдар ауру мал арқылы түйнеме, маңқа, сарып, туляремия
ауруын жұқтырып алуы мүмкін. Кәсіптік зиянды әсерлер тек кәсіби
ауруларды ғана емес, басқа аурулардың да пайда болуына әкеліп
соқтырады.
Кәсіби аурулар салдарынан уақытша
еңбекке жарамсыз адамдарға берілетін жәрдем
олардың үздіксіз еңбек стажына қарамастан
табысының 100% мөлшерінде төленеді. Кәсіби
аурулардан мүгедек болған адамдарға мүгедектік
зейнетақы еңбек стажына байланыссыз
белгіленеді.
Созылмалы кәсіби ауруларға (улануға)
зиянды заттардың, қауіпті және қолайсыз
өндірістік факторлардың көп уақыт бойы әсер
етуінің салдарынан пайда болған аурулар
жатады. Созылмалы ауруларға (улануға) тез
өрбіген, сондай-ақ созылмалы кәсіби
аурулардың жақын арадағы немесе көп уақыт
өткеннен кейінгі салдары (жүйке жүйесінің,
жүрек қан тамырларының, гепатобилиарлы
және басқа да жүйелердің өндірістік уларымен
улануының салдарынан пайда болатын тұрақты
органикалық өзгерістер) жатады. Еске
сақтайтын бір жағдай кәсіби аурулардың пайда
болуы зиянды және қауіпті заттармен
жұмысты тоқтатқаннан кейінде (кеш пайда
болатын силикоздар, бериллиоздар, қуықтың
папилломалары, қатерлі ісіктер) пайда болуы
мүмкін. Кәсіби ауруларға мынандай аурулар да
жатады. Ондай аурулар кәсіби аурулардың
фонында немесе олар пайда болатындай
жағдай жасаған аурулар (асбестоз, силикоз
немесе шаң бронхитының негізінде пайда
болған өкпе обыры) жатады.
Кәсіби аурудың диагнозын
анықтауға керекті негізгі құжат
(атқаратын жұмысына немесе
кәсібіне байланысты) ретінде тізім
болып саналады. Тізімде зиянды,
қауіпті және өндірістік қолайсыз
факторлардың әсер етуінің
арқасында пайда болатын аурулар
қарастырылған. Тізімде
атқарылатын жұмыстар мен
өндірістердің тізімі берілген.
Тез өрбитін кәсіби аурулар мен
улануларға зиянды және қауіпті
өндірістік факторлар қанықпаның
шектеу шегінен немесе рұқсат
етілген деңгейден көп есе жоғары
болып, бір реттен кейін (бір жұмыс
ауысым ішінде) кенеттен пайда
болған аурулар жатады
Кәсіби ауруға шалдығудың негізгі
себептерінің бірі – адамға ол еңбек қызметі
кезінде кез болатын зиянды және қауіпті
өндірістік факторлардың ұзақ уақыт бойы әсер
етуі. Сонымен қатар тұрақты дәрігерлік
комиссияда қызмет ететін кәсіби дәрігерлердің
және белгілі бір сала дәрігерлерінің біліктілік
деңгейінің төмендігі, медицина мекемелерінің
бәрінің бірдей толығымен диагностикалық
жабдықтармен жабдықталмауы. Айтарлықтай
себептің бірі – медициналық мекемелердің
өнеркәсіп кәсіпорындары жетегінде кетуі.
Өйткені жұмыс беруші келісім-шарт жасаған
кезде: егер кәсіби сырқаттарды анықтайтын
болсаңыз, сізбен келісім-шарт күшін жояды деп
ескертеді.
Қорытынды
Сонымен қорытындылай келе, біздің елдегі 8 миллионнан астам адам (53%)
белсенді жұмыс істейтін халықты құрайды. Олардың 690 мыңға жуығы зиянды және
ерекше қауіпті өндірісте жұмыс істейді. Кәсіпорындардағы кәсіби ауруға шалдыққан
қызметкерлер саны жылдан жылға көбеюде.
Қазіргі таңда санитарлық-эпидемиологиялық станциясының мәліметі бойынша,
республикада кәсіби патологиямен диспансерлік тізімде 8 225 науқас тіркелген.
Салыстырсақ, Жапон мемлекетінде жылына 15 000, АҚШ-та – 190 000 кәсіби аурумен
ауыратындар тіркеледі. Бұл көрсеткіштер біздің мемлекетімізде өндіріс орындарында
қолайлы жағдайдың артықшылығын емес, кәсіби аурулар толық зерттелмей, диагностика
жүйелерінің жетіспеушілігін көрсетеді.
Бүгінгі күні жұмыс беруші біздің азаматтар заңнамамен сенімді қорғалған болса
да өз жұмысшыларының денсаулығының жай-күйі үшін жауапкершіліктен оңай құтылып
келеді. Медициналық тексерулер тиісті мерзімдерінде өткізілсе де, әрқашан ойдағыдай
өткізілмейді. Қызметкерлердің көпшілігі денсаулығының нашар жай-күйін жұмыс
орнынан айырылудан қорқып, өздері жасырады.
Осы негізгі себептерді талдай отырып, тақырыптың өзектілігіне көз жеткізуге
болады. Себебі зиянды және қауіпті өндіріс факторларын жоймасақ, білікті медицина
мамандарын дайындамасақ, медицина мекемелерін диагностикалық жабдықтармен
жабдықтамасақ кәсіби аурулар көрсеткіші төмендемейді. Бұл жағдайда жұмыстың
өнімділігіне қол жеткізу қиын. Жұмысшылардың денсаулығының нашарлауы
мемлекетіміздің дамуына да кедергі болады.
Пайдалаылған
әдебиеттер
1.Еңбек гигиенасы. Н.Ф.Измерова,
В.Ф.Кириллова, 2008 ж.
2.Руководство по гигиене труда (под
ред.В.Ф.Кириллова) 2001 г.
3.Интернет ақпараттары
Презентацияға қойылатын талаптар
№ Орындау критериі 0-0,1 0,2-0,3 0,4-0,5
1 Презентацияны рәсімдеу
.
2 Презентацияның 4 компоненті
3 БӨЖ тақырыбының маңыздылығы
.
4 Мазмұны
.
5 Қортынды/ұсыныстар
6 Әдебиеттер
.
7 Материалды игеру және регламент
сақтау
8 БӨЖ кестесіне сай уақытылы
. тапсырылуы
Қорытынды
0-0,1 критерий орындалмаған
0,2-0,3 критерий ескертулермен орындалған
0,4-0,5 критерий орындалған
[12:50:05] YahНайдено 0% совпадений по адресу:
http://www.emer.gov.kz/index.php?option=com_content&view=category&layout=blog&
id=181&Itemid=136&lang=kz
[12:50:06] YahНайдено 0% совпадений по адресу:
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1100007198
[12:50:09] YahНайдено 1% совпадений по адресу:
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P100000867_
[12:50:10] YaНайдено 2% совпадений по адресу: http://studopedia.org/10-187125.html
[12:50:15] YahНайдено 1% совпадений по адресу:
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1200000033
[12:50:21] YahНайдено 1% совпадений по адресу:
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1000001113
[12:50:27] YahНайдено 0% совпадений по адресу:
http://sarovzdorov.ru/smi-o-nas/r-pegov-onkologiya-prioritetnaya-otrasli-zdravooxraneniya
/
[12:50:29] YahНайдено 0% совпадений по адресу:
http://carcinoma.ru/prevention/index.html
[12:50:31] YahНайдено 0% совпадений по адресу:
http://www.topuniversities.com/universities/marat-ospanov-west-kazakhstan-state-medica
l-university/undergrad
[12:50:32] YahНайдено 1% совпадений по адресу:
http://zkgmu.kz/ru/informaciya-o-medicinskom-centre-zkgmu-imeni-marata-ospanova
[12:50:33] YahНайдено 0% совпадений по адресу:
http://zkgmu.kz/ru/kafedra-skoroy-neotlozhnoy-medicinskoy-pomoshchi-anesteziologii-i-re
animatologii-s-neyrohirurgiey
[12:50:33] YahНайдено 2% совпадений по адресу: http://www.zsmu.edu.ua/tip_226.html
[12:50:33] YahНайдено 0% совпадений по адресу: http://zkgmu.kz/ru/ob-universitete-0
[12:50:37] Уникальность текста 92%© (Проигнорировано подстановок: 0%)
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz