Жұмыскерлердің жалпы және кәсіптік аурушаңдығының алдын - алудағы діріл көздерін төмендетудің маңызы


Slide 1

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

Факультет: Стоматология

Дисциплина: Еңбекті қорғау

Студенттің өзіндік жұмысы

Тақырыбы: Жұмыскерлердің жалпы және кәсіптік аурушаңдығының алдын-алудағы жұмыс орындарында шу және діріл көздерін төмендетудің маңызы

Орындаған: Нурсейтова Роза

Тексерген: Куспангалиева Г. С.

Тобы: 303

Slide 2

Жоспары:

I. Кіріспе

Жұмысшылар аурушаңдыңын алдын-алудағы

шаралар сипаттамасы

II. Негізгі бөлім.

1. Жұмыскерлердің жалпы және кәсіптік аурушаңдығының алдын-алудағы жұмыс орындарында шу көздерін төмендетудің маңызы

2. Жұмыскерлердің жалпы және кәсіптік аурушаңдығының алдын-алудағы діріл көздерін төмендетудің маңызы

1III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Шуыл мен дірілден қорғану. Өндірістік процестерді автоматтандыру және механизмдеу құралдарының дамуы жабдықтарды пайдаланумен байланысты болады, олар жұмыс барысында механикалық тербелістерді жасайды, зияндылық әсері жиілігінен, қарқындылығынан және ортадан байланысты әртүрлі болады. Бұл тербелістер шуылға және дірілге бөлінеді. Естілетін жиіліктер ауқымында таратылатын тербелістерді адам дыбыс ретінде қабылдайды. Шуыл - қатты, сұйық және газ-тәрізді орталарда пайда болатын механикалық тербелістер кезіндегі әртүрлі жиіліктер мен қарқындылықты (күшті) дыбыстардың ретсіз тіркесуі. Ұзақ шуылдың әсері құлақтың есітуін және көздің көруін төмендетеді, қан қысымын көтереді, орта жүйке және жүрек-сауыт жүйелерін шаршатады, нәтижесінде жұмысшының жұмысында қателер саны көбейеді, еңбек өнімділігі төмендейді.

Slide 4

Негізгі бөлім

Дыбыс қарқындылығының деңгейі мына формула бойынша анықталады lg(I/I ) (2. 8) мұнда I - берілген нүктедегі дыбыс қарқындылығы, Вт/м ; I - 1000 Гц жиілік кезінде 10 Вт/м тең естілу табалдырығына сәйкес болатын дыбыс қарқындылығы. Дыбыс қысымының деңгейі келесі формула бойынша анықталады L = 20 lg (P / P ) (2. 9) мұнда P - берілген нүктедегі дыбыс қысымы, Па; P - 2 Па тең табалдырықтық дыбыс қысымы. Дыбыс қысымының деңгейін өлшейтін бірлігі үшін децибел (дБ) қабылданған. Адамның есітитін органдары қабылдайтын дыбыстар ауқымы - 0 . . . 140 дБ шектерінде болады. 130дБ дыбыс деңгейі ауыртатын сезімді шақырады, ал 150 дБ әр жиілікте есіту қабілетін зақымдайды.

Slide 5

Шуылдың жиіліктік сипаттамасын анықтау үшін дыбыс ауқымы жиілігі бойынша октавтік жиіліктер жолағы деп бөледі, мұнда шектік f жоғарғы жиілігі қосарланған f төменгі жиілігіне тең, яғни f / f = 2. (2. 10) Октавтік жолақ ортагеометриялық жиілікпен сипатталынады f = . (2. 11)

Slide 6

Дыбыс қысымының деңгейі бірдей болған кезде түрлі жиіліктердің дыбыстық тербелістері адамның есіту органына әртүрлі әсер етеді. Жоғары жиіліктер дыбысының әсері ең жайлы болып табылады. Шуылдар жиілігі бойынша төмен жиілікті (400 Гц төмен жиіліктер ауқымындағы дыбыс қысымының максимумы) және жоғары жиілікті (1000 Гц жоғары) болып бөлінеді.

Slide 7

Спектрінің сипаты бойынша шуылды бір октавадан астам енді үззіксіз спектрі бар кеңжолақты және анық дискреттік үні болатын үнді спектр деп бөледі. Уақыты бойынша шуыл тұрақты және тұрақсызға (уақыты ауысып тұратын, үздіксіз, импульстік) бөлінеді. Нормаландыруы 63, 125, 250, 500, 1000, 2000, 4000, 8000 Гц ортагеометриялық жиіліктері бар октавтық жиіліктер жолағында жүргізіледі. Жұмыс орындарында шуылдың жалпы деңгейі мен октавтік жиіліктер жолағындағы шуылдың деңгейін өлшеу үшін әртүрлі шуылөлшеуіш аппараттарын пайдаланады. Денсаулыққа қауіпсіз шуылдың деңгейі 80 дБ, осындай жағдайда адам 8 сағат жұмыс істей алады, яғни толық жұмыс уақытын өтейді.

Slide 8

Діріл қатты денедегі механикалық тербелісті білдіреді. Үлкен амплитудасы бар (0, 500, 003 мм) төмен жиіліктегі (3-100 Гц) тербелістерді адам діріл немесе сілкіну ретінде қабылдайды. Дірілдің әсері болған кезде адам ағзасына орта жүйке жүйеснің талдауыштары - вестибулярлық, тері және басқа аппараттар маңызды роль ойнайды. Дірілдің ұзақ әсер етуі кәсіби дірілдейтін аурудың дамуына әкеледі. Діріл ауытқу жиілігімен және амплитудасымен, жылдамдықпен және үдемесімен сипатталынады. Әсіресе адам денесінің немесе жеке органдарының (адам денесі үшін 6…9 Гц, басы 6 Гц, асқазаны 8 Гц, басқа органдары үшін - 25 Гц шектерінде) тербелістер жиілігімен сәйкес келетін еріксіз жиілікті дірілдер зиян болады. Көру қабілетін бұзатын жиіліктік ауқым 60 және 90 Гц арасында жатады, ол көз қарашығының резонансына сәйкес келеді. 35…250 Гц жиіліктер ауқымы дірілдейтін аурудың дамуына ең шекті болып табылады.

Slide 9

Шуыл мен дірілді өлшеу үшін микрофонның орнына орнатылатын қосымша аспап - күшейткіші бар шуылөлшегіштер мен виброметрлер пайдаланылады. Шуыл мен дірілді өлшейтіндер - ВШВ - МММ2 аспаптары кеңінен таралды. Діріл мен шуылдан қорғанудың шаралары және құралдары. Қалқаларды, қыртыстарын, кабиналарды және т. б. экран түрінде дыбысты оқшаулайтын және дыбысты жұтатын қондырғыларды орнату арқылы шуылды төмендетудің тәсілдері кең таралым алды. Шуылдан жеке қорғанудың құралдары (ЖҚҚ) құлақ жапсырмалары, құлаққаптар және шлемофондар болып табылады. ЖҚҚ тиімділігі пайдаланылатын материалдардың құрылымынан, тығыздық күшінен, дұрыс тағып ұстағаннан байланысты болады. Машина және жабдықтың дірілінен күресу және жұмыс істейтіндерді содан қорғау үшін неше түрлі тәсілдерді пайдаланады. Дірілді төмендету үшін вибродемпфирация - механикалық тербелістер энергиясын энергияның басқа түріне, әсіресе жылулыққа айналдыру құбылысын кең қолданатын болды. Дірілдің таратылатын көздерден: еденнен, жұмыс орнынан, орындықтан және т, б, пайда болуын бәсеңдету үшін дірілді оқшаулататындарды: резеңкені, тығындарды, киізді, болат серіппеліні кең қолданады. Жұмыс істейтіндерді ЖҚҚ ретінде қалың резеңкелі табаны бар арнаулы аяқ-киімді пайдаланады. Қолды қорғау үшін биялай, қолғап, жапсырмалар мен төсемдер қажет болады, олар иіліп бәсеңдетуші материалдан дайындалады. Діріл мен шуылдың адам ағзасына қауіпті әсерін төмендету үшін ең маңыздысы жұмыс және демалыс режімін дұрыс ұйымдастыру, денсаулығын әрдайым қадағалап отыру, емдеу-алдын алу, мысалы, гидропроцедуралар (қол мен аяққа жылы ванналар, витаминдер беру) сияқты шараларын жасау болып табылады.

Slide 10

Діріл тұрғысынан қауіпті мамандықтар кәсіби аурушаңдық пен мүгедектік құрылымында алдыңғы орындардың бірін алады. Сондықтан да алдын алу шараларын дер кезінде жүргізу мен дірілдің қолайсыз әсерінің ерте білінетін көріністерін анықтау маңызды болып табылады.

Дірілдің ШРЕД нормаланады, сонымен қатар оның деңгейі ШРЕД жоғары болған жағдайларда дірілдің әсер ететін жалпы уақыты да шектеледі. Мысалы, діріл деңгейі ШРЕД-ден 12 дБ артық қол аспаптарымен жұмыс істеген кезде, онымен жұмыс істеу уақыты 30 минутқа дейін қысқарады. Жергілікті дірілдің ШРЕД-нен 12 дБ артық болған кезінде ондай құралмен жұмыс істеуге тыйым салынады. Діріл тұрғысынан қауіпті кәсіп түрлерінде жұмыс істейтіндер үшін арнайы жұмыс режимі дайындалады. Жұмыс ауысымы басталғаннан соң 1-2 сағаттан кейін ұзақтығы 20 минуттық және түскі үзілістен кейін 2 сағаттан соң 30 минуттық регламенттелген үзілістер ұйымдастырылады. Дірілдің бір реттік үзіліссіз әсер ету ұзақтығы 10-15 минуттан артық болмауы керек. Дірілдің жұмыс ауысымындағы әсер ету уақытын азайту үшін, жұмысшылары бірнеше мамандықтарды меңгерген, бірін-бірі күні бойы діріл қауіпті жұмыстарда өзара ауыстырып отыра алатын, бригадаларды құрады.

Slide 11

Адамды дірілден қорғайтын ең әсерлі шаралар діріл шығаратын жабдықтармен жанасуын болдырмау. Осы мақсатта технологиялық жетілдіру (мысалы, соққылап бұрғылаудың орнына электрлік бұрғылауды қолдану, пневматикалық шегелеуді газдық дәнекерлеумен алмастыру, діріл тұрғысынан қауіпсіз машиналар жасап шығару және басқалары), сонымен қатар, техникалық шаралар: үрдістерді автоматтандыру және механикаландыру, қашықтықтан басқару, діріл қарқындылығын тікелей діріл көзінде құрастырылымдық шешімдер арқылы төмендету, діріл көзі мен адам қолы арасына серпімді демфирлеуші материалдар мен құрылғыларды орналастыру қолданады . Діріл тұрғысынан қауіпті қондырғыларды, еденнің көршілес бөліктерінен бос кеңістіктермен бөлінген терең іргетастарда орналастырады, машиналардың отырғыштарын діріл мен түрткілерді сөндіретін заттармен жабдықтайды, құрал-саймандардың тұтқаларын дірілді сөндіретін материалдардан жасайды. Жеке басты қорғайтын құралдарды қолдану міндетті болып табылады: дірілге қарсы қолғаптар, аяқ киім, ұлтан, тізеліктер, кеудешелер, белбеулер мен арнайы діріл сөндіретін материалдан жасалған костюмдер.

Дірілмен жұмыс істеуге жасы 18-ге толмағандар, сонымен қатар гипертония аурумен, ангиоспазмдарға бейім тамыр дистониялары, артерияларды бітейтін ауруларымен, стенокардиямен, айқын астениялық жағдайлармен, эндокриндік-вегетативтік бұзылыстармен, вестибуло-патиялармен, невриттермен, омыртқа бағанасының мойын бөлігінің остеохондрозымен, есту мүшесінің ауруларымен және т. б. сырқат адамдар жіберілмейді. Кезеңдік медициналық тексерулер невропатологтің, оториноларингологтің және терапевттің қатысуымен жергілікті діріл әсер еткен кезде жылына 1 рет, ал жалпы діріл әсер еткен кезде 2 жылда 1 рет жүргізіледі. Дірілдің қолайсыз әсерінің алдын-алу үшін жылы сулармен емшаралар, қолдарын уқалап, жылы ауамен қыздыру, уқалау, УК-сәулемен емдеу, гимнастикалық жаттығулар кешенін, алдын-алу мақсатында дәрумендер қабылдау, психологиялық жеңілдету, жалпы әлдендіретін шаралар (денені шынықтыру, рационалды тамақтану және т. б. ) жүргізеді.

Slide 12

Шу және Дірілден қорғаныс құралдары.

Slide 13

Қорытынды


Ұқсас жұмыстар
Шуыл мен дірілден қорғану
Діріл және оның негізгі сипаттамалары
Шудан қорғану
Өндіріс шығындары туралы ақпарат
Діріл ауруы
КӘСІПТІК АУРУЛАР
ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
Емдік тамақтану
Зиянды және қауіпті өндірістік факторлар
АҚШ және Еуропалық одаққа кіретін елдердің стандарты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz