Дәрігерлік қателіктің субъективті себептері
Презентация қосу
Ятрогения, дәрігерлік
қателіктер, оларды азайту
жолдары.
Дайындаған: м.ғ.к. Қожантаева С.Қ.
Ятрогендік аурулар – медициналық
қызметкерлердің деонтологиялық қателіктерінің
– қате, байқамай сөйлеуінің нәтижесінде пайда
болатын психогендік бұзылыстар.
Ятрогендік аурудың дамуы үшін дәрігер мінез - құлқымен
қоса науқастың тұлғалық ерекшеліктері (эмоциялық
деңгейі, секемшілдігі және т.б.) де маңызды. Науқас
аурдан басқа онымен қатарласа жүретін үрей, қорқыныш,
емнің нәтижесіне сенбеу сияқты мәселелерден де зардап
шегеді. Сондықтан науқас дәрігердің сөзіне, мінез –
құлқына, интонациясына, ым – ишарасына баса зейін
қояды. Медициналық қызметкерлердің сөзі мен әрекетіне
әр пациент әр түрлі реакция береді. Дәрігердің ұзақ уақыт
бойы үндемей қалуы, абайсыз айтқан сөздерінен науқас
өз ауруын жазылмайтын ауру деп санауы мүмкін.
Клиникалық қате.
Клиникалық қате – “жоспарланған әрекетті
орындамау не нәтижеге жетудің қате жоспарын
қолдану” (Kohn et all., 1999). Мысал ретінде
емдеудің жағымсыз нәтижелері, қанды дұрыс
құймау. Қанға салатын инъекцияларды дұрыс
жасамау, хирургиялық жарақаттар. Операцияны
басқа жерге жасау, құлау, күю, пациенттерді
шатастырып алу сияқты жағдайлар келтірілген.
Авторлардың пікірінше қателер көбіне қарқынды
терапия, операция жасайтын және жедел көмек
беру кезінде кетеді.
Клиникалық қателердің типтері
Диагностикалық:
қате не кеш қойылған диагноз;
лабораториялық зерттеулердің
нұсқауларын орындамау;
керек емес лабораториялық зерттеулерді
жасау;
лабораториялық зерттеулердің нәтижесіне
сай іс - шаралар қолданбау.
Емдік:
процедураны орындау барысында жіберілген
қателер;
емдеу барысындағы қателер;
дәрінің дозасын анықтаудағы қателер;
емдеуді бастауды соза беру;
жағымсыз нәтижелерге алып келетін дәрілердің
қосындысын қолдану.
Превентивтік:
профилактикалық емдеудің болмауы;
немқұрайлы бақылау:
Басқа:
коммуникацияның болмауы;
құрал – жабдықтардың сынып қалуы;
жүйенің бұзылуы.
Қатенің себебіне байланысты екі
моделі бар:
Жекелік: медициналық қызметкерлердің
ұмытшақтығы, зейінсіздігі, адамгершілігінің
болмауынан болады.
Жүйелік: дәрілер туралы ақпараттың
кеңінен таралмауынан, пациент туралы
мәліметтің шектелуінен, мысалы емдеуге
қажетті анализдің жоқтығы.
Дәрігерлік қателік – науқас денсаулығына
зиян тигізу не тигізуі мүмкін болатын
дәрігердің іс - әрекеті
Дәрігерлік қателіктер себептері екі топқа бөлінеді:
объективті және субъективті.
Объективті – адам қызметіне тәуелсіз болатын
себептер, яғни біз әсер ете алмайтын жағдайлар.
Субъективті – дәрігер тұлғасымен, оның
қызметінің ерекшеліктерімен байланысты.
Дәрігерлік қателіктің объективті
түріне жататындар:
Кейбір зерттеулерді жүргізетін прибор,
аппараттардың болмауы;
Теориялық және практикалық медицинаның
постулаттары мен принциптерінің
тұрақсыздығы, осының салдарынан
аурудың этиологиясы, патогенезіне
көзқарастың өзгеруі;
Медицина ілімі жетістіктерінің толық
дәрежеде дамымау салдары.
Дәрігерлік қателіктің субъективті
себептері:
Дәрігердің науқасты соңына дейін қарамау және
зерттемеуі;
Дәрігердің мәліметтік, көп қолданбалы зерттеу әдістерін
қажетсіз пайдалануы;
Дәрігердің менмендігі, өзіне сенімділігі, консилиум мен
әріптестер кеңесінен бас тартуы;
Дәрігердің диагностика мен емдеуде ескі әдісті қолдануы;
Дәрігердің интуицияға (ішкі сезіміне) сенуі;
Дәрігердің хирургиялық жолмен емдеуге шектен тыс
қызығушылық білдіруі.
Дәрігерлік қателіктердің түріне
жататындар:
Диагностикалық - дәрігердің тәжірибесі
жетіспегендіктен дертті дұрыс анықтамау
Емдік – диагностикалық, медициналық
ілімнің жеткіліксіздігінен, қате диагноз
анықтауға байланысты, емдік шаралар қате
тағайындалып жүзеге асырылады.
Техникалық – медициналық техниканы
дұрыс қолданбау, қажетті дәрілерді
пайдаланбау.
Дәрігердің клиникалық кірісулерінің толық
қателіксіз болуына ешқандай білімділік пен
тәжірибелілік толық кепілдік бола
алмайды, себебі ауру белгілерінің түрлі
қосалқы түрде дамуынан, дәрігердің ең
мұқият қатынасының өзінде де барлығын
ескеру мүмкін емес (Акопов В.И.).
“Дәрігерлік қателік – кәсіби міндеттерін адал
атқару үстінде, дәрігердің білместіктен
адасуының салдарынан туындайтын құбылыс.
Дәрігер әрекетінің басқадай кемістіктерінен
қателіктің ең басты айырмашылығы – оның
себептерінің ішінде, біле тұра жасалған
қылмыстық әрекеттердің, яғни салақтықтың,
неқұрайлықтың болмауы”
(академик И.В. Давыдовский).
Медицина күрделі ілім. Қатені жас та, тәжірибесі
мол дәрігер де жібереді.
Дәрігерлік қателіктермен күресу жолдарының
бірі: дәрігердің квалификациясын жоғарлату,
күнделікті қателерді талдау, қателіктің себебі мен
алдын алу жолдарын іздеу.
Қателік жіберген дәрігердің профиссионалды
және адамгершілік қасиетіне нұқсан келтірмей,
қателікті деликатты (сыпайы) түрде талдау керек.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz